қазақстан республикасынын ұлттық банкі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 21:21, курсовая работа

Описание

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктер нарықтық экономикаға басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................

I ҰЛТТЫҚ БАНК – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІ...................................................................................................................

1.1 Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы.....................
1.2 Ұлттық Банктің негізгі қызметтері және операциялары...........
1.3 Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері............

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКОНОМИКАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ТАЛДАУ........................................................................

2.1 Қазақстан Республикасының экономика жағдайын және даму динамикасын бағалау............................................................................................
2.2 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің негізгі көрсеткіштерін экономикалық талдау ...............................................................
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыттар...................................................


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...

Работа состоит из  1 файл

Берденова ТАЛШЫН КУРСТЫҚ ЖҰМЫС БАНК ІСІ.doc

— 606.00 Кб (Скачать документ)

Бантердің міндетті резерв нормативінің көбеюі, 1994 жылдың бірінші жартысында ақша мультипликаторының тез өсуімен түсіндіріледі. Егер 1994 жылы 1 қаңтарда ақша массасының көлем ақша базасының 1,61 еседен асса, 1994 жылдың 1 көкегінде бұл мөлшер 2,21 , ал 1 шілдеде – 3,1 есеге жетті. Ақша-несие саясатының  осы құралын пайдалану арқылы және банктер қарыз алушылардың несие қабілеттілігін бағалауына қатаң көзқарас орнату нәтижесінде 1994 жылдың 1 қазаңында ақша мультипликаторының мөшшері 1,66 деңгейге азайтылды. 1995-1996 жылдар арасында ақша мультипликаторы 1,8-1,8 деңгейге дейін сақталынды.

Банк резервтерінің  шамадан тыс өсуіне байланысты  резервтік талаптардың мөлшерін азайтып қана қоймай, сонымен қатар, резервтеудің баламалы тәртібіне ауысуы мүмкіндігі пайда болады. Яғни экономикалық нормативтерді орындайтын банктердің корреспонденттік шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті талаптардан кем болмау керек еді. Ал 1995 жылы резервтік талаптардың нормативі 20%-ға,  1996 жылы - 15%-ға дейін төмендейді.

Ұлттық Банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды  банктің корреспонденттік шоты бойынша  төлейді (резервті талаптан аспайтын). Резервтер бойынша пайызды төлей  резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында несиелер және тартылған депозиттер бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемесі арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды.

1995 жылдың басында  жалпы банктер арасында баламалы  резервтерден құрылған банктердің  үлес салмағы 32,6%-ын құрады, ал жыл аяғына – 48,4% [26].

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей міндетті резервтер деңгейінің  тыс жоғары болуы қаржы делдал түріндегі банкі жүйесінің тиімділігін  әлсіретеді, өйткені резервтердің минималды  нормасының үлкеюі несие ресурстарының экономикаға құйылуына кедергі жасайды. Бұдан жоғары міндетті резервтер нормасы АҚШ-та және Германияда қолданылады.

АҚШ-та міндетті резервтер сомасы банктің категориясына, депозиттің мөлшеріне, түріне байланысты. Ол федералды резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталынады, артық резервтер федералды резервтік банктердің негізгі көзін, яғни АҚШ-тың ақша нарығындағы ең негізгі процестерінің бірі болып табылатын операциялар көзін құрайды. АҚШ-тағы банк жүйесіндегі резервтерінің басты ролі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын бақылау болып табылады. Банктердің Федералды Резерв жүйесінің Басқарушылар кеңесі, заңмен бекітілген резервтер көмегімен, коммерциялық банктердің несиелеу қабілетіне әсер етеді. Оның мақсаты банк несиесінің артықшылығын немесе кемшілігін болдырмау. Бұл саясат коммерциялық банктердің несие көмегіне қаншалықты жағымды әсер етсе, соншалықты басқарушылар кеңесінде экономикада іскерлік белсенділігінің ауытқуын болдырмауына мүмкіндік болады. Осындай жанама жолмен коммерциялық банктің несиесін бақылау құралы сияқты резервтер өтімділік көзі болмайды, бұлар тек салымшыларды қорғайды деп есептейді[27].

2005 жылы артық  өтімділік деңгейін төмендету  үшін ақша-несие саясатын күшейту  шаралары қабылданды. Ресми қайта  қаржыландыру ставкасы 7%-дан 8%-ға дейін бірте-бірте көтерілді, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу базасы кеңейтілді және резервтік активтердің тізбесі қысқартылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза халықаралық резервтері 2005 жылдың аяғында бір жыл ішінде 23,8% қысқарып, 7065,9 млн. долл. болды. Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда (ағымдағы бағалармен),Қазақстан РеспубликасыҰлттық қорының ақшасын қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 8014,7 млн. доллар)  2005 жылы 4,7% ұлғайып, 15084,4  млн. долларды құрады [28].

Ұлттық Банкінің валюталық нарықтағы интервенциясы  жалпы ақша-несие саясатының шегінде  жүзеге асты. Ұлттық Банкінің шетел  валютасын сату, егер ақша базасының  өсімі басқа факторлардың әсерінен шетел активтерінен басқа болатын  жағдайда, 1995ж. Жағдайлар көбінесе ақша массасысының өсімін стерилизациялау  және теңгенің айырбастау бағамын реттеу мәселелерін бір уақытта шешті. Бірақ кебір айларда таза шетел активтерінің өсімі Үкіметке берілген таза несиелер өсіміне қосарланды, сонда ақша базасының өсімінің төмендеуі, Ұлттық Банкінің екінші деңгейлі банктеріне беретін несиелерінің азаюы және Ұлттық Банктің нотарларының эмиссиялау есебінен жүзеге асты. Осы кезеңдерде валюта бағамының саясаты ақша массасын реттеу саясатымен қарама-қайшылықта болды. Теңгенің айырбастау бағамын реттеуге Ұлттық Банкінің қатысу дәрежесінің төмендеуі бұл қарама-қайшылықтарды жоюға мүмкіндік беріп, бір уақытта, ақша массасына валюатылқ интервенцияларының әсер ету тиімділігін төмендетті [29].

Қазақстан Ұлттық Банкi: 
      а) Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;  
      б) резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;  
      в) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тіртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды; 
      г) Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады; 
      д) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;   
      е) алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;  
      ж) мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi; 
      и) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;  
      к) халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы - валюталық және несиелік-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;  
   Валюталық режимді ырықтандыру эконмиканың даму ерекшеліктері, сондай-ақ ішкі және сыртқы факторлар ескеріле отырып кезең бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезеңнің негізгі мақсаты Қазақстан кәсіпорындарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту есебінен валюта қаражаттарын пайдалану тиімділігін арттыру бағытталады. Бұл өз кезегінде шетелге инвестицияларға қатысты валюталық реттеу режимін жұмсарту қажеттілігін туындатты.   

 «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңның қолданысқа енгізілуіне байланысты банктер, сақтандыру ұйымдары, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар және жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын жарғылық капиталға қатысуды, бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен операцияларды лицензиялау жойылады.

Ұлттық банктің  лицензиясы негізінде бұрын жүзеге асырылған шетелге тікелей инвестициялар  енді тіркеу рәсімінен ғана өтеді. Резидент кредит ретінде резидент еместен алатын шетел валютасын үшінші тұлғалардың шотына есептеу лицензиялаудан алынып тасталды. Филиалдар мен өкілдіктерді ұстауға байланысты операциялық шығыстарды қаржыландыру мақсатында шетелдегі шетелдік банктерде шоттарды ашудың бұрын лицензияланған операциялары тіркеу режимінде жүзеге асырылатын болады [31].

Бұл ретте мынадай  операциялар хабарлама режимінде  ғана жүзеге асырылады: резиденттердің тартылған несиелер және займдар  бойынша резидент еместер алдындағы  міндеттемелерін қамтамасыз ету  ретінде қаражатты есепке алуға арналған шоттар ашу; шетелде кәсіпорындар құрған кезде заңды тұлғалардың уақытша шот ашуы. Сондай-ақ қаржылық ұйымдардың шетелдік банктерде және өзге де қаржы институттарында халықаралық бағалы қағаздар нарығында инвестициялау мақсаты үшін банк шоттарын ашу; жеке тұлғалардың ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымында) немесе ақшаны жылыстаумен күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобынан (ҒАТҒ) елдерінде ашылатын шоттары.

Бұрын шетелдерде шетелдік банктерде шоттар ашу үшін лицензия тек белгілі бір – емделу, оқу, жұмыс немесе демалыс мақсатында ғана ашылған жағдайда талап етілмейтін Заңның күшіне енуіне байланысты жеке тұлға шетелде сапарда жүрген кезде шетелдік банкте кез келген мақсатқа шот аша алады. Дегенмен резидент жеке тұлға республикаға қайтып келгеннен кейін, егер шот ЭЫДҰ немесе ҒАТҒ елдерінде ашылған жағдайда Ұлттық банке хабарлауға, басқа жағдайларда шотты жабуға не лицензия алу үшін өтініш жасауға міндетті.

Тұтастай алғанда  бірқатар операциялар үшін лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың пакеті жеңілдетіледі. Сондай-ақ шетелге ірі мөлшерде капитал әкету үшін мемлекеттік органдардың келісімі талап етілмейтін болады.

2007 жылдан бастап  валюталық операцияларды лицензиялау  толық жойылады. Кепілдік берілмеген  сыртқы борыштың моноторингі, төлем балансының статистикасы және валюталық операциялар бойынша ақпараттық базаларды толықтыру мақсатында жекелеген валюталық операцияларға қатысты тіркеу және хабарлау режимдері сақталады. Тіркеу және хабарлау режимдерінің лицензиялау режимінен негізгі айырмашылығы валюта қаражатының уәкілетті банктердегі шоттарға есептелу мерзімдері бойынша қатаң талаптардың және басқадай біліктілік талаптардың (резидент салық берешегі жайында т.б.) болмауы. Яғни валюталық реттеудің осы режимдері капитал ағымдарын талдау мақсаттарына қызмет етеді. Және де хабарлама режимінің лицензиялаудан айырмашылығы банктің лицензиясыз операция жүргізуге құқығы жоқ, ал клиентте Ұлттық банктің хабарлағаны туралы тиісті куәлігі болмаған кезде, уәкілетті банк Ұлттық банкті ақпараттандыра отырып, операцияны шектеусіз жүргізе алады [32].                                                                                                                                                                                                                                                                          

Бағамдық ауытқуларға  қарамастан, қолма-қол шетел валютасы  нарығы қаржы нарығының ең белсенді саласы болып қалуда. Оның дәлелі –  қолма-қол шетел валютасына деген  сұраныс пен өңірдегі осы бизнес түріне деген қызығушылықтың азаймауы. Сонымен, 2006 жылғы қаңтардың 1-індегі жағдай бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысында 254 айырбастау орны қызмет көрсетуде. Айырбастау операцияларын жүргізудегі  негізгі үлес – уәкілетті ұйымдардың айырбастау орындарында – 176 (69%), екінші деңгейдегі банктердің айырбастау орындары – 70 (27%)-ті құрайды. Өткен  жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, айырбастау орындары  7   бірлікке өскен.

 

Кесте  6

 

2005 жылдағы қолма-қол  шетел валютасы нарығындағы операцияларға мынадай көрсеткіштері

 

 

Сатып алу көлемі

Сату көлемі

айналым, жиынтығы

2004ж.

2005ж

Өсу/

төмендеу

2004ж.

2005ж

Өсу/

төмендеу

2004ж.

2005ж.

АҚШ доллары 

60075

61499

+2,4%

186437

400238

+114,7%

246512

461737

Евро

2421

2967

+22,5%

13700

16432

-19,9%

16121

19399

Рес .рублі

29738

27975

+5,9%

61185

172512

+181,9%

90923

200487


Ескерту: «Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі» ММ ОҚФ 2005 ж. есебі      

 

Кестеде берілген деректерден валютаның барлық түрлеріне, әсіресе америкалық доллар мен ресей  рубліне деген сұраныстың ұлғаюын байқауға болады. Бұл доллардың жылдың ішінде төмендеу жағына өзгеруіне байланысты, халықтың осы валютаны тиімді бағам бойынша сатып алуына мүмкіндік туды. Рубльге келетін болсақ, оған деген сұраныстың ұлғаюы мыналарға байланысты: біріншіден, жаздағы демалыс мерзіміне, екіншіден, «әбжілдер» мен шағын кәсіпкерлердің мейрамдарға қарсы Ресейден әкелетін тауарлар көлемінің ұлғаюы. Облыс тұрғындарының тарапынан Еуропа валютасына деген сұраныстың, оның кеңінен қолданбауы салдарынан төмендеп отыр.

Қолма-қол шетел  валютасы нарығына жүргізілген талдау нәтижесінде әлемдік үрдістердің  әсер етуінен басқа, валюталар сұранысы мен бағамдық ауытқуларына әсер етуші  факторлар ретінде мыналар белгіленді:

  1. ақпараттық, түрлі жағдайлар туралы көпшілік ой қалыптастыруға психологиялық тұрғыдан әсер етуші және елдің экономикасында із қалдырады;
  2. еркін алып-сатарлық капиталдың ұлғаюы және оның қозғалысқа келтіруші техникалық құралдар;
  3. шекаралас Өзбекстанмен саяси және экономикалық қарым-қатынас.

Бекітілген  Инспекциялау жоспарына сәйкес, Ұлттық Банктің ОҚФ қызметкерлері  валюталық заң талаптарының сақталуы жөнінде 2005 жылдың 12 айында 11 уәкілетті банктің қызметін тексерді.

Айырбастау  операциясын жүргізуі талаптарын сақтау мәселесі бойынша 11 уәкілетті банктің 46 айырбастау орны, 40 уәкілетті ұйымның 70 айырбастау орындары тексерілді.

Тексеру қорытындылары  бойынша есепті жылдың ішінде 4 айырбастау орнының тіркеу куәлігі кері қайтарылып алынды, оның ішінде 1-інің тіркеу куәлігі 1 айға тоқтатылды. Валюталық заң  нормаларын орындамағаны үшін 1 екінші деңгейлі банкке 77 680 теңге мөлшерінде айып салынған («Қазақстан Халық Банкі» АҚ).

2005 жылдың ішінде  Ұлттық Банктің ОҚФ аяқталған  операциялар бойынша 29 лицензия  берді. Жеке тұлғаларға шетелде  шот ашуға филиал есепті  мерзімде лицензия берген жоқ.   

Ұлттық Банктің  ашық нарықтағы операциялары екінші нарықта ақша массасының көлемін  реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату-сатып алу операциялары ретінде  түсінуге болады. Бұл айналыстағы, коммерциялық банкілердің өтімділігіндегі және несиелік салымдардағы ақша массасын реттеудің ең икемді әдісі. Мұнын мағынасы мынадай, Орталық банкінің ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік экспансиясын шектеу мақсатында, нарықта бағалы қағаздарды сатып, бұл қағазадарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептеп шығару. Керісінше, ақша шығарудың және несиелерді беруді ынталандыру үшін Орталық банк кері операциясын жүргізеді – бағалы қағаздарды сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шоттарына аударады. Осылармен Орталық банк ашық нарықтағы  операцияларымен банк жүйесінде өзінің өтімділігін жоғарылату үшін жағымды жағдайлар жасайды немесе керісінше, сонымен бірге айналыстағы ақша массасының көлемін реттейді. Егер бағалы қағаздар  орталық банкпен ала дараланған бағам бойынша сатылса, онда Ұлттық Банк сатып алушыларды  ынталандыру үшін және сонымен олардың несиелік қабілеттерін төмендету үшін нарықтық бағамнан төмен бағаммен бекітеді [33].

Орталық банк бағалы қағаздарды сатып алған кезде  коммерциялық банктердің минималды  резервтер мөлшерін көбейтіп, клиенттермен активті қарыздық операцияларды жүргізу мүмкіндігі кеңейеді, яғни ақшалардың қолма-қолсыз  эмиссиясы үлкейеді. Орталық банк коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды сатқан кезе олардың резервтегі қаражаттары азаяды, ал банктердің несиелік ресурстары  қысқарады, нәтижесінде ақша массасы азаяды. Міне, сөйтіп Орталық банк ашық нарықта бағалы қағаздар бойынша операциялары арқылы айналыстағы ақша массасының көлеміне, коммерциялық банктердің резервтеріне, олардың несие қабілеттеріне әсер етеді [34].

Информация о работе қазақстан республикасынын ұлттық банкі