Қазақстандағы және БҚО деструктивті діни ағымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 16:44, реферат

Описание

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билік болмайды, ал – дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескерелік.

Содержание

Кіріспе
І бөлім: Қазақстандагы дін жағдайы
Тәуелсіздік жылдарындағы діни ахуал
2.Мемлекет және дін қатынастары
3.Қазақстандағы ислам мәселелері
ІІ бөлім: Дедуктивті діни ағымдарға қарсы күрес
(соңғы жаңалықтар түрінде)

Работа состоит из  1 файл

реферат.docx

— 35.01 Кб (Скачать документ)

Мемлекет-дін  қатынастарының өзекті бір мәселесі азаматтардың дін саласында білім  алу, оқу құқығын пайдалануы. Еліміздегі «Білім» туралы заңда бұл мәселе толық шешімін тапқан емес. Бүгінгі  күні Қазақстанда 8 діни жоғары оқу  орны, 6 орта дәрежелі діни оқу орны мен 3 жалпы білім беру мекемесі жұмыс  істеуде. Жоғары оқу орындарынан  екеуі мұсылмандардікі. Олар «Нұр-Мұбарак  Мысыр ислам мәдениеті университеті»  және ҚМДБ қарамағындағы «Имамдардың  біліктілігін жетілдіру институты». Бұған қоса 1 католик, 1 лютеран және 4 протестант оқу орны бар. Енді осы  діндер мен мәзһәбтарды (конфессияларды) ұстанатын адамдардың жалпы санына шағатын болсақ, сан жағынан ең аз болып табылатын протестанттардың еншісіне ең көп жоғары оқу орны, ал мұсылмандарға болса ең аз оқу  орны түсетіні байқалады. Қайталап айтқанда, протестантизм бағытындағы діни бірлестіктер мен діни оқу орындарының  саны бәрінен жоғары... 
 
 
 
 
 
 

3. Қазақстандағы  ислам мәселелері

Қазақстан мұсылмандарының  діни істерін ұйымдастырып, діни бірлестіктер, мешіттер және шетелдердегі мұсылман ұйымдарымен халықаралық қатынастарды реттейтін дербес мекеме «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігі деген атпен 1990 жылы құрылды. Оған дейін «қазият» деңгейіндегі діни мекеме ретінде қызмет атқарған бұл  ұйым бүгінгі күні еліміз мұсылмандарының  ең басты ислами ұйымы. 2000 жылғы маусым айындағы құрылтайда ҚМДБ төрағалығына білікті ғалым, арабист және дипломат, профессор Әбсаттар Дербісәлі (1947- ) сайланды. Өткен 3-4 жыл көлемінде  тоқырап қалған кейбір мәселелер  оң шешімін тапты. Мысалы, Алматыдағы орталық мешіттің ашылуы, әл-Фараби даңғылы бойындағы университеттің ашылуы, діни басылымдардың сан және сапа жағынан бір шама жоғары сатыға көтерілуі, облыс орталықтары мен  Астана қаласында жаңа мешіттердің  салынуы т.т.

Алдымыздағы уақытта  мынадай мәселелер оң шешімін  тапса еліміздегі мұсылманшылықтың жүйеленуі уә тұтастануы жағынан  үлкен жетістіктерге жетер едік:

Біріншіден: Ең маңызды проблема еліміздегі мұсылмандардың белгілі бір жүйе бойынша ұйымдаспағанында және ислами үгіт-насихаттың дініміздің негізгі бұлағына, яғни Құран Кәрімге  толыққанды сәйкестік қағидасы бойынша  жүзеге асырылмауында. Әсіресе, өзге мұсылман мемлекеттерінде орталықтары орналасқан суфизм бағытындағы эзотерикалық тариқаттар уә діни ұйымдардың, қайырымдылық қорларының белсенді қамданыста екенін айтуымыз шарт. Бұлардың үгіттері исламның бірегей  қасиетті кітабы Құран Кәрімнің үкімдерімен  көп жағдайларда қабыспайды және дінге кейіннен қосылған әр түрлі  негізсіз ырымдар мен нахақ нанымдарды (бидғаттар мен хұрафаларды) қамтиды. Бір ұйымның ақ дегенін екінші бір ұйым қаралап жатқан жағдайлар  жиі кезігеді. Сонымен қатар, діни топтар мен жамағаттардың арасындағы келіспеушіліктер қоғамдық тәртіп пен  халқымыздың береке-бірлігіне нұқсан тигізуі әбден мүмкін. Дінге енді бет бұрайын деп жатқан кейбір азаматтарымыз да осындай күрделі  жағдайды көріп, діннен жеріп кететіні, тіпті, басқа діндерді қабылдайтыны да шындық...

Екіншіден: Ислам  ғылымдарын оқыту және ғылыми зерттеулерді белгілі бір жүйеге салу мәселесі де жөнді шешімін тапқан жоқ. Бұл  сала мамандары мен исламтанушылардың, діни кадрлардың жетіспеуінің басты  себебі. Шындығында оқу жүйесі мен  кадрлар біріне бірі тәуелді екі  мәселе. 2000 жылғы қыркүйек айында ҚР Сыртқы істер министрлігі мұсылман елдеріндегі діни оқу орындарында  оқып жатқан студенттердің елімізге қайта шақырылатыны туралы хабарлады. Түркия, Иран, Пәкістан қатарлы елдердегі  талабаларымыз елге оралып, мұндағы  университеттерге, атап айтқанда жаңадан  бой көтеріп келе жатқан «дінтану»  бөлімдеріне түсті. Оқу базасы және оқытушы кадрлар мәселесі толық шешілмеген осы бөлімдерді бітірген студенттер нағыз дінтанушы яки исламтанушы болды деп айту қыйын. Қазір де шетелдерде студенттеріміз оқып жатыр. ҚМДБ тарапынан Мысыр және Түркияға жіберілген бір сыпыра жастарымыз білім алуда. Алғашқы түлектер елге оралып, мешіттер мен жоғары оқу орындарында қызметке кірісіп те кетті. Ендігі мәселе, шын мәнінде дін ғылымдарын жете меңгерген, көкірегі һәм көзі ашық, осы заманғы ғылыми жетістіктерден хабардар һәм заманауи талаптарға сәйкес кадрларды дайындау.

Үшіншіден: Жоғарыда келтірілген бірінші және екінші проблеманың оң шешімін табуы  мұсылмандардың Құран Кәрімді дұрыс  түсінуіне тікелей байланысты. Құранды  дұрыс түсінбейінше исламды түсіну мүмкін емес десек артық айтқандық  болмас. Құранды лайығыншы түсіну екі жолмен ғана болады: 1-арабшаны меңгеру 2-Құранның мағынасын дұрыс жеткізетін сапалы тәржімесін жасау. Азаматтардың барлығын арабшаға үйрету мүмкін емес, сондықтан, қолымыздан келетіні қасиетті кітабымыздың бүгінгі ғылымдар негізінде, адамзаттың өркениет деңгейін есепке ала отырып және шынайы ғылыми жетістіктер  бойынша ислам тарихына қайтадан талдау жасай отырып аудармасын жасау. Өкінішке қарай, бүгінге дейінгі  жасалған тәржімелер дәстүрлі тәфсірлер  мен аудармалардың әсерінен аса  алған жоқ және Құранымызды бүгінгі  ұрпақтарға түсіндіру ісінде жетіспеушіліктері  мол. Меніңше, ҚМДБ-ның алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі осы  мәселені шешу болуы керек. Құранның жаңа аудармасы йаһұди және христиандардың, сондай-ақ суфилердің аңыздары (исраилият) мен хиял-ғажайып уақиғалардан, бос  сенімдер мен ғылымға қайшы келетін  тұжырымдардан ада болуы керек. Мүмкін осы аударма жұмысын жасау  үшін арнайы комиссия құрылар...

Төртіншіден: біз  бір ащщы шындықты мойындауымыз қажет. Ол тәуелсіздікті алған жылдары  елімізде дін мәселесін жете меңгерген  мамандардың болмағандығы және мемлекет билігінің жоғары сатысында жүрген азаматтарымыздың осы мәселенің  маңыздылығын жете бағаламағандығы. Хош, бүгінгі халіміз қалай деп  сұрағым келеді. АҚШ, Израил және Еуропа елдеріндегі депутаттар мен жоғары лауазымды тұлғалар өз діндерін терең  зерттеген адамдар және олардың  басым көпшілігі миссионер ұйымдарының  яки діни басылымдардың қақморшысы, құрылтайшысы немесе мүшесі. Біздегі  бір жағынан алғанда табиғи (өйткені  ұзақ жылдар бойы атеист түзім тәрбиелеген  ұрпақтар) кемшілік салдарынан дінімізді  лайықты деңгейде және формада насихаттау жұмыстары іске асырылмады, құқық  тұрғысынан алғанда заңдардың өз ішінде және заң мен өмір арасында келіспеушіліктер пайда болды. Сондықтан, тағы бір маңызды проблема діни қатынастарды реттейтін заңдарды қайтадан қарап, қажетті орындарын өзгертіп яки  толықтырып, мемлекет пен ұлт мүддесін ескере отырып қайыра қабылдауымыз керек.

Бесіншіден: Қазақстан  мұсылмандар діни басқармасының  құқықтық және әкімшілік мәртебесін нығайтуымыз керек. Ұлтты құрайтын ең басты құндылықтың бірі дін  екенін жоғарыда атап кеттік. Дін институтының мемлекеттің қалыптасуындағы және өмірдің өзге де салаларындағы маңыздылығын баяндадық. Демек, осындай маңызды  салаға мемлекет бейғам қарай алмайды. Біз Конституциямызда көрсетілген  зайырлылық қағидасын қатаң сақтай отырып, халықаралық тәжірибелерді  зерттеу арқылы мүмкін Қазақстанға  тән жаңа бір әдіс табуымыз керек. Бүгінгі заңдар шеңберінде ҚМДБ және оның қарамағындағы діни бірлестіктердің  құқықтық мәртебелері бірдей. ҚМДБ-ның  діни әдебиеттерді құрастыруы, бекітуі  және бастыруы, діни оқу орындарын  ұйымдастыруы, ел көлемінде біркелкі діни үгіт-насихат жасалуын қамсыздандыруы, халықаралық қатынастарға шығуы  және Республикадағы атқарушы, заң  шығарушы және сот билігімен қатынастары  жаңа заңнамалар уә құрылымдық өзгерістер бойынша дұрыс жолға салынуы  керек. Осы мәселені шешкен кезде  ҚМДБ-ын қаржыландыру және басқару  тетіктерін де жетілдіруіміз шарт.

Алтыншыдан: Маңызды  проблеманың бірі еліміздегі миссионерлік әрекеттерді қатаң бақылау және әсіресе мұсылмандардың басқа діндерге кетуінің алдын алу мәселесі. 2001 жылы талқыға түскен жаңа заңның Үкімет тарапынан қайтарылып алынғандығы  естеріңізде болса керек. Содан  бері жаңа заң қабылданған жоқ. Кейбір деректерде 100 мың, ал енді кейбір газет  хабарламаларында 500 мыңға жуық қазақтар басқа діндерді қабылдаған делінеді. Бүгінге дейін дінге бөлінбеген халқымыздың енді азаттыққа қол  деткен шақта алуан түрлі діндерге бөлінуі болашақта аса маңызды  проблемаларға апарып соқтыруы, тіпті  мемлекетіміздің іргесін шайқалтуы  әбден мүмкін. Елімізде христиандықты  таратушы ұйымдар мен өзге де миссионерлердің  жарғылық құжаттарында бірінші кезекте  қазақ халқын шоқындыру мәселесінің  алға тартылуы кездейсоқ емес. Егер мүмкін болса, еліміздегі өтпелі кезең  белгілі бір дәрежеге көтеріліп, саяси-экономикалық ахуал тұрақтанып, азаматтарымыз алдымен өздерінің  дәстүрлі діндерін жете зерттеп, түсініп  алғанға дейін миссионерлік әрекеттерге  тоқтау салуымыз қажет... 
 
 
 
 
 
 

Дедуктивті  діни ағымдарға қарсы  күрес

Жаңалықтар:

1.М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Деструктивтік діни ағымдардың қызметінен жапа шеккендерге көмек көрсету тәжірибелерімен алмасу» тақырыбында аймақтық семинар-кеңес өткізіліп, оған Атырау, Ақтөбе облыстарынан өкілдер қатысты.

Тұрғындар, әсіресе, жастар арасында діни экстремизмнен  келетін қауіптің алдын алу, түрлі  жат ағымдардың қызметінен жапа шеккендерге  психологиялық және заңдық тұрғыда  көмек көрсету шараларын ұйымдастыру, осы мақсатта облыстарда құрылған орталықтармен  тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген жиын барысында М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұяқбай Рысбеков, «Жайық»  деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы»  қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләззат Шағатай, БҚО ішкі саясат басқармасы үкіметтік емес ұйымдар және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің  бастығы Жамал Иқсанова және басқалар өз ойларымен бөлісті. Ислам дінін бұрмалаушылар мен әртүрлі жат ағымдардың ықпалында кетушілердің басым көпшілігі  18-29 жас аралығындағы жастар екені атап өтілді.

Мемлекеттік рәміздерді мойындамайтын, еліміздің әнұраны айтылғанда орнынан тұрмайтын, өз мүдделерін мемлекеттен жоғары қоятын секталар мен исламдағы теріс ағымды ауыздықтау үшін  дәстүрлі дініміздің   беделін жоғары көтеру керектігі, құқық қорғау органдары арқылы теріс ағымдарды құрықтауды басты бағытқа алу, интернет желісінде дәстүрлі дінді насихаттауды қолға алу туралы құнды пікірлер айтылды.

Кеңеске  қатысушылар дәстүрлі ислам дінін білім берудің барлық деңгейіне енгізу, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты сақтау, діни экстремизмнің таралуына жол бермеу мақсатындағы қыруар жұмысты  бірлесе атқаруға келісті.  Осындай шаралар облыс аудандарында да ұйымдастырылуда.

2.ҚР Парламентінің Сенаты "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының  заңын қабылдады.

ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шарифтің атап өтуінше, заң жобасының алдына үш негізгі міндет қойылған. Олар: адам құқықтарын қорғау, діни бірлестіктердің қызметін ретке келтіру және оны азаматтық заңнамаға сәйкестендіру, заңнамадағы кемшін тұстарды толықтыру. «Заң жобасында Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер мен жиналыстар қажеттілік туындаған жағдайда ғибадат үйлерінде және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктердің мекемелерінде, зираттарда, қоғамдық тамақтану орындарында, тұрғын үйлерде ешбір кедергісіз жүргізіледі деп айқын көрсетілді»,-деді Агенттік төрағасы.

Информация о работе Қазақстандағы және БҚО деструктивті діни ағымдар