Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 10:34, реферат
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Девианттық мінез-құлық және оның түрлері
б) Девиацияны биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру
в) Девианттық мінез-құлық себептерін теориялық тұрғыдан түсіндіру
г) Девианттық мінез-құлықты отандық cоциологтардың зерттеуi
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Девианттық мінез-құлық және оның түрлері
б) Девиацияны биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру
в) Девианттық мінез-құлық себептерін теориялық тұрғыдан түсіндіру
г) Девианттық мінез-құлықты отандық cоциологтардың зерттеуi
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.
1. Девианттық мінез-құлық және оның түрлері
Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.
Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Социология девианттық мінез-құлықты бес түрге бөлiп, олардың әрқайсысын жеке қарастырады.
1. Қылмыс- бұл заңды бұзу болып табылады. Яғни заңда тыйым салынған әрекеттердi жасау. Қылмыстың динамикасына әсер ететiн өте көп факторларды айтуға болады. Мысалы: әлеуметтiк жағдайы, айналысатын iс түрi, бiлiм деңгейi, кедейшiлiк, жұмыссыздық т.б. Қылмыстың өсуiне нарықтық қатнасқа өтудiң әсерi зор. Бұл бәсекелестiк, жұмыссыздық, инфляция сияқты феномендердiң пайда болуымен сипатталады. Қылммыс- адамзаттан айрылмайтын нәрсе, оны жою мүмкiн емес. Сондықтан нақты мiндетке тоқталу қажет- ол қылмыстың темпiн төмендету.
2. Алкоголим- бұл спирттiк iшiмдiктердi шектен тыс пайдалану және содан тәуелдi болып қалу. Жалпы адамзатқа мас қылатын сусындар ертеден белгiлi. Олар өсiмдiктерден жасалып, дiни салттың бiр бөлiгi ретiнде қолданылды және мерекелер iшiмдiкпен атқарылды. Алғашқы күштi iшiмдiк жасау әдiсi 16ғ. пайда болды. Түбегейлi өзгерiстер этил спиртiн өнеркәсiптiк әдiспен алудан соң басталды. Мiне осы жағдай бұхараның жаппай алкоголь тұтынуына мүмкiндiк туғызды және ХҮIII ғ. маскүнемдiк Англияда, Германияда, Венецияда және т.б. Европа елдерiнде кеңiнен етек алды. Ресейде де спирттiк iшiмдiк тұтыну осы уақытта пайда болды. Бұл ХIХ ғ. адамдарды улады, ал ХХ ғ. адамзат өркениетiнiң ең күрделi проблемасына айналды.
Шын мәнiнде алкоголь бiздiң өмiрiмiзге әлеуметтiк салттың бiр элементi болып енiп кеттi. Мысалы: мерекелерде, уақытты өткiзудiң кейбiр әдiстерi және жеке проблеманы шешуде алкогольдi қолдану шартты жағдай болып қалған. Бiрақ осы әлеуметтiк- мәдени дәстүрдiң қоғам үшiн зияны өте көп. Осы алкогольға байланысты бiздiң қоғамымызда көптеген жағдайлар кездесiп отыр.
Статистикалық мәлiметтерге сүйенсек 90% бұзақылық, қыз зорлау т.б. қылмыстардың 40%-ы мас болумен байланысты жасалады екен. Сондай-ақ кiсi өлтiру, жарақаттау, ұрлық, қарақшылық сияқты қылмыстардың 70%-ы сау емес күйде жасалады және барлық салыстырулардың50%-ы маскүнемдiкпен байланысты көрiнедi. Қоғамның алкоголизммен күресу тарихынан екi бағытты аңғаруға болады:
1.Спирттiк iшiмдiктерге қол жеткiзудi қиындату, оны шығармау сатуды қысқарту, бағасын көтеру, тыйымдар мен шектеулердi бұзғаны үшiн жазаны күшейту
2. Алкогольға сұранысты төмендету бағытына күш салу өмiрдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсарту, жалпы мәдениет пен рухани өмiрдi дамыту, алкогольдың зияндылығы туралы пiскен, жетiлген мәлiметтердi қарапайым түрде тарату, халыққа алкогольсыз мiнез-құлық стереотиптерiн қалыптастыру.
Алкоголизм мен маскүнедiк проблемаларын сәттi шешу үшiн экономикалық, әлеуметтiк, мәдени, психологиялық, демографиялық, құқықтық және медициналық аспектiлердi есепке алу қажет.
Маскүнемдiктiң екi түрi бар:
1. Моральға жат.
2. құқыққа қарcы.
3. Нашақорлық- (бұл грек тiлiнде narke-ағытылу және mania-құтырушылық, ақылсыздық дегендi бiлдiредi). Бұл жайлап адам ағзасының физикалық және психологиялық функцияларының терең жүдеуiне алып келетiн есiрткiлiк заттардан физикалық және психологиялық тәуелдiлiкте болатын ауру. Нашақорлық-бұл әлеуметтiк құбылыс ретiнде есiрткiнi қолданудың таралып кету дәрежесiмен немесе соларға ұқсас заттарды медицинаның рұқсатынсыз қолданумен сипатталады. Негiзгi есiрткiнi қолданушы адамдардың жасы 30 жас шамасында болады. 60% нашақорлар 19 жасқа дейiн өмiрiнде бiрiншi рет қолданады екен. Мiне осылайша нашақорлық ең алдымен жастар мәселесi, яғни жастардың бүгiнгi таңдағы ең үлкен проблемасы.
4. Жезөкшелiк- бұл қазiргi қоғамның күрделi проблемаларының бiрi. Бұл қыздардың өз тәнiн саудаға салуы. Жезөкшелiкке қыздардың баруының көптеген әлеуметтiк, экономикалық, мәдени, т.б. себептерi бар. Жезөкшелiктен қоғамға келетiн зиян өте үлкен. Көптеген жұқпалы, қауiптi аурулар осы жезөкшелiкпен айналысатындар тарататыны белгiлi, сондай-ақ осы жолға түскендердiң басым көпшiлiгi жақсы жанұя құра алмайды, дүниеге денiсау бала әкеле алмайды. Бұл жолға түскен қыздар өз қателiктерiн кеш түсiнедi, өкiнедi, бiрақ ештеңе өзгерте алмайды.
5. Суицид- бұл өз өмiрiн қиушылық, яғни өзiн-өзi өлтiру. Өмiрдегi шешiлмейтiн мәселелерден құтылу үшiн өмiрден кетумен Сипатталады. Бұл құбылыс әр дәуiрде, әр мәдениетте өздiгiнше бағаланады. Көп жағдайда суицидтi терiс деп санайды. (Мұсылман дiнiнде де, християн дiнiнде де өзiн-өзi өлтiру үлкен күнә болып саналады). Кейде бұл әрекетке рұқсат берiлген және мiндеттi түрде жасау керек деп санаған. Мысалы, самурайлар арасында. Нақты суицидтiк акттердi бағалауда көп нәрсе мотивтерге, жағдайға, тұлғаның ерекшелiгiне байланысты болады. Өзiн-өзi өлтiру тек басқа түскен проблемадан құтылу үшiн ғана емес, ерлiк жасау жағдайында жасалады. Мысалы, көп адамды немесе балаларды құтқарып қалу үшiн немесе отаны үшiн адам өз өмiрiн өзi қиып ерлiк жасауы мүмкiн. Француз социологы Э. Дюркгейм суицид туралы жазған еңбегiнде өзiн-өзi өлтiру ол адамның iшкi сезiмiне байланысты емес, ол сыртқы ортаға байланысты деп түсiндiрдi.
2. Девиацияны биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
жанұяда берекенің болмауы;
ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
тәрбие берудегі кемшіліктер;
өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары
Үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше қарастыратын болсақ:
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:
ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.
психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;
физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.
2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.
3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;
мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;
әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;