Курстық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 22:49, курсовая работа

Описание

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып кқрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерін дамуымен тығыз байлынысты болды.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................... 3
I Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын пайдалануда бюджеттіліктің теориялық негізі
1.1 Муниципалдық құрылым қаржы ресурстарының мәні мен маңызы......................................................................................................................5
1.2 Жергілікті бюджет – муниципалды құрылымдар қаржыларының негізгі ресурсы ретінде......................................................................................................11
1.3 Жергілікті бюджеттер және олардың муниципалдық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні ....................................................19

II Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау
2.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарының құрылымы мен қалыптасуының негізгі элементтері....................................................................25
2.2 Өскемен қаласының қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздері талдау......................................................................................................................32

III Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын жетілдіру жолдары
3.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын басқарудағы бюджетаралық теңестіру механизмін жетілдіру ...............................................43

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................................54

Работа состоит из  1 файл

айка норма.doc

— 432.00 Кб (Скачать документ)

2008-2010 жылдары «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,071 % деңгейінде шамаланды.

Келер болашақтың аса өзекті мәселесі мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру сұрағын шешу болып табылады – ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын халықаралық стандарттарға көшіру, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік басқарудың тұтас аппаратын қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін айтарлықтай арттыру және оларды дайындау мен қайта даярлаудың тиімді жүйесін құру.

«Электрондық әкімдікті» құру бағдарламасын жүзеге асыру  нәтижесінде тұрғындарға электрондық  қызметтердің дамуын қамтамасыз ету үшін базалық ақпараттық құрылымды құру жүргізілуде, қаланың жергілікті атқарушы органдарында бірыңғай құжатайналым жүйесі ендірілуде, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің уақыты қысқаруда. Жергілікті органдармен ұсынылатын алғашқы кезектегі базалық электрондық қызметтер жүзеге асырылатын болады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2008 жылы  8,4 млн. теңге бағытталады.

«Қорғаныс» функционалдық  тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,006 % деңгейінде шамаланды.

Шығындар жалпы әскери міндеттерді орындау аясында іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталады.

«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық атқару қызметі» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,008 % деңгейінде шамаланды. Шығындар қалада жол қозғалысын реттеу бойынша құралдарды ұстау мен пайдалануға қарастырылды.

Құқық бұзудың алдын  алуға және тәртіпті күшейтуге, нашақорлық пен алкоголизмді қысқартуға, жол  қозғалысы линиясындағы құқық бұзудың  алдын алуға бағытталған іс-шараларды  жүзеге асыру жоспарланған орта мерзімді кезеңде жалғасын табады.

«Білім беру» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,894 % деңгейінде шамаланды.

Білім беру саласындағы  бюджеттік саясат білімге негізделген  қоғам мен тұлғаның сұранымдарын қанағаттандыру және әлемдік білім  кеңістігінде шоғырландыру үшін Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың Стратегиялық жоспарының негізгі басымдылығы көпсалалы үздіксіз білім беру үлгісін модернизациялауға бағытталатын болады.

Осы мақсаттарға жету үшін 2010 жылға дейін Білім берудің  мемлекеттік бағдарламасы және 2005-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы әзірленді, шағын-орталықтардың жұмыстарын ұйымдастыру, бұрынғы балабақша-лардың бос тұрған ғимараттарында балалардың мектеп алды мекемелерін құру, білім берудің 12-жылдығына көшу бойынша жұмыстары, жоғары буын оқушыларын жеке сала бойынша оқыту қарастырылуда.

Крылов көшесі, 86а және Ғарышкер көшесі, 6/2 екі балабақшаны  жандандыру және Пролетар көшесі, 99/2 бойынша  балабақшаны қайта жаңарту есебінен 2008 жылы балалардың мектеп алды мекемелерінің санын 28 ден 31 бірлікке арттыру көзделуде. 2009-2010 жылдары балабақшалардың санын тағы 4 бірлікке арттыру жоспарлануда және  2010 жылға 35 бірлікті құрайды.

ЖМК ықшам ауданында  мемлекеттік тілде оқытатын орта мектептің салынуына байланысты 2009 жылы желіде 1 бірлікке арту пайда болады.

2007 жылмен салыстыру  бойынша 2010 жылға оқушылардың  саны 150 адамға қысқарады және 35,6 мың адамды құрайды. Демографиялық  жағдайдың тұрақтану есебнен  2007 жылмен салыстыру бойынша 2010 жылы 1-сыныпқа қабылданатындардың саны  480 адамға артады.

Ауылдық жерлерде білім  берудің талап етілетін жағдайын қамтамасыз ету үшін 2008 жылы Ново-Троицк ауылындағы мектепке 108 орынды қосымша  жайдың құрылыс аяқталады, оған 72,0 млн. теңге бөлу жоспарлануда. 

«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,07 % деңгейінде шамаланды.

2008-2010 жылдары әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы бюджеттік саясаттың негізгі мақсаттары кедейшілікті төмендету, әлеуметтік қамтамасыз етудің қаржылық тұрақты, әлеуметтік әділ жүйесін құру, әлеуметтік көмек алуды жетелдету болып табылады.

Атаулы әлеуметтік көмек  алушылардың орташа жылдық саны болжам бойынша 2008 жылы 6,1 % төмендейді. Күтілетін бюджет сомасының шығыны 8,0 млн. теңгені, орташа айлық төлеу сомасы 1445 теңгені құрайды. 2009 жылға шығын сомасы 7,9 млн. теңгеге дейін төмендейді.

2007 жылдан бастап тұрғын  үй көмегінің орташа айлық  мөлшері 100 теңге шеңберінде өседі.  Осы көмек түрін төлеу үшін бюджет шығындары 2008 жылы 14,5 млн. теңгені, 2009 жылы – 14,3 млн. теңгені, 2010 жылы – 14,2 млн. теңгені құрайды.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,498 % деңгейінде шамаланды.

Қаражаттарды шығындаудың  негізгі бағыттары:

1) Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрғын үй құрылысы;

2) сумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту;

3) мемлекеттік тұрғын үй қорын ұйымдастыру;

4) қаланы көріктендіру және санитарлық ұстауды қамтамасыз ету.

Жаңа тұрғын аудандардағы инженерлік-коммуникациялардың құрылы-сына 2008 жылы 420,0 млн. теңге қарастырылды. мемлекеттік апаттық тұрғын үй қорынан азаматтарды көшіру үшін 9 қабатты 143 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына 2009 жылы 530,8 млн. теңге жоспарланды.

Жоспарланған кезеңге сумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту бойынша Меновной ауылдық округінің, қаланың шалғай аудандарының (Аблакетка, Әуежай, Жыланды, Красин, Северный және Ескі Согра кентерінде,) сумен қамтамасыз ету және канализациялар желісін қайта жаңарту, КСС-17-ден Ертіс өзені арқылы өтетін дюкерлік өткелдің қысымдық канализациялық коллекторын қайта жаңарту енгізілді.

Өскемен қаласының аумағын  көріктендіру мен ұстау шығындары  көшелерді жарықтандыру, жолдарды орташа және шұңқырлы жөндеу, туысы жоқтардың  жерлеу орындарын ұстау, қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және көгалдандыру бойынша жұмыстарды қарастырды.

«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,074 % деңгейінде шамаланды.

«Мәдениет» функционалдық тобы бойынша шығындар саясатының негізгі мақсаттары:

 

-қала аумағында мәдениет пен өнерді дамытудың бірыңғай мемлекеттік саясатын жүзеге асыру, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беруде мәдениет мекемелері мен мәдени-бос уақыт ұйымдарының рөлін арттыруды қамтамасыз ету; театр, музыка, кітапхана, мұражай және өнердің басқа да түрлерін, халық шығармашылығын, өнер қызметін дамыту; ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету, мәдениет мекемелерінің желісін кеңейту;

- қаланың барлық санаттағы  азаматтары үшін мәдениет қызметтерінің қазіргі заманғы сапасына тең мүмкіндігін қамтамасыз ету және мәдениет саласы мекемелерінің қызметін модернизациялау;

- мәдениет мекемелерінің  материалдық-техникалық базасын  нығайту;

- қазақстандық патриотизмді, халықтар достығын дамытатын, салауат-ты өмір салтын насихаттайтын мәдениет мекемелерінің мәдени-бос уақыт іс-шараларының мазмұнын тереңдету;

- мүмкіндігі шектеулі  тұлғалар үшін мәдениет мекемелерінде  демалыс-тың қажетті жағдайларын  құру;

- мәдениет мекемелерінің  әр түрлі бағытындағы қызметінде мемлекеттік тілді дамыту мен қолдау көрсету.

Мәдениет мекемелерімен  және оның мамандарының рөлін қоғамда  гармониялы дамуын оңалту. Мәдениет саласы мекемелерінің мүмкіндігін белсенді жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау, сапалы тұрмысты қалыптастыруда олардың қатысуы.Мәдени-бос уақыт мекемелерінің желісін кеңейту үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен 1000 орынды қазақ музыкалық-драматургиялық театрын салу жоспарлануда.

Спорт және туризм саласындағы  шығындар келесі мақсаттарға бағытталады:

- қалада дене шынықтыру  және спортты одан әрі дамыту;

- спорттың бұқаралық  және ұлттық түрлерін дамыту  үшін жағдайлар жасау;

- облыстық және республикалық  спорт жарыстарына облыстың құрама  команда мүшелерін дайындау және  қатыстыру;

- спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту.

 

 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,006 % деңгейінде шамаланды.

«Өндіріс, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционал-дық  тобы бойынша шығындар аясында 2008-2010 жылдарға сәулет және қала құрылысы бөлімін және құрылыс бөлімін ұстауға ӨӨБ-ға 0,007 % деңгейінде қарастырылды.

«Көлік және байланыс»  функционалдық  тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,344 % деңгейінде шамаланды.

Болжанған кезеңде қалада жолаушылар мен жүктерді  тасымалдау бойынша сапалы, қауіпсіз қызметтерді  қамтамасыз ететін техникалық жаңартылған, қаржылық тиімді көлік жүйесін құру негізгі мақсат болып көзделді[15].

Қаржыландыру саласындағы реформалардың  негізгі мақсаты мемлекеттік  қызметтер мен функциялардың  сапалы орындалуын және тұрғындардың мұқтаж дәрежесінің максималдығын  қамтамасыз ететін айқын, тиімді және қалыпты бюджетке жету болып табылады.

Қаланың экономикалық көрсеткіштері жоғары сапаға жеткендігі туралы айтады. Бюджеттік жүйені жетілдіру бойынша тұрақты жүргізілетін жұмыс – үлкен роль атқарды. Бюджет мақсатты құжат ретінде қаралатын болды, ол тек ағымдағы жылды ғана емес, орта мерзімді келешектерді, оның болашақ нәтижелері мен тиімділігін бағалау және болжаумен экономикалық-әлеуметтік міндеттерді орындауға бағытталады.

Орта мерзімді фискалдық саясат алдын ала қаржыландыруды қамтамасыз ету керек, ол алдын ала жоспарлауға; бюджеттік үрдістің айқындығы мен тиімділігін арттыруға, бюджеттік үрдістің сабақтастығын және фискалдық тәртіптің артуын қамтамасыз ету мүмкіндігін туғызады.

Фискалдық саясаттың механизмі  жалпы мемлекеттік ретінде қала үшін шынайы болып анықталады. Өткен  қаржы жылындағы бюджеттің орындалуы мен экономикалық көрсеткіштеріне талдау және бағалау жүргізу негізінде жыл сайын фискалдық саясаттың негізгі бағыттары түзетіліп отырады.

Болашақта фискалдық саясаттың  рөлін осы құжатты әзірлеу  кезінде  қарастырылған мақсаттардың қаншалықты орындалғаны арқылы бағалауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын жетілдіру жолдары

 

3.1Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын басқарудағы бюджетаралық теңестіру механизмін жетілдіру

 

Басқарудың барлық деңгейлерінің  өз бюджеттері бар және олар өздерінің өкілеттіктері шеңберінде қызмет етеді. Әртүрлі басқару деңгейлері бюджеттерінің нақты қалыптасқан нормалар негізінде дербес қызмет етуі бюджетаралық қатынастардың негізін құрайды.

Әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-әрекеті және елдің бюджет жүйесінің бірлігін салықтарды бөлу арқылы ғана қалыптастыруға болады. Бюджеттер арасында салықтарды бөлу тәсілдері әртүрлі.

Бірінші тәсіл, нақты бір салықтар түрлерін республикалық және жергілікті бюджетке бекіту.

Екінші тәсіл, салықты бюджет деңгейлері арасында нақты бір пропорция арқылы бөлу.

Үшінші тәсіл, жоғары тұрған бюджеттен төменгі бюджетке трансферттер, субвенциялар бөлуді білдіреді.

 

Бюджетаралық қатынастарға қатысушылардың мүдделерінің сақталуын төмендегідей принциптер қамтамасыз етеді:

  • жалпымемлекеттік мүдде мен халықтың мүддесінің бірлігі;
  • бюджет-салық өкілдіктерін, шығындар мен та<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-size: 14pt; text-d

Информация о работе Курстық жұмыс