Банк жуйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 09:44, реферат

Описание

Мемлекеттің қаржы жұйесі — оның қоғам өмірінің әлеуметтікэкономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің қаржы жүйесінің қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қогамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынта-ландырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің қоғамдық ендірісті реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың қүрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады. Халықтың табыстары және оның құрылу көздері де мемлекеттік қаржы жүйесінің бір бөлігі. Табыстардың қалыптасуын, боліндін және пайдаландын. Нарықтық экономика түзежуге көнбейтін кемшіліктерге де тән. Өз кезегінде тәжірибеде қолайлы реттеу қол жеткізу ең алдымен нарықтық экономикаға әлеуметтік («мемлекеттік») араласуы арқылы мүмкін. Қазіргі заманғы экономикалық теорияның пәніне бурынғыдан да қатаңырақ айқындама береді – нарықтық экномиканы әлеуметтік – қалайлы механизмі есебінде болады.

Содержание

азақстандағы банктік жүйенің даму тарихы

ІІ Банктердің нарықтық экономикадағы ролі

ІІІ Банктік қызметті ұйымдастырудың негізі банктердің типтері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

банк жуйеси.docx

— 28.15 Кб (Скачать документ)
 

ЖОСПАР 

Кіріспе 

 

    І Қазақстандағы банктік жүйенің  даму тарихы 

    ІІ  Банктердің нарықтық экономикадағы  ролі

    ІІІ Банктік қызметті ұйымдастырудың негізі банктердің типтері  

Қорытынды  

Қолданылған әдебиеттер тізімі  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе.

    Мемлекеттің қаржы жұйесі — оның қоғам өмірінің әлеуметтікэкономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің қаржы жүйесінің  қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қогамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынта-ландырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің қоғамдық ендірісті реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың қүрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады. Халықтың табыстары және оның құрылу көздері де  мемлекеттік қаржы жүйесінің бір бөлігі. Табыстардың қалыптасуын, боліндін және пайдаландын. Нарықтық экономика түзежуге көнбейтін кемшіліктерге де тән. Өз кезегінде тәжірибеде қолайлы реттеу қол жеткізу ең алдымен нарықтық экономикаға әлеуметтік («мемлекеттік») араласуы арқылы мүмкін. Қазіргі заманғы экономикалық теорияның пәніне бурынғыдан да қатаңырақ айқындама береді – нарықтық экномиканы әлеуметтік – қалайлы механизмі есебінде болады.

    Нарықтық  экономиканы әлеулік – қалайды  реттеу механизмің үлгісін жасай 

отырып, қазіргі экономикалық теория, сол  нарықтық экономиканың дәл өзіндегі реттеуге жәрдемдесетін мүмкіндіктерді барынша пайдалануды, біздің әлеуметтік салдарын классикалық саяси экномика жеткілікті түрде маңыз бере, сабырмен зерттеді нарықтық өндіріске қатысушің  экономикалық мінез-құлқын реттеп отырудың бесаспап экономикалық көмегімен әлеуметтік-реттілік нарықтық экономика тужырымдамасының мәні осында оның өз өндірісінің көлемі мен құрылымын, өнімнің түр түрін және оны өткізу (сату) көлемін, оған баға белгілеу ме әріптестер таңцаудағы дербес белгілеу құқығынан көріні табады. Тауар өндірушілердің экономикалық бостандығыі шектеудің экономикадан тыс кез - келген әрекеті нарықтыі экономика табиғатына жат болып табылады. 
 

Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы

    Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен  бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен  революцияға дейінгі Ресей тарихымен  тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа  да несиелік мекемелер кірді.

    Ресейдің  Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің  Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың  монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі  бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік-қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырады. Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі  тек банктерді ғана емес, сонымен  бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік  қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына  иелік етті.

    Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 ж. шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті.

    Орта  және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету  үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер  қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343).

    Ипотекалық  несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік  жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен  ипотекалық несиенің басқа да банктерінен  құрылды.

    Несиелік  мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік копперация кеңінен танылды. Ол қарыз-жинақ кассалары мен  несиелік серіктестіктерден тұрды.

    1922 жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті  несиелендіру үшін өзара несиелендіру  қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік-Шығыс  мемлекеттік-капиталистік акционерлік  банк және шетел капиталының  қатысуымен Ресейлік коммерциялық  банк құрылды. 

    Экономикалық  социалистік секторының дамуына  қарай кооперативтік және жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатты. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру несиелік кооперацияны қажет етпей, оны 1931 жылы тартты. Жеке секторды сауда және өнеркәсіп саласынан  ығыстыру өзара несиелендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа  несиелік органдар қызметтері мемлекеттік  салалық банктерге: Промбанк, Цекомбанк, Всекомбанк, Орталық ауыл шаруашылық банк және 1922-1925 жж. құрылған басқа да банктерге көшеді.

    Өнеркәсіп және электр шаруашылығының несиелендіру банкі – өнеркәсіп және электр шаруашылығының күрделі құрылысын  қаржыландыру банкі (Промбанк) болып  қайта құрылды. Ол 1959 ж. КСРО Құрылыс  банкі болып қайта ұйымдастырылды.

    КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жж. жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін (Стройбанк) құру негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі (Промстройбанк), Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеуметтік (Жилсоцбанк); КСРО Мембанкінің  құрамына кіретін жинақ кассалары  жүйесінің негізінде: Жинақ банкі, ал Сыртқы сауда (Внешторгбанк) негізінде: Сыртқы экономбанк (Внешэкономбанк) құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға  кассалық және несиелік-есеп айырысу  қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің  Орталық банкі деп жарияланды. 

    Өз  тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талаптарына  жауап беретін меншікті банктік  жүйесін құруға кірісті. 1991 ж. қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы  болып табылатын, «Қазақ КСР-дағы банктер  және банктік қызмет туралы» Заң  қабылданды. Республикалық Мемлекеттік  банк облыстық басқармалары мен бөлімшелері  бар ҚР Ұлттық банкіне айналды. Республикалық  Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік-коммерциялық Тұран банкіне, Агроөнеркәсіпбанк – Қазақстан Республикасы акционерлік-коммерциялық Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкі – ҚР акционерлік-коммерциялық Жинақ банкіне ауысты. 1993 ж. бұл банктер акционерлік банктер болып қайта өзгерді, ал Жинақ банкі Қазақстан Республикасы Халықтық банк деген атқа ие болды.

    1989 ж. басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас, кооперативтік, жеке банктер  пайда бола бастады. Осы жылы  Интеринвестбанк КРАМДС банк  сияқты және т.б. коммерциялық  банктер құрылды. 

Банктердің  нарықтық экономикадағы  ролі

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды  және біртұтас құрылымдарының бірі.

    Банктердің  және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың  дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді  және де олар бір-бірімен өзара тығыз  байланысты. Банктер халық шаруашылығы  қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының  экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер  қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің  үрдісінде босаған басқа да бос  ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз  алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді  және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында  өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал  етеді.

    Қардылық  делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын  салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін  қамтамасыз ету арқылы маңызды халық  шаруашылығы қызметін атқарады.

    Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар  болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді  жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.

    Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз  алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы  орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп  аталады.

    Нарықтық  экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал  арқылы нақты басқарады. Олар тек  делдалдық қызметтен шығып, ұдайы  өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе «ертегідей күшке» ие бола отырып «нақты өндіріске  ең қауіпті түрде араласуы» мүмкін. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екені ескеріледі.

    Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы  басқарудың мақсаттары және міндеттерімен  бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы  басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы  басқару органы ретіндегі банктің  ролі оның өзінің қызметтерін орындау  үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда  жалпы принциптерді сақтауда көрініс  табады.

    Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, төлем  төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында қайтармағандығы  үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін қорғайды.

    Банктер өз қызметтерін орындау кезінде  функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті орган) басқару  органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.

    Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз клиенттерінің алдындағы  жауапкершілігі де экономикалық сипатта. Банктердің экономикалық жауапкершілігінің  ең алдымен олар қызмет көрсетін меншік түріне, ведомствалық тәуелділігіне  байланысты емес, шаруашылық органдарының, (яғни өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.

    Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ  ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен  ол қызмет көрсетілетін клиенттерінің  негізгі қызметі туралы ақпарат  болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктік  несиелерді қайтару үшін қаражаттың болмауы тек объективті емес, сонымен  бірге, осы шарт иесінің жұмысының  нашар екендігінің күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотта  ақшаның келіп түсуі жабдықтаушының тиеген тауарларының өткендігін және т.б. білдіреді. Банктің мәліметтері  бухгалтерлік есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын қызметтерінің көптеген маңызды факторы туралы, әрі олардың  банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды бақылауға және олардың  тағдыры мен табыстылығын анықтауға  мүмкіндік береді.

    Қоғамда белгілі-бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша  экономикада, қоғамда банктердің экономикалық ролі күшеюде. Олардың жұмысында  бірінші орынға әкімішілдік-әміршілік  әдістердің орнын – экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп экономикаға  банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта түседі.

    Бұл жағдайларда экономикада инфляцияның  төмендеуінде және олардың нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен меншікті жекешелендіру мен мемлекетсізденудегі  ролі айрықша. Бұнда банктік жүйенің  негізгі мақсаты – несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудің  әдістерін жетілдіру, есеп айырысуды  тездету және төлем тәртібін сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасы 1993 жылы 15 қараша айынан бастап өзіміздің  ұлттық валютамыз – төл теңгемізді енгізді. Бірақ инфляция тоқтамады. Оның шыны 1994 жылы шілде айында 46%-ға жетті. Ұлттық банк пен үкіметтің  монетарлық шараларды қабылдауының нәтижесінде шілде айында инфляция (25%-ға), төмендеді, ал 1994 жылы тамызда 13,5%-ға, қыркүйекте – 10,9%-ға тең болды.

Банктік қызметті ұйымдастырудың негізі банктердің типтері

    Банктік заңдарда, банктердің жарғылық қоры қандай көздерден құралғанына байланысты оларды: мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктейді.

    Банкті  басқаруда акционердің жауапкершілігі тек басқарманы сайлау мен жылдық жиналыстарда банк саясатына қатысты  сұрақтар бойынша дауыс берумен  шектеледі.

    Банкті  ұйымдастырудың акционерлік емес формасы (үлестік жарна формасы) қатысушылардың меншік құқын куәландыратын қандайда бір формалды куәлікті қажет етпейді.

Информация о работе Банк жуйесі