Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 09:06, реферат
Біз қоғамынң әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар.
I Кіріспе______________________________________________________________________
II Негізгі бөлім:
1. Қазақстанда орта тап бар ма?
2. Орта тап көрсеткіштері және өкілдері:
А) Ресми есеп бойынша;
Ә) Ресми емес есеп бойынша;
Б) Коррупция факторы немесе орта тап өкілдері;
III Қорытынды_________________________________________________________________
I Кіріспе_______________________
II Негізгі бөлім:
1. Қазақстанда орта тап бар ма?
2. Орта тап көрсеткіштері және өкілдері:
А) Ресми есеп бойынша;
Ә) Ресми емес есеп бойынша;
Б) Коррупция факторы немесе орта тап өкілдері;
III Қорытынды_____________________
Біз қоғамынң әлеуметтік құрылымын
сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан
бірдей емес екендігін айтып еткен едік.
Қоғам адамдарының арасында теңсіздік
бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік
жүйедегі алатын орындары да бірдей емес.
Жекелеген индивидтер мен адам топтарының
арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды
жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа
алынады, мәселен, табыстарының көлемі,
білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі,
билікке қатынастары.
Қоғам мүшелерінің арасында
әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін,
оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде
әлеуметтік стратификация теориясының
маңызы зор. «Стратта» деген геология
термині жердің құрылымындағы қабаттарды
анықтауға байланысты қолданылады. Ал,
қоғамға байланысты біздің ана тілімізде
қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз
жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына
тән түрлі стратталардың болғанын білеміз.
Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің
тарихи үш типі белгілі. Олар:
Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. Әлеуметтік стратификация процесінде білім деңгейі, кәсіби шеберлік, жоғары мәртебе (престиж) деген өлшемдердің маңызы зор екенін естен шығармуымыз керек.
Білім деңгейі – мектептегі, орта жоғары оқу орындарында
алған біліммен, сол сияқты ғылыми атақ,
дәрежемен есептеледі.
Кәсіби шеберлік – белгілі бір мамандық
бойынша адамның арнайы білім дәрежесі
мен шеберлігінің танылуы.
Мәртебе – адамның жоғары статусына
қоғам тарапынан көрсетілетін сый немесе
құрмет.
Соңғы кезде әлеуметтанушылар жоғарыда
айтылған өлшемдерді ескере отырып, қоғамды
3,4,6 және одан да көп жіктерге бөліп қарайтын
стратификациялық модельдерді ұсынуда.
Біз соның 4 жіктен тұратын моделіне тоқталсақ,
олар мыналар:
1)жоғары тап;
2) орта тап;
3) жұмысшы табы;
4) төменгі тап.
Жоғары тапқа ірі меншік иелері
– қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары
билік элиталары – мемлекет президенттері,
премьер-министрлер, министрлер, жеке
ведомстволар мен қызметтердің басшылары,
яғни жоғары категориядағы чиновниктер
жатады. Бұлар қоғамдағы шамадан тыс байлығы
бар, қоғамның экономикалық және саяси
өмірінде шешуші рөл атқаратын топ. Қоғамдағы
олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде
олар шамамен хлықтың 1%-ын құрайды. Кейбір елдерде жоғары тапқа жоғары шенді
әскери топтар мен творчестволық иттеллигенцияның
танымал өкілдері де жатады. Бұл топ өкілдерінің
білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы
статустары да жоғары.
Орта таптың қоғамдағы алатын
орны ерекше. Алдыңғы қатарлы дамыған
елдерде олар халықтың 60-80% - ын құрайды.
Бұл тапты қоғамдағы әлеуметтік тәртіп
пен тұрақтылықтың тірегі десек те болады.
өйткені орта тап қоғамның негізгі интеллектуалдық
күші мен жоғары мамандық иелерінен тұрады.
Орта тапқа қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік
топтардың мамандықтардың өкілдері жатады.
Олар – ғалымдар, жазушылар, суретшілер,
діни қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер,
заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері,
маманданған жұмысшылар, т.б. Орта тап
адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет
орындары, жоғары табыстары және заман
талабына сай өмір салттары бар. Олар көп
еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері
(жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері,
т.б.) бар, яғни олар экономикалық және
саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар.
Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы
еңбектің, күш – жігердің, білімнің нәтижесінде
жетуге болады» дегенді басшылыққа алады.
Бұл жерде айта кететін бір жағдай – орта
тпатың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар:
а) жоғары орта тап.
ә) орта таптың орташасы.
в) төменгі орта тап.
Орта тапты осылайша жіктеуде
жоғарыда айтылған факторлар, яғни адамдардың
билікке қатынастары, табыстарының көлемі,
кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп
отыр.
Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі
өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. Ғылыми
– техникалық прогресс заманында жұмысшы
табы еңбегінің мазмұны, сипаты өзгерді.
Олар механикаландырылған және автоматтандырылған
өндіріс салаларында – заводтар мен фабрикаларда,
ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа
қызмет көрсету салаларында еңбек етеді.
Бұл тап өкілдерінің тұрақты табыстары,
белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби
дайындықтары бар.
Төменгі тап – құрамы жағынан сан
алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ
жұмысшылар, жұмыссыздар және люмпендер
(қайыршылар, босқындар, қылмыскерлер)
жатады. Бұлардың көпшілігінің құрақты
табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік
кедейшілік жағдайда өмір мүреді,
Сонымен, әлеуметтік стратификация
кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық
қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай
теңдік орнататын эгалитарлық (француз
тілінде – теңдік) қоғам орнату мүмкін
емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі
дәлелдеп отыр.
Кеңес заманында қоғам жұмысшы,
шаруа және интеллигенция деген үш таптан
тұрды және бұл үш тап өкілдерінің тұрмыс
жағдайлары бір-біріне жақын, теңдес болды.
Нарық адамдардың тұрмыс дәрежесі арасындағы
алшақтықты алыстатып қана қоймай, тұрмыс
жағдайына қарай сан түрлі топтарға бөлшектеп
жіберді.
Нарық жағдайында ғасырлар бойы өмір сүріп
келе жатқан Батыс елдерінде қоғамның
негізгі қозғаушы күші және сүйеніші –
орта тап өкілдері болып саналады. Елдегі
саяси тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға
елеулі үлес қосатын осы орта тап деп есептеледі.
Орта тап өкілдері неғұрлым көп болса,
қоғамдағы тұрақтылық та соғұрлым берік
болмақ. Өйткені, кедейлер әрдайым қоғамның
тыныштығын алып, саяси тұрақтылыққа үнемі
қатер төндірмек.
Қазақстанда орта тап
өкілдері деп кімдер саналады және олар
жалпы халықтың қанша пайызын құрайды?
Өкінішке қарай, бізде қоғамдық тұрақтылықтың
кепілі болып саналатын орта тап туралы
зерттеп-зерделеп жатқан ешкім жоқ. Егер
қазақстандық жекелеген сарапшы мамандардың
пікіріне назар аударсақ, орта тап болып
басында баспанасы және шетелдік автокөлігі
бар, отбасының әрбір мүшесіне 50 мың теңгеден
артық табыстан келетін отбасылары саналады.
Дегенмен, бұл салыстырмалы ұғым, нақты
өлшем емес.
Мәселен, әлемдегі ең бақуатты
елдердің бірі болып табылатын АҚШ-та
орта тапқа айына 2-2,5 мың доллар тұрақты
табысы бар, әрбір отбасы мүшесіне 40 шаршы
метр тұрғын үй алаңы тиетін, бірнеше автокөлігі
бар адамдар жатқызылады. Көріп отырғанымыздай,
қазақстандық орта тап пен американдық
орта таптың арасында үлкен айырмашылық
бар.
Орта тап өкілдерін анықтауда
оның айлық табысы мен тұрғын үй алаңы
ғана есепке алынбайды, оған қоса бірқатар
сапалық өлшемдерге де назар аударылады.
Атап айтқанда, жоғары немесе арнайы кәсіптік
орта білімі, жыл сайын қымбат шипажайлар
мен демалыс орындарында демалу мүмкіндігі,
балаларын шетелдік жоғары оқу орындарында
оқытуы, есепшоттарында белгілі сомада
ақшаларының болуы ескеріледі.
Кеңестер одағының шинелінен
шыққан біздер үшін ресейлік әлеуметтік
сарапшылардың орта тап өкілдеріне берген
бағасы мен айқындамасы жақын боларын
анық. Қазақстандағы әлеуметтік жайды
зерделеген ресейлік сарапшылар елде
байлар барлық халықтың 1,5 пайызын құрайды
деп есептейді. Олардың әрбір отбасына
шаққандағы айлық табысы 50 мың АҚШ долларынан
жоғары. Орта тап өкілдері жалпы халықтың
25 пайызын құрайды және оларды ресейлік
сарапшылар бірнеше топқа бөледі. Орта
таптың жоғарғы тобының айлық табыстары
әр отбасы мүшесіне 10-25 мың доллардан тисе,
орта топтың өкілдерінде ол 5-10 мың доллардан
келеді, ал, орта таптың төменгі тобының
табысы 2-2,5 мыңнан 5-6 мың долларға дейін.
Кедей тап, ресейлік мамандарың пікірінше,
жалпы халықтың 70 пайызы деңгейінде. Сарапшылар
кедейлерді де бірнеше деңгейге жіктейді.
Кедейлердің жоғары тобының айлық табыстары
әр отбасы мүшесіне 450-500 доллардан келсе,
орта топта 150-ден 450 долларға дейін, төменгі
топта 150 доллардан кем болып келеді.
Нарыққа көшкеніне жиырма
жылдай ғана уақыт өткен Қазақстанда әлі
орта тап өкілдері толық қалыптасты деп
айту қиын. Қоғамдық тұрақтылықтың басты
кепілдігі болып саналатын орта тап өкілдерін
қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басым
бағыттарының бірі екендігі жасырын емес.
Бұған адамдардың тұрмыс жағдайларын
көтеру бағытында атқарылып жатқан мақсатты
жұмыстар мен осы бағытта қолға алынған
мемлекеттік бағдарламалар анық дәлел.
Әрине, Қазақстандағы менталитеттi ескерсек,
алдында ас-ауқаты бар адам өзiн кедеймiн
деп есептемейдi. Билiк тамағы тоқ, көйлегi
көк, баспанасы мен көлiгi бар, бiлiмi жоғары,
медициналық қызметтi пайдалана алатын
адамдарды орта тапқа жатқызып жүр. Бұл
талаптар негiзiнен дұрыс, бiрақ бұл жерде
бiр нәрсе айтылмай қалған. Орта тап өкiлдерi
аталған материалдық игiлiктердi қалаған
уақытында сатып ала алатындай жағдайда
болуы керек. Ал бiзде орта тап өкiлдерiмiз
деп жүргендердiң өзi бұған шамасы жетпейдi.
Олардың жалақылары тамақ пен күнделiктi
тұтыну тауарларынан артылмайды. Орта
тап өкiлдерiнiң табысы отбасындағы жан
басына шаққанда 500 АҚШ долларынан кем
болмауға тиiстi. Қазақстан билiгi орта
тапқа жатқызылып жүрген әлеуметтiк топ
Батыс елдерi үшiн төменгi буын өкiлдерi
саналады
Қазақтар бақуатты Батыс елдерiмен
шекаралас жатып, олармен қоян-қолтық
араласып жатқан жоқ. Тұрмысын тек қана
қырғызбен, өзбекпен салыстырады. Өздерiн
орта тапқа жатқызуы да сондықтан. Билiк
осыны жақсы пайдаланып отыр. Халықтың
90 пайызы төменгi тапқа жататынын билiктiң
iшi сезсе де, ешқашан ашық мойындамайды.
Оны мойындау өзi отырған бұтақты кескенмен
тең нәрсе болар едi. Яғни, орта тап
әлі қалыптасу үстінде.
Орта тап көрсеткіштері және өкілдері
ОРТА ТАП КӨРСЕТКІШІ РЕСМИ ЕСЕП БОЙЫНША
Қазақстандық
социологтар елдегі орта таптың үлесін
65 пайыздан бастап 20 пайызға дейінгі аралықта
қарастырады. Мамандар осы аралықтағы
меженің бірін орта тап көрсеткіші деп
анықтау үшін өзінің әртүрлі критерийлерін
ұсынып келеді. Олардың қайсысы қоғамның
объективті көрінісі екендігін дөп басып
айту оңай емес. Бірақ осы есептеулердің
өзінің бір заңдылығы бар екен. «Damu» маркетингтік
және социологиялық зерттеулер агенттігінің
директоры Тимур Айсауытовтың пікірінше,
«Қазақстанда орта тапты бағалаудың критерийлерін
анықтау ісінде қос стандарт қалыптасқан:
біріншісі – ресми биліктің мүддесін
көздейді; екіншісі – оған балама болатын
нұсқа. Яғни, біздің орта тапқа қатысты
зерттеуіміз де осы екі стандарттардың
ара қатынасына құралады.
Президент Нұрсұлтан
Назарбаев 2003 жылы «Файнэншл Таймс» газетіне
берген бір сұхбатында орта тапқа ерекше
ден қойғандығын былайша сипаттапты: «Біз
қазір жоғарыда 10-15 пайыз байлар, төменде,
мүмкін, 10-15 пайыз кедейлер, мына жерінде
(ортасы) орта тап (60-70 пайыз) болатын қоғам
құрғымыз келеді».