Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 16:32, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты - банктің несие ресурстарының құрылуы мен бөлінуіне сипаттама бере отырып, талдау. Несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін, жеке және заңды тұлғалар үшін несиенің өте қажеттігін, олардың төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін қарастырамыз.
КІРІСПЕ 6
1 НЕСИЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ 7
1.1 Несиенің мәні және қажеттілігі
1.2 Несиенің формалары және олардың жіктелуі 9 1.3 Несие және несие қатынастарының ерекшелігі 11
2 «АЛЬЯНС БАНК» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН
ТАЛДАУ 13
2.1 «Альянс банк» АҚ – ның активті және пассивті операцияларының 2006 –
2007 аралығындағы құрылымын талдау
2.2 Банктің несиелік портфелінің құрамына құрылымдық талдау 18
3 БАНКТІҢ НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ 20
3.1 Несие ресурстарын қаржылық талдау
3.2 Несие ресурстарының қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары 22
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ГЛОССАРИЙ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
ТІРКЕМЕЛЕР 29
Банктің белгілі – бір шетке капитал шығару және оны қарыз алушыларға беру мүмкіндігі бар. Қазіргі жағдайда депозиттер банктік ресурстардың бірден – бір көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды банкаралық нарықтан қағазға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа облигациялық қарыздарды да белсенді пайдаланады.
Банктік несиенің шамасына ақшалай – чектік эмиссиямен толтырылған нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұраныстар да әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз капиталы нарығының коньюнктурасын айқындаушы негізгі фактор болып, банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылады.
1.3
Несие және несие қатынастарының ерекшелігі
Ақшадан кейін несиені ойлап шығару – адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес, қазір алуға мүмкіндік туады.
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементі. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай – ақ жеке азаматтар да пайдаланады.Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасыннан іздеу керек.
Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған да негіз бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбінесе ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығармайық. Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие – бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысы.Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылықтар бар:
Несие
– бұл банктің қаражатын
Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай – ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі – бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы. Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір – бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және де халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы.
Қарыз
беруші және қарыз алушымен қатар
несиенің құрылымының элементіне берілетін
объекті де жатады. Беру объектісі
– бұл құнның ерекше бөлігі, яғни
қарызға берілген құнды білдіреді.
2
«АЛЬЯНС БАНК» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ
ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 «Альянс банк» АҚ – ның активті және
пассивті операцияларының 2006 – 2007 жылдар
аралығындағы құрылымын талдау
Кіріс алу және өтімділікті камтамасыз ету мақсатында банктің шоғырландырылған ресурстарын орналастыру оның активті операциясының мазмұнын анықтайды. Коммерциялық банктің активті операцияларының құрамына тәуекелді активтердің көлеміне, активті операциялардың немесе өтімділіктің түрлеріне байланысты топтастыруға болады. Банктің активтерін 4 категорияға бөлуге болады:
1. Кассадағы қолма-қол ақша;
2. Бағалы қағаздарға инвестиция;
3. Ссудалар;
4. Ғимараттар мен құрылыстар.
Активтердің
тиімді құрылымын белгілеу және оны
сақтау кезінде әрбір банк бойынша
мәселелер туындатады.
2006-2007 ж.ж. « Альянс Банк» АҚ активті операцияларының құрылымын талдау
Активтер |
2006жыл |
2007жыл |
Ауытқуы | |||
Сомасы млн. тг. | Үлес салмағы% | Сомасы, млн.тг | Үлес салмағы% | Абсолют
(+;-) |
Өсу қарқыны (%) | |
Кассадағы ақшалай қаражаттар мен ҚРҰБ шоттарындағы қалдықтар | 99 594 | 11 | 69 795 | 6 | -29 799 | -30 |
Қаржылық активтер | 133 745 | 15 | 179 620 | 15 | 45 875 | 34 |
Кері РЕПО | 18 099 | 2 | 0 | -18 099 | -100 | |
Инвестициялар, нақты сатуға арналған | 5 176 | 1 | 3 057 | 0 | -2 119 | -41 |
Ұсталуға дейінгі инвестициялар | 43 | 0 | 0 | -43 | -100 | |
Банктегі қаражаттар | 20 599 | 2 | 37 079 | 3 | 16 480 | 80 |
Клиенттерге ұсынылатын қарыздар | 619 800 | 67 | 819 194 | 71 | 199 394 | 32 |
Табыс салығы бойынша талаптар | 0 | 0 | 0 | |||
Табыс салығы бойынша ағымдағы талаптар | 0 | 0 | 0 | |||
Басқа да активтер | 10 912 | 1 | 21 137 | 2 | 10 225 | 94 |
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер | 12 782 | 1 | 31 049 | 3 | 18 267 | 143 |
Активтердің жиыны | 920 750 | 100 | 1 160 931 | 100 | 240 181 | 26 |
Кесте мәліметтері
көрсетіп отырғандай банктің баланс
валютасы 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда
240 181 млн.тг-ге өскен. Бұл өсім негізінен
клиенттерге ұсынылған
құрап, үлес салмағы 2% болса, онда 2007 жылы 37079 млн.теңгені құрап, үлес салмағы 3% болды. Ауытқуы 80 %. Клиенттерге ұсынылған қарыздар 2006 жылы 619800млн.теңгені құрап, үлес салмағы 67% болса, ал 2007 жылы 819194млн.теңгеге артып, үлес салмағы 71% болды. Ауытқуы 32%. Табыс салығы бойынша талаптар 2006-2007жылдары өзгеріссіз қалған. Сондай-ақ табыс салығы бойынша ағымдағы талаптар да 2006-2007жылдары ешқандай өзгерістер көрсетпеген. Басқа да активтер 2006 жылы 10912млн.геңгені құрап, үлес салмағы 1% болса,ал 2007 жылы 21137 млн. теңгені құрап, үлес салмағы 2%-ға артқан. Ауытқуы 143%. Активтердің жиыны 2006 жылы 920750 млн.теңгені құрап, үлес салмағы 100% болса, ал 2007 жылы 1160931 мың теңгені құрап, үлес салмағы 100% болды.
Пассивті операция бұл банктің каражат тартуы. Олар өз карқынына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып, қаражат жұмылдырады. Сонымен қатар банк қорын құрады және оны үнемі ұлғайтып отырады. Пассивті операцияларға келесілер жатады:
- Салым қабылдау;
- Клиенттерге ашылған шоттар мен коррепонденттік шоттар;
- Өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель, депозиттік сертификаттар);
- Банкаралық несие алу;
- Банктің
капиталы - өз каражаты және эмиссияланған
акциялардың есебінен жұмылдырылған қаражат.
2006-2007 ж.ж. « Альянс Банк» АҚ пассивті операцияларының құрылымын талдау
Кесте
– 2
Пассивтер | 2006 жыл | 2007 жыл | Ауытқуы | |||
Сомасы млн. тг. | Үлес салмағы% | Сомасы, млн. тг | Үлес салмағы% | Абсолют
(+;-) |
Өсу қарқыны (%) | |
Міндеттемелер | ||||||
ҚРҰБ депозиті | 2 000 | 0 | 5 569 | 0 | 3 569 | 178 |
Банктердің қаражаты | 321 185 | 35 | 292 565 | 25 | -28 620 | -9 |
Басқа да қаржы ұйымдарының қаражаты | 25 174 | 3 | 48 533 | 4 | 23 359 | 93 |
Клиенттердің қаражаты | 245 261 | 27 | 241 817 | 21 | -3 444 | -1 |
Қаржылық міндеттеме | 18 | 0 | 6 280 | 1 | 6 262 | 34 789 |
Басқа да қаржыландыру | 24 901 | 3 | 31 051 | 3 | 6 150 | 25 |
РЕПО | 44 444 | 5 | 6 357 | 1 | -38 087 | -86 |
Шығарылған қарыздық бағалы қағаздар | 139 249 | 15 | 328 265 | 28 | 189 016 | 136 |
Пайдаға салық | 1 100 | 0 | 1 554 | 0 | 454 | 41 |
Пайдаға ағымдағы міндеттемелер бойынша салық | 912 | 0 | 1 860 | 0 | 948 | 104 |
Информация о работе Несие ресурстары оларды қалыптастыру мен орналастыру тәртібі