Банк жуйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 09:44, реферат

Описание

Мемлекеттің қаржы жұйесі — оның қоғам өмірінің әлеуметтікэкономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің қаржы жүйесінің қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қогамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынта-ландырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің қоғамдық ендірісті реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың қүрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады. Халықтың табыстары және оның құрылу көздері де мемлекеттік қаржы жүйесінің бір бөлігі. Табыстардың қалыптасуын, боліндін және пайдаландын. Нарықтық экономика түзежуге көнбейтін кемшіліктерге де тән. Өз кезегінде тәжірибеде қолайлы реттеу қол жеткізу ең алдымен нарықтық экономикаға әлеуметтік («мемлекеттік») араласуы арқылы мүмкін. Қазіргі заманғы экономикалық теорияның пәніне бурынғыдан да қатаңырақ айқындама береді – нарықтық экномиканы әлеуметтік – қалайлы механизмі есебінде болады.

Содержание

азақстандағы банктік жүйенің даму тарихы

ІІ Банктердің нарықтық экономикадағы ролі

ІІІ Банктік қызметті ұйымдастырудың негізі банктердің типтері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

банк жуйеси.docx

— 28.15 Кб (Скачать документ)

    Үлес  қосушы банк қызметімен байланысты бар  тәуекелді өз мойнына алады да, оның барлық міндеттері бойынша жауап  береді. Банкрот болған жағдайда кінә банкке және де өзінің бар мүлкімен жауап беретін әрбір үлескерге  де қойылады.

    Екіншіден, акционер өз акцияларын басқа тұлғаға  бере алады. Бұл жерде банктің  қызмет етуі жекелеген акционерлердің қоғамнан шығуына, біліксіздігіне банкроттыққа ұшырауына байланыссыз. Ал үлестік  жарна формасында қатысушы өз үлесін, басқа қатысушылардың келісімінсіз бере алмайды.

    Үшіншіден, акционерлік банкте оны басқару  бойынша қызметтер нақты үлестірілген. Акционерлер басқарманы таңдайды, соңғысы  – төрағаны, ал ол басқару аппаратын, басқару аппараты өз кезеңінде мамандар мен қызметкерлердің міндеттерін  анықтайды.

    Жеке  банкте қатысушылар өздері тікелей  банкті басқаруға қатысады да әкімшілік  қызметкерлері болады және басқарудың тиімділігі олардың жеке бастарының жұмыс сапасына байланысты.

    Банкті  ұйымдастырудың акционерлік формасының кемшіліктеріне мыналар жатады: акционерлік  банкті құру қиындығы (жергілікті билік  органдарынан рұқсат алуды талап етеді), өзгермелі жағдайларға бейімделу мен икемділік дәрежесінің төмен болуы.

    Осы жоғарыда аталған кемшіліктерге  қарамастан банкті ұйымдастырудың акционерлік  формасы нарық жағдайда тиімді, қолайлы  болып келеді және нарықтық экономикасы  дамыған барлық елдерде банктер  акционерлік компания немесе корпорация нысанында ұйымдастырылуы да кездейсоқтық емес.

    Банкті  ұйымдастыру қиын процедураны білдіреді  және ол елдің арнайы заңдарымен реттеліп отырады. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының  аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктермен, олардың филиалдарын  тіркеуге алу кітабын жүргізеді.

    Рұқсат  Ұлттық банк белгілеген мөлшердегі төлем  негізінде беріледі.

    Рұқсат  берген кезде Ұлттық банк атқарылатын  банктік операциялардың шеңберін анықтайды. Банктің заңдар мен заң актілерінде  банктердің қызметінің ашылуы мен тоқтатылуы реттеліп отырады.

    Банкті  құруға рұқсат алу үшін келесі құжаттар қажет:

  • рұқсат беруге арыз;
  • экономикалық негіздеме;
  • алдағы 2-3 жылдағы толық ақпараттарды қамтитын іскерлік болжалды жоспар;
  • құрылтайшылар ұсынатын банк жетекшілерінің (төраға мен бас бухгалтердің) кәсіби жарамсыздығы жайлы мәліметтер;
  • құрылтайшылардың қаржылық тұрақтылығы жайлы аудиторлық қорытынды;
  • жарғылық қор шотына қаражат салғанын растайтын құжат.

    Сонымен қатар, бірлескен құруға рұқсат алу  үшін келесідей құжаттар қажет:

  • құрылтайшы заңды тұлғалар үшін: олардың заңды мәртебесін растайтын, жарғы немесе басқа да құжат және алдыңғы екі жылдың жарияланған балансы; Қазақстан аумағында шетелдік банк құруға немесе қатысу жөніндегі шетел құрылтайшыларының сәйкес органдарының рұқсаты; шетел құрылтайшысы келген елдің бақылау органының Қазақстан аумағындағы шетелдік бірлескен банкке қатысуына қарсы еместігі жайлы жазбаша анықтама.
  • құрылтайшы жеке тұлғалар үшін: шетелдік беделді банктің осы тұлғаның төлем қабілеттігін куәландыруы қажет.

    Заңды және жеке тұлғалар банктің құрылтайшылары (акционерлер) ретінде бола алады. Мемлекет тек Үкімет тұлғасында ғана банктің  құрылтайшысы және қатысушысы бола алады.

    Банктер Ұлттық банкке баланстарды ұсыну, есеп беру және банктік қызметпен байланысты басқа құжаттарды беруге міндетті. Бірақ та алынған мәліметтер жариялануға  жатпайды.

    Ұлттық  банк өз өкілеттілігіне сәйкес кез  келген уақытта банктерге барып  өзіне қажетті сұрақтар бойынша  тексеру жүргізе алады. Банктердің пруденциялық нормативтерді бұзғандағы анықталатын жағдайда, Ұлттық банк бұл кемшіліктерді жою үшін белгілі  бір мерзімде шара қолдану немесе басқадай шарттарды бекітеді.

    Банк  несиенің өз уақытында қайтарылуын  қамтамасыз етуі ретінде кепіл, кепілдеме  және банктік тәжірибеде қабылданған  формадағы міндеттемелерді қабылдайды.

    «Қазақстан  Республикасы банктер және банктік  қызмет туралы» заңның 36-бабына сәйкес банктің несиені өз уақытында  қайтару бойынша міндеттемелері мен басқа да төлемдерді орындамайтын клиенттеріне қатысты келесідей  шараларды қолдануға құқығы бар:

    – қарызды мерзімінен бұрын қайтаруды  талап ету;

    – осы клиенттердің шоттарында бар  кез келген қаражаттар есебінен қарыз  мөлшерін өтеу;

    – кепілге алынған мүлікті сату.

    Қазақстан Республикасының заңдарына сай, мұндай жағдайда олар төлем қабілеті жоқ қарыз алушылар деп жариялануы мүмкін.  
 
 

Қорытынды. 

     Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің де экономикалық құрылымын зерделеу оның қаржы жүйесін  талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан  және оны ретейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары  кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы  экономикалық қатынастардың құрамды  бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеметтік  салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.

       Мемлекеттік қаржылар ұлттық  табысты  қайта бөлуде, қоғадық  ұдайы өндірісіт дамытуда, қоғамның  экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде  маңызды роль атқарады. Мемлекеттің  қаржылары әлеуметтік бағдарламаны  жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару  аппараты мен қорғанысға, тәртіп  сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті  атқаруға жұмсалады.

     Қаржы жүйесі мемлекеттің көптеген  қаржыландыру институттарын қамтиды. Олар әртүрлі  бағыттағы несие институтарымен тығыз байланыс негізінде әрекет жасайды. Жалпы ішкі өнімді қайта  құрудың құрал ыретінде мемлекеттік  қаржы қызмет атқарады. Қаржы ақша қаражатын жасау мен қолдану  процесіндегі экономикалық қарым қатынастарды білдіретін категория. Қаржы жүйесі деп елдегі барлық қаржылық қатынастардың жиынтығын айтамыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 

  1. Азаматова .А.Б.  , Молдабекова .А.И.  ,  «Әлемдік  экономика  және  халықаралық  экономикалық  қатынастар» . Қызылорда .2000 ж.
  2. Әубәкіров Я.  «Экономикалық  теория  негіздері.»
  3. Веснин В.Р. «Основы менеджмента.» Москва.1997ж.
  4. Жүнісов.Б.А. , Мамбетов.Ү.Е. , Байжомартов.Ү.С. «Нарықтық  экономика  негіздері.»     Алматы , 1994 ж.   50-53бет

Информация о работе Банк жуйесі