Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 09:47, курсовая работа

Описание

1998 жылдан бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық — әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік – қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.

Содержание

I-Инвестиция және оның теориялары.
1.1 Инвестицияның мәні , қызметі .
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар.

ІІ Қазақстандағы инвестициялық қызметтің даму жағдайын талдау.....
2.1 ҚР-дағы инвестициялық қызметінің бүгінгі тандағы жағдайы.......
2.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының


ІІІ Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары
3.1 Қ. Р–ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.
3.2 Еліміздегі шетел инвесторлрының рөлі және оның қызметтері.

Қорытынды..................................................................
Пайдаланған әдебиеттер..........................

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 62.20 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Қазақстандағы инвестициялық  қызметтің дамуы

 

Кіріспе

I-Инвестиция және  оның теориялары.

1.1 Инвестицияның мәні , қызметі  .

1.2 Экономиканы мемлекеттік  реттеудегі негізгі инвестициялық  бағыттар.

 

ІІ Қазақстандағы  инвестициялық қызметтің даму жағдайын талдау..... 
2.1 ҚР-дағы инвестициялық қызметінің бүгінгі тандағы жағдайы....... 
2.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының 
 

 

ІІІ Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары

3.1 Қ. Р–ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.

3.2 Еліміздегі шетел инвесторлрының рөлі және оның қызметтері.

 

Қорытынды.................................................................. 

Пайдаланған әдебиеттер.......................... 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

1998 жылдан бастап Қазақстан экономикасында  қалыпты экономикалық өсу көрініс  алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық — әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік – қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.

Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен  бастап шетелдік инвестицияларды тартуға  қолайлы жағдайлар туғызылады. 1993-2007 жылдар арасында республика тікелей  инвестиция ретінде 68 млрд. АҚШ долларын тартты, адам басына шаққанда 4,4 мың  АҚШ долларын құрайды. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жоғарғы орындарға ие.

Дегемен, шетел инвестицияларын  экономикаға тарту мәселесі әлі  де өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: Біріншіден, экономикалық жүйені реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика  салалары өзінің өндірістік аппаратын  жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші  саладағы инвестиция көлемі әлемдік  нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жеткіліксіз.

Инвесторлардың көзқарастары экономиканың нақты қажеттеріне сай еместігінен  инвестициялардың жеткіліксіздігі  орын алып отыр. Өнеркәсіптің еркін  қаржылары күнделікті қажеттіліктерге  жұмсалып отыр. Сонымен қатар, коммерциялық банктер әлі де экономиканың нақты  секторын қаржыландыру көзі болмай отыр.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық өсу шетел капиталының әсерінен болады. Бірақ, шетел инвесторлары үшін шикізат өндіруші салалар, әсіресе, мұнай-газ салалары басымды болып  отыр. Осындай жағдайда экономиканың қалыпты және қарқынды дамуы қолайлы  инвестициялық саясатқа тәуелді. Экономикалық дамудың, құрылымдық қайта құруды ұтымды жүзеге асырудың, әлемдік нарықта  бәсекелестік позицияларды бекітудің  қажетті шарты болып инвестициялық  ресурстар табылады. Оңтүстік-Шығыс  Азияның “жаңа индустриалды елдері”  экономикалық феноменінің пайда  болуы, қазіргі заманғы ғылыми негіздегі  салалардың кең бағытта дамуға көшуі  бұл елдер экономикасындағы инвестицияның  қарқындап өсуінің арқасында  мүмкін болды.

Сондықтан мемлекет  шетел инвестицияларын тартудың бағыттарының басымдылығын белгілеу керек. Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. Шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді. Оған дәлел 2007 жылдың ақпандағы Елбасы     Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990 — жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды.

Инвестиция дегеніміз  табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге, басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс.

Қазақстан экономикасына инвестиция тартудың қазіргі беталысы мен заңдылықтары отандық өндірістің мақсаттары мен  міндеттеріне сай емес және оның күшті  бәсекелестік ортада қарқынды дамуына  әкеліп соқпайды. Экономиканы инвестицияландыру  теориясының тәсілдері, ішкі инвестициялық  қорларды пайдалануды жандандыру мәселелері, инвестицияландырудың басымды бағыттарын анықтау әлі де толықтай зерттелмеген. Сонымен, мәселенің өзектілігі, зерттеудің теориялық, тәжірибелік маңызы және бұл бағыттың толықтай зерттелмегендігі курстық жұмыс тақырыбын таңдауға себебші болды.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде  жалпы инвестиция туралы түсінік  және инвестициялық саясатты жүзеге асырудың негізі- инвестициялық қызмет туралы теориялық аспектілер қарастырылады.

Екінші бөлім Қазақстанның инвестициялық  саясатының ерекшеліктерін анықтауға  арналған, яғни инвестициялық саясаттың  бағыттарын, еліміздегі инвестициялық  климат туралы айтылады.

Курстық жұмыстың үшінші бөлімі экономикамыздың  одан әрі дамуы үшін инвестициялық  саясатты жетілдіру жолдары қарастырылады.

Бұл тақырыпты алғандағы  мақсат  еліміздің инвестициялық  саясаттың ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету .

Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан  халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей  шетел инвестициясы тартылды. Бұл  бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша  инвесторларға көрсетеді» деп  айтылуы  инвесторлармен қатар еліміздің  экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы  келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз  табыс табу және капиталды  ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі  жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты  немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.

«Шетел инвестицияларын  тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер  қатарында ұсталады.» -деп атап өтілуі инвестициялардың  еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.

2003 жылдың 9-сәуірдің Президенттік  Қазақстан Жолдауында үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық  даму бағдарламасын әзірлеген: 

Инвестициялық сипаттағы  тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап  отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлегі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау мен жаңартуға жұмсалатын болады.

Индустриалық - инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында даму институттарының жүйесі құрылады әрі капиталданатын болады.

Соның ішінде, қазірдің өзінде жинақтаушы, сондай-ақ тұрақтандырушы уәзипалар атқарып жатқан Ұлттық қор бар.

Қазақстанның инвестициялық  қоры құрылатын болады. Ол капиталына үлестік қатысу арқылы қосылған құны жоғары тауарлар өндіретін қазақстандық компаниялардың құрылуына жәрдемдесуге тиіс.

Ғылыми - техникалық және кәсіпкерлік  салалардың тұрақты өзара іс - қимылын  қамтамасыз ету мақсатында Инновациялық қор құрылып, оған инновациялар мен  венчурлық кәсіпкерлікті дамыту мен енгізу жөнінде неғұрлым кең  өкілеттіктер жүктеледі.

Инвестициялық саясат. Он жылдықта  әлеуметтік – экономикалық салада жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтуды, сөйтіп, негізінен алғанда, кедейшілік мен жұмыссыздық проблемасын шешуді міндетімізге алған.

Экономика саласында 2004 жылы экономикалық өрлеудің барынша жоғары қарқынына жету басты міндет ретінде  алға қойылып отыр.

Мұның өзі инвестициялардың тез өсуіне және жалпы ішкі өнімдегі жинақтау нормасының артуына тікелей  байланысты.

Экономикалық өсімнің  жоғары қарқынын тұрақты ұстап тұру үшін біздің таяудағы 4-5 жылдың ішінде негізгі капиталдың ІЖӨ -ге қатысты  жалпы жинақталу көлемін 28 пайыз  деңгейіне дейін жеткізуіміз  керек. Соның ішінде мемлекеттік  инвестициялардың ІЖӨ жөнінде 2-ден 4 пайызға дейінгі өсіміне жету шарт.

2003 жылы мемлекеттік бюджеттің  асыра орындалатыны, сөйтіп көкейге  қонымды маңызды деңгейге - бір  триллион теңгеге жақындайтыны  қазірдің өзінде білініп отыр.

Сондықтан, 2003 жылдың ішінде–ақ  бюджетті нақтылай түсу қажет, ал экономиканың стратегиялық салаларында жұмыс  істейтін мемлекеттік ірі кәсіпорындар акцияларының пакеттерін сатудан алынған  жоспардан тыс түсімдерді  Ұлттық қорға жіберу керек.

Осыған орай мен Үкіметке 2003 жылдың бюджетін Парламентте нақтылаған кезде артылған қаражатты жинақтауға, сондай-ақ әлеуметтік дамуға  бағыттауды тапсырамын.

Мемлекеттік инвестициялар . Индустриалық- инновациялық даму бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз ететін қаржы институттарын құру мен капиталдандыру мақсатында :

- Даму банкінің жарғылық  капиталын ұлғайтуда және оның  кредиттік жадығатын молықтыруға  – 12 миллиард теңге;

- құрылатын Қазақстан  инвестициялыққорының жарғылық  капиталына – 23 миллиард теңге  ;

-  құрылатын Инновациялық  қорға – 36 миллиард теңге;

- Экспортты сақтандыру  жөніндегі корпорация құру үшін -7.7 миллиард теңге жіберуді ұсынамын.

Жеке инвестициялар .Біздің экономикамыздағы жеке сектордың рөлі барған сайын арта беруге тиіс. Бүгінгі таңда зейнетақы жинақтау жүйесінің жиынтық капиталы 300 миллиард теңгеге жуықтап отыр. Банк жүйесіндегі депозиттер 600 миллиард теңгеден асып түсті.

Банктердің жиынтық меншік капиталы бір жылдың ішінде үштің  біріне ұлғайып, миллиард доллардан  асып түсті, ал экономикаға берілген кредиттер соңғы үш жылда 4.5 есе  көбейді.

Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I-Инвестиция және  оның теориялары.

1.1 Инвестицияның мәні , қызметі  .

 

Инвестиция туралы ұғым банк ісі  ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің  неғұрлым белсенді және ірі ресурстар  бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық  ресурстар трансформациялануы өндірісті  дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану  бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық  процессті қаржыландыру нарықтық тетікті  бір қалыпқа келтіру Қазақстан  Республикасы экономиканың дамуының басты  проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына  келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде  банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ  мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру  және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар  және тәжірибелік түрде бағытталған  шетелдерде қалыптасқан инвестициялық  инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері  және оларға банктердің қатысу тәжірибесін  қарастырады. Шаруашылық іс-әрекеттер  процесінде оған қатынасушылар күрделі  қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға  әрекет етуші ұйымдарды кеңейту  және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.

Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет  бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы  алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын  кеңінен тартуға бөлінеді.

"Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады  деген сұрақтарға жауап туады.  Капиталды салады, оның көптеген  түрі болады:

Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың  миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған ақшалары, кәсіпқойлық дағды  мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір  бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен  қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді.

Бұл - акцияны сатып алу, олармен  биржадағы ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен  сауда жасау және басқадай толып  жатқан ойындар да болуы мүмкін. Инвестиция дегеніміз – табыс  алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.

Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды  салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер  жиынтығы.

Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық  анықтамасы бұдан да қатты, мұнда  қаржы салымы ең алдымен бизнестің  материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды  сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрлысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық  бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып  атайды. Енді қаржыны кімдер салады ? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.

Инвеетицияны жүзеге асырушы заңды  және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді. Инвестор - бұл  капиталды салған кезде, көбіне басқа  біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің  аз болуы; инвестор – бұл күрделі  қаржыны қаржыландырудағы делдал. Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен  өз капиталың салушы адам.

Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала  есептелінген тәуекелділікке баруға дайын  адам.

Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.

Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің  материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға  болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық - саудагерлік  іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі  қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері  де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.

Информация о работе Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы