Кәсіпорын бюджеті және оның өзгерісін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 16:05, курсовая работа

Описание

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық дейгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
1 «АзияТрансЦентр» ЖШС ұйымдастыру-
экономикалық жағдайына сипаттама.....................................-
1.1 «АзияТрансЦентр» ЖШС сипаттама........................................................5
1.2 «АзияТрансЦентр» ЖШС экономикалық жағдайы.................................6
2 Кәсіпорын бюджеті және оның өзгерісін анықтау...........-
2.1 Бюджеттің экономикалық мәні..................................................................9
2.2 Бюджет шығынын талдау.........................................................................11
Қорытынды.................................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................15

Работа состоит из  1 файл

БЮДЖЕТТЕУШығындар сметасынынң ауытқуын талдау.doc

— 108.50 Кб (Скачать документ)

     2. Кәсіпорын бюджеті және оның өзгерісін анықтау 

     2.1 Бюджеттің экономикалық мәні 
 

     Мемлекеттік бюджетті, жалпы басқа да экономикалық категориялар секілді мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымды әлеуметтік-экономикалық міндеттерін нақты шешуде пайдаланады. Мемлекет бюджетті өзінің ұйымдастырушылық функциясын іске асырудың маңызды құралы ретінде қолданып, оны экономика басқарудың әсершіл құралына айналдырады. Бюджетті экономикалық басқарудың құралы ретінде пайдалануы мынадай маңызды қасиеттерімен дәлелденеді: ол заң күшіне ие; мұнда қоғамдық өндірістің дамуына бағытталған, оның тиімділігін жоғарылатуда, қоғам мүшелерінің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей көрсетілген. Бюджеттік қатынастарды пайдалану құқықтық формада болғандығы оған өте үлкен ұтқырлы және ұйымдастырушылық мән береді.

     Экономикада тауарлы-ақша қатынас болғандықтан экономикалық пропорциялар екі формада көрініс табады, яғни натуралды-заттық және құндық (ақшалай). Натуралды-заттық форма қоғамдық өндірістің құрылымдық бөлімдері арасында материалды-техникалық құралдарды бөлу мен оларды жұмыс күшімен қамтуды, ал құндық форма ақшалай қаражаттарды бөлудің пропорцияларын анықтауды қарастырады.

     Ішкі  өнім бөлудің ақшалай формасынының біршама дербестік болуының салдарынан қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттейтін мүмкіншілік болады және ол қажетті экономикалық нәтижеге жеткізеді. Құндылық құралдарды (қаржы, бюджет, несие және т.б.) пайдалану мемлекетке қоғамдық өндірістің құрылымын жетілдіру мен экономикалық процестердің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.  

     Реттеу  құралы ретінде мемлекеттік бюджет экономиканың салалық және аумақтық пропорцияларын жетілдіруде, өндірістен тыс салалардың дамуын реттеуде, қаржы ресурстарын жалпы мүддеге сәйкес қайта бөлуде пайдаланады. Ол еңбек, ақша және материалды ресурстарды пайдалануын ынталандыру, экономиканың барлық тізбектерінде жүйелі бақылауды іске асыру мен басқа да әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешуге мүмкінішілік береді. Экономиканы басқарудың белсенді құралы ретінде мемлекеттік бюджетті айтуға болады, себебі бюджет негізі – бюджеттік қатынастар қоғамдық өндіріс дамуы мен оның тиімділігін жоғарылату мүдделерінің алуан-алуан бағытында пайдаланады.

     Мемлекеттік бюдетті – экономиканы басқару құралы ретінде сипаттай отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын ала анықталғанын алдын ала айту қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы құжат арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде пайдалану. Бюджеттің мәні мен рөлі оның экономикалық құрал ретіндегі ерекшелігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең пайдаланатын құндық құралы болып табылады.

     Экономиканың  дамуына байланысты оны басқару  құралы ретінде бюджеттік бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамдық өндірістің ауқымы неғұрлым ірі болса, соғұрлым экономиканың өсу қарқыны жоғары, сондықтан  ақша қаражаттарын уақытында қалыптастырумен тиімді пайдалану процестерін бақылау өте маңызды.

     Бюджеттің рөлі экономиканы ынталандырушы  есебінде арнайы бюджеттік механизм арқылы іске асырылады. Осы механизмнің  арқасында объективтік түрде  бар қатынастарды экономиканың даму мүддесінде пайдаланудың мүмкіншілігі болады. Бюджеттік механизм – ол бюджеттік қатынастарды ұйымдастыруға мемлекеттің құрастырған және пайдаланатын арнайы формалар кешені мен қаржылық ресурстарды қоғамдық іс-әрекет салалары, экономика салалары және елді аумақтар арасында қайта бөлуді қамтитын әдіс-тәсілдердің жүйесі.

     Бюджеттік механизмнің объективтік негізі Мемелекеттік бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөлу қатынастар процестері болып табылады. Экономикалық категория  ретіндегі бюджеттің өзінің ішкі құрылымы бюджеттік механизмнің ішінде әр түрлі тізбектер бар екенін дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттік механизм құрылымында кірістер, шығыстар, бюджетаралық байланыстар сияқты бюджеттік қатынастар топтары және соларға сәйкес ақша қаражаттарын қайта бөлудің әр түрлі формалары мен әдістерін енгізеді.  Сол себепті бюджеттік механизмде бюджеттік қатынастар көрінісінің формаларына тәуелді келесі құрылымдық тізбектерді бөлуге болады, олар: ақша қаражаттарын мемлекет тарапына жұмылдыратын әдістер; әр түрлі іс-әрекет салаларына бюджеттік қаражаттар беру мен бюджет қалыптастыратын тәртіп пен формалар; ішкі бюджеттік бөлу мен қайта бөлу мен және олармен бірге моневр жасайтын әдістер.

     Бюджеттік механизмнің жоғары айтылған тізбектері өз алдына сәйкес элементтерден қалыптасады. Мысалы, ақша қаражаттарды жұмылдыратын бюджеттік механизм салықтық және салықтық емес қаржы ресурстар түсетін әдістер мен сипатталады және өздерінің әлпеттерін нақты кіріс түрлерімен (қосымша құнға салық, акциздер, мүлік салығы және т.б.) іске асырылады. Мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдарға бюджеттік қаражаттар жіберу механизмі әр түрлі принциптер негізі мен бюджеттік ақша берудің әр түрлі формалары арқылы іске асырылады. Қаржы ресурстарын ішкі бюджеттік бөлу мен қайта бөлу механизмі бюджет жүйесінің сәйкестік буындары тарапына бюджет қаражаттарының белгілі бөлігін бекіту мен бюджеттік реттеудің әр түрлі әдістерімен сипатталады.

     Бюджеттік механизмнің  әр құрылымдық буыны мен элементіне өздерінің орындайтын міндеттеріне сәйкес функционалдық ерекшеліктері тән. Бірақ, бюджеттік механизмнің буындары мен элементтері өздерінің қатыстылы дербестігіне қарамай біртұтас болып қызмет атқарады, яғни барлық құрылымдық буындар мен элементтердің өзара байланысты әрекеттері бюджеттік механизмнің бірыңғай іс-әрекетті қамтиды.

     Сонымен, мемлекет экономиканы басқаруда  бюджеттік механизмді белсенді түрде  пайдаланады. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттарына ақша қаражаттарының қосылымын күшейтуде, сол бағыттарға сәйкес экономиканың салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруде, жалпы барлық ресурстар түрлерін тиімді пайдалануды елеулі рөл атқарады. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет өзінің барлық көрініс және пайдалану формаларында экономиканы басқарудың құралы ретінде болып, қоғамдық өндіріске қаржылық құжат, экономикалық тұтқа және ынта түрлерінде интегралды әсер етеді.  
 

     2.2 Бюджет шығынын талдау 
 

     Мемлекеттің функцияларын іске асыру мүмкін, егерде олар материалдық құралдармен қамтамасыз етілсе, себебі мемлекеттің іс-әрекеті  мемлекеттік құралдардың тікелей шығыстарымен байланысты. Шығыстар нақты шығындардың көлемі көрсетеді. Сондықтан, бюджеттердің барлық деңгейлері бойынша мемлекеттік шығыстардың бір-бірімен өзара байланысты нақты түрлерінің жиынтығы әрбір мемлекеттің бюджет шығыстар жүйесі болып табылады. Шығыстар жүйесін құру – құралдардың арнаулы бағыттау, үнем режимі мен мемлекеттік құралдарды жұмсаудың қайтып оралмас принциптеріне негізделеді.

     Бюджеттік шығыстар мақсатты белгілеулер бойынша  қатаң іске асыруға тиіс, яғни бюджетте қарастырылған бағыттар бойынша. Құралдардың қайтып оралмас принципі негізінде әлеуметтік саланы қаржыландыруда пайдаланады. Ал, егерде экономиканың дамуын қаржыландыру құралдары жөнінде айтсақ, онда нәтижелік инвестициялау орын алады, яғни бұл арада бөлінген бюджеттік құралдарды қайтару принципі әрекетте болады. Үнем режимін сақтау принципі – ол өз алды бюджет шығыстарын төмендетудің формалары мен әдістерінің жүйесі. Бұл жүйе бюджет ресурстарын нәтижелі және тиімді пайдалануды іске асыруға мүмкіншілік береді.

     Бюджет шығыстары жүйесі бірнеше факторлармен шарттанады, олардың ішінде негізгі болып мемлекеттің табиғаты мен функциялары, елдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, мемлекеттің әкімшілік-аумақтық жайластырушылығы, бюджеттік құралдар беру формалары саналады. Бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы олардың экономикалық мазмұны және жалпы ішкі өнімді бөлу жөніндегі мемлекет алдында тұрған мақсаттармен анықталады. Бюджет шығыстарының ел экономикасындағы рөлі мен мәнін анықтау мақсатпен олар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі. Бюджет кодексінде бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бойынша әрекеті бар бюджет шығыстарының жіктеуі тағайындалған.

     Бюджеттің барлық шығыстары негізінде бюджетте шоғырланған құралдар арқылы қаржыландырылады. Бұл шығыстарды қоғамдық қайта өндірістегі рөліне байланысты келесі екі топқа бөлуіне болады:

      • өндірістік қорларды ұлғайту мен өндірістің үздіксіз процесін қамтамасыз ету үшін;
      • қоғам мүшелерінің әлеуметті-мәдениеттік мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін.

      Бірінші топқа – мемлекеттік бюджеттің  экономиканы қаржыландыруға бағытталған шығыстары жатады. Екінші топқа - әлеуметті-мәдениеттік шараларды, білім беруді, ғылым, қорғаныс пен мемлекетті басқаруды қаржыландыру үшін арналған бюджет шығыстары жатады.

      Осы екі топ арасындағы арақатынас бюджеттің  тиімділігін анықтайды. Экономиканың бәсеке қабілеттілігі дамуға бағытталған шығындардың деңгейі қаншалықты жоғары және бюджеттің тұтынушылық шығындары соған сәйкес төмен болса, соғұрлым бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі жоғары болады. Әрине, бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі бұл арада мемлекеттік бюджеттің шығыстарын қалыстастыру әдістеріне, мемлекеттің жүргізіп жатқан әлеуметтік саясатына және елдің бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық ахуалына байланысты.

      Бюджет  түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерешеліктері олардың арнаулары маңында жатыр. Сондықтан, бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастырғанда келесі негізгі факторларды есептеу қажет:

      • басқару органдар арасындағы функцияларды шектеу;
      • мекемелердің бағынушылығы;
      • мекемелердің іс-әрекет шекарасы;
      • шығыстарды тиісті бюджетке апару.

      Республикалық бюджеттің шығыстары келесі бағыттары  бойынша қаржыландыру үшін қалыптасады:

      • жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер;
      • қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;
      • құқықтық, соттық, құқық қорғау қызметтері;
      • білім беру;
      • денсаулық сақтау;
      • әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету;
      • мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігі;
      • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
      • ауыл, орман, су, балық шаруашылықтары мен қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары;
      • өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану;
      • көлік және коммуникация;
      • басқа да бағыттар.

      Осыған  сәйкес, бірақ тиісті әкімшілік аумақтарға арналған шығыстар бағыттары төмен тұрған бюджеттер деңгейлері бойынша да қалыптасады. Жергілікті бюджеттер шығыстарының қалыптастыру Бюджет кодексімен, нормативті-құқықтық актілермен және тиісті мәслихаттар шешімдерімен реттеледі. Биліктің жергілікті органдарына аумақтардың экономикалық және қаржылық базаларын пайдалану жөнінде өкілеттік берілген. Әрбір бөлек әкімшілік-аумақтардың экономикалық базасы ретінде жергілікті тұрғындардың әлеуметті-экномикалық мұқтаждықтарын қамтамсыз ету үшін қажетті кірістер көздері болатын меншікті мүлік пен оларға берілген объектілер саналады. Ал қаржылық база болып меншікті бюджеттік құралдар мен жоғары тұрған бюджеттерден берілетін ресми трансферттерден қалыптасатын қаржылық ресурстар табылады.

      Бюджет  жүйесінің әрбір деңгейінің шығыстар құрамы мен қалыптасуы әрекеттегі заңнамалық актілермен, тиісті аумақ бойынша  қаржыландыру қажет нақты объектілер және олардың іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті шығындармен анықталады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      ҚОРЫТЫНДЫ 
 

      Бюджет  – мемлекеттік билік ұйымының қызметтерін қамтамасыз ету үшін ақша құралдарының пайда болуы мен  жұмсалу формаларын көрсетеді.     

      Бюджеттеу – бұл басқару қызметін реттеу, бақылау және жоспарлау арқылы экономикалық субъектіні басқару және конституцияны  дамыту стратегиясы ретінде өндірістік бағдарламаны жасауда мақсатты шешім  қабылдау процесі. 

      Шығыстарды  қайта құрылымдау аумағындағы бюджеттік саясат экономиканың әр салаларында мемлекет қатысуының салыстырмалы тиімділіген баға беру мен мемлекетке жөнді және қасиетті емес бағыттарда қатысуын бюджет құралдары арқылы қаржыландыруды азайтуға негізделеді. Бұл саясат бюджет құралдарын шоғырландырып, мемлекеттің ағымдағы міндеттемелерін атқарумен бірге экономика дамуының басымды бағыттарын шешуге мүмкіндік береді.

      Сонымен бірге, бюджеттік бағдарламаларда  қарастырылған шаралардың бюджет шығыстарымен байланысты айқын белгілеу мен бюджет құралдарын пайдалану тиімділігін жоғарылатуға экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың әсершіл жүйесін жасау, бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру мен қалыптастыру және оларды бағалау әдісін дайындау себепші болады.

Информация о работе Кәсіпорын бюджеті және оның өзгерісін анықтау