Стоматологиялық қызметтер кабинеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:29, реферат

Описание

Стоматология медицинаның ең бір серпінді дамып келе жатқан саласы. Заманауи материалдар, жаңа технологиялар – бұл ауруды сәтті емдеудің негізгі факторларының бірі. Өзіне жаңа технологиялар мен заманауи ғылым жетістіктерін сатып алған және қолданып келе жатқан клиникалар бәсекелестік басымдыққа ие болуда.

Содержание

1.Резюме
2.Кіріспе
3. Жобаның тұжырымдамасы
4. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
5. Өндірістер бағдарламасы
6. Техникалық жоспарлау
7.Ұйымдастыру, басқару және құрам
8.Жобаны іске асыру
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар
10. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

BiznesZhosparStomatologiyalykKyzmetterKabinetinAshu.docx

— 695.68 Кб (Скачать документ)

Имплантация  - бұл тез дамып келе жатқан және ұзақ сақталатын конструкциясы   эстетикалық жағынан жақсы  стоматологияның жеке бір саласы.

Тістер имплантациясы  технологиясы

1. Имплантацияның бірінші кезеңі мұқият жоспарлау болып табылады. Жоспарлау өз кезегінде, пациентті алдын-ала  бағалау жағдайын  білдіреді. Мәселе ауыз қуысының анатомиялық ерекшелігін мұқият қарауды ғана емес,  сонымен қатар  рентгенография мен  медициналық ақпаратты жария етудің зам анауи әдіістерін міндетті түрде пайдалануды да білдіреді.

2. Хирургиялық кезең.  Бұл да имплантация. Имплантанттың тірек бөлігі – тістің  жас анды титан түбірі  жақ сүйекке орнатылады. Хирургиялық кезең анестезиямен жасалады және имплантатты  жақ сүйегіне орнатумен аяқталады. Имплантатты орнату ұзақтығы  әр түрлі. Орташа  орнату уақыты  көптеген хирургиялық операциялардың уақытымен шамалас – 40-50 минут.

3. Абатментті орнату. Тістердің классикалық имплантациясының бұл кезеңі  де  орнатылуы тіс қуысының шағын ғана учаскесін алатынына қарамастан хирургиялық кезеңге жатады. Абатментті орнатқаннан кейін толдық протездеу кезеңін аяқтау үшін бір апта ғана уақыт қажет болады.

4. Ортопедиялық кезең – бұл тістердің классикалық имплантациясының   соңғы кезеңі. Бұл ретте абатментке тірек протезі немесе алынатын протез элемент і тістің қаптау бөлігі бекітіледі. Ортопедиялық кезең «пайдалануға дайын» конструкциясын құра отырып емдеуді аяқтайды.

Тіс протездерін  дайындау технологиясы

Бірінші кезеңі  модельді дайындау болып табылады. Оған  мұқият талдау, супрақұрылым мен  қарама-қарсы  орналасқан жоғарғы шайнау бөлігі арасының қашықтығын бағалау жатады. Имплантаттың басқы жағы  тіс каркасын кедергісіз орнатуға мүмкіндік береді. Супрақұрылымдар арасындағы осьтің  бір-бірімен міндетті түрде қатар болуы міндетті болып табылады. Қажет болған жағдайда тіс техник оны түзетеді.

Одан әрі қалпақшасы мен каркасын үлгілеу жүргізіледі. Бұл ретте  арнайы үлгілеу пластмассасы мен балауыз пайдаланылады. Протездің жуылатын бөлігіне ерекше назар аударылады, өйткені  жасанды конструкцияның гигиеналық күтімі қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді, бұл оның  оны ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді. Содан соң зертханаларда  каркас құйылады және өңделеді. Бұл барынша күрделі жұмыс, тіс технигінің жоғары біліктілігін талап етеді. Дайын болған ортопедиялық конструкцияны  стоматолог-дәрігер  кигізіп, байқайды. Бұл үшін қызыл иектің уақытқа дайындау  формасы жасалады. .

Бұдан кейін каркасқа  бетін орнатады. Протезді кигізер  алдында конструкцияға  антисептикалық өңдеу жүргізіледі. Осы мақсатта барлық супрақұрылым шешіледі және таңбаланады. Бекіту шеткі элемент терді орнатудан  басталады. Кемшіліктер жіберілген жағдайда  сүйекке үнемі қамыс  түсіп,  имплантаттың  қолданылу  мерзімін барынша қысқартады, сондықтан  да тіс протездерінің сапалы дайындалуының  маңызы  зор..

Тіс қабаттарын дайындау технологиясы

Металл керамика қабатын  жасау үшін  алдымен металл каркас жасалады немесе құйылады, с одан кейін  қабат-қабатымен керамикалық жабындылар жасалады. Протез үшін қандай металл пайдаланылғанының  м аңызы зор..

Бағалы металдар мен металл керамика қабатын дайындайтын титан  бағалы болады,  ал кобальт, никель  және кейбір арзан құймалар аллергияға нем есе ауызда қышқылдың пайда  болуына әкелуі мүмкін. Қымбат металл мен титаннан жасалған тіс қабаттары  экологиялық қауіпсіз және 15 жылға дейін сақталады..

Пластмасса  қабаттар алдыңғы тістердегі кемшіліктер кезінде эстетикалық тұрғыда пайдаланылады. Пластмасса қабаттар екі түрлі тәсілмен жасалады.

Бірінші тәсіл: жоғары сапалы гипс үлгісіне  тісті орнатады және тіссіз балауызбен өңдейді. Болашақ  тіс қабатының  мөлшері бойынша  үлгілейді, пластмасса өңделеді. Балауыздан жасалған тіс қабаты  қатарлас тұрған тістермен және антагонистармен байланысады.

Үлгілегеннен кейін бұл тісті кесіп алын қатар тұрған тіспен бірге гипспен  кюветкаға тігінен  бекітеді. Бұл ретте барлық балауыз композиция гипстен  бос болуы қажет.

Алдымен, кюветка ашылады,  кюветканы қайнаған суда 5-7 минут ұстау арқылы балауыз  ерітіледі. Боялған гипс формасы мен кір тұнбаларға байланысты  ыстық суда артық ұстамау қажет. Кюветті ашып  балауызды қайнаған сумен жуады және  пластмассаны  дәрігер көрсеткен түспен, реңктермен араластырады.

Қамырға ұқсайтын пластмассадан  үстіңгі қабаты алынады. Шпательдегі  қажетті  пластмассаны кюветке салады. Кюветтің бөліктерін қатарлайды,  тығыздайды және бюгельге (струбцин) бекітеді. Осы пластмассаға қоса берілген нұсқаулықта көрсетілген режимде полимерлейді.

Екі түсті протез жасаған  кезде бір түсті пластмассаны басқасымен салыстырғанда ертерек  араластырады. Қалыптаған кезде бір  порцияны екіншісімен  баяу араластырады, нәтижесінде осылайша жасау талап  етілген болатын..

Суыған кюветтен пластмассаны алғаннан, кейін  оны гипс қалдықтарынан  мұқият тазалайды,  өңдейді және орналастыру үшін дәрігерге   береді. Одан соң техник  тістің қабатын  жылтыратып өңдейді (фильцті қолданбай) және соңғы кезең  үшін дәрігердің  кабинетіне  жолдайды.

Пластмасса  қабатты  дайындаудың  екінші тәсілі тісті балауыздан емес пластмассадан үлгілеуді білдіреді. Пластмассаны дайындайды да тіске жағады. Полимеризациялауды  қысымы 4 атм. экспресс-полимеризаторда жүргізеді және  берілген бағдарлама бойынша қыздырады.Салқындатылған тіс қабатын қатарлас тістермен және тіс-антагонистерге сәйкес өңдейді. Кигізгеннен кейін  ауыз қуысында протезді жылтыратып өңдейді.

Осындай әдіспен дайындалған  пластмасса тіс қабаттарының түстері  мен механикалық қасиеттері   жоғары болады. .

Ғимараттар мен  құрылыстар

Болжамды стоматология кабинетін  сатып алынған және жөнделген  аумағы 350 шаршы метр орын-жайда орналастыру  жоспарлануда. Орын-жай  өртке қарсы  қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған, сондай-ақ барлық қажетті коммуникациялармен қамтамасыз етілген.

Жабдық және инвентарь (техника)

Жабдықтар және оларды сатып  алу шығындары  төмендегі кестеде  берілген.

Стоматология кабинетіне арналған жабдықтардың  тізбесі

Жабдықтың атауы

Саны

Бағасы, мың тг.

Сомасы, мың тг.

Негізгі

     

Стоматология қондырғысы (стоматология креслосы

3

1 950

5 850

Аспаптар комплектісі

1

63

63

Галогенді бояу полимеризаторы

1

180

180

Компрессор

1

158

158

Тістерді өңдеу мен  тазалауға арналған аспаптар

1

67

67

Тіс  жолдарын өңдейтін эндодонтикалық аппарат

1

224

224

Емдейтін және диагностика  жасайтын эндодонтикалық аппарат

1

89

89

Имплантология аппараты

1

497

497

Құралдар комплектісі

3

300

900

Сандық интраоральнды рентгенді радиовизиограф

1

2 199

2 199

Силиконды қалыптау материалдарын  автоматты түрде  араластыру жүйесі

1

106

106

Металл керамиканы күйдіру  пеші

1

657

657

Балауызды және керамиканы үлгілеу құрылғысы

1

120

120

Компрессорсыз бензожанғыш  комплектісі

1

11

11

Пластмассаны полимеризациялау аппараты

1

223

223

Жартылай өткізігішті  құю қондырғысы

1

270

270

Электрлі муфель пеші

1

345

345

Үлгілерге арналған шағын  триммер

1

242

242

Шлифмотор

2

43

86

Вакуум смеситель

1

283

283

Қосымша (инвентарь)

     

Диван

3

50

150

Медицина столы

4

25

100

Орындық

10

12

120

Кушетка

3

35

105

Ноутбук

2

150

300

Телефон

2

8

16

Касса аппараты

1

20

20

Кондиционер

3

150

450

Жиыны

   

13 830


 

Стоматология жабдығын жеткізуші  «Луч» ЖШС болып табылады.

 «Луч» компаниясының дүкендерінде заманауи стоматология өндірісінің  барлық ассортименті қойылған - материалдар, инструментарийлер, Еуропадан, Ресейден, АҚШ пен Қытайдан әкелінген жабдықтар.

Жабдықтың басымдығы  оның сенімді жұмыс істеуі болып табылады..

Коммуникациялық инфрақұрылым

Жобада қажетті  коммуникациялық, атап айтқанда ,электр-, жылу- және сумен жабдықтау инфрақұрылымы бар ғимаратты сатып алу көзделеді.

Ұйымдастыру, басқару және құрам

Кәсіпорынға директор жалпы  басшылық жасайды.

Кәсіпорынның ұйымдастыру  құрылымы төменде көрсетілген түрлерден  тұрады                       

 

 

 

Ұйымдастыру құрылымы

Құрамды басқарудың келтірілген  құрылымын жүйелікке жатқызуға  болады. Ол директордың  кәсіпорын  жұмысын жедел басқаруына және  жағдайдан хабардар болуына мүмкіндік  береді.

 

  

Жалпы және әкімшілік шығыстар

Жобада жалпы алаңы 350 шаршы метр орын-жайды сатып алу  және жөндеу көзделген.

 

Кәсіпорынның бір  айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары, мың тг

Шығындар 

 

2012

2013

2014-2018

ЕТҚ

 

653

653

653

Жай гипс

1 қапшық

3

3

3

Супергипс

1 қапшық

3

3

3

ЖЖМ

1 машина

24

24

24

Коммуналдық қызметтер

 

80

80

80

Кеңсе тауарлары

 

5

5

5

Байланыс қызметтері

 

10

10

10

Шығыс материалдары

 

50

55

61

Шаруашылық тауарлары

 

30

30

30

НБ-ға қызмет көрсету және жөндеу

 

8

8

8

Банк қызметтері

 

4

4

4

Жарнамаға арналған шығыстар

 

40

40

40

Өзге де көлденең шығыстар

 

40

40

40

Жиыны

 

951

956

961


 

ЖЖМ шығыстары 1 машинаға  күніне 20 литр лимитті және  22 жұмыс  күнін ескере отырып есептелді. Коммуналдық қызметтер жергілікті тарифтер мен оларды бағдарлы тұтыну ескеріле отырып есептелді.

 

             Еңбекақы төлеу шығыстарының есебі, мың тг.

Лауазым

Саны

Жалақы

Есептеуге

ЕТҚ

 

Әкімшілік-басқару құрамы

       

1

Басқарушы

1

150

150

158

2

Бас бухгалтер

1

70

70

74

3

Бухгалтер-кассир

1

60

60

63

4

Жабдықтаушы

1

60

60

63

5

Сату менеджері

1

60

60

63

 

Жиыны

5

400

400

422

 

Өндірістік құрам

       

1

Стоматолог - терапевт

2

 

жалақы

 

2

Стоматолог - хирург

1

 

жалақы

 

3

Стоматолог - ортопед

1

 

жалақы

 

4

Протезист

4

 

жалақы

 
 

Жиыны

8

     
 

Қызмет көрсету  құрамы

       

1

Жүргізуші

1

55

55

58

 

Жиыны

1

55

55

58

 

Қосалқы құрам

       

1

Еден жуушы

1

30

30

32

2

Күзетші

3

35

105

111

3

Аула жинаушы

1

30

30

32

 

Жиыны

5

95

165

174

 

Құрам бойынша  барлығы

19

550

620

653

Информация о работе Стоматологиялық қызметтер кабинеті