Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 14:10, курсовая работа
Әрбір мемлекеттің экономикасын орташа статистикалық табыстары бар отбасымен салыстыруға болады. Кірісті табатын – әкесі, шығындарды жұмсайтын және отбасының қажеттіліктеріне сәйкес жалақыны қайта бөлетін – анасы, уақытша ата-аналарының есебінен өмір сүретін және жастары мен қызығушылықтарына қарай белгілі шығындарды талап етіп қана қоймай, мүмкіндігінше, сонымен қатар табыстар табатын – балалары бар отбасымен салыстыруға болады.
Кіріспе..........................................................................................................3
1. Бюджет түрлері және деңгейлері.........................................................5
1.1. Қазақстанның бюджеттік жүйесінің принциптері..........................5
1.2. Бюджеттік несие беру.........................................................................11
2. Мемлекеттік қаржылық бақылау...........................................................16
2.1. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері..........................16
2.2. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың типтері мен түрлері..............25
Қорытынды..................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................29
Егер несиелік қатынаста, қаржы беретін субьект болса, онда ол ресурстарды - бюджеттік несиені алатын адамда бар –– бұл жақ “Несие алушы” деп аталады. Несие алушы негізгі қарызды төлеуді өтеуін міндетін және сыйақыны төлеу міндетін атқарады. Бюджеттік кодекс мүмкін несие алушылардың кең түрде анықтайды. Осылай осы нормативтікқұқықтық құжат негізінде несие алушы болып:
➣ арнайы ұйымдар – банктар, банктік операциялардың кейбір түрін атқаратын ұйымдар, және бақылау
пакет акциялары мемлекетке немесе ұлттық холдингке, немесе ұлттық басқару холдингіне тәуелді ҚР резиденттері болып табылатын мекемелер;
➣ жергілікті атқарушы органдар;
➣ шет мемлекеттер
➣ жеке тұлғалар;
Бюджеттік несиелер аясында бөлінетін қаржы, миллиардтаған долларлар болуы мүмкін, қомақты сома болғандықтан несиелерді беру механизмі оңай емес. Мысалы, Кодекспен “Түпкі несие беруші”, яғни бюджеттік несиенің түпкі алушысы деген ұғым енгізілген, оған мамандырылған мекеме (банктер, мемлекеттік холдингтер). Түпкі қарыз алушы – ҚР резиденттері болып табылатын кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар.
Бюджеттік несие түпкі несие алушыға несие беруші мен несиегердің отырған бюджеттік несие келісімшартына сайберіледі және түпкі несиегерге несие беретін несие алушы процедураларын қамтиды. Ол несие алушының және түпкі несиегердің өз міндетін орындауын қауіпсіздендіру үшін керек.
Сенімді өкіл (агент) несие алушы жағынан шығады. Сенімді өкіл (агент) сенім шарты негізінде оның атынан және несие берушінің шоты арқылы (сенім білдіруші) бюджеттік несие алуға қатысты тапсырыстарды орындайды . Сенімді өкілдің өкілеттік аумағы кең, ол бюджеттік несие беру, инвестициялық және бюджеттік жобаларды іске асыру және мониторинг жүргізуден басқа қарыз қайтару жұмыстарын да жасай алады.
Бюджеттік несие берілетін келісім-шарт, несие беру шарты, оның көлемі, валютасы, уақыты, несие сыйақысы сияқты негізгі стандарттармен құрастырылуы шарт. Әрине, несие беруші мемлекет болғандықтан несие келісім-шартының шарттарын несие алушының категориясына қарай несие беруші белгілейді. Несие келісім-шартына несие беру тәсілі, несие төлеу кестесі, қызмет көрсету және несиені жабу міндетттері туралы қосымша шарттар енгізіледі.
Бюджеттік несиені қайтару уақыты өзгеше, қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1-5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5-30 жылға дейін). Несие берілу уақыты орталық және жергілікті атқарушы органдарының басты сұрақтарына байланысты көрсетілген бюджеттік несиенің саны мен бағытына байланысты, қысқа мерзімді және орта мерзімді несиелер жалпы несие портфелінің басым бөлігін қамтуы мүмкін, ол тағы да атқарушы органдардың стратегиясына байланысты.
Кез келген несие сияқты бюджеттік несие де заңмен немесе келісім-шартпен қарастырылған, кепілдікпен қамтамасыз етілген болуы керек. Кепілдіктің сомасы бюджеттік несиенің көлемінен және оның сыйақысын қосқандағыдан аз болмауға тиіс. Әрине, бюджеттік несиені алушының міндетті төлемдерін белгіленген рәсімдер мен механизмдерге сәйкес қамтамасыз етуі бағалы. Бюджеттік несиенің қайтарылым құны бюджеттік несиенің сыйақы сомасын қосқандағы есебінен кем болмауға тиіс, тіпті кепілдік мүлікті сатқанда да немесе басқалай қамтамасыз етуде де олардың құны қарыздың негізгі сомасынан және несие пайызынан кем болмауға тиіс.
Бюджеттік несие беруде сыйақы
ставкілері 2 түрде болады: құбылмалы
және тұрақты ставкалар, әрине, тұрақты
ставка ол несиенің берілген уақытына
толық белгіленеді, ал құбылмалы
қаржы нарығындағы
Белгіленген ставка сыйақы ставкасын бюджеттік несиенің барлық мерзіміне бөледі, ал, құбылмалы ставкалар – қаржы нарығындағы конъюнктураға тәуелді. Бұдан басқа да орта есеппен алынған сыйақы ставкаларының табыстарын пайдалану арқылы, Қаржы министрлігімен шығарылған мемлекеттік құнды қағаздардың орта есеппен алынған пайда есебінен белгіленуі мүмкін, солай бола тұрса да бюджеттік несиенің сыйақы мөлшері орта көрсеткіштен төмен болмауға тиіс.
Бюджеттік несиенің мақсаттық бағыты несие берудегі бюджеттен шыққан шығынға байланысты анықталады. Шығынға несие бойынша қызмет, мониторинг жасау, негізгі төлемақының уақытылы төленуі, сыйақы және келісім-шартқа сай басқа да төлемдер кіреді. Несие бойынша қызмет көрсету қаржы министрлігімен, орталық немесе әкімшілік, атқарушы органдар деңгейіне сәйкес болады. Қызмет көрсету әкімшілік, атқарушы органдарынан басқа сенімді өкілдер арқылы жүзеге асады, мысалы: несие Банк мекемесі арқылы шағын және орта бизнеске берілген жағдайда.
Бюджеттік несиелерге, басқа да бюджет шығындары сияқты мониторинг жүргізілуі және нәтижелілігі бағалануы тиіс. Қаржы министрлігі белгілеген тәртіпке сәйкес мемлекеттік органдар барлық бюджеттік несиелерді тіркеуден өткізу, есепке алу және мониторинг жүргізуге тиіс.
2. Мемлекеттік қаржылық бақылау
2.1. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері
Мемлекеттік қаржылық бақылау
мекемелер мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық
қызметіне арнайы бақылау органдарының
бақылау жүйесін білдіреді . МҚБ
мемлекеттік басқару
Қаржылық бақылауды тағайындау мемлекеттің қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, қаржылық саясатты беделді жүргізуге жағдай жасау үшін қажет болып табылады. Бақылау жұмыстары жоспарлаудан, қорытындысы негізінде қабылданған қорытынды көрсеткіштерді рәсімдеуден, жүргізуден тұрады .
ҚР Президентімен
Кез келген мемлекеттік функцияларды атқарумен өкілеттілікпен байланысты қызметтегідей, мемлекеттік қаржылық бақылау сферасында да, бақылау солардың негізінде жүргізілетін, жалпы принциптер бар.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері:
Тәуелсіздік принципі мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының және оның жұмысшыларының қызметтерін атқару кезінде, олардың тәуелсіздігіне қол салуды болдырмауға шақырады. Ондай органдар қатарына Есеп комитеті, мәслихаттың ревизиялық комиссиясы және басқа да атқарушы билік тармақтарының ішкі бақылау органдары жатады. Көрсетілген мемлекеттік органдардың қызметкерлері қызметтерін атқаруда заңмен қорғалады.
Объективтік принципіне сәйкес мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізетін мемлекеттік органдар өз қызметтерін, қарама қайшылықты болдырмау мақсатында тікелей Қазақстан заңнамасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес жүргізулері тиіс. Мемлекеттік қаржылық бақылауды қамтамасыз етудегі шараларды жүргізудің шынайылылығын бақылау қорытындыларын бухгалтерлік, банктік және бақылау объектісінің, яғни тексеріліп отырған органның басқа да құжаттармен дәлелденуіне негізделеді.
Тазалық принципі бақылау қорытындыларын түсінікті түрде мәлімдеуді қажет етеді, яғни мемлекеттік қаржылық бақылау органы Қазақстан халқына, Президентіне, Үкіметке, мәслихаттарға, мемлекеттік органдар басшыларына есеп беруге міндетті.
Мемлекеттік бақылау органы
жұмысшыларының бақылауды жүзеге асырудағы
қажет маман ретіндегі
Жариялылық принципі, яғни мемлекеттік қаржылық бақылау қорытындылары құпиялылық, қызметтік немесе басқа да заңмен күзетілетін құпиялылықты қамтамасыз ету арқылы міндетті жариялылыққа негізделеді.
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру механизміне сәйкес, өз кезегінде Есеп комитетімен ҚР ҚМ-нің қаржылық бақылау Комитетімен бірігіп жасалатын және ҚР Президентімен бекітілетін стандарттармен анықталады.
Стандарттардың мақсаты болып бірыңғай қажеттіліктерді белгілеу табылады, оның негізінде мемлекеттік қаржылық бақылау және оның қызметкерлері бақылауды жүргізеді. Стандарттар, бақылау тиімді, мақсатты, бір-бірімен байланысты, кезекті, объективті және жалғастырылымды болуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Қазақстан Республикасының барлық аумағында мемлекеттік қаржылық бақылау үрдісінде бірыңғай талаптар қолданылады.
Стандарттарға жалпы стандарттар, қызметтік стандарттар, сапаны басқару және бақылау стандарттары жатады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау үрдісін бюджет үрдісінің бөлінбейтін бөлігі ретінде қарастыруда, мына нәрсені есте сақтаған жөн, мемлекеттік қаржылық бақылау кезінде өзінің объектілері және субъектілерінмен құқұқтық қатынас пайда болады. Егер бақылау объектісі қорытындыға бағытталған тиімділік, жоспарлау дұрыстығы және бюджеттің орындалуы болса, онда осы қатынас субъектісі болып бюджеттің әртүрлі деңгейінде сыртқы және ішкі бақылауды жүзеге асыратын, арнайы өкілетті органдар табылады.
Ішкі және сыртқы бақылау арасындағы айырмашылық бақылаудың міндеттерімен мақсаттарына шоғырланады, сонымен қатар МҚБ органдарының бақылау арасындағы айырмашылық бақылаудың міндеттерімен мақсаттарына, сонымен қатар МҚБ органдарының есептілігі және жауапкершілігіне шоғырланады. Соған байланысты, мемлекеттік қаржылық бақылау оны жүзеге асыратын орган ішкі және сыртқы болып бөлінуіне қарай, органдар жүйесін мынадай ерекшеліктеріне қарап, бөлуге болады:
➣ Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша Есеп комитеті;
➣ Мәслихаттың ревизиялық комиссиялары.
➣ ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитеті;
➣ Ішкі бақылау ұйымдары.
Ішкі бақылау ерекшелігі оның Үкіметтен тәуелсіздігінде, бақылау қорытындысын Парламентке және мәслихатқа жіберетінінде, қоғам алдындағы жариялылығы, сонымен қатар қорытындыны бағалауға туралылығында. Осында Есеп комитеті және мәслихаттың ревизиялық комиссиялары сыртқы бақылауды, Үкіметтің, Президентке есепті, орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы Президент немесе Парламент және мәслихат үшін жүзеге асырады.
Осылайша ішкі бақылау
органдары бюджеттік
Енді, сыртқы бақылауды және олардың міндеттерін жүзеге асыратын органдарды қарастырамыз.
Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша Есеп комитеті (мәтінде ары қарай - Есеп комитеті) республикалық бюджеттің орындалуына сыртқы бақылау жүргізетін ҚР Президентіне тікелей есепті және жауапты мемлекеттік қаржылық бақылаудың Жоғарғы органы болып табылады.
Есеп комитетінің негізгі міндеттері болып табылады:
➣ республикалық бюджеттің орындалуы сұрақтарын реттейтін, бюджеттің заңнамалар және басқа да нормативтік құқұқтық актілер қажеттілігін ұстануы бойынша бақылау;
➣ республикалық бюджеттің орындалуына байланысты сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау;
➣ республикалық бюджетке түсілімдердің толық және уақытылы түсуіне, сонымен қатар республикалық бюджеттен түсілімдер сомасын қайтару бойынша, салық және кедендік әкімшіліктендіруді бақылау;
➣ республикалық бюджет қорларын пайдаланудың, сонымен қатар трансферттер және несиелер, байланысты гранттар, мемлекетпен кепілдендірілген және мемлекеттік қарыздардың концессиондық жобаларды бюджеттен қосақаржыландыру, сондай-ақ ҚР заңнамаларына кепілдік және мемлекеттік актілер сәйкестігін бақылау.
Есеп комитетінің жұмысы оған қойылған міндеттемелерден пайда болады. Осылайша Есеп комитеті бақылауды жүзеге асырып қана қоймай, бағалауды да жүзеге асырады: республикалық бюджеттің орындалуы, сонымен қатар орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың стратегиялық жоспарларын орындау; мемлекеттік қаржылық бақылау сферасында әдістемелік басқаруды жүзеге асырады; талдау және зерттеу жүргізеді; мемлекеттік қаржылық басқару бойынша оқыту бағдарламаларын жүзеге асырады. Сонымен қатар Есеп комитетінің сыртқы бақылауды жүргізуге байланысты бірнеше мүмкіншілігі бар (ҚР Үкіметінен, Ұлттық Банктен, мемлекеттік органдардан, заңды және жеке тұлғалардан қажетті құжаттарды сұрау және алу, сонымен бірге бақылау объектісінен қарсылықсыз тиісті материалдар (дәлелдер) алуға; тиісті мамандарды, эксперттерді, аудитірлік мекемелерді бақылауды жүргізуге қатысуға шақыруға.
Информация о работе Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері