Стоматологиялық қызметтер кабинеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:29, реферат

Описание

Стоматология медицинаның ең бір серпінді дамып келе жатқан саласы. Заманауи материалдар, жаңа технологиялар – бұл ауруды сәтті емдеудің негізгі факторларының бірі. Өзіне жаңа технологиялар мен заманауи ғылым жетістіктерін сатып алған және қолданып келе жатқан клиникалар бәсекелестік басымдыққа ие болуда.

Содержание

1.Резюме
2.Кіріспе
3. Жобаның тұжырымдамасы
4. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
5. Өндірістер бағдарламасы
6. Техникалық жоспарлау
7.Ұйымдастыру, басқару және құрам
8.Жобаны іске асыру
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар
10. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

BiznesZhosparStomatologiyalykKyzmetterKabinetinAshu.docx

— 695.68 Кб (Скачать документ)


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Ақтау есептік  – технологиялық колледжі



 

    

 

 

 

Стоматологиялық қызметтер кабинеті

 

            

 

 

Орындаған:«Қаржы» 9/10 тобының

III курс студенті Құрақбаева Ж.Қ.

Тексерген: Қорғанбаева А.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013 жыл  

Мазмұны

 

1.Резюме 

2.Кіріспе 

3. Жобаның тұжырымдамасы 

4. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы 

5. Өндірістер бағдарламасы 

6. Техникалық жоспарлау 

7.Ұйымдастыру, басқару және құрам 

8.Жобаны іске асыру 

9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 

10. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 

Қосымшалар 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Ақылы медициналық қызметтер  көрсетушілер арасындағы  жоғары бәсекелестік  тұтастай алғанда нарықта әр түрлі  экономикалық процестерді

оңтайландыруға мүмкіндік  береді және  атап айтқанда,сапасыз  қызметтер көрсететін компанияларды  ығыстырып шығарады.

Қаржылық дағдарыстың  салдарынан кейбір ойыншылар нарықтан кетуге мәжбүр болады, қалғандары жұмысын жалғастыруы үшін бар күш-жігерін жұмсайды. Нәтижесінде нарықта бәсекелестіктің біраз азайғаны байқалады.

Ақылы медициналық қызмет көрсету нарығында стоматологиялық  қызметтер көш басында келеді: медицинаның бұл саласы үнемі рентабельді деп есептеледі, бұдан басқа ақылы поликлиникалар бұл салада кеңес одағы кезінен жұмыс істеуде. Бүгінде ақылы  стоматологиялық клиникалар негізінен мемлекеттікті ығыстырып шығарды. Халықтың стоматологиялық қызметке сұранысы  барлық баға сегменттерінде – ең төменнен  суперэлиталыққа дейін қанағаттандырылған.

Стоматология  медицинаның  ең бір серпінді дамып келе жатқан саласы. Заманауи материалдар,  жаңа технологиялар – бұл ауруды сәтті  емдеудің негізгі факторларының  бірі. Өзіне  жаңа технологиялар мен заманауи ғылым  жетістіктерін сатып алған және  қолданып келе жатқан клиникалар  бәсекелестік басымдыққа ие болуда.

Бұл олардың серпінді дамуына  және дамуы төмен бәсекелестермен салыстырған пациенттерді көптеп тартуына мүмкіндік береді.  

Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы Маңғыстау облысында стоматологиялық қызметтер кабинетін ашуды қарастырады.

Мыналар стоматология кабинеті қызметтерінің  негізгі түрлері:

- Ортопедиялық стоматологиялық  қызметтер;

- Терапевтикалық стоматологиялық  қызметтер;

- Хирургиялық стоматологиялық қызметтер және имплантология;

- Стоматологиялық бұйымдарды (тістің қабы, протездер);

- Тістің техникалық жұмыстары.

Қызметтерді негізгі тұтынушылар  халық және олардың бұйымдары  жеткізілетін басқа клиникалар болады.

Кабинет  аумағы 350 шаршы  метр  сатып алынған ғимаратта  орналасқан.

Осы бизнес-жоспарда  жоспарланған кәсіпорынның айналымын ескере келе қызметті  жауапкершілігі шектеулі серіктестік шеңберінде  жүзеге асыру ұсынылады..

Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана. Сондықтан да  жобаны іске асырған кезде сату бағдарламасы сияқты көрсетілетін қызметтердің де өзгеруі мүмкін. Жоспарланған қызметтердің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың ерекшелігін барынша ашып көрсету қажет болады..

 

Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы

Ортопедиялық емдеуге  тістің қатты тіндерін  тамырына  жапсыру,  алдын ала, соңғы, қолданыстағы және  қосарланған  оттискілерді алу;жақ сүйектің орталық арақатынасын айқындау, протездердің қаптары мен  тіректерін  орнықтыру; тістің түсі мен сыртқы қабын айқындау,алынбайтын конструкция салу, алынатын протездердің конструкцияларын тексеру және  оларды орнату кіреді.

Терапевтік стоматология  тістерді консервативті емдеумен айналысады. Осы терапевтикалық  стоматологиямен  айналысатын дәрігерлер  тістің саулығын сенімді қорғай алады. Терапевтік стоматологияның негізгі міндеті  тістің шіруін, жұлынған тісті емдеу болып табылады. Кейбір клиникаларда  стоматолог-терапевтер  қызыл иектің ауруын емдейді және  тістерді  жаңартады.

Хирургиялық стоматология мынадай  емдеу әдістерін қолданады: тісті сақтау  операциясы,  сүйек тінін орнату, тістерді  дайындау және имплантация, сондай-ақ пародонтологиядағы түрлі операциялар.

Тістердің имплантациясы  – жасанды «түбір» орнату әдісі, ол жоғарғы немесе төменгі жақ сүйек үшін титаннан дайындалады. Имплантаттар  не тістің қабы бекітілетін (түскен тісті толық ауыстыратын) немесе алынатын  не алынбайтын тіс протездеріне арналған  тірек ретінде қолданылады.

Конструкциялық жағынан  имплантат  екі бөліктен тұрады – жақ сүйекке хирургиялық жолмен орнатылатын титан конструкциядан тұратын имплантаттың өзі, сол материалдан (титан)  жасалған, орныққаннан кейін имплантатпен қосылып кететін абатмент.

Кабинет ұсынатын қызметтердің тізбесі 1-кестеде берілген..

 

 

 

 

 

Кабинет ұсынатын қызметтердің тізбесі

Атауы

Стоматология - ортопедия креслосы

Металл керамика

Бюгель протездер

Тұтас құйылған  тіс қабы

Пластик тіс қабы

Алып-салынатын  протездер

Штамптап жасалған тіс қабы

Стоматология - терапевт креслосы

Пломба

Стоматология - хирургия және имплантология

Тістің күрделі жұлынуы

Имплантация

Құю қондырғысы

Қалпақшасын құю  (металл керамика. тіректерін, протездер дайындау үшін

Қалпақшасын қара металдан құю (тіректі протездер аралықтары үшін)

Бюгель протезінің қаңқасын құю

Тістің  техникалық жұмыстары

Металл керамика түбірлерін дайындау

Бюгель протездерін дайындау

Тұтас құйылған тіс қаптарын дайындау

Пластмасса тіс қаптарын дайындау

 

 

 

Өндірістер бағдарламасы

 

Кабинет ұсынатын қызметтердің тізбесі, мың теңге

Атауы

Өлш. бір.

Саны /1 айда

Бағасы, тг.

Стоматология - ортопедия креслосы

     

Металлокерамика

дана

50

10 714

Бюгель протездер

дана

2

178 571

Тұтас құйылған  қоронкалар

дана

10

6 250

Пластик коронкалар

дана

10

3 571

Алып-салынатын  протездер

дана

10

10 714

Штамптап жасалған коронкалар

дана

100

2 679

Стоматология - терапевт креслосы

     

Пломба

дана

150

5 357

Стоматология - хирургия және имплантология

     

Тістің күрделі жұлынуы

дана

90

2 232

Имплантация

дана

20

89 286

Құю қондырғысы

     

Қалпақшасын құю  (металлокерамика. тіректерін, протездер дайындау үшін

дана

330

625

Қалпақшасын қара металдан құю (тіректі протездер аралықтары үшін)

дана

330

179

Бюгель протезінің қаңқасын құю

дана

10

3 571

Тістің  техникалық жұмыстары

     

Металлокерамика түбірлерін дайындау

дана

40

4 464

Бюгель протездерін дайындау

дана

2

89 286

Тұтас құйылған тіс қаптарын дайындау

дана

10

3 571

Пластмасса тіс қаптарын дайындау

дана

10

2 679

Атауы

     

 

Стоматологиялық кабинеттің  бәсекелестік басымдығын мыналар құрайды:

- жоғары білікті кадрлар және клиникада заманауи, өзін жақсы жағынан көрсеткен  технологиялар мен материалдар;

- кешенді сапалы емдеу және пациенттерге ілтипатпен қарау;

- клиниканың  ыңғайлы орналасуы;

- клиниканың сауатты менеджменті.

Сату бағдарламасын есептеген  кезде инфляция назарға алынған  жоқ,                            инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі  кәсіпорынның сату бағасымен қатарлас жүретін болады.

Тұтастай алғанда,  стоматологиялық  қызметтер нарығы  бұл қызмет қымбат қызмет болмағандықтан, оның үстіне  халық оған ақы төлеуге үйренгендіктен ақылы медицина нарығындағы басқа  сегменттерге қарағанда  қаржы дағдарысынан соншалықты зардап шеккен жоқ деген  қорытынды жасауға болады..

               

 

Нарықты дамытудың  болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер

2011 жылдан бастап  республикада  Қазақстан Республикасында денсаулық  сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға  арналған «Саламатты Қазақстан» жаңа мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, ол:

- саланың нарықтық қатынастарға бейімделу шараларын;

- алдын алу шараларына  екпін бере отырып сектораралық және ведомствоаралық өзара қарым-қатынас тиімділігін арттыруды;

- азаматтарды салауатты өмір салтына ынталандыруды;

- азаматтардың өз денсаулығына ынтымақтасты жауапкершілігін күшейтуді;

- сапалы отындық дәрі-дәрмек құралдары өндірісін дамыту және халықтың оларға қол жетімділігін арт ыру және басқаларын көздейді. .

Осыған байланысты кәсіпорынның өз қызметінде пайдалана алатын  қазақстандық стоматология өндірісі үшін препараттар мен шығыс материалдары пайда болуы мүмкін..

Маркетинг стратегиясы

Кәсіпорынды дамытудың негізгі  тәсілі ретінде  мүдделі нысаналы топтарға  арналған тікелей жарнаманы  пайдалану жоспарлануда.  Бұл  үшін:

- жаңа стоматологиялық кабинеттің өнімдері мен қызметтеріне арналған семинарлар өткізілетін;

- жаңа стоматологиялық  кабинет туралы  жарнамалық материалдар  таратылатын;

- жергілікті маңызы бар арнайы медициналық басылымдарда жаңа стоматологиялық кабинетіне қызмет көрсетуге арналған жарнамалық-ақпараттық материалдар дайындалатын болады.

 

SWOT-талдау

Сыртқы 

орта

Мүмкіндіктер

Көрсетілетін қызметтер  аясын кеңейту.

Қызметтер сапасын жақсарту,жаңа материалдарды пайдалану

Қатерлер

Жаңа кабинет орналасқан ауданда  жаңа стоматология кабинетін  ашу.

Ішкі 

орта

Басымдықтар

Жоғары технологиялы және заманауи  жабдықтарды  пайдалану.

Сапалы материалдарды  пайдалану есебінен көрсетілетін қызметтер  сапасының жоғары болуы. Жоғары білікті  құрам.

Высококвалифицированный персонал.

      Кемшіліктер

Қалыптасқан оң имидждің  болмауы(неузнаваемость)


 

Техникалық жоспарлау

Ортопедиялық стоматологияда  тісті протездеудің үш негізгі түрі бар: алынатын протездеу  алынбайтын  протез және шартты-алынатын  протездеу.

Шартты-алынатын протездеу  әзірге сирек қолданылады. Өйткені  тіс протезін имплантатқа  орнатуды  білдіреді. Бұл,  мұндай протездеу, әдетте,  имплантология мен ортопедиялық стоматологияның  қиылысу шегінде орындалады. .

Тісті алынбайтын протездеу  – протезді бекіту тәсілі, бұл кезде  пациент оны өздігінен шешіп  ала алмайды. Басқаша айтқанда, бұл  протездеу технологиясы емес,  протезді саралаудың  нұсқасы ғана. Алынбайтын протездеудің үлгісі  тістің жасанды  қабаты. Жасанды қабаттардың өзінің бірнеше нұсқасы бар, материалдарды  пайдалану түрлері және дайындау немесе орнату технологияларының ерекшелігі де әр түрлі. 

Алынатын  протездеу –  бұл пациент қажет болған жағдайда  протезді дербес алуға және салуға мүмкіндік беретін  конструкцияны  бекіту.  Бұрын алынатын  протез  үлкен, қолайсыз,  адамға икемсіздік туғызатын болатын. Заманауи алынатын протездер өзгерді және  алға озды. Жаңа материалдар мен технологиялар  қолданылады. Мысалы, шағын-имплантаттағы алынатын протездеулер. Алынатын протездеудің заманауи технологиялары көрсеткіштері көп, кемшіліктері аз. Олар тіс көп түскен кездегі сияқты тістің  шағын ғана кемшіліктері кезінде де қолданылады. Протездер жеңіл,  қолайлы және ыңғайлы бола бастады. Оның кеңінен қолданылуының тағы бір себебі: оның бағасы басқа протездеу түрлерінен көп төмен.

Тіс қабаттары  әр түрлі  болады және әр түрлі материалдардан жасалады. Әсіресе метал керамикалық  қабаттар кеңінен тараған, олардың  сапасы жоғары, сенімді және бағасы салыстырмалы түрде төмен болады.Оны  орнату тәсілі қарапайым:  түскен тістің орнына   қалып салынады (әдетте керамика немесе металл). Содан соң  тісті сәл егейді де оған  жасанды  қабатты кигізеді. Осы жұмыс үшін дәрігерге 3 рет келу қажет болады.

Информация о работе Стоматологиялық қызметтер кабинеті