Қ.Р.-ның бюджеті және бюджеттік құрылым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:39, курсовая работа

Описание

«Бюджет» - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракиясының басқа деңгейімен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Қазақстан Республикасының бюджетік кодексінің 4 бабында бюджетке келесі түсінік берілге: «Бюджет – ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандаралған ақша қоры».

Содержание

Кіріспе.................................................................................................4
I. Мемлекеттік бюджетің экономикалық мәні.
I.I. ҚР-ның бюджетінің экономикалық мәні мен рөлі...............6
I.II. Бюджет жүйесі, бюджет құрылымы және
бюджет балансы мен тапшылығы .....................................8
IІ. ҚР-ның 2007 жылға арналған Республикалық және Алматы облысы бюджеттерін талдау
II.I. ҚР-ның 2007 жылға арналған Республикалық
бюджетіне талдау...................................................................12
I.II. Алматы облысының 2007 жылға арналған
облыстық бюджетіне талдау..............................................16
II. Мемлекеттік бюджеттің даму перспективалары
III.I. Мемлекеттік бюджеттің даму перспективалары.........20
Қорытынды......................................................................................22
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................25

Работа состоит из  1 файл

Қ.Р бюджеті.doc

— 201.50 Кб (Скачать документ)

Елбасы, үкімет пен парламент  қазіргі күі осы мәселелерді  Экономика және бюджеттік жоспарлау  миистрлігімен бірге шешуде. Бұл  мақсаттағы арнайы жүргізілетін шаралар  болашақта  аталған мәселелерді  болдымауды көздейді.

Мемлекеттік бюджеттің  даму перспективалары, келешекте бюджетті жоспарлау кезінде, ондағы жұмсалатын қаржыны заман талабына сай мақсаттарға жұмсауды көздейді. Яғни әлемдегі дамыған нарықтық экономикалы елдер бюджетін жоспарлау кезінде басым назар аударатын салаларды анықтау және оны өз елімізде қолдана білу. Мысал ретінде айтсақ, бүгінгі күні ғылымды көп қажет ететін салаларға, нанатехнология саласына әлем мемлекеттері мол қызығушылық білдіруде.

Мемлекеттік бюджетті, жалпы  басқа да экономикалық категориялар секілді мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымдағы әлеуметтік-экономикалық міндеттерін нақты шешуге пайдаланады. Мемлекет бюджетті өзінің ұйымдастырушылық функциясын іске асырудың маңызды құралы ретінде қолданып, оның экономиканы басқарудың әсершіл құралына айналдырады. Бюджетті экономикалық басқарудың құралы ретінде мынадай маңызды қасиеттер мен дәлелденеді: Ол заң күшіне ие; мұнда қоғамдық өндірістің дамуына бағытталған, оның тиімділігін жоғарлатуға, қоғам мүшелерінің мұқтаждықарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей көрсетілген. Бюджетік қатынастарды пайдалану құқықтық форма да болғандығы өте үлкен ұтқырлы және ұйымдастырушылық мән береді.[1]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бюджет кодексінде мемлекеттік  бюджетке мынадай түсінік берілген – ол « Республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын  қосындысын құрайтын жалпы бюджет».

Бүгінгі күнгі мемлекеттің  бюджеті қаржылық қарым-қатынастардағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.

Бюджеттік жүйе – мемлекеттің  барлық қажы жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын – бюджетті – қалыптасуы мен пайдалануы бойынша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлығы қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда,барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға енгізделген бюджеттік процесс пен бюджетік қатынастар қосындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіріледі.

Жаңа бюджеттік кодекстің  ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым-қатынас  пен жалпы бюджеттік саясаттың  даму жағдайы көрсетеді. Эконмика бағыты бойынша болашақ білікті мамандар дайындаудың негізгі мақсаты – оларды қазіргі уақыттың маңызды біліміне оқыту, оның ішінде бюджетті жоспарлау, қалыптастыру және атқару аумағындағы білім. 

Мемлекеттік бюджеттің  басқа қаржы буындары арасындағы орны мен мәнін келесідей анықтауға  болады. Біріншіден, бюджеттің қаржы жүйесінің басқа буындардан айырмашылығы – ол қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарында пайдаланылатын қоғамдық өнім құнының бір бөлігінің айналымымен байланысты бөліс қатынастардың кең комплексінің бейнеленуі. Бұл мемлекетте бюджет арқылы барлық ел ауқымында құндық бөліс процесстерін орталандыра басқаруға мүмкіншілік береді. Екіншіден, мемлекеттік бюджет барлық кірістер мен шығыстардың басқа баланстары, қаржы жоспарлары, несиелік және кассалық жоспарлармен тығыз байланыста. Үшіншіден, мемлекеттік бюджет қалыптастыру процессінде макроэкономикалық, қаржылық және өндірістік көрсеткіштер талданады және анықалады, қаржы-несиелік жүйенің барлық буындарының байланыстары үйлестіріледі, сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштері қаржы және несие ресурстарымен тұжырымдық қиыстыруға жетеді.

Экономиканың дамуы  көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің  жағдайны байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың ролі, орны мен мәні өте маңызды екені белгілі. Себебі, ЖІӨ өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляция деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.

Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағыдағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынастарының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.

Жоғарыдағы 2007 жылға арналған республикалық және облыстық бюджеттерде берілген мәләметті қарасақ, республикалық бюджет түсімі мен кірісі 1 958 638 496 мың теңгеге және сәйкесінше облдыстық бюджет кірісі 56 818 166 мың теңге көлеміне жеткенін көреміз. Бұл жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар бұл кірістердің қандай бағытта жұмсалатыны берілген. Сол мәліметтерге қарап, біз Қазақстан Республикасында әлеуметтік салаға зор көңіл бөлінетінін байқаймыз.

Мемлекеттік бюджеттің  экономикалық маңызы жалпы қаржы  қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде бір типтік функцияға сәйкес.  Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттік орталықтанған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаржылары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға,  ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталған. Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар. Әлеуметтік саясатта басымдылықтар – халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.

Республикалық бюджетің қаражаттары: жаплы сипаттағы мемлекеттік  қызметтер көрсетуді, республикалық деңгейдегі жалпы орта, республикалық  деңгейдегі әлеументтік қамсыздандыру және әлеументтік көмек саласындағы қызметті, республикалық деңгейдегі мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы қызметтер, ауыл ораман, су және балық шаруашылығының басым бағдарламасын; қоршаған ортаны қорғау шаралары т.б. республикалық бағдарламаларды қаржыланыруға жұмсалады.

Қазақста Республикасының  бюджет жүйесінің бірінші  деңгейі  болып республикалық бюджет болып  табылады. Республикалық бюджетте анағұрлым  ақша қаражаттарын орталықтандыру мемлекеттің тиімді қаржы саясатын іске асыру қажеттілігімен түсіндіріледі. Республикалық бюджет, қаржы ресурстар терімшіліктің негізгі құралы болғандықтан, мемлекеттік билікке өз уәкіліктігін шынайы іске асыруға, экономиканы, инвестициялық белседікті реттеу мен ынталандыруға, ал бастысы - әлеуметтік саясатты орындауға мүмкіншілік береді.

Қазақстан Республикасында  мемлекеттік бюджет жоспарының орындалуын басқарушы, қадағалаушы, реттеуші және бақылаушы органдар: Қазақстан Республикасының үкіметі, Парламенті ( Сенат және Мәжіліс ), Қаржы Министрлігі, Қаржылық реттеу агенттігі, Экономика және Бюджеттік жоспарлау министрлігі, Есеп комитеті – болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

    1. Мемлекеттік бюджет. Б.С. Өтебаев. Алматы,  «Экономика» - 2006 жыл.6, 25 – беттер

 

    1. Қазақстан Республикасының бюджет кодексі. Алматы:  «Юрист», 2004 жыл

 

    1. Государственный бюджет. Ильясов К.К. Саткалиева В.А. Алматы «РИК» 1994 жыл 268-бет

 

    1. Финансы. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Алматы: Қаржы-қаражат, 2001. 311-бет

 

    1. Бюджетное устройство и бюджетное система. Утибаев Б.С., Жунусова Р.М., Акмола, 1997, 103-бет

 

    1. Қаржы, Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаева С., Алматы, 2003 жыл. 276-бет

 

    1. «Жетісу» газеті,  № 5, 2007 жыл қаңтар айы, 13-бет.

 

    1.  Қаржының жалпы курсы. Мельников А.И. Алматы, 2003.

 

    1. Основы Финансов. Мельников В.Д. Алматы. 2005жыл. 14-бет.

 

    1.  Государственный бюджет. Утибаев Б.С.,Жунусова Р.М. , Саткалиева В.А. Алмты: Экономика – 2006год. 385 стр.

 

    1.  Расходы Государственного бюджета. Ильясова К.К.,

                     Исахова П.Б. Алматы: Экономика  – 2003год.

 

    1. Казначейский механизм исполнения бюджета. Жакипбеков С.Т.

     Алматы: Қаржы-қаражат, 1999жыл.

 

    1. Регулирование бюджетных ресурсов. Жакипбеков С.Т.

Алматы: Қаржы-қаражат, 2003год.

 

    1. Государственный бюджет. Журавлев В.В., Савруков Н.Т.

«Политехника», Санкт-Петербург. 2000год. 8-10стр.

 

 

 

 




Информация о работе Қ.Р.-ның бюджеті және бюджеттік құрылым