Курстық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 22:49, курсовая работа

Описание

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып кқрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерін дамуымен тығыз байлынысты болды.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................... 3
I Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын пайдалануда бюджеттіліктің теориялық негізі
1.1 Муниципалдық құрылым қаржы ресурстарының мәні мен маңызы......................................................................................................................5
1.2 Жергілікті бюджет – муниципалды құрылымдар қаржыларының негізгі ресурсы ретінде......................................................................................................11
1.3 Жергілікті бюджеттер және олардың муниципалдық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні ....................................................19

II Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау
2.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарының құрылымы мен қалыптасуының негізгі элементтері....................................................................25
2.2 Өскемен қаласының қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздері талдау......................................................................................................................32

III Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын жетілдіру жолдары
3.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын басқарудағы бюджетаралық теңестіру механизмін жетілдіру ...............................................43

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................................54

Работа состоит из  1 файл

айка норма.doc

— 432.00 Кб (Скачать документ)

 

    • аудандардың (қалалардың) бюджет көрсеткіштеріне болжам жасайды;
    • жергілікті   бюджет  бағдарламаларының    әкімшіліктеріне   облыстық, қалалық бюджет шығыстарының лимиттері жөніндегі ақпараттарды,  сондай-ақ облыстық бюджет комисиясымен анықталған алдағы 3 жылға арналған облыстан бюджеттің инвестициялық  жобаларынан  қаржыландыратын  қаржы  көлемі жөніндегі ақпараттарды жеткізу;
    • облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті бюджет бағдарламалары  әкімшіліктерінің  бюджеттік  арыздарын - өтініштерін   қарастырып, олар бойынша қорынтындылар дайындайды;

Облыстық, қалалық бюджет комиссиясының қарауына келесі құжаттарды ұсынады:

    • алдағы 3 жылға облыс бюджетік көрсеткіштерінің болжамын;
    • облыстық, қалалық бюджеттің 3 жылға шығысының болжамын, өткен 3 жылдың іске асырылған жоба жоспарларын;
    • облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің несиелік бережақтар сомасын;
    • алдағы қаржы жылына облыстық бюджет жобасын;
    • заңмен бекітілген басқа да көрсеткіштерді.

 

Әлеуметтік – экономикалық бағдарламалар  бойынша аймақтың дамуы үшін атқарылатын іс шаралар бағдарламаларына қаралған шығындардың жалпы көлемі алдағы 3 жылға жоспарланған облыстық қалалық бюджеттердің көрсеткіштерінің болжамына енуі тиіс. Қаржыландыру мерзімі мен қаржыландыру аясындағы іс-шараларбағдарламаларын қаржыландыру көлемі облыстық, қалалық бюджеттік комиссиясының қорытынды шешімімін бекітіледі. Алдында бекітілген аймақтың дамуының әлеуметтік –экономикалық бағдарламалары облыстық және қалалық бюджеттік комиссияның шешімімен өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Қатысты қаржы жылындағы жергілікті бюджетжөніндегі мәслихаттың шешімінде келесілер керсетіледі:

 

    1. көрсеткіштер  көлемі,  алынған   трансферттер   көлемі,   несиенің  қайтарылу  көлемі,   шығыс   көлемі, несие   көлемі,   бюджеттің тапшылығы  (профициті)  көлемі  және  бюджет тапшылығын қаржыландыру  көлемі;
    2. жергілікті атқарушы органдардың қорларының көлемі;
    3. қатысты қаржы жылының аяғына облыстық, қалалық атқарушы органдардың  қарыз  лимитін;
    4. облыстың, қаланың атқарушы органдарының қарызын өтеуге кеткен шығындар көлемін;
    5. әрбір әкімшілік – территориялық бірлікке сәйкес республикалық бюджет туралы заңдар аясында қатысты қаржы жылының жергілікті бюджеттен Қазақстан Республиксының Ұлттық қорына берілетін трансферттер сомасын.

Облыстың және қаланың  жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджет   жөніндегі  заң   күшіне   енгеннен   кейін   2   апта   мерзімі    ішінде қатысты   қаржы   жылына   алдын – ала  жасалған   бюджет   көлемінің болжамдарын   анықтап,   тиісті   мәслихатқа   бекітуге   жіберіледі.  Ол   бір ай мерзімі ішінде шешім шығарып бекітеді.

Қатысты  қаржы  жылының  жергілікті бюджеті тиісті мәслихатпен  бекітілгенше 1-ші тоқсандағы бюджеттің  орындалуы жылдық бюджет жобасының  ¼ бөлігіне сәйкес орындалуы талап  етіледі.

Жергілікті бюджетті бекіту бюджетті жоспарлауға өкілетті органдармен жүргізіледі[12].

 

Аймақтық бюджеттің кірістері  салықтық және салықтық емес түсімдер ден қалыптасады.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2. ҚР-ның жергілікті бюджет құрамы мен құрылымы[13,37б]

 

 

Қосымшаларымен және жергілікті атқарушы органдардың кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешімімен бірге жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі республикалық бюджет сияқты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау

 

2.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарының құрылымы мен қалыптасуының негізгі элементтері

 

Қаржы ресурстарын өсірудің маңызды  факторы қоғамдық еңбек өнімділігін  арттыру болып табылады, бұл ұдайы өндіріс процесінде ұлттық табыстың артуын білдіреді, сондай-ақ экономикалық қызметтің қаржыылқ нәтижесінің өсуіне жеткізеді. Еңбек өнімділігі мен қоғамдық өндіріс тиімділігінің басқа көрсеткіші – қор қайтарымы (капитал қайтарымы) тығыз байланысты. Қор қайтарымын арттыру қаржы ресурстарын қалыптастыруға, атап айтқанда, олардың негізгі көзі – таза табыстың өсіміне сөзсіз әсер етеді, ол өнім өндіру ауқымы өсімінің, сондай-ақ ағымдағы шығындарды (ең алдымен жалақы мен амортизациялық аударымдарды) үнемдеудің нәтижесін арттырады.

Екінші фактор – бұл материалдық  шығындардың орнын толтыру қоры мен өндірілген ұлттық табысқа жалпы  қоғамдық өнімнің бөліну үйлесімдері. Жиынтық қоғамдық өнімдегі материалдық  шығындардың үлесін – материал сыйымдылығын төмендету өндірілген ұлттық табысты – қаржы ресурстарының негізгі көзін – арттыруға мүмкіндік беретін фактор болып табылады.

Қаржы ресурстарының өсуіне сонымен  қатар жалпы алғанда қоғамдық өндірістің, сондай-ақ өнеркәсіп өндірісінің  материалдық-заттық құрылымы да әсер етеді.

Қаржы ресурстарының құрамында  олардың аса маңызды екі бөлігін  бөліп көрсетуге болады:

1. Мемлекеттің кірістері – республикалық және жергілікті бюджетте шоғырланады. Мемлекеттің кірістері заңнамалық тәртіппен бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәйкес жұмсалынады. Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар, қарыздар мен лотереялар, мемлекеттік меншіктен түсетін түсімдер, сыртқы көздерден түсетін түсімдер;

Республикалық бюджет – бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.

Жергілікті бюджеттер – облыстық бюджеттер, қалалардың, аудандардың бюджеттері. Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.

2.Бюджеттен тыс қаражаттар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы сметалары, қащыналық шоттар түрінде болып келеді. Бұл қорлардың қаражаттары экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бюджеттен тыс қаражаттардың оғаштығы мемлекетке қаржы ресурстарының жалпы сомасын жасыруға, қаржылық бақылауды әлсіретуге, нағыз қаржылық жағдайды бұрмалауға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қаражаттардың жалпы сомасын анықтау қиын, өйткені ол көптеген қорлар мен сметалар арасында шашырап кеткен.

 

Қаржы ресурстарын қалыптастыру тәртібі  және динамикасы:

Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары өсуінің басты шарты болып табылады. Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, жарналар нысанындағы) және амортизациялық аударымдар алады.

Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары (қорланым, босалқы қор) – қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органының немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсіндіреді. Екіншіден, қаржы ресурстары – бұл қорлардағы, ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы «байланылған» қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары.

Мысалы ақша қаражаттарының бір  бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды – бұлар шаруашылық органдарының олардың шаруашылық әріптестері  тарапынан келісімшарттарды, өзара  шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдарды, өсімдерді, тұрақсыздық төлемдері.

«Қаржы ресурстары» ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн:

1. Шаруашылық практикасында «қаржы  ресурстары» ұғымы деп мемлекеттің,  кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша қаражаттарының кірістері мен қорланымдарының жиынтығын, яғни ақша қорларын, кредит ресурстарын, ақша қаражататрының резервтерін айтады. Бұл шаруашылық жүргізудің шаруашылқ есеп практикасы тұрғысынан туындаған практикалық тәсілдеме. Расында, банктегі оның шотындағы белгілі бір күндегі ақша қаражаттары, олар кәсіпорынның меншікті немесе қарыз қаражаттары болып келетіндігіне қарамастан оның барлық нақты қаржы ресурстарын құрайды. 

Өз кезегінде мемлекеттің қаржылық ресурстарының негізгі көзін мемлекеттік бюджет құрайды. Бюджет - мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Қаржылық байланыстардың орасан зор  әр алуандығына жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұныны құрайды.

Мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің  объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.

Сөйтіп, объективті бөлгіштік  қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.

Қаржы қатынастарының белгілі  бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік  бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүріп отырады. Сонымен бірге бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ререкшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.

Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

 

  1. мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
  2. құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтары, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
  3. қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.

Мемлекеттік бюджет кез  келген басқа экономикалық категория  сияқты өндірістік қатынастарды білдіреді  және оларға сәйкес келетін нақты  материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.

Сол секілді мемлекеттік бюджетте шоғырланған кірістер, қорланымдар олар жасалынған құнды алғашқы немесе кейінгі бөлудің нәтижесі болып табылатындығына қарамастан мемлекеттің әрбір нақты күндегі қаржы ресурстары болып табылады.

2. Егер жиынтық өнімнің (c+v+m) материалдық-заттық  және құндық құрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін шығарып тастасақ, онда қаржы ресурстарының ұғымы тікелей мемлекет пен кәсіпорындарда оларға жүктелінген функцияларды орындау үшін шоғырланатын құндық нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді.

Информация о работе Курстық жұмыс