Казақстан республиканын ұлттық банкі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 21:45, курсовая работа

Описание

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктер нарықтық экономикаға басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................

I ҰЛТТЫҚ БАНК – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІ...................................................................................................................

1.1 Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы.....................
1.2 Ұлттық Банктің негізгі қызметтері және операциялары...........
1.3 Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері............

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКОНОМИКАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ТАЛДАУ........................................................................

2.1 Қазақстан Республикасының экономика жағдайын және даму динамикасын бағалау............................................................................................
2.2 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің негізгі көрсеткіштерін экономикалық талдау ...............................................................
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыттар...................................................


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Работа состоит из  1 файл

Берденова ТАЛШЫН КУРСТЫҚ ЖҰМЫС БАНК ІСІ.doc

— 606.00 Кб (Скачать документ)

 

  Кесте  3

 

Мониторингке  қатысушы кәсіпорындардың салалық  құрылымы

   

Саланың аталуы

2005ж. 1 тоқсан

2005ж. 2 тоқсан

2005ж.3 тоқсан

Кәсіп

орындар

дың саны

Жалпы көлемдегі  үлесі

Кәсіп

орындар

дың саны

Жалпы көлемдегі  үлесі

Кәсіп

орындардың  саны

Жалпы көлемдегі  үлесі

1

2

3

4

5

6

7

Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы

3

4,9

3

4,8

3

4,7

Өндіру өнеркәсібі

2

3,3

2

3,2

2

3,1

Кесте 3 жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

Өндеу өнеркәсібі

38

62,3

36

57,1

37

57,8

Элекр энергиясын, газ бен су өндіру және тарқату

2

3,3

2

3,2

2

3,1

Құрылыс

6

9,8

7

11,1

7

10,9

Сауда: автомобиль және үй шаруашылығы бұйымдарын жөндеу

6

9,8

8

12,7

7

10,9

Көлік және байланыс

3

4,9

3

4,8

3

4,7

Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалдау кәсіпорындарға көрсетілетін  қызметтер

1

1,6

2

3,2

3

4,7

Барлығы, іріктеу  бойынша 

61

100

63

100

64

100


                 Ескерту: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» ММ ОҚФ 2005 ж. есебі      

                                                                                                                                   

Кестеде 3 көрсетілгендей, бүгінгі күнде мониторингіге қатысушы кәсіпорындардың салалық құрылымда өндеу өнеркәсібі (57,8%), сауда (10,9%) және құрылыс (10,9%) кәсіпорындары басым. Өндеу өнеркәсібі кәсіпорындарының басым болуы жалпы өңір экономикасына да тән.

Іріктеу көрнектілі деңгейі мынадай:

- 2005ж. 1-тоқсан -саны 61, мониторингіге қатысушылардың  өнімін сатудан түскен табыс  үлесі 31,5%, көрнекілік көрсеткіші  – 11,1%;

-  2005ж. 2-тоқсан -саны 63, мониторингіге қатысушылардың  өнімін сатудан түскен табыс  үлесі 36,8%, көрнекілік көрсеткіші  – 9,9%;

- 2005ж. 3-тоқсан -саны 64, мониторингіге қатысушылардың  өнімін сатудан түскен табыс  үлесі 28,9%, көрнекілік көрсеткіші  – 8,6%.

2005 жылдағы инфляцияның  ерекшелігі, оның басқа «құрамдас  бөліктермен» салыстырғанда, ақылы  қызметтердің өсу қарқынының  артуы. Ергер өткен жылдың желтоқсан айына қарсы жалпы инфляция деңгейі 7,4 % болса, қызметтер бағасы 9,2%-ке өскен. Сонымен қатар, бағалардың өсуі мемлекетпен реттелетін де, реттелмейтін де қызмет түрлерінде белгіленді. Жалпы республикадағыдай, білім беру қызметтері, балабақша ақысы, көлік қызметтері де қымбаттаған. Тек байланыс қызметінде ғана бағалар қалпында қалған. Оңтүстік Қазақстан облысында ұялы байланыс, ақпарат қызметін көрсететін бизнес белсенді дамып келуде. Жылдың соңғы айында облыстың тұтынушылық нарығындағы тауарлар мен қызметтердің бағалар индексі қараша айымен салыстырғанда 101,3%, оның ішінде азық-түлік тауарлары – 101,6%, азық-түліктен басқа тауарлар – 101,0% және ақылы қызметтер – 101,0%-ті құрады (кесте 4).

          

  Кесте  4

 

Азық-түлік тауарлары мен қызметтерінің бағалар индексінің өзгеруі процентпен, төмен (-), жоғары (+)

 

 

Тауарлар мен  қызметтер

Азық-түлік тауарлары

Азық-түлік тауарларынан басқа

Ақылы қызметтер

Алдыңғы айға қарсы

Алд.жылғы желтоқсанға  қарсы 

Алдыңғы айға қарсы

Алд.жылғы желтоқсанға қарсы

Алдыңғы айға қарсы

Алд.жылғы желтоқсанға  қарсы 

Алдыңғы айға қарсы

Алд.жылғы желтоқсанға  қарсы 

Желтоқсан 2004ж

0,8

4,8

1,3

4,2

-0,2

5,7

0,7

5,4

Желтоқсан 2005ж

1,3

7,4

1,6

7,2

1,0

5,7

1,0

9,2


   Ескерту: «Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі» ММ ОҚФ 2005 ж. есебі      

 

«Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі» ММ ОҚ филиал жүргізіп отырған, тұтыну бағаларының  мониторингі тұтынунарығына мына факторлар  әсер ететінін көрсетті:

  1. мерзімділік, әсіресе көкөністерге, себебі, жемістердің сұранысқа ие стандарты жинағы (алма, апельсин, бана, мандарин) импорттық болып табылады және бұл жемістерге деген ұсыныс барлық мерзімде тұрақты:
  2. ЖЖМ-нің бағаларының ауытқуы барлық тауарлардың бағасының, оның өндірілген уақытына, өндірілген еліне және т.б. қарамастан, «ұласпалы» реакция бойынша өсуіне әкеліп соғатын басым фактор болып табылады;
  3. Тауарлар мен қызметтерді өндіру және еңбек өнімділігі  көлемімен салыстырғанда халық табысының өсу қарқыны. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы өндіріс көлемінің өсу қарқыны 111,8%-ті құрса, сомамен есептегенде  өсу 8421,9 млрд. тенге болса, ал халықтың ақшалай табыстарының өсу қарқыны 17% болды. 2005 жылда тепе-теңдіктің бұзылуы бюджеттен зейнетақылар мен жәрдемақылардың және жалақылардың берілуіне байланысты;
  4. Банктердің агрессивтік несие саясаты: өңірдегі несие беру қарқынының өсуі – берілген несиелер бойынша 137,3% (2005 жылда – 98,8 млрд. теңге, 2004 жылда -72,0 млрд.теңге берілген) несиелік берешек қалдықтары бойынша – 153,5%ті құрады.  

Соңғы жылдары  Қазақстанның қаржы секторы  тұрақты дамуда. Бұған  қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура және соңғы жылдар бойы Қазақстандағы макроэкономикалық дамудың жоғары тұрақты қарқыны ықпал етуде.

2005 жылғы алдын  ала бағалау бойынша өткен  жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тауарлар мен қызмет көрсетулердің сыртқы сауда айналымы 33,8% өсіп, 55,4 млрд. долларға жетті, тауарлар мен қызмет көрсетулер экспорты – 34,5% өсіп, 30,4 млрд. долларға дейін жетті, ал тауарлар мен қызмет көрсетулер импорты – 32,9% өсіп, 25,0 млрд. доллар болды.

Қазақстан Республикасының  Статистика агенттігінің деректері  бойынша 2005 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі  2004 жылмен салыстырғанда 9,4% құрады. Өндірістің нақты көлемінің өсуі экономиканың барлық салаларында байқалады: өнеркәсіпте – 4,6%, ауыл шаруашылығында – 7,3%, құрылыста – 37,8%, көлік қызметін көрсету көлемі – 7,0%, байланыс қызметі – 27,7%, сауда – 9,3% көбейді. 2005 жылы негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 2004 жылмен салыстырғанда 35,7% жетті.

2005 жылы 2004 жылмен  салыстырғанда  халықтың ақшалай кірісінің өсуі нақты көрсетуде 12,0% құрады. Осының салдарынан бөлшек тауар айналымының көлемі 2005 жылы 12,4% көбейді.

2005 жылы инфляция 7,5% жетті (2004 жылғы желтоқсанға  қарағанда 2005 жылғы желтоқсан). Бірқатар  алдыңғы жылдар бойы өсіп отырған инфляциялық қысым жағдайында инфляция салыстырмалы түрде алғанда жоғары емес тұрақты деңгейде – жыл аяғындағы есеппен 6-7% (2002 жылы – 6,6%, 2003 жылы – 6,8%, 2004 жылы – 6,7%) шегінде қалды.

2005 жылы азық-түлік  тауарлары –  8,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,9%, ақылы қызмет көрсету – 8,0% қымбаттады.  Баға газбен жабдықтауға – 34,5%,  жемістер мен көкөніске – 23,1%, білім беру мекемелерінің қызмет көрсетулеріне – 19,5%, күрішке – 18,3%, сондай-ақ ет және ет өнімдеріне – 12,5%   неғұрлым  өскенін көрсетті (кесте 5).

 

 

 

Кесте  5

Қазақстандағы  инфляция  1993—2005 жж.

( % желтоқсан  2005ж.)

 

 

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

Тұтыну  бағасы

2265

1258

160

129

111

102

118

110

106

107

106,8

107,6

108,4

Өнеркәсіптік  өнімдерге  өндірушілердің  бағасы

1424

2042

140

119

112

111

119

38

86

112

105,9

106,1

107,5


Ескерту: ЕЦБ,АФН РК

 

 

Бірқатар факторлар, оның ішінде экономикалық белсенділіктің артуы 2005 жылы инфляциялық қысымның нығаюына ықпал етті. Жыл бойы әлемдік тауар нарықтарындағы қазақстандық экспорттың негізгі тауарларына бағалардың өсуі сақталды. 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда  Brent сортты шикі мұнайға әлемдік бағалар 40,8%, табиғи газға – 42,5% өсті. Бұл ішкі нарықтағы тиісті тауарларға отандық өндірушілер бағаларының көтерілуіне алып келді [22].

2005 жылы мемлекеттік  бюджет шығыстарының өсуі жалғасты. Егер олар 2004 жылы ЖІӨ-ге 23,9% болса, 2005 жылы олар ЖІӨ-ге 27,9% дейін көбейді.  Мұның өзі экономикалық белсенділікті  ынталандырады, алайда инфляциялық қысымның ұлғаюына ықпал етеді.

2005 жылы халық  кірістерінің өсуінен туындаған  инфляциялық күтулер қосымша  инфляциялық фактор болды.

2005 жылы өнеркәсіп  өнімін өндіруші кәсіпорындардың  бағалары (2004 жылғы желтоқсанмен  салыстырғанда 2005 жылғы желтоқсан) 20,3% өсті. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізген нақты сектор кәсіпорындары мониторингінің деректері  іс жүзінде 2005 жыл бойы бағаның өсу үрдістерінің сақталғанын растайды (орташа алғанда сауал жүргізілген кәсіпорындардың 25% астамы дайын өнімге бағалардың тұрақты өсуін, 55% жуығы сатып алынатын шикізат пен материалдарға бағалардың өсуін күтуде).

Тұтыну бағаларының  қалыптасуына кірістердің ұлғаюы мен  экономикалық белсенділіктің артуымен көрінген ақшаға сұраныстың өсуі белгілі  бір дәрежеде әсер етті.

Ақшаға сұраныстың өсуі  ақша агрегаттарының кеңеюіне себеп болды. 2005 жылы ақша массасының  25,2%  өсіп, 2065,3 млрд. теңгеге (2004 жылы– 69,8%) дейін көбеюі  ішкі несиелеудің өсуімен қамтамасыз етілді. Экономикаға несиелер 2005 жылы 74,7% өсті [23].

Ақша массасының кеңею қарқындарымен салыстырғанда  номиналды ЖІӨ өсуінің барынша  жоғары қарқыны (27,0%) экономиканы  монетизациялау деңгейінің 2004 жылдың соңындағы 28,1%-дан 2005 жылдың аяғында 27,7%-ға дейін өсуіне алып келді.

2005 жылы айналыстағы  қолма-қол ақша  8,6% өсіп, 411,8 млрд. теңгеге жетті, ал 2004 жылдың тиісті кезеңінде  өсу 59,0% құрады. 2005 жылы ақша базасы 14,7% 663,0 млрд. теңгеге дейін өсті (2004 жылы – 82,3%). Ақша мультипликаторы 2005 жылы ақша базасының  кеңею қарқынымен салыстырғанда ақша массасы өсуінің озық қарқыны салдарынан 2,86-дан 3,12-ге дейін өсті.

Ішкі валюта нарығында сұраныстың ұсыныстан  шамалы ғана асып кетуі 2005 жылы теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша 2,9% номиналдық құнсыздануына алып келді (биржалық бағам бойынша). Бұл  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  валюта нарығына  өзінің қатысуын қысқартуға мүмкіндік берді [24].

Ақша-несие саясатының инфляцияға әсерін күшейту үшін ақша-несие  саясатының құралдары жетілдірілді. Мәселен, 2005 жылғы 1 шілдеден бастап  депозиттік және несиелік операциялар, қысқа мерзімді ноталарды шығару, репо операциялары сияқты  ақша-несие саясатының жекелеген операцияларының мерзімдері мен ставкалары бойынша бірегейлендіруді болжайтын  ақша-несиелік реттеу тетігіне өзгерістер енгізілді. Бірегейлендіру нәтижелерін күшейту үшін «овернайт», «овердрафт»  заемдарын беру және тікелей репо операцияларын жүргізу  уақытша тоқтатылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баға тұрақтылығына  жету жөніндегі қабылдаған шараларына қарамастан, инфляция бір жылда орташа есеппен алғанда 2005 жылға арналған мақсатты бағдардан (5,2-6,9%) асып түсіп, 7,6% құрады.

Банктерге берілетін  несиенің көлемін реттеу үшін, банктің  өз міндеттемелері бойынша төлей  алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері  мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық Банк резервтік талаптар механизмін қолданады.

1993 жылы 1 қаңтарда  енгізілген «Қазақстан Республиксының  коммерциялық, кооперативтік және  жеке банктердің қызметтерін  реттеу туралы» Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша 18-20% көлемі қарастырылған. Бұл ереже 1994 жылы мамыр айына дейін қызмет етті, осы жылдан бастап норматив банктердің теңге  және шетел валютасындағы жалпы депозиттік міндеттемелерінен  30% мөлшеріне дейін өсті. 1994 жылдың 1 тамызында  шетел валютасындағы  депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15%-ға дейін төмендеді [25].

Информация о работе Казақстан республиканын ұлттық банкі