Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 17:31, реферат
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы.
Кіріспе
Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны
Жастық шағы
Оқып жүрген кездері
Атақты қоғам қайраткері
2.1 Әлекеңнің қазақ халқының саяси өміріндегі алатын орны
2.2 Естеліктер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ленин қайтыс бола салысымен бар билікті қолына жинап алған компартияның бас хатшысы Сталиннің беделі күшейе түскен кез еді, бұл. Тіпті, Сталиннің әмірінің күштілігі сондай, 1924 жылы 12 мамырдағы БКП(б) Орталық Комитетінің пленумында жариялануға тиісті Н. Крупская өз қолымен ресми түрде табыс еткен Лениннің хаты оқылмады. Сталин өз қарсыластарының көзін біртіндеп құрта бастады. Ел ішінде “қызыл террор” өршіді. 1927 жылы Мәскеуде өткен БКП(б)-ның XY сьезінде Лениннің “Сталин слишком груб и этот недостаток, вполне терпимый в среде и в общениях между нами, коммунистами, становится нетерпимым в должности генсека” деп айтылатын әйгілі сьезге хаты тағы да жарияланбай қалды. Керісінше осы сьезде Троцкий, Зиновьев секілді оппозиция көсемдері партиядан қуылды. Бәлкім, сол себепті алдын ала қауіпсіздік шараларын сақтау үшін Троцкийдің хатында қазақ өлкесіндегі оппозициялық топтың басшылары Ә.Бөкейханов пен Ә.Ермековтің есімдері әдейі жазылмай қалды ма екен?
1927 жылдың 1 қазанынан бастап Әлихан Бөкейханов Мәскеуде ОГПУ органдарының бақылауы астында тұруға тиіс болды. Содан Мәскеуде қызмет ету мүмкін болмағандықтан Қазақстанға қайтып оралады. 1928 жылы Ә.Бөкейханов Алматыда ҚазМУ-да, ал Ә.Ермеков ҚазПИ-де сабақ береді. 1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысының қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтіледі.
Тағдыр деген қызық қой. 1920 жылдардың соңына қарай Троцкийдің өзі қазақ елінің сол кездегі астанасы Алматыға саяси жер аударылып келді. Оның осы “қазақ достары” арасына келуінде де үлкен сыр бар секілді. Ол кезде Орта Азия республикалары ішінде қазақ ұлттық саяси элитасының беделі өте зор еді. Троцкий өзінің Мәскеуде іске асыра алмаған оппортунистік идеяларын Қазақстанда, атап айтқанда алашордашылар деп аталатын ұлттық интеллигенцияның көрнекті өкілдерінің көмегімен жүзеге асырғысы келді ме, кім білсін... Бірақ олардың іс-әрекеттері әрдайым қатаң бақылауда болды.
Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов 1929 жылы Алматыда қамауға алынып, Мәскеуге Бутыркаға тергеуге түскенде, КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ “үштігінің” оған “1921 жылы Орынборда контрреволюциялық ұйым құрды, ортаазиялық пантүрікшіл ұйымның басшысы Валидовпен байланыста болды. 1927 жылы қазақ даласында қарулы көтеріліс даярлау әрекетіне қатысты” деп айып тағып, РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58-бабының 2,4 және 11-тармақтары бойынша ату жазасына кесілуі тегін емес еді. Алайда, ОГПУ “үштігі” қазақ ұлты зиялыларының көсемі Ә.Бөкейхановтай үлкен тұлғаны құртып жіберуге қорықты. Оған берілген өлім жазасы абақтыда өтеуіне ауыстырылды. Ақыры ол ОГПУ органдарына ұлт зиялыларының наразылық білдіруіне байланысты түрмеден босатылды. Өкінішке қарай, оның сонау бір жылдары Семейде “Алаш” партиясының облыстық комитетін, Алашорда үкіметін бірге құрысып, қызметтес болған сенімді серіктері Халел Ғаббасов, Жүсіпбек Аймауытов және т.б. Мәскеудегі Бутырка түрмесінде жазықсыздан жазықсыз атылып кете барды.
Әлихан Бөкейхановтың
бес ұстанымы болды. Ең бірінші – Алаш
ұлттық демократиялық мемлекет болуы
тиіс. Ол үшін ең алдымен «жер, жер және
жер» болуы тиіс. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан
Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша, қазақтың
байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым
мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше,
жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға
берілмеуі тиіс. Жер – Отан. Жерді сатқан
Отанды сатқанмен бірдей. Екінші ұстанымы
– Алаш жерінің астындағы, үстіндегі,
көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне
қызмет етуі тиіс. «Бөкейхановтың сөзімен
айтсақ, «қазақтың әрбір тасы қазақтың
өңіріне түйме болып тағылуы тиіс», –
дейді Жұртбаев мырза.
Үшінші ұстанымы – Бөкейхановтың жобасы
бойынша, қазақтың жерінде өндірілген
бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының
үстіне тоқыма болып тоқылып киілуі керек.
Яғни мемлекет толықтай экономикалық
тәуелсіздікке қол жеткізуге тиіс болған.
Төртінші ұстанымы – қазақ мемлекетінде
мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, менталитеті
өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек
дегенге сайды. Яғни бұл идеологиялық
ұстаным болатын.
Ал бесінші – ең негізгі ұстанымы бойынша
ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға,
ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене
отырып, Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық
мемлекет құрылуы керек еді. Алаш қайраткерлерінің
бұл ұстанымының дұрыстығына самурайлық
дәстүрге негізделген жапон ұлтының бар-жоғы
20 жылдың ішінде біртұтас империяға айналып
шыға келуі дәлел болса керек».
Міне, Әлихан Бөкейхановтың осындай белсенді саяси қимылдары патша өкіметін сескендіріп, оны қазақ даласынан аластап, Самара қаласына жер аударады. Әлекең, онда 1908-1917 жылдары тұрып, қазақ қоғамының тыныс-тіршілігінен қол үзбей «Қазақ» газетіне «Қыр баласы» деген атпен ел тіршілігінің өткір де түйткіл мәселелеріне ден қойған мақалалар жазады.
Ақпан төңкерісінен соң, оңтайлы саяси ахуалды қалт жібермей пайдаланып қазақ елдігінің дербестігі үшін белсене қимылдайды.
1917 жылдары шілде және
желтоқсан айларында өткен
Азамат соғысы жылдары қазақ халқының ақ пен қызылдың теке тіресінде тектен-текке қосақ арасына кетпеуіне күш салады. Осы бағытта жұмыстар жүргізіледі.
Кеңес кезеңінде өкімет орындары Қазақстанда тұрғызбай, Мәскеуде ұстайды, саясатпен айналысуға мүмкіндік бермейді. Жаңа жағдайға байланысты, бұрынғы алаш зиялылары өздерінің күрескерлік жолын өз халқының сауатын ашу үшін оқулықтар жазып, фольклорлық әр түрлі жинақтар шығарып, ғылыммен шұғылданып, аудармалармен айналысып, қазақ шаруашылығын ұйымдастыруда басқа жұрттың озық мәдени түрлерін пайдаланудың жолдарын көрсетіп насихаттауға бағыттайды.
Кеңес орындары Әлихан Бөкейхановқа тыныштық бермей, 20-жылдары екі рет тұтқындап, онда амалсыз босатып, ақыр аяғында 1937 жылдың науқанында қанды шеңгелге алады.
Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс - бар қазақтан,
Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі, –
деп С.Торайғыров айтқандай, Әлекең әрқашан да қазақ жүрегінде жеке дара тұлға болып қала бермек.
Пайдаланылған әдебиеттер: