Кәсіпорын бюджеті және оның өзгерісін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 16:05, курсовая работа

Описание

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық дейгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
1 «АзияТрансЦентр» ЖШС ұйымдастыру-
экономикалық жағдайына сипаттама.....................................-
1.1 «АзияТрансЦентр» ЖШС сипаттама........................................................5
1.2 «АзияТрансЦентр» ЖШС экономикалық жағдайы.................................6
2 Кәсіпорын бюджеті және оның өзгерісін анықтау...........-
2.1 Бюджеттің экономикалық мәні..................................................................9
2.2 Бюджет шығынын талдау.........................................................................11
Қорытынды.................................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................15

Работа состоит из  1 файл

БЮДЖЕТТЕУШығындар сметасынынң ауытқуын талдау.doc

— 108.50 Кб (Скачать документ)

     Мазмұны 
 

     Кіріспе..............................................................................................................3 

     1 «АзияТрансЦентр» ЖШС ұйымдастыру- 

     экономикалық  жағдайына сипаттама.....................................-

      1.1 «АзияТрансЦентр» ЖШС сипаттама........................................................5

     1.2 «АзияТрансЦентр» ЖШС экономикалық жағдайы.................................6 

     2 Кәсіпорын бюджеті  және оның өзгерісін  анықтау...........-

     2.1 Бюджеттің экономикалық мәні..................................................................9

     2.2 Бюджет шығынын талдау.........................................................................11 

     Қорытынды.................................................................................................14 

     Пайдаланылған әдебиеттер............................................................15 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      КІРІСПЕ 
 

      Экономиканың  дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы  жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық дейгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.

      Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.

      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының  бүкіл қаржы жүйесінің реформалау, оның негізгі тармағы – бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы – ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.

      Жаңа  Бюджеттік кодекстің ережелері  біздің республикамыздың бүгінгі күнгі  қаржылық қарым қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс-әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан-жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатта мемлекеттің міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған.

      Экономика бағыты бойынша болашақ білікті  мамандар дайындаудың негізгі мақсаты  – оларды қазіргі уақыттың маңызды  біліміне оқыту, оның ішінде: бюджетті жоспарлау, қалыптастыру және атқару аумағындағы білімге. Айтылған мақсатқа жету үшін оқулықтың авторы нормативтік-құқықтық актілердің ережелеріне сүйене, мемлекеттік бюджет жүйесіндегі теориялық және практикалық аспектілерді қорытындылай отырып Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің негіздерін логикалық тізбекті түрде жазуын, әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің мазмұны мен функциялары, осы аумақтағы заңнамалық және атқарушы органдардың функцияларын толығынан жазуын жөн көрді.

      Ұлттық  табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндық бөліс құрал ретінде мемлекеттік бюджет осы функция арқылы өзінің экономикалық маңызын тікелей әлпеттейді. Бөліс функция арқылы мемлекет ауқымында ақша қаражаттарын орталықтандыру мен оны жалпымемлекеттік мұқтаждықты қанағаттандыруға пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапына уақытында және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемі және тиімді пайдалану жөнінде мәлімдейді.

      Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір бірінен бөлек емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастардың барлық жағы бейнеленеді. Мемлекеттік бюджет категориясы объективті болғандықтан оның функциялары да объективті. Бюджет функцияларын бірден оның ішкі потенциалдық қабілеттілігінен түсіну қажет, себебі ол (қабілеттілік) өзін тек міндетті түрде бюджеттік қатынасы бар қоғамдық қарым-қатынасы белгілі саласында көрініс табады. Сондықтан, бюджетке тәнті қасиеттер көрінісі, оларды бөлу мен бақылау құралдары ретінде пайдалануы тек адамша іс-әрекет процесінде мүмкін, ал ол мүмкіндік мемлекет жасаған бюджеттік механизм арқылы іске асырылады.

      Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде іске асырушы болып, бюджеттік қатынастарды нақты түрде экономикалық және әлеуметтік сауалдарды шешуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс-әрекетінің объективтік және субъективтік жақтарының арасындағы арақатынасты дұрыс түсіну қажет, себебі бюджеттің және оның функцияларының объективтік сипаты қатынас жүйесіндегі бюджеттің орны мен оның экономиканы даму деңгейіне тәуелді екенін анықтайды.

        

           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      1 «АзияТрансЦентр» ЖШС ұйымдастыру

      экономикалық  жағдайына сипаттама 

    1.1 «АзияТрансЦентр» ЖШС қысқаша  сипаттама 
 

    Серіктестің құрылтайшы (бұдан әрі – қатысушы) мыналар болып табылады:

    Өтегенов  Фирдоуси Файзуллаұлы, 06.08.1961ж., Қызылорда қаласы, Шалғынбаев көшесі 30, индекс 467012, куәлік № 009313355 ҚР ІІм 02.06.1998ж. берілген.

    Серіктестіктің  орналасқан жері: Қызылорда қаласы, Шалғынбаев көшесі 30, индекс 467012.

    Серіктестік қызметінің мерзімі: шектелмеген.

    Серіктестік қызметінің басты мақсаты жарғыда  айтылған қызметті жүзеге асыру арқылы таза пайда табу болып табылады.

    Басты мақсатқа жету үшін серіктестік төмендегі қазметтерді жүзеге асырады (қызмет түрлері):

    - мұнай және мұнай өнімдерін  тасымалдау

    - коммерциялық қызмет

    - делдалдық қызмет көрсету

    - сыртқы экономикалық қызмет

    - май құю бекеттерін, ТҚС ашу

    - халық тұтынатын тауарларды сату  және сатып алу

    - құрылыс монтаж жұмыстары

    - жанар-жағар майларды сату

    - қоғамдық тамақтандыру орындарын  ашу

    - дүкендер мен сауда орындарын  ашу

    - автокөлік қызметі

    - сауда орындарын ашу

    - автомобилді техникалық жөндеуден  өткізу

    - сүт және нан өнімдерін өндіру

    - сырттан әкелу және шығару операциялары

    - автокөліктерді жөндеу және техникалық  қызмет көрсету

    - санитарлық-техникалық, құрылыс және  дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу.

    Серіктестік заң актілері мен құрылтай келісім-шарттары тыйым салған қызметтерден басқа, барлық түрлерін жүзеге асыра алады.

    Серіктестік тізбесі заң актілерінде белгіленген  түрлері мен лицензия ғана айналыса алады.

    Серіктестіктің  жарғылық капиталы 100 000 (жүз мың) теңгені құрайды.

    Директор  жалдау туралы келісім-шарттардың, сондай-ақ еңбек қатынастарын реттейтін басқа да нысандардың негізінде серіктестіктің филиалдары мен өкілдіктерінің жұмысшыларын қоса алғанда жұмысшылардың саны жылдық есебімен 50 адамнан аспай жалдауға құқылы.

      1.2 «АзияТрансЦентр» ЖШС экономикалық  жағдайы 
 

      «АзияТрансЦентр»  ЖШС 1998 жылдан бастап өз жұмысын жасай бастады. Кәсіпорынның негізгі қызметі мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау болып табылады. Кәсіпорын облыстағы мұнай компанияларымен бірге жұмыс жасай отырып, 2000 жылдан бастап «КазРосМұнай» ЖШС-пен 5 жылдық келісім шартқа отырды. Онда «КазРосМұнай» ЖШС шығарылған мұнай өнімдерін «АзияТрансЦентр» ЖШС тасымалдауға ұйғарған. Сол уақыттан бастап кәсіпорын жұмысы экономикалық нәтиже көрсетіп, перспективалық даму жолына түсті. Жылдар өте кәсіпорын басқа да мұнай компанияларымен бірлесе отырып, мұнай өнімдерін тасымалдауға келісім шартқа отырды. Басқа көптеген мұнай компаниларымен қарқынды жұмыс жасағандықтан кәсіпорын қарқынды дами бастады.

         

      «АзияТрансЦентр»  ЖШС техника-экономикалық көрсеткіштері 

      1-кесте     

Көрсеткіштер 2009 жыл 2010 жыл Өзгерісі +; -
1. Өнімді  өткізуден түскен табыс, мың  теңге 44482353 79168069 + 34685716
2. Өткізілген  өнімнің өзіндік құны, мың теңге 43414246 77983756 + 34569510
3. Жалпы  табыс, мың теңге 1068107 1184313 + 116206
4. Кезең  шығындары, мың теңге 3447439 1408877 - 2038562
5. Дебиторлық  қарыз, мың теңге 40507000 387057,00 - 18013
6. Кредиторлық  қарыз, мың теңге - 27602,27 2316666,13 + 2344268,4
7. Негізгі  құралдар, мың теңге 183212 156013,34 - 27198,66
8. Айналым  қорлары, мың теңге - 1729927,36 3861037,64 + 5590965
9. Еңбек  ресурстары, адам 40 47 + 7
10. Еңбек  қоры, мың теңге 2059,15 12050,3 + 9991,15
11. Еңбек  өнімділігі, мың теңге 1112058,83 1684427 + 572368,17
12. Орташа  айлық көрсеткіші, теңге 25958,5 28060,3 + 2101,8
13. Пайда,  мың теңге - 2379332 - 224564 + 2154768
14. Қор  қайтарымдылығы, мың теңге 242,79 507,45 + 264,66
15. Қор  сыйымдылығы, мың теңге 0,0042 0,0019 - 0,0023
16. Рентабельділік, % - 5,48 - 0,28 + 5,2
 

        «АзияТрансЦентр» ЖШС негізгі  қызметі мұнай және мұнай өнімдерін  тасымалдау болып табылады. Соңғы екі жылда өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өзіндік құны ұлғайып отыр. Жекелеген көрсеткіштерге талдау жүргізетін болсақ, өнімді өткізуден түскен түсім 2009 жылы 44482353 мың теңге, 2010 жылы 79168069 мың теңгені ұрап, ол 34685716 мың теңгеге өсуіне орай, оған жұмсалған шығын мөлшері де 34569510 мың теңгеге ұлғайып отыр. Жалпы табыс мөлшері 2009 жылы 1068107 мың теңге, 2010 жылы 1184313 мың теңге болып, соңғы жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 116206 мың теңгеге өсті. Бұл кәсіпорынның соңғы жылдары өзін-өзі қаржыландыру және қаржы ресурстарын дұрыс пайдалану, өндірістік және коммерциялық шығындарды тиімді басқару мақсатында қол жеткізген жетістігі. Соған байланысты  кезең шығындары 2009 жылы 3447439 мың теңге, 2010 жылы 1408877 мың теңгені құрап, соңғы жылы кезең шығындары 2038562 мың теңгеге азайып отыр. Дебиторлық қарыз 2009 жылы 40507000 мың теңге, 2010 жылы 387057,00 мың теңге, ол 18013 мың теңгеге кеміген, яғни кәсіпорынның алашақ қарыздары азайған. Кредиторлық қарыз 2009 жыл мен 2010 жылды салыстырсақ, соңғы жылы берешек қарызы 2344268,4 мың теңгеге дейін өскен, себебі біріншіден,  кәсіпорынның өндірістік қызметінің ұлғаюы мақсатында, екіншіден, банктен несие алды, үшіншіден, серіктес мұнай компаниясының берешек қарызының уақытылы төленбеуі нәтижесінде кәсіпорында ағымдық міндеттемелердің көлемі ұлғайып отыр. Негізгі құралдар  құны 2009 жыл мен 2010 жылды салыстыратын болсақ, соңғы жылы 27198,66 мың теңгеге азайған. Оның себебі, біріншіден, тозығы жеткен құралдарды істен шығару, екіншіден құралдар құнына қайта есептеу жүргізу, үшіншіден кәсіпорынның негізгі құралдарының моральдық тозуына қарағанда, физикалық тозуы әлдеқайда табыс әкелуі кәсіпорын үшін тиімді. Айналым қорлары 2009 жыл мен 2010 жылды салыстыратын болсақ, айналым қорлары 2010 жылы 5590965 мың теңгеге ұлғайып отыр, себебі кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорларының қарқынды шығарылып, оның өткізілуінің нәтижесі. Кәсіпорында еңбек ететін жұмысшы персоналдарының саны 2010 жылы 2009 жылға қарағанда 7 адамға көбейген, ал орташа айлық еңбекақы мөлшері 2101,8 теңгеге өсіп отыр. мұның себебі еңбек өнімділігіне қарай тарифтік коффициенттің өсуі және жұмысшыларға еңбек жағдайының жасауымен еңбек тәртіпке деген талаптардың күшеюі өз әсерін тигізеді. Сондықтан  еңбекақы қоры 2010 жылы 9991,15 мың теңгеге, еңбек өнімділігі 572368,17 мың теңгеге артуы осыдан. Кәсіпорын пайдасы 2009 жыл мен 2010 жылды салыстыратын болсақ, соңғы жылы 2154768 мың теңгеге ұлғайып отырғанын көреміз. Бұл кәсіпорынның соңғы жылы активтер мен қаржылық ресурстарды тиімді пайдаланғандығының нәтижесі. Кәсіпорынның қалыпты әрі тиімді жұмыс жасауы еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы көрсеткіштерімен айқындалады. Егер өндірістің немесе кәсіпорынның қызметі жылдан жылға артып, экономикалық нәтиже әкелетін болса, еңбек өнімділігі мен қор қайтарымдылығы көрсеткіштері өседі, ал қор сыйымдылығының көрсеткіштері керісінше төмендеуі заңды құбылыс, сәйкесінше біздің зерттеп отырған кәсіпорын еңбек өнімділігі 572368,17 мың теңгеге, қор қайтарымдылығы 264,66 мың теңгеге өсіп, қор сыйымдылығы  0,0023 мың теңгеге кеміп отыр. Бұдан біз кәсіпорын экономикалық нәтиже берді деп айта аламыз. Ал рентабельділік 2010 жылы 5,2%-ға өскен.             
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Кәсіпорын бюджеті және оның өзгерісін анықтау