Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қызметтерін көрсету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 12:53, реферат

Описание

Жобаның тұжырымдамасы Алматы облысында автомобиль көлігімен жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді қарастырады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық жағдайын жақсарту үшін кіріс алу болып табылады.

Кәсіпорынның осы уақыттағы міндеті кейіннен ағымдағы қызметте пайдалану үшін орындықты тягач сатып алу болып табылады.

Содержание

Кестелер тізімі 3

Суреттер тізімі 4

Резюме 5

Кіріспе 7

1. Жобаның тұжырымдамасы 8

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы 9

3. Өндірістер бағдарламасы 10

4. Маркетингтік жоспар 11

4.1 Өнім (қызметтер) нарығының сипаттамасы 11

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 15

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағамы, күтілетін өзгерістер 17

4.4 Маркетинг стратегиясы 17

5. Техникалық жоспарлау 19

5.1 Технологиялық процесс 19

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 19

5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 19

5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 20

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 21

7. Жобаны іске асыру 22

7.1 Іске асыру жоспары 22

7.2 Жобаны іске асыруға арналған шығындар 22

8. Пайдалану шығыстары 23

9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 24

10. Қаржыландыру қажеттілігі 25

11. Жобаның тиімділігі 26

11.1 Cash-flow проекциясы 26

11.2 Пайда мен залалдардың есептері 26

11.3 Баланс проекциясы 26

11.4 Қаржы индикаторлары 26

12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 28

12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні 28

12.2 Қоршаған ортаға әсер ету 28

Қосымшалар 29

Работа состоит из  1 файл

халыкаралык тасымалдау кереги.docx

— 580.54 Кб (Скачать документ)
 

  Еңбекақы  төлеу шығыстарының сомасы айына  1 158 мың теңгені құрайды.

 

  

  10. Қаржыландыру қажеттілігі

  Жоба  бойынша жалпы инвестициялық  шығыстар мыналарды қамтиды: 

  20-кесте - Жобаның инвестициялары, мың теңге

  
Шығыстар 2 012
Негізгі капиталға инвестициялар 68 080
Айналым капиталы 0
Барлығы 68 080
 

  Жобаны  қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де  жүзеге асыру жоспарлануда. 

  21-кесте - 2012 жылға арналған  қаржыландыру бағдарламасы, мың теңге

  
Қаржыландыру  көзі Сомасы Кезеңі Үлесі
Өз  қаражаты 13 616 02-03.12 20%
Қарыз қаражаты 54 464 02-03.12 80%
Барлығы 68 080   100%
 

  Кредиттеудің  мынадай шарттары қабылданды: 

  22-кесте - Кредиттеу шарттары

  
Кредит  валютасы теңге
Пайыздық  ставкасы, жылдық 12%
Пайыздарды  және негізгі борышты төлеу ай сайын
Пайыздарды  өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай 3
Негізгі борышты өтеудің  жеңілдікті кезеңі 3
Өтеу  түрі тең үлестермен
 

  23-кесте - Кредит бойынша төлемдер, мың теңге

  
Кезең Барлығы 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018
Игеру 54 464 54 464            
Капиталдандыру % 1 362 1 362 0 0 0 0 0 0
есептеу % 17 551 5 064 5 230 3 820 2 409 999 29 -0
НБ  өтеу 55 826 6 856 11 753 11 753 11 753 11 753 1 959 0
Өтелді,% 16 189 3 702 5 230 3 820 2 409 999 29 -0
НБ  қалдығы -0 48 970 37 217 25 464 13 712 1 959 -0 -0
 

  Кредит  басында  жіберілген қабылданған  олқылықтарға сәйкес толық көлемінде                                2017 жылы  өтеледі.

  11. Жобаның тиімділігі

  11.1 Cash-flow проекциясы

  Cash-flow проекциясы (Ақща қаражаты жылжуының  есебі, 1-қосымша) нақты ақша ағындарын,  яғни қолма қол ақшаның құйылуын (нақты ақшаның құйылуын) және  төлемдерді (нақты ақшаның жылыстауын) көрсетеді.  Есеп 3 бөлімнен тұрады:

  • операциялық  қызмет – қызметтің негізгі түрі, сондай-ақ компанияның ақша қаражатының түсімі мен шығыстарын құрайтын өзге де қызмет
  • инвестициялық қызмет — айналымнан тыс активтерді (негізгі құралдар, материалдық емес активтер) және өзге де инвестицияларды сатып алумен, құрумен және сатумен байланысты қызмет түрі
  • қаржылық қызмет — компанияның капиталының және қарыз қаражатының мөшері мен құрамында өзгерістерге әкелетін қызмет түрі. Әдетте осындай қызмет операциялық және инвестициялық қызметті қаржыландыру үшін қажетті кредиттер мен қарыздарды тартумен және қайтарумен байланысты болады.

  Ақша  ағынын талдау жобаның жылдар бойынша  оң серпінін көрсетіп отыр.

  11.2 Пайда мен  залалдардың есептері

  Жоспарланған  пайда мен залалдардың есебі 2-қосымшада  айқарма түрінде көрсетілген. 

  24-кесте - Рентабельділік көрсеткіштері

  
Жылдық  пайда (5 жыл), мың теңге 14 624
Активтердің рентабельділігі 24%

  11.3 Баланс проекциясы

  2016 жылғы   баланстық есептің коэффициенттері   төмендегі кестеде берілген. 

  25-кесте - Баланстың есеп коэффициенті

  
Активтер  құрылымындағы негізгі қаражаттың үлесі, 5 жылға 0,6
Міндеттемелерді өз капиталымен жабу коэффициенті, 5 жылға 29,8

  11.4 Қаржы индикаторлары

  13% дисконттау  ставкасы кезінде инвестицияланған  капиталдың таза дисконтталған  кірісі  23 722 мың теңгені құрады. 
 
 
 

  26-кесте - Жобаның қаржылық көрсеткіштері

  
Ішкі  кірістілік нормасы (IRR) 29%
Ағымдағы  таза құны (NPV), мың теңге 23 722
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл 3,6
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл 4,4
 

  27-кесте - Жобаның залалсыздығын талдау

  
Кезең 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018
Қызметтерді сатудан түсетін кіріс 30 837 41 116 44 279 47 441 47 441 47 441 47 441
Баланстық пайда 3 588 6 305 10 471 14 637 16 048 17 017 17 047
Қызметтердің  толық өзіндік құны 27 249 34 811 33 807 32 804 31 394 30 424 30 395
Тұрақты шығындар 23 281 29 520 28 110 26 699 25 289 24 320 24 290
Ауыспалы  шығындар 3 968 5 291 5 698 6 105 6 105 6 105 6 105
Шекті кіріс сомасы 26 869 35 825 38 581 41 337 41 337 41 337 41 337
Пайдадағы шекті түсімнің үлесі  0,871 0,871 0,871 0,871 0,871 0,871 0,871
Залалсыздық шегі 26 719 33 880 32 261 30 642 29 024 27 911 27 877
Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылық қоры (%) 13% 18% 27% 35% 39% 41% 41%
Залалсыздық 87% 82% 73% 65% 61% 59% 59%
 

  Кесте кәсіпорын үшін залалсыздықтың  шегі  сату көлемінің жылына  29 024 мың теңге болып табылатынын  көрсетеді (2016 жыл).

  Қаржылық  тұрақтылық қоры 2013 жылы 18 %, бұдан әрі  бұл көрсеткіш пайыздар бойынша  шығыстардың азаюына қарай өсетін (41% дейін) болады. 

  28-кесте - Болжамдау кезеңіндегі салықтық түсімдердің көлемі (7 жыл)

  
Салықтың түрі Сумма, тыс. тг.
ЖК  қызметіне салық 9 180
Көлік пен мүлік салығы 254
Барлығы 9 434
 

  Осы жобаны іске асыру нәтижесіндегі салықтық түсімдердің көлемі 7 жылда                               9 434  мың теңгені құрайды. 
 

 

  

  12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық  әсер

  12.1 Жобаның  әлеуметтік-экономикалық мәні

  Жобаны  іске асыру кезінде  мынадай міндеттерді  шешу көзделген:

  • жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшылардың тұрақты пайда табуына мүмкіндік береді;
  • автомобиль көлігімен  жүк тасымалдау қызметтерін көрсететін  жаңа кәсіпорын құру;
  • Алматы облысының бюджетіне  мөлшері  9 млн. теңгеден астам салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі.

  Әлеуметтік  әсерлердің арасында  мыналарды  бөліп көрсетуге болады:

  • халықтың, тауар өндірушілер мен сауда компанияларының автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қызметтеріне  деген сұранысын қанағаттандыру.

  Жобаны  іске асыру нәтижесінде  10 жұмыс  орны құрылады. Біліктілікті арттыру  жоспарлануда. Шығындарға  кадрларды  оқыту шығыстары  да салынған.

  12.2 Қоршаған ортаға әсер ету

  2011 жылғы  1 қаңтардан бастап Қазақстанда  автокөлік құралдары үшін Евро-3  экологиялық стандарттары енгізілді,  ал 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап  Евро-4 стандарттары енгізілетін  болады.  

  Eвро-3 нормалары Eврo-2 нормаларына қарағанда   салқын іске қосу  параметрлерін  жеке атап көрсетеді және Eврo-2 нормаларымен салыстырғанда қалыпты  улы шығарындылар көлемін   шамамен 25% (екі есеге – Eврo-1 салыстырғанда) қысқартады.

   Eврo-4  нормалары  барлық көрсеткіштері  бойынша Eвро-3-тен әлі де  шамамен  екі есе қатаңырақ.

  Евро  стандарттарын кезең-кезеңмен енгізу ескірген автомашиналарды әкелуді  шектеуге, қазақстандық автомобиль құрастыру  кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ шығарылатын және импортталатын отынның сапасын  арттыруға мүмкіндік береді.

  Осылайша, 2015 жылға қарай 12 жылдан астам пайдаланылған  автокөлік құралдарының сапасын 63% -дан 50%-ға дейін қысқарту жоспарлануда.

  Қазақстан Республикасында стационарлық көздерден  ауаға зиянды заттардың шығарындылары  жылына шамамен 2,5 тоннаны құрайды, көлік шығарындылары  жылына 1 млн. тоннадан асады.

  Көптеген  ірі қалаларда автокөліктің ауа  бассейнін ластау үлесі зиянды шығарындылардың  жалпы көлемінің 60%-на жетеді және одан да жоғары болады.

  Сатып алынатын орындықты тягачтар  Евро-3 нормаларына сәйкес келеді.

  Қосымшалар

  Жүк жіберу қызметі бойынша қызмет саласын  жақсарту. 

  халықаралық стандарттарға сай технологиялық  процестерді енгізу және қызмет көрсету  сапасын жақсарту;  

  жүк тасымалдаудың  технологиялық және экономикалық жоғарылауының  басты ынталандыруы ретінде жүк  тасымалдау қызметін көрсететін тасымалдаушылар  арасында бәсекелестікті қамту қажет. Бұл ең алдымен, тасымалдаудың жылдамдығын  арттырады, жүк өңдеу орындарында  жүк вагондарының еш ақтаусыз тұрып  қалуын болдырмайды;  

  көлік қызметі нарығын дамыту; 

  бақылаушы органдарға ортақ бекеттер ұйымдастыру  есебінде кедендік, көліктік және басқа  да бақылау түрлерін жүргізу уақытын  қысқартып және процедураларды жеңілдету  қажет; жүк арту ресурстарын босату және кәсіпорынның кіру жолдарында жүк  операцияларында қозғалушы құрамның тұрып қалуын төмендету мақсатында жүк жөнелтуші- кәсіпорындар теміржол инфрақұрылымдық модернизациясы мен  дамуы қажет.

Информация о работе Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қызметтерін көрсету