Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:39, курсовая работа
«Бюджет» - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракиясының басқа деңгейімен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Қазақстан Республикасының бюджетік кодексінің 4 бабында бюджетке келесі түсінік берілге: «Бюджет – ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандаралған ақша қоры».
Кіріспе.................................................................................................4
I. Мемлекеттік бюджетің экономикалық мәні.
I.I. ҚР-ның бюджетінің экономикалық мәні мен рөлі...............6
I.II. Бюджет жүйесі, бюджет құрылымы және
бюджет балансы мен тапшылығы .....................................8
IІ. ҚР-ның 2007 жылға арналған Республикалық және Алматы облысы бюджеттерін талдау
II.I. ҚР-ның 2007 жылға арналған Республикалық
бюджетіне талдау...................................................................12
I.II. Алматы облысының 2007 жылға арналған
облыстық бюджетіне талдау..............................................16
II. Мемлекеттік бюджеттің даму перспективалары
III.I. Мемлекеттік бюджеттің даму перспективалары.........20
Қорытынды......................................................................................22
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................25
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Академик Жолдасбеков атындағы институт
Гуманитарлы – экономикалық факультет
Экономика пәндері кафедрасы
Курстық жұмыс
«Қаржы»
мамандық 050509 «Қаржы»
Студент__2__ курс
Топ___204_____
Мамандық____Қаржы___
Аты- жөні: .
Жетекші:
комиссия мүшелері:
Аға оқытушы
экономика пәндері кафедрасы
(қол және қорғалған күні)
Академик Жолдасбеков атындағы институт
Гуманитарлы – экономикалық факультет
Экономика пәндері кафедрасы
экон. каф. меңгерушісі
_______________
«___»_________________2006 ж.
ТАПСЫРМА №____
___________«Қаржы»____________
Студент __________ ТОП _204__
Жұмыс тақырыбы: «Қ.Р.-ның бюджеті және бюджеттік құрылым»
Алғашқы мәліметтер: 2007ж. арналған Қ.Р.-ның республикалық бюджеті
№ |
Мазмұны |
Орындалу мерзімі |
Жұмыс көлемі |
1 |
Мемлекеттік бюджетің экономикалық мәні. |
||
2 |
ҚР-ның бюджетінің экономикалық мәні мен рөлі |
||
3 |
Бюджет жүйесі, бюджет құрылымы және бюджет балансы мен тапшылығы |
||
4 |
ҚР-ның 2007 жылға арналған Республикалық бюджетіне талдау |
||
5 |
Алматы облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджетіне талдау |
||
6 |
Мемлекеттік бюджеттің даму перспективалары |
№ |
Кесте бөлігінің мазмұны (кесте, график) |
Орындалу мерзімі |
Бет саны |
Формат |
1 |
2007жылғы Республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша талдау |
|||
2 |
Әдебиет: 1. Мемлекеттік бюджет. Б.С. Өтебаев. Алматы, «Экономика» - 2006
жыл.6, 25 – беттер
2. Қазақстан Республикасының бюджет кодексі. Алматы: «Юрист»,
2004 жыл
Тапсырма беру күні__________ Жұмысты
қорғау күні__________________________
Жұмыс жетекшісі_____________________
Тапсырмамен
таныстым______________________
Күні, қолы
______________________________
Жоспар:
Кіріспе.......................
I. Мемлекеттік бюджетің экономикалық мәні.
I.I. ҚР-ның бюджетінің экономикалық мәні мен рөлі...............6
I.II. Бюджет жүйесі, бюджет құрылымы және
бюджет балансы
мен тапшылығы ..............................
IІ. ҚР-ның 2007 жылға арналған Республикалық және Алматы облысы бюджеттерін талдау
II.I. ҚР-ның 2007 жылға арналған Республикалық
бюджетіне талдау........................
II.II. Алматы облысының 2007 жылға арналған
облыстық бюджетіне
талдау........................
III. Мемлекеттік бюджеттің даму перспективалары
III.I. Мемлекеттік бюджеттің даму перспективалары.........20
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе
«Бюджет» - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракиясының басқа деңгейімен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Қазақстан Республикасының бюджетік кодексінің 4 бабында бюджетке келесі түсінік берілге: «Бюджет – ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандаралған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі – орталықтандырылған қор, экономикалық негізі – жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі – Заң.
«Мемлекеттік бюджет» термині – мемлекет құрастырыатын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланылады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал.
Бюджеттік құрылым – ол елдің мемлекеттік бюджеті мен бюджеттік жүйені ұйымдастыруы және олардың өзара байланысының ұйымдастырушылық формалары. Бюджеттік құрылым елдің мемлекеттік құрылымдық формасы мен анықталады және биліктің орталық және жергілікті органдарының республикалық және жергілікті құрастыру, қарау, бекіту және атқару, кірістер мен шығыстарды бөлу жөніндегі өкілеттіліктерін реттейтін құқықтық нормаларға негізделеді.[1]
Осы курстық жұмыс тақырыбы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және бюджеттік құрылым». Курстыық жұмысты орындаушы студенттің бұл тақырыпты таңдауының себебі, өйткені бұл мәселе қазіргі күні өте маңызды болып отыр және менің болашақ мамандығына сай. Курстық жұмыста тақырып толық қарастырылып, ашылған. Курстық жұмыс негізінен үш бөлімнен тұрады. Олар: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлім. Негізгі бөлімнің өзі үш тарауда қарастырылған. Бірінші тарау тақырыбы, мемлекеттік бюджетің экономикалық мәні. Бұл тарау үш сұрақ бойынша берілген. Олар: ҚР-ның бюджетінің экономикалық мәні мен рөлі, бюджет жүйесі және бюджет құрылымы, бюджет балансы және бюджет тапшылығы. Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлердегі бюджеттің жиынтығын білдіреді. Қазақстанда жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді. Әр бюджетте оның кірісі және шығыс бөлігін теңдестірген, яғни баланстандырған дұрыс. Баланс бұл - тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жан-күйіне жету болып табылады. Екінші тараудың тақырыбы, ҚР-ның 2007 жылға арналған Республикалық бюджеті. Бұл тарау екі сұрақ бойынша қарастырылған, ҚР-ның 2007 жылға арналған республикалық бюджеті, Алматы облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті. Аталған тақырыптарда Қазақстан Республикасының 2007 жылға арналған республикалық бюджеті мен Алматы облысының облыстық бюджетіне талдау жасалады. Осы бюджеттердің кірісі мен шығыны көрсетіледі. Және бюджеттердегі қаржыны жұмсау бағыттары айқындалады. Үшінші тарауда қарастырылған мәселе, мемлекеттік бюджеттің даму перспективалары. Бұл тарау осы тақырып бойынша қарастырылып көрсетілген. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағыдағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынастарының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет. Республикалық бюджетің қаражаттары: жаплы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсетуді, республикалық деңгейдегі жалпы орта, республикалық деңгейдегі әлеументтік қамсыздандыру және әлеументтік көмек саласындағы қызметті, республикалық деңгейдегі мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы қызметтер, ауыл ораман, су және балық шаруашылығының басым бағдарламасын; қоршаған ортаны қорғау шаралары т.б. республикалық бағдарламаларды қаржыланыруға жұмсалады.
Соңғы бөлім, қорытынды бөлім, бұл
бөлімде аталған тақырып
Курстық жұмысты орындау барысындағы мақсат – тақырыпты толық ашу, жиналған ақпаратты талдау арқылы өзімнің білімді толықтыру. Болашақта жақсы кәсіби маман болу үшін қажетті ақпаратты жинай білу, оны пайдалана, қолдана білу.
I. Мемлекеттік бюджетің экономикалық мәні.
I.I. ҚР-ның бюджетінің экономикалық мәні мен рөлі.
Мемлекеттік бюджет – ұлттық табыс пен ЖІӨ-ді қайта бөлудің негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің көмегімен ұлттық табыстың 30%-ы, ЖІӨ-нің 20%-ы, жалпы қоғамдық өнімнің 10 пайызы бөлінеді және қайта бөледі. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақаралық қайта бөлу үшін пайдаланылады. Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттік шығыстары, мемлекеттік несие, мемлекеттік қарыздар және т. б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, 1 жылға жасалады, бюджеттің кірісітерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттік орталықтанған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаржылары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталған. Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар. Әлеуметтік саясатта басымдылықтар – халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.
Мемлекеттік органдарының өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әр-бір әкімшілік- аумақтық бірліктерді абаттандыру, заң шығарушы билікті, басқару апаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Әр бюджетте оның кірісі және шығыс бөлігін теңдестірген, яғни баланстандырған дұрыс. Баланс бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жан-күйіне жету болып табылады. Кірістерден шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарылымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын – профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджет қаражаттардың бос қалдығын құрауы мүмкін. Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады.
Бюджеттердің жекеленген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процессінде заңмен реттеліп отыратын бегілі бір қаржылық өзара қарым қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзарақатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлердегі бюджеттің жиынтығын білдіреді. Әр-түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекеленген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.[5]
І.2. Бюджет жүйесі, бюджет құрылымы және бюджет
балансы мен тапшылығы
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
мемлекеттік немесе федералдық бюджет енмесе орталық мемлекеттің бюджеті;
федерация мүшелерінің бюджеттері;
жергілікті бюджет;
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады. Орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджет. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшалануы мен дербестігінің түрлі дәрежесінің болуы мүмкін.
Қазақстанда жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
1991 жылы ҚР-ның бюджет
жүйесі түбірлі өзгеріске
Қазақстан Республикасы мемлекетік бюджетінің басты бөлігі республикалақ бюджетінің басты бөлігі республиклық бюджетте шоғырланған.