Казақстан республиканын ұлттық банкі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 21:45, курсовая работа

Описание

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктер нарықтық экономикаға басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................

I ҰЛТТЫҚ БАНК – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІ...................................................................................................................

1.1 Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы.....................
1.2 Ұлттық Банктің негізгі қызметтері және операциялары...........
1.3 Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері............

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКОНОМИКАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ТАЛДАУ........................................................................

2.1 Қазақстан Республикасының экономика жағдайын және даму динамикасын бағалау............................................................................................
2.2 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің негізгі көрсеткіштерін экономикалық талдау ...............................................................
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыттар...................................................


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Работа состоит из  1 файл

Берденова ТАЛШЫН КУРСТЫҚ ЖҰМЫС БАНК ІСІ.doc

— 606.00 Кб (Скачать документ)

                                                   ЖОСПАР

 

 

КІРІСПЕ................................................................................................................

 

I   ҰЛТТЫҚ  БАНК – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ОРТАЛЫҚ БАНКІ...................................................................................................................

 

         1.1   Ұлттық Банктің мақсаты,  міндеті және құрылымы.....................

         1.2   Ұлттық Банктің негізгі  қызметтері және   операциялары...........

         1.3    Орталық банктердің  қызметінің шетелдік тәжірибелері............

 

II   ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ  АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ  ЭКОНОМИКАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН  ТАЛДАУ........................................................................

 

         2.1 Қазақстан Республикасының экономика жағдайын және даму динамикасын бағалау............................................................................................

         2.2 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын  жүргізудің негізгі көрсеткіштерін экономикалық талдау ...............................................................

         2.3  Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкінің  ақша-несие саясатын  жүзеге асырудағы негізгі бағыттар...................................................

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Банктік жүйе –  нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Банктер нарықтық экономикаға басты қаржылық делдалдар  болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды. 

Банктік жүйесінің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы  жалпы басқарудан мақсаттары  және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың  жалпы мақсатына  жетуді қамтамасыз  ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.

Экономиканы басқару  процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастары ең алдымен  мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын  әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді  қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма-қолсыз  есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.

2006 жылдың сәуір  айында Елбасы елдің қаржылық  жағдайын талдап,  инфляциямен күрес, қазына және монетарлық саясат жайында жиналыс өткізді.

Былтырғы жыл  қаржылық сектордың, елміздің ең үдемелі  дамыған экономиканың басты саласы ретінде көзге түскенін  Президент  атап өтті. Екінші деңгейлі банктердің   активтерінің көрсеткіштері жалпы ішкі өнімнің  қатынасында 2005 жылы 67 пайызды құрады, бұл шығыс Еуропа  елдеріне сәйкес көрсеткіш.  Қазақстан Республикасы қаржы нарығындағы басқа көрсеткіштерімен де осы елдер қатарына қосылуына  жақындап қалды. Осыған сәйкес  елдегі инфляцияның қарқынын төмен деңгейде сақтап отыру, басты мақсат екенін Елбасымыз атап айтты [1].

Елбасы Қазақстан  Республиксының Үкіметіне және Ұлттық Банкке  инфляцияға қарсы нәтижелі іс-шараларды ұйымдастыруға тапсырыс берді. Ақша-несие саясатын одан әрі  нығайту біздің елімізге қажетті.

Елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк экономикаға ақша ұсынысын теңгерімділік  түрде көбеюін тізбектілік саясатын жүргізу керек.

2010ж. Қазақстан  Республикасы өзінің жалпы ішкі  өнімін  2000 жылға қарағанда екі есе көбейтуге жоспарлаған еді, бірақ қазіргі таңда Қазақстан үшін оның  екі еселенуі  2008 жылда болады деген сенім бар.

Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканы  мемлекеттік қаржылық  реттеу бағытында  құрылған экономикалық саясатының нәтижесі.

Бюджеттік, салықтық, кедендік және ақша-несиелік тетіктер арқылы мемлекет экономиканы реттеп отырады.  Халық арасында бюджеттік, салықтық, кедендік тетіктер экономиканы  реттеуде  көп қолданыс таппайды, сондықтан нарықтық экономикасы  дамыған елдерде реттеу ақша-несие тетігі арқылы, яғни қаржы нарығындағы  басты реттеуші орган -   Орталық банк арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республиксының жетістігі Ұлттық Банктің қызметінің нәтижесі болып табылады. Ұлттық Банктік  қызметі және жүргізіп отырған саясаты елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізетін әсері соншалықты, Парламент, Үкімет және шаруашылық жүргізуші субъектілердін мәжілісінде басты мәселе ретінде қарастырылады.  Қандай құралдар және әдістер арқылы жүзеге асырылады.  Экономикасы дамыған елдерде, мәселен Шығыс Еуропа мен АҚШ,  қандай жаңаша әдістер қолданыс тапқаны. Сонымен қатар Ұлттық Банктің және Қазақстан Республиксының экономикасы дамыған және дамушы елдермен салыстырғанда қай белеске жеткенін талдау керек.   

Ұлттық Банктің қызметін талдау мынадай макроэкономикалық көрсеткіштер арқылы көруге болады: инфляциның динамикасы, жалпы ішкі өнімнің динамикасы, мұнай өндеудің салыстырмалы  динамикасы,  шетел инвестицияларының адам басына шаққандағы таза ағымы, салалардың дамуын бағалау және өнім шығару.

Қазақстан Республиксының банк жүйесі, қаржы жүйесі көптеген қиын белестерден өтті, бірақ 2000 жылдан бастап макроэкономикалық көрсеткіштер өсе бастады, бұны жыл сайын өткізілетін  несие рейтингтері көрсетті. Бұл  рейтингтерді Standart and Poor*s, Moody*s Fitsh сияқты тәуелсіз компаниялар жүргізді. Осы рейтингтер бойынша Қазақстан Республиксының экономикасының дамуы басқа ТМД елдермен салыстырғанда 2 жылға озық дәрежеде болғанын көрсетті, бұны Ұлттық Банктің дұрыс жүргізген саясатының нәтижесі деп білуге болады.

Ұлттық Банктік  Қазақстан Республикасының экономикасына  тигізетін әсерін зерттеу дипломдық  жұмыстың басты мақсаты болып  табылады, өйткені халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру  және елбасымыздың жолдауы бойынша, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының негізі екенін көріп отырмыз.       

 

 

 

 

 

 

 

 

I   ҰЛТТЫҚ БАНК – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

ОРТАЛЫҚ БАНКІ

 

    1.1  Ұлттық  Банктің мақсаты,  міндеті және құрылымы

 

Қазақстан Республиксының екі деңгейлі банк жүйесі бар.  Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі Қазақстан Республиксының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда, барлық өзге банктер  төменгі деңгейдегі банктер болып табылады.

Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық  банктерімен, халықаралық  банктермен және өзге де қаржы-несие ұйымдарымен  қарым-қатынастарда өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республиксының мүддесін білдіреді [2].

Қазақстанның  Ұлттық Банкі Қазақстан Республиксының Президентіне есеп береді, алайда өзіне  заңмен берілген өкілеттіктер шегінде  өз қызметінде тәуелсіз. Қазақстанның Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан  Республиксының Үкіметімен үйлестіріп отырады, өз қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескереді және егер бұл оның негізгі функцияларын орындау мен ақша-несие және валюта саясатын асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға жәрдемдеседі. [3].

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республиксында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатты іске асыру үшін Қазақстанның Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер жүктеледі:

  • мемлекеттік ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • валюталық  реттеуді  және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.

Сонымен бірге, Ұлттық Банк:

  • айналыстағы ақша массасының  көлемін реттеу арқылы бағалы қағаздарды эмиссиялайды, Қазақстан Республикасының   аумағында банкноттар мен монеталардың жалғыз эмитенті болып табылады;
  • банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
  • банктің, қаржы кеңесшісінің, Үкімет агентінің функциясын жүзеге асырады;
  • төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырады;
  • Қазақстан Респібликсының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды, өкілеттіктерді  және құқықтарды жүзеге асырады [4].

2004 жылдан бастап  Еуроодақ стандарттарына және  шарттарының Ұлттық 

Банктің айырбастау бағамы  бойынша бағдарлардан бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету саясатындағы акценттердің орнын ауыстыру болып табылатын инфляциялық тәргеттеу принциптеріне жариялы көші шеңберінде Ұлттық Банк бағдарларды инфляция бойынша ғана  белгілейтін болады. Ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысында туындауы мүмкін кез келген басқа міндеттер мен бағдарлар екінші кезектегілер болып табылады.

Қазақстан Республиксы  Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсанындағы  Жарлығымен қаржы нарығын және қаржы  ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен  қадағалауды жүзеге асыратын «Қазақстан Республиксының Қаржы нарығын  және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу  мен қадағалау  жөніндегі агенттігі» мемлекеттік мекемесін бөліп шығару  арқылы Ұлттық Банк қайта ұйымдастырылды. Қаржы нарығының барлық  қатысушыларын қадағалау үшін жеке реттеуші орган құру  қаржы нарығын  реттеуді дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Реттеудің мұндай схемасы қаржы секторын, қаржы құралдарын және қаржылық делдалдық қызмет көрсетуді  дамыту үшін едәуір тиімді екендігін әлемдік практика көрсетіп отыр [5].

Ұлттық Банктің  құрылымына мыналар кіреді:

- 10 департаменттен, 140 жеке басқармадан және 1 жеке  бөлімнен тұратын орталық аппарат;

- 16 аумақтық филиал және  Алматы қаласындағы бір филиал  – Кассалық операциялар және  құндылықтарды сақтау орталығы;

- Ұлттық Банктің Ресей  Федерациясындағы өкілдігі;

- 5 есеп беретін ұйым.

- «Қазақстан Республиксы   Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық  есеп  айырысу орталығы»  шаруашылық  жүргізу құқығы бар республикалық  мемлекеттік кәсіпорны;

- «Қазақстан Республиксы  Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық  мемлекеттік кәсіпорны;

- «Қазақстан Республиксы  Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге  сарайы» шаруашылық  жүргізу құқығы  бар республикалық  мемлекеттік  кәсіпорны;

- «Қазақстан Республиксы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық  жүргізу құқығы бар республикалық  мемлекеттік кәсіпорны;

- «Қазақстан  Республиксы Ұлттық Банкінің  қызметін қамтамасыз ету орталығы»  шаруашылық  жүргізу құқығы бар  республикалық  мемлекеттік кәсіпорны.

Ұлттық Банк:

- «Қазақстанның  салымдарға кепілдік беру қоры»;

- «Сақтандыру  төлемдеріне кепілдік беру қоры»;

- «Қазақстанның  Актуарлық орталығы»;

- «Қазақстанның  ипотекалық кредиттерге кепілдік  беру қоры» акционерлік қоғамдарының  құрылтайшысы және «Процессинг орталығы» жабық акционерлік қоғамы құрылтайшыларының бірі болып табылады.

- «МЖЗҚ» жинақтаушы  зейнетақы қоры» акционерлік  қоғамы акционерлерінің бірі  болып табылады.

Ұлттық Банкінің басқару  құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республиксының  Ұлттық Банкі туралы» заңы  және «Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі туралы» ережесі негізінде анықталады (сурет 1).

 

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкінің басқару құрылымы

 

       


 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту: Ақша, несие, банктер: оқулық/Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С.Сейітқасымов. – Алматы: Экономика, 2001.

 

Сурет 1

 

Ұлттық   Банкінің  ең  жоғарғы  басқару органы Ұлттық Банк төрағасымен 

басқарылатын  басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық Банк төрағасы, оның 4 орыбасары, Парламент  пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасының  Президентімен бекітіледі.

Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.

Ұлттық Банк төрағасы Қазақстан  Республиксының Президентінің ұсынуымен алты жылға  сайланады.

Ұлттық Банк төрағасы Ұлттық Банк атынан және сенімхатсыз  мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа  ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді.

Ұлттық Банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің  қызметін басқарады және Ұлттық Банкіге  жүктелген жұмыстар үшін жауап береді.

Информация о работе Казақстан республиканын ұлттық банкі