Қазақстандағы және БҚО деструктивті діни ағымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 16:44, реферат

Описание

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билік болмайды, ал – дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескерелік.

Содержание

Кіріспе
І бөлім: Қазақстандагы дін жағдайы
Тәуелсіздік жылдарындағы діни ахуал
2.Мемлекет және дін қатынастары
3.Қазақстандағы ислам мәселелері
ІІ бөлім: Дедуктивті діни ағымдарға қарсы күрес
(соңғы жаңалықтар түрінде)

Работа состоит из  1 файл

реферат.docx

— 35.01 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір  хан атындағы Батыс Қазақстан  аграрлық-техникалық университеті 
 
 

 

Тақырыбы:

Қазақстандағы және БҚО деструктивті діни ағымдар 
 

Орындаған:БМД-11 тобының 

студенті  Жолдасқали.А.Қ.

Тексерген:  Галиева Ж.С. 
 
 
 
 
 
 

Орал-2011 

Мазмұны:

Кіріспе

І бөлім: Қазақстандагы дін жағдайы

  1. Тәуелсіздік жылдарындағы діни ахуал

2.Мемлекет және  дін қатынастары

3.Қазақстандағы ислам мәселелері 

ІІ бөлім: Дедуктивті діни ағымдарға қарсы күрес

              (соңғы жаңалықтар түрінде) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып  табылатын халқымыздың рухани өмірі  мен діни көзқарастары да бір жағынан  толығып, ал енді бір жағынан әралуан  бағыттар бойынша дамып, бүгінгі  көптеген этникалық топтар мен түрлі  діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан  қоғамы қалыптасты. Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билік болмайды, ал – дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы  мен діннің тұтастығы және мемлекеттің  тұтастығы арасында тікелей тәуелді  байланыс бар екенін ескерелік. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден  құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің  ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін  қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш  болып табылатын халықты ұйымдастыру  құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері  өте анық көрініс берді.

Мемлекет –  дін қатынастарының күрделілігі  мен маңыздылығын түсіну үшін алдымен  еліміздегі діни ахуалға шолу жасайық:

1. Тәуелсіздік  жылдарындағы діни ахуал

Елімізде негізінен  басты екі дін бар десек  болады. Олар – ислам және христиандық. Ислам дінін ұстанушылар халық  санының шамамен 67-70 пайызын құрайтын 24 этникалық топ. Республика халқының 58 пайызы қазақтар және оларға қоса ойғыр, татар, өзбек, түрік, курд, дүнген, шешен, әзірбайжан, башқұрт, ингуш, балкар қатарлы  бауырлас халықтар түгелдей ислам дінін  және оның ішіндегі сүнни (суннит) жолын  ұстанады. Тек, әзірбайжан және курд халықтарының бір бөлігі мен шағын ирандық  топ ғана шиға (шиит) жолын ұстанады. Бүгінге дейін көп білінбейтін  шиғалар, әсіресе, IV Кәрім Ага Ханның (1936- ) елімізге жасаған сапарлары  және «Халықаралық тау университетінің» Қазақстан бөлімшесінің ашылуы арқасында  соңғы жылдары елімізде үгіт-насихаттарын күшейте түсуде. 2004 жылдың басындағы  деректерге қарағанда елімізде 1648 мұсылман діни бірлестігі уә 1534 мешіт жұмыс  істейді. Осы арада ислам дінінің  Қазақстанның негізгі діні екенін және халқымыздың тарихында үйлестіруші, ұйымдастырушы һәм біріктіруші  күш ретінде ең маңызды орын алғанын  атап айтуымыз керек...

Қазақстандағы екінші орынды дін христиандықтың бүгінгі  ахуалы исламмен салыстырғанда тым  күрделі. Біздегі христиандық (мәсіхшілдік) алуан түрлі конфессиялар мен  секталардан құралған және бір діни орталыққа бағынбайтын бытыраңқы  көрініс береді. Христиандардың басым  көпшілігі славяндық православие  бағытында. 1956 жылы республика көлемінде 55 православие жамағаты (приход) болса, бүгінгі күні 240 діни бірлестік уә 8 монастыр жұмыс істейді. Қазақстандағы  православие шіркеуінің тікелей  Мәскеу Патриархтығына және Қасиетті Синодына бағынатын митрополиттік деңгейіндегі бөлім екенін ескерелік...

Христиандықтың  еліміздегі екінші тармағы католицизмді ұстанатын шағын топ. Олардың  өзі екі топқа бөлінеді: Рим  католик шіркеуі және Грек католик  шіркеуі. Бұл екі шіркеу негізінен  Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында  белсенді жұмыс істеуде. Республика көлеміндегі католик жамағаттардың  саны 38, діни бірлестіктер 80 мөлшерінде. Шетелдердегі католик шіркеулері, әсіресе  Ватикан және АҚШ-та орналасқан католик  ұйымдары Қазақстанда миссионерлік іс-әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні елімізде материалдық қамсыздандырылған 150 шетелдік католик миссионердің (ресми тіркелгендері  ғана – М.Б.) тоқтаусыз үгіт-насихат  жұмыстарымен шұғылданып жатқанын айтсақ жеткілікті. Сонымен қатар католиктердің  Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларында  діни оқу орындары мен басылымдары  бар екенін айта кетелік.

Христиандардың  саны аз болғанымен ең көп тармаққа бөлінген тобы – протестанттар. Қазақстандағы  ең басты протестант шіркеулері Евангелиялық христиан-баптистер, жетінші күннің Адвентистері және Лютерандар. Еліміздегі баптистердің саны 10-15 мың адам, дегенмен олардың жамағаттарының саны 300 мөлшерінде. Кейбір баптист топтардың ресми  органдарда тіркелуден бас тартып келе жатқанын да ескерген жөн. Лютерандардың  орталығы Астана қаласында орналасқан, 70-тей діни жамағаттары бар, негізінен  немістер арасында көп таралған. Адвентистердің де орталығы Астана қаласында. Осы аталған  протестант мәзһәбтары (конфессиялары) елімізде тек өткен ғасырда ғана пайда болғаны, Кеңес билігі кезінде (1917-1991) қоныс аударған келімсектер  арқылы елімізге келгені белгілі. Жаңа елордамыз Астананың діни орталық  ретінде таңдалуы осы шіркеулердің орталық және солтүстік аймақтарда етене жұмыс істеуіне мүмкіндік  беруде.

Протестанттықтың  жаңа формалары, әсіресе, тәуелсіздік  жылдарында елімізде өте белсенді миссионерлік іс-қимылдарды жүзеге асырып, бір сыпыра азаматтарымызды өз қатарына тарта  білді. Олар негізінен АҚШ-та орналасқан протестант миссионер ұйымдары. Елуліктер, Методистер (Біріккен Методист шіркеуі  – АҚШ, Флорида уилаяты), Мун сектасы (Оңтүстік Корея), Меннондар, Пресвитериандар (АҚШ), Жаңа апостолдар шіркеуі (АҚШ), Әлемдік  Қырман Шіркеуі (АҚШ, Колорадо уилаяты), Қожайындар шіркеуі (АҚШ, Флорида уилаяты), Агапе, Жаңа өмір шіркеуі, Ізгі хабар, Иеһоуа куәгерлері (АҚШ) т.т. Елімізде протестанттықтың 20 шақты сектасы және мыңнан астам  діни бірлестіктері мен қоғамдарының қызмет етіп жатқаны біраз нәрсені  аңғартса керек. Күн сайын шетелдердегі протестант шіркеулерінің жаңа тармақтары елімізге миссионерлерін жөнелтуде. Олардың  ең басты мақсаты – Қазақстанды  інжілдендіру (евангелизация) және қазақ  халқын түгелдей өз нанымдарына инандыру болып табылады. Осы арада АҚШ-тағы діни фундаментализмнің негізін қалаған протестант шіркеулері екенін есте сақтаған жөн...

Қазақстанда мұсылмандар  мен христиандар жалпы халықтың шамамен 97 пайызын құрайды. Бұларға  қоса елімізде көптәңірлі (политеистік) және атеистік бағыттағы нанымдарды ұстанатын шағын топтармен қатар  біртәңірлі (монотеист) йаһұдилік (иудаизм) дінінің уәкілдері де бар. Әсіресе, йаһұдилер (еврейлер) мен олардың  діни бірлестіктерінің саны тәуелсіздік  жылдарында шектен тыс артқан. Тәуелсіздікке  дейін бірде бір діни ұйымы  болмаған йаһұдилердің бүгінгі күні 25 діни бірлестігі және барлық облыс  орталықтарында дерліктей синагогалары жұмыс істеп жатыр. Орталық Азия бойынша ең үлкен синагога жуырда Астана қаласында ашылған. Израил, АҚШ  және өзге елдердегі бас раввиндер  елімізге жиі келіп, ресми адамдар, кәсіпкерлер және жамағат уәкілдерімен кездесулер өткізуде. Қазақстан йаһұдилері құрылтайы «Шалом» деп аталатын газет шығарады. Йаһұдилердің елімізде санының артуы және діни іс-шараларының  бұдан да дамуы күтілуде...

Соңғы жылдары  елімізде үгіт-насихат жұмыстарын күшейткен  дәстүрлі емес діни ағымдар қатарынан  «Сайнтология шіркеуі», Бахаизм, Қадияния (Ахмадия), Кришна қоғамы, Сатанизм, Виссарионство  шіркеуі сияқтыларды атауға болады. 
 

 

 

Жалпы діни бірлестіктердің  соңғы 15 жылдағы көбеюін мына кестеден көруге болады: 

ДІН НЕМЕСЕ КОНФЕС-

СИЯ 

Ис-

лам

Православие Баптистер 7. күн Адвентистері Лютерандар Иеһоуа куәгерлері Елуліктер Рим католик  шіркеуі Дәстүрлі еместер Иудаизм БАРЛЫҒЫ
1989 46 62 168 3 171 27 42 42 81 - 642
1993 296 131 162 36 152 33 36 66 92 - 1004
1995 483 165 130 34 117 27 19 66 91 - 1132
1996 679 185 140 41 110 45 18 73 96 - 1387
1997 826 196 141 45 81 52 19 79 108 - 1547
1998 1000 220 242 64 84 97 37 77 110 1 1932
2003 1648 230 300 70 90 106 40 77 166 23 2750

 

2. Мемлекет және  дін қатынастары

Қазақстан Республикасы Ата Заңында көрсетілгендей зайырлы  мемлекет болғандықтан, тәуелсіздіктен кейінгі жылдары мемлекет органдарының діни ұйымдардың жұмыстарына бақылау  функциясынан тыс тікелей араласпағаны белгілі. АҚШ мемлекет басқармасының  «Демократия, адам құқықтары және еңбек  бюросы» жариялаған «Қазақстан –  халықаралық діни бостандық есебі» (2002 ж.) де осыны растайды. Алайда, жоғарыда айтқанымыздай, дін мемлекетті қалыптастыратын  негізгі әлеуметтік институттардың бастыларынан және азаматтық қатынастарда маңызды рөл атқаратындықтан  мемлекет ұйымдары мен құрылымдарының ішінде дін саласымен жұмыс істейтін мекемелер уә органдар болуы заңды. Осы орайда ҚР Үкіметі қарамағында  діни бірлестіктермен байланыстар  жөніндегі Кеңес құрылған. Кеңестің облыстар мен Астана уә Алматы қалаларындағы  бөлімшелері тікелей діни бірлестіктер және жамағаттармен, сонымен қатар  әкімдіктер, Әділет министрлігінің тіркеу қызметі, Ішкі істер министрлігіне  қарасты мекемелер, Ұлттық қауіпсіздік  комитеті, Мәдениет министрлігі сияқты құзырлы мекемелермен етене байланыс жасайды.

Конституциямыз  бойынша орталығы шетелдерде орналасқан діни ұйымдардың Қазақстандағы басшыларының тағайындалуы «тиісті мемлекет мекемелерімен  үйлестіре отырып» жүзеге асырылуы керек. Бұл жерде де сәл ойлануға тура келетін жәйттер бар секілді. Жоғарыда көрсетілген көптеген діни ұйымдар мен миссионерлер және экстремистік бағыттағы зиянды ағымдардың шектен тыс қажыр-қайрат жасауы салдарынан бүгінгі күні еліміздегі діни ахуал  аса күрделі қалыпта десек  болады. Ал, осы күрделі ахуал  ертеңгі күні қандай болмақ? Тиісті шаралар бүгін қолданылмаса, бірнеше  жылдан кейін діндер арасы қатынастар қандай кейіпте болмақ? Осындай мәселелерді  ойлаған сәтте шетелдік ұйымдардың еліміздегі жүз мыңдаған яки миллиондаған азаматтарымыздың рухани тізгінін қолда  ұстауы бір жағынан «ішкі істерге  қол сұғушылық» болса, ал екінші жағынан  әлеуметтік балансты теңселтетін нәтижелерді  алып келетін қауіпті күш болуы  мүмкін. Бұған қоса айтпағымыз, болашақтағы  президент және парламент сайлаулары кезінде (құдды АҚШ-тағы сияқты) шетелдік діни ұйымдар біздегі жамағаттары  арқылы Қазақстандағы белгілі бір  тұлғаны яки саяси партияны немесе топты қолдауы, сол арқылы мемлекет билігіне ие болуы да әбден ықтимал...

1992 жылы қабылданған  «Діни сенім бостандығы және  діни бірлестіктер» туралы заң  бойынша азаматтар діни бірлестіктер  құра отырып, ұйымдаса алады. Діни  бірлестіктерді Әділет министрлігінде  тіркеудің өзіндік шарттары бар.  Бұл шарттар орындалғанда ғана  бірлестіктер тіркеледі және  қызмет атқара алады. 30.01.2001 ж.  қабылданған ҚР «Әкімшілік заң  бұзушылықтар жөніндегі Кодексі»  ҚР соттарына белгілі тәртіп  бойынша тіркелмеген діни бірлестіктердің  жұмысын тоқтатуға немесе айыппұл  салуға құқық берген. 2001 жылғы  ақпан айынан бастап Республикамыздың  кейбір аймақтарында аталмыш заң бұзушылықтар орын алып, ҚР соттары тиісті шараларды қолданған. Мәселен, Қызыл-Орда қалалық соты 14.03.2001 ж. шешімімен белгілі тәртіппен тіркеуден өтпеген «Иеһоуа куәгерлері» жамағатының жұмысын тоқтатқан. Сол сияқты, Атырау облысы Құлсары аудандық соты 02.05.2001 ж. «Иман» баптист шіркеуінің жұмысын тіркелгенге дейін тоқтату жөнінде үкім шығарған. Құлсарыда Тараз Сомаляк есімді «Пентекосталь» шіркеуінің (фундаменталист бағыттағы протестант сектасы – М.Б.) қызметкерінің ресми тіркеуден өткенге дейін үгіт-насихат жасауына тыйым салынған. Осы орайда айта кететін бір маңызды жәйт – жоғарыда келтірілген Қызыл-Орда қаласындағы «Иеһоуа куәгерлері» жамағатының басшылары Гүлжахан Жарықова және Бақыт Алтаев есімді Қазақстан азаматтары екені және оларға сот тарапынан 7,750 теңге айыппұл салынғандығы. Құлсарыдағы «Иман» шіркеуінің ұйымдастырушылары да Құрманғазы Әбдімұратов және Асхат Әлімжанов есімді қазақ азаматтары екені назар аудартады. Нағыз қазақи ортада миссионерлік жасап, шетелдің діни сенімдерін елімізде таратып жатқан ұйымдардың қандай дәрежеге жеткені және қандай аймақтарды мекен еткені біраз нәрседен хабар бергендей...

Бұлар сияқты елімізде ислам атын жамылып, әртүрлі негізсіз һәм зиянды үгіт-насихат жүргізіп жатқан діни ағымдар да баршылық. Бұлардың ішінде баспасөз бетінде жиі аталатыны  және қоғамдық тыныштыққа нұқсан тигізушісі «Хизб-ұт Тахрир» ұйымы. Құран Кәрімде  «халифат құру» туралы ешқандай мәлімет  келтірілмегеніне қарамастан, бұл ұйым Орталық Азиядағы елдердің орнына «халифалық»  мемлекет орнатқысы келеді. Құран  Кәрімде баяндалған шынайы исламның насихатталу деңгейінің төмендігін және сауатты мамандар мен дінтанушылардың  аздығын пайдаланған осындай  ұйымдар, әсіресе, еліміздің оңтүстік аймақтарында біршама жастарымызды қатарына қосып та кетті. Қырғызстан, Өзбекістан, Тәжікстан және ҚХР елдерінде  белсенді әрекет жасап жатқан осындай  ұйымдар мұсылман мемлекеттерінің  тұрақтылығына зиян тигізумен қатар, ислам дінінің имиджін бұзу және мұсылман жастарды дінде орны жоқ  нәрселерге үйрету арқылы екі есе  үлкен зиян тигізіп отыр. Орталық  Азиядағы бауырлас республикалардың мемлекет институттары нығайған сайын және әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейі жоғарылаған сайын  осындай зиянды ұйымдардың ықпалы азаймақ. Дегенмен, азаматтарымызға ненің  орны исламда бар, ал не нәрсенің орны жоқ екенін дұрыстап үйретпейінше қауіптің алдын алдық деуге сірә болмас. Сонымен қатар әлгіндей ұйымдардың аталуындағы «ислам», «Аллаһ» сөздеріне  мән беруден гөрі, олардың іс-әрекеттерінің  исламға қаншалықты сәйкес екеніне  көңіл бөлген жөн. Кейбір Батыс елдерінің  ислам дінін бұрмалау мақсатымен ислам атын жамылған ұйымдарды құрғызғаны және оларды жан-жақты қамсыздандырып тұратыны белгілі. Олар кейде «Хизб-ұт Тахрир» сияқты саяси кескінде болса, кейде ардақты ата-бабаларымыздың есімдерін өз меншігіне айналдырып, халықты нағыз ата-бабаның бұрынғы  жолына шақырғансымақ болып жүрген суфи тариқаты формасында да болуы  мүмкін.

Еліміздегі мемлекет және дін қатынастары турасында  айта кететін өкінішті бір мәселе – ешбір діни мейрамның мемлекет дәрежелі мейрам ретінде бекітілмегені. Мұсылмандардың «Құрбан айт» және «Ораза айт» мерекелеріне Қазақстанмен көршілес елдердің барлығында да ресми демалыс  берілгеніне қарамастан, бізде әлі  сең жібитін емес сияқты. Жуырда сайланған Мәжіліс депутаттары  осы мәселені алғашқы кезекте  қарап, азаматтарымызды қатты алаңдатып  отырған үшбу көкейтесті мәселеге дұрыс  шешім тапса игі еді. Өткен  шақырылымдағы кейбір Мәжіліс депутаттары, ішінде өзіміздің қазақ азаматтарымыз  да бар, діни мерекелерге ресми демалыс  беру туралы заң жобасы түскенде «біз атеиспіз» деп шыға келгені әлі  есімізде. Мұндағы мәселе депутаттың діни сенімінде емес, оған дауыс  берген мыңдаған сайлаушылардың діни сенімінде екені әлгі азаматтарды  аса мазаламаған сияқты. Біз алуан  этникалық және діни топтардан құралған Малайзия мемлекетінің тәжірибесін  дұрыс пайдаланып, ең болмағанда Құрбан айтқа үш күн, ал Ораза айтқа бір  күн, сондай-ақ, православие шіркеуінің Рождество мерекесіне бір күн  ресми демалыс берсек, бұдан тек  елімізге, мемлекетімізге пайда болатыны анық. Ай-күннің аманында «халықаралық ұйымдар сынайды» деп, байбалам салатындар осы мәселеге келгенде неге жақ ашпайды, деп сұрағым келеді.

Информация о работе Қазақстандағы және БҚО деструктивті діни ағымдар