Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 17:31, реферат
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы.
Кіріспе
Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны
Жастық шағы
Оқып жүрген кездері
Атақты қоғам қайраткері
2.1 Әлекеңнің қазақ халқының саяси өміріндегі алатын орны
2.2 Естеліктер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар:
Кіріспе
2.1 Әлекеңнің қазақ халқының саяси өміріндегі алатын орны
2.2 Естеліктер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады.
Оны екі ғасырға жуық Ресей
империясының қол астында отырған
халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра
бастайды. Қараңғылық пен надандықтың
шырмауында отырған халқына білім
мен мәдениет керек екенін ұғады,
елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін
көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.
Оқуын бітіріп, Омбыға оарлғанда
Ә.Бөкейханов Ресей империясының қазақ
даласына жүргізген отаршылдық саясатына
деген өзіндік көзқарасы
Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсеі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді. XX ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұхара мен Түркістанға бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді.
Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді. Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылады. 1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самарыдан Орынбор келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады. Ол Ақпан төнкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады.
Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде ды ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Қазақ автономиясы жарияланып, Ә.Бөкейханов сол алғашқы Қазақ автономиялы республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады.
Бірақ көп ұзамай жеңіске жеткен большевиктер Қазақ автономиясының жұмысын тоқтатып, басшыларын қуғынға салады. Ә.Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылдың тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен өлім жазасына кеседі. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік Думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі, ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармагы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.
Алашорда үкіметіне
Замандастары мен халқы қадірлеп «Әлекең» деп атап кеткен Әлихан Бөкейханов – бүкіл саналы өмірін қазақ халқының ұлттық саяси бостандығы мен дербестігі үшін арнаған аяулы ұлы тұлғамыз. Ата тегі жағынан төрелер тұқымынан екені мәлім.
1866 жылы 5 наурызда (өзінің
тергеуде берген жауабынан)
1886-1890 жылдары Омбы техникалық
училищесінде оқып шығып, 1894 жылы
Санкт-Петербург орман
Қазақ даласының қонысының
жер жағдайын зерттеген, яғни өкіметтің
қазақтың «артық жерін» заң жүзінде
негіздеу үшін құрылған Ф.А.Щербина
экспедициясының құрамында
Ә.Бөкейханов Ресейдің көрнекті экономист, географ ғалымдарымен бірлесе отырып, «Россия біздің отанымыздың жалпы географиялық сипаттамасы» атты көп томдық еңбектің 1903 жылы шыққан қазақ өлкесіне арналған 18 томның тарауларын жазуға қатысқан. Әлекең қазақтар туралы шынайы мәліметтер келтіріп, қазақтарды асқақтатады. Қазақтың ой-өрісі мен дүние танымы, ежелгі мәдениеті мен тарихы сияқты қасиеттері анағұрлым озық тұрғанын аңғартады.
Абайды алғаш рет орыс оқырмандарына таныстырады, оның қазақ әдебиетіндегі алатын орнын бағамдайды.
1905 жылы Семей облысынан 1 Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланып, Дума таратылар алдында ғана үлгереді.
Әлекеңнің саяси өмірге белсене араласуы осы кезден басталады. Орыс баспасөзінде қазақ даласындағы патша өкіметінің отаршылдық саясатын әшкерелейтін мақалалар жариялайды. Әр түрлі саяси жиналыстарға белсене қатысып, қазақ кадет партиясын құруды көздейді.
Әлихан Бөкейханов өзінің төңірегіне қазақтың алдыңғы қатарлы зиялы қауымының ең таңдаулы бөлігін топтастыра білді. Оның сенімді серіктерінің бірі белгілі ақын, аса көрнекті ғалым, түрколог, публицист, педагог, аудармашы әрі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов (1873—1937) болды. Ол Торғай облысындағы Торғай уезінің Сарытүбек деген жерінде дүниеге келген. Ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады, кейіннен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқиды. 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіреді. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінің мектептері мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады. А. Байтұрсынов өзінің халықпен кездесулері кезінде патша үкіметінің отаршылдық саясатының мәнін әшкереледі. Ол Қарқаралы петициясының мәтінін жазып, құрастыруға барынша белсене қатысты. 1913—1918 жылдары «Қазақ» газетінде редактор болып, халық өмірінің көкейтесті мәселелерін көтереді, елді өнер-білімге үндейді. А. Байтұрсынов Алаш қозғалысы тұсында күрестің алғы шебінде болады. Кеңес өкіметі кезінде ол қазақ халқының сауатын ашып, ағарту жолына біржола түседі. Көптеген өлең-жырларында халықтың арман-тілегін, мұң-мұқтажын жырлады, халықты өнер-білімге, мәдениетке шақырды. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын сынады, ел-жұртты миссионерлердің жүгенсіз қылығынан сақтандырды. Оның өмірі өз халқына адал қызмет етудің, ел-жұртының мәдениеті мен әдет-ғұрпына, тарихына деген сүйіспеншіліктің айқын үлгісі. Ол өзінің бір мақаласында былай деп жазды: «Менің мақсат-мұратым - қазақ халқының материалдық жағдайын жақсарту, мүмкін болғанынша мәдениетін көтеру. Мен осы мақсатты қамтамасыз ететін үкіметті қолдауға әрқашан әзірмін».
Ә. Бөкейхановтың сенімді серіктерінің және ұлт-азаттық қозғалысына белсенді қатысушылардың бірі Міржақып Дулатов (1885— 1935) болды. Ол Торғай облысы Торғай уезінің Қызылбел атырабында дүниеге келген. Алғашқы білімді ауыл мектебінен алған. Торғайдағы екі сыныптық мектепте оқыған. 1904 жылы Омбыға барып, онда Ә. Бөкейханов және А. Байтұрсыновпен кездеседі, саяси қызметке белсене араласа бастайды. Патша отаршылдығына ашық қарсы шығып, жер мәселесін көтереді. Қазақтардан жерді тартып алуға, мұсылмандықты қудалауға тыйым салуды талап етеді.
1909 жылы «Оян, қазақ!» атты
жыр жинағы жарық көреді. М.
Дулатовтың бұл кітабын
М. Дулатов Қарқаралы петициясының жобасын әзірлеуге, Алаш қозғалысына білек сыбана қатысты. Қажырлы қайраткер өзінің бүкіл өмірін туған халқына қызмет етуге арнады.
Алаш қозғалысы жетекшілерінің
бірі белгілі қоғам қайраткері, педагог,
тарихшы Мұхаметжан Тынышбаев (1879—1937)
болды. Ол 1879 жылы Жетісу облысына қарасты
Лепсі уезінің Садыр болысында
дүниеге келген. 1900 жылы Верный гимназиясын
алтын медальмен тәмамдаған. 1906 жылы
Санкт-Петербург транспорт
Саяси реакция өршіп тұрған
жылдары Алаш қозғалысы көшбасшыларының
бірі, ойшыл, оқымысты, мемлекет және қоғам
қайраткері Мұстафа Шоқайдың (1890—1941)
саяси көзқарасы қалыптаса
Қазақтар арасында Ішкі Ордадан
шыққан саяси қайраткер Бақтыгерей
Құлмановтың есімі кеңінен
Қазақ халқының тәуелсіздігі
үшін күрескен отаншыл патриоттардың
бірі Көлбай Тоғысов еді. Ол Семей
облысы Зайсан уезінің Шорға болысында
дүниеге келген. Петербург университетінің
заң факультетін бітірген. К. Тоғысов
талантты журналист, көрнекті қоғам
қайраткері болды. Татар тілінде
шығатын «Вахыт», орыс тілінде шығатын
«Семипалатинский листок» газеттерінің
бетінде халықты сауатсыздыққа,
білімсіздікке, патша үкіметінің отаршыл
әкімшілігі мен шенеуніктерінің
озбырлық әрекеттеріне қарсы күресуге
шақырды. Ол үш тілде - қазақ, татар және
орыс тілдерінде еркін жазды. 1905 жылғы
қарашада Қарқаралыда патша үкіметіне
қарсы өткен наразылық