Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 10:34, реферат
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Девианттық мінез-құлық және оның түрлері
б) Девиацияны биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру
в) Девианттық мінез-құлық себептерін теориялық тұрғыдан түсіндіру
г) Девианттық мінез-құлықты отандық cоциологтардың зерттеуi
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.
Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:
1. дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;
2. тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;
3. асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.
4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.
5. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:
балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;
Девианттық мінез-құлық себептерін теориялық тұрғыдан түсіндіру
ХIХ -ғасырдың соңында ХХ- ғасырдың басында керiтартпа ғадеттiң биологиялық және психологиялық себептерiн түсiндiретiн трактаттар шыға бастады. Италияндық дәрiгер Чезаре Ломброзо қылмыстық әрекетпен адамның биологиялық ерекшелiктерi тiкелей байланысты деп есептедi. Ол адамның түрiне, дене бiтiмiне қарап оның қылмыскер екенiн бiлуге болады деп айтты. Ол “криминалдық кейiп” бұл адамзат эволюциясының ерте кезiнде керi кетушiлiгiнiң нәтижесi деген және оны мынадай мiнездемелiк белгiлермен бiлуге болады: сирек сақал және ауырған жердi сезбеу.
Ч. Ломброзоның көптеген iзбасарлары болды, оларда керiтартпа ғадеттi адамдардың белгiлi бiр физикалық белгiлерiмен байланыстырады. Американдық психолог және дәрiгер Уильям Х. Шелдн адамның дене бiтiмiнiң маңыздылығын атап көрсеттi. Ол адамның дене бiтiмi тұлғалық белгiлерiне қатысы бар деп айтқан. Керiтартпа ғадеттi социологиялық тұрғыдан ең алғаш болып Э. Дюргейм түсiндiрдi. Ол әлеуметтiк және мәдени факторлардың мәнiн ашатын “аномия” теориясын ұсынды. Э. Дюргейм пiкiрi бойынша керiтартпа ғадеттiң негiзгi себебi бұл аномия. Аномия- бұл реттiлiктiң, заңдылықтың жоқтығы. Мәнi бойынша аномия бұл қоғамның ұйымдаспаған жағдайы, құндылықтар, нормалар, әлеуметтiк байланыстар не жоқ болуы, не тұрақсыз және қарама-қарсы жағдайда болуы.
Р. Мертон Э. Дюркгейм ұсынған аномия теориясына кейбiр өзгерiстердi еңгiздi. Р. Мертон керiтартпа ғадеттiң себебi қоғамның мәдени мақсаттары мен оған қол жеткiзудiң әлеуметтiк қолдау тапқан құралдары арасындағы алшақтықта деп санайды. Оған мынадай мысал келтiредi: Америкада байлыққа, қаржылық жетiстiктерге үлкен құрметпен қарайды, яғни бұл жаппай қолдау тапқан америка мәдениетiне сай американдықтардың мақсаты. Әлеуметтiк қолдау тапқан бұл мақсатқа жетудiң мынадай дәстүрлiк әдiстерi бар: жоғары, жақсы бiлiм алу және сауда немесе заң фирмасына жұмысқа тұру. Ендi нақты қарайтын болсақ, әлеуметтiк қолдау тапқан әдiстерге көпшiлiктiң қолы жетпейдi. Көп адамдардың жақсы бiлiм алу үшiн қаржысы жоқ, ал мықты мекемелер жұмысқа мамандарды шектеулi мөлшерде ғана алады. Мiне осылайша адамдар қаржылық жетiстiкке жетуге ұмтылады, бiрақ әлеуметтiк қолдау тапқан әдiстермен жете алмайтнын түсiнген соң олар заңсыз әдiстер арқылы жетуге ұмтылады. Мысалы, рекеттiк жасау, тонау, наша сату, т.б. Сонымен Р. Мертонның пiкiрiнше адам алдына мақсат қояды, ол мақсатқа жетудiң бiрнеше әдiстерi бар, жақсы жолдары да жаман жолдары да бар. Жақсы жолмен мақсатқа жете алмаған соң жаман жолмен жетуге тырысады.
Девианттық мінез-құлықты отандық
cоциологтардың зерттеуi
Отандық (Ресей) Социологы Я. Гелинский керiтартпа ғадеттiң шығу себебi қоғамда әлеуметтiк теңсiздiктiң болуынан дейдi. Ол әртүрлi әлеуметтiк топтардың өз қажетiлiктерiн қанағаттандыру мүмкiншiлiктерiнiң әртүрлi болуы керiтартпа ғадеттiң қайнар көзi деп санайды. Керiтартпа ғадеттiң жалпы заңдылығы болып керiтартпа ғадеттiң әртүрлi формалары тұрақты байланыстарға қатысты факт қызымет атқарады. Бұл байланыстар тiкелей де (алькоглизм және бұзақылық) керiсiнше де (адам өлтiру және өзiн-өзi өлтiру) болуы мүмкiн. Яғни Гелинcкий пiкiрiнше керiтартпа ғадеттiң бiр формасы екiншi формасының туындауына cебеп болады.
Барлық керiтартпа ғадет түрлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық, демографиялық, мәдени және т.б. факторлардан тәуелдiлiгi бар.
Қорытынды.
Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Кравченко А. И. Ведение в социологию. М., 1995
2. Тощенко А.И. Социология. Москва, 1994
3. Смелзер Н. Социология. М.:Феникс, 1994
4. Әлеуметтану. Оксфорд сөздігі. Алматы: Қазақстан, 2002
5. Нұсқабаев О. Н. Социология. Түркістан, 2000
5