Қазақстан қоғамындағы орта тап

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 09:06, реферат

Описание

Біз қоғамынң әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар.

Содержание

I Кіріспе______________________________________________________________________

II Негізгі бөлім:

1. Қазақстанда орта тап бар ма?

2. Орта тап көрсеткіштері және өкілдері:
А) Ресми есеп бойынша;
Ә) Ресми емес есеп бойынша;
Б) Коррупция факторы немесе орта тап өкілдері;



III Қорытынды_________________________________________________________________

Работа состоит из  1 файл

srs.doc

— 139.50 Кб (Скачать документ)

                                          

                                                                  4 диаграмма.

түсіндіреді. Социолог Айсауытовтың айтуынша, мұндай өлшемнің негізінде анықталатын орта тап өкілінің айлық табысы кем деген 2000 доллар болуы тиіс. Бұл көрсеткіш тұтыну қоржынына енетін элементтердің салыстырмалы түрде көптігі және сапасына қатысты шыққан (4 диаграмманы қараңыз). Айта кетерлік жайт, дамыған елдерде айлық табысы 10 мың доллардан асатын адамдарды ғана орта тапқа  жатқызады.  
 
             КОРРУПЦИЯ ФАКТОРЫ НЕМЕСЕ ОРТА ТАП ӨКІЛДЕРІ  КІМДЕР?  
 
  Социолог Тимур Айсауытовтың айтуынша, ресми стандарт негізінде анықталған орта тапқа Қазақстанда орта буын мамандары, кәсіби жұмысшы тап, коммерциялық құрылымдағылар, бюджет саласындағы менеджменттің орта буыны кіреді. Бұл ретте бюджеттік саладағы топ-менеджмент жоғарғы тапқа өтіп кететіндігін айта кету керек. Бірақ оның да белгілі бір себептері бар дейді  социолог.  Оның пікірінше, бюджеттен қаржыландырылатын ортанқол мекемелердің басшыларының ресми алатын айлығын ғана есептейтін Ресми емес стандарт бойынша есептелген орта тапқа Қазақстандағы топ-менеджмент қана ілігіп, орта буын мамандары мен кәсіби жұмысшы табы кедейлер қатарына түсіп қалып отыр. Сол секілді бюджеттен қаржыландырылатын ірі мекемелердің басшыларының айлық табысын ресми жалақының мөлшерімен теңестіретін болсақ, мұндай жағдайда жоғары тап санатына еніп отырған олардың қоғамдағы мәртебесі төмендеп, орта тапқа шақталып қалады екен.  
   Бірақ бұл жерде коррупция факторын ескермеуге болмайды дейді социолог. Оның айтуынша, сыбайласқан жемқорлық қолдағы қартаны танымастай етіп өзгертіп жібереді. Алайда ол бюджет саласындағы менеджмент өкілдерінің бәрі осы фактордың әсерінде деп айтуға болмайтындығын ескертеді, бірақ оны толықтай ешкім жоққа шығара алмайтындығын  мойындайды. 
  Сонымен ресми емес стандарт бойынша есептелген орта тапқа Қазақстандағы топ-менеджмент қана ілігіп отыр. Коррупциядан түскен «пайданы» кері шегеріп алып тастағанда оның қатарын бюджет саласының топ-менеджменті толықтыратындығын айтып өттік. 
   Есесіне, бұл ортадан орта буын мамандары мен кәсіби жұмысшы табы қол үзіп, мүлде төменгі тапқа – кедейлер қатарына түсіп қалып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Қорытынды

 

   Қазақстанда орта тап өкілдері бар, алайда қазіргі уақытта олар осы атқа лайық па? Өмір сүру деңгейі бойынша дамыған шет елдерінен көп артта калғанымыз рас. Жалпы ұғымда орта тапқа орта, кіші кәсіпкерлік субъектілері, ірі компаниялардың мемлекеттік органдардың орта буындағы қызметкерлерін, білім, денсаулық саласының мамандары кіреді. Алайда қазіргі уақытта бұл топтың күнін әзер көріп отырғаны бар. ҚР Заңнамаларымен түрлі қолдау шаралары мен әлеуметтік кепілдіктер қарастырылғанымен, бұл орта тап өкілдерінің өмір сүру деңгейіне оң әсер етпеуде. Яғни барынша пайда әкелетін топтың ресурстарын, мемлекет осы уақытқа дейін толық пайдалана алмай отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1 «Алаш айнасы» газеті, 26.09. 2012ж.


Информация о работе Қазақстан қоғамындағы орта тап