Дін әлеуметтануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 16:28, реферат

Описание

Қазіргі кезде дінге нақты бөліп ден қою етек алып келеді. Социализм қоғамында «дін – апиын» деп түсіндіріліп, барлық іс-әрекет дінді адамзат өркениетінен аластату үшін жасалынған көрінеді.
Бірақ менің рефератымның тақырыбы діннің адам өміріндегі рухани ізгіліктерге әсері жөнінде болып отыр. Демек осы кезеңге дейін адамзат баласы дінді рухани тірек ретінде арқа тұтты деген сөз.
Өркениеттің ең шарықтап көтерілген тұстарында діннің әсері өте мықты болған. Сол замандарда рухани жағынан кемел туындылар туындаған. Соның мысалы ретінде Рафаэльдің, Микеланджелоның туындыларын атауға болады.

Работа состоит из  1 файл

soc_ref_25.doc

— 79.50 Кб (Скачать документ)

 ЖОСПАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі кезде  дінге нақты бөліп ден қою  етек алып келеді. Социализм қоғамында  «дін – апиын» деп түсіндіріліп, барлық іс-әрекет дінді адамзат өркениетінен аластату үшін жасалынған көрінеді.

Бірақ менің  рефератымның тақырыбы діннің адам өміріндегі рухани ізгіліктерге әсері жөнінде болып отыр. Демек осы кезеңге дейін адамзат баласы дінді рухани тірек ретінде арқа тұтты деген сөз.

Өркениеттің ең шарықтап көтерілген тұстарында діннің әсері өте мықты болған. Сол  замандарда рухани жағынан кемел туындылар туындаған. Соның мысалы ретінде Рафаэльдің, Микеланджелоның туындыларын атауға болады.

Тағы бір  айта кететінім: діннің келеңсіз көріністерге жол бергені де анық. Өйткені инквизиция дәуірі сол діннің әсерінен туындаған  да болатын. Сондықтан дінді дәріптеген кезде мұндай көлеңкелі кездердің де болғанын есте ұстағанымыз абзал-ау шамасы.

Дін - әлемдік  өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.

Дінді философиялық-әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз - оны қоғамдық сана мен дүниетанымның нысаны (формасы), діни мәдениет түрінде көрінуі, белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс, діни идеология, діни мораль тұрғысынан қарастыру, дін және саясат мәселелерін зерттеу.

Ғылым дінді  табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды және "діндарлық генінің" болуы ықтимал деген болжам жасайды. Осы мәселелерді зерттеуден діннің биологиялық анықтамасы шығады. Қандай дінді алмасақ та оның негізінде адамның сезім дүниесі жатыр. Мұны психология ғылымы зерттейді. Осыдан діннің психологиялық айқындамасы шығады.

Дін этностардың  оқшаулану факторларының бірі болып  табылады және этнос мәдениетінің қалыптасуында  айтулы роль атқарады. Діннің осы қырын  зерттеуден, оның этнологиялық анықтамалары шығады.

Жоғарыда айтылғандар - дінді ғылыми тұрғыдан танудың тәсілдері. Бірақ, жеке-жеке алғанда дін деген не, ол қалай пайда болды, хақ дін деп қайсысын атаймыз, деген тәрізді сұрақтарға толық жауап бере алмайды. Теология мен философияның өзі көзқарастар қайшылығы болып табылады. Сондықтан дінді әлемдегі құбылыстарды қабылдау мен түсіндірудің, әлемді тану мен меңгерудің өзіндік жолы, жеке адамдардың және қоғамның өмір сүру тәсілінің маңызды құрамдас бөлігі немесе мәдени феномен тұрғысында қарастыру бізді діннің шын табиғатына бір қадам жуықтата түседі.

Дінге байланысты туындаған ғылыми пікірлердің бағыттары

 

Макс Вебер — 1864—1920 жылдар аралығында өмір сүрген неміс ғалымы, талантты социолог. Фрайберг, Гейдельберг және Мюнхен университеттерінің профессоры. Оның басты шығармасы: «Протестант және капитализм рухы», деп аталады. Өзінің осы еңбегінде ол діннің мәні адамдардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне ой элементтерін, парасат енгізу, осылайша олардың емірлеріне биік мақсаттар әкелу екенін айтты. Ол діннің шығу тектерін шаруашылық қажеттіктеріне байланысты қарады. К.Маркс — 1818—1883 жылдарда өмір сүрген, марксизм ілімінің негізін калаушы, аса көрнекті философ және публицист. Оның дін социологиясы саласындағы шығармаларының ішіндегі ең бастысы — «Гегельдің құқық философиясына сын туралы» атты еңбегі. Онда К.Маркс дін адамдардың ауыр әлеуметтік жағдайларына байланысты пайда болды және ол жағдайлар жөнделген кезде дін өзінен-өзі жойылады деп қорытынды жасады. Толкот Парсонс — 1902—1979 жылдарда өмір сүрген, американ социологы, профессор. Оның басты шығармасы: «Социологияның жалпы теориясының мәселелері» деп аталады. Парсонстың негізгі ойы — дін адамдардың мінез-құлықтары нормаларының негізі болып табылады, сондықтан да дінді арнайы социологиялық тұрғыдан зерттеу керек дегені.

Адамның рухани тіршілігіндегі діннің ролі

 

Дін құлшылық жолындағылар мен Құдірет арасындағы бір байланыстың  барлығына деген сенімге негізделеді  және ол сенім белгілі бір діни ілім түрінде тұжырымдалып, тұрмыста діни салттар мен ғұрыптар түрінде  көрініс береді. Ол құрылымдық жағынан діни сана, діни харекет, діни ұйым болып тарайды.

Діни сана құрылымы - діни сенім, діни ілім және діни идеология. Діни сана күнделікті және концептуалды болып екі сатыға ажыратылады. Бірінші сатыға діни түсініктер, дағдылар, қағидалар мен діни дәстүрлер жатады. Концептуалды деңгейде осылардың бәрі белгілі бір ізге түсіріліп, дін ілім сипатына ие болады, оның теориялық негізі жасалады, ақиқаттығы дәлелденеді. Мұнымен теология және діни философия шұғылданады.

Діни сана, әр тарихи кезеңде, түрлі қоғамда әртүрлі дәрежеде қызмет атқарып, көрініп отырды. Негізінен оның үш сатысын атауға болады. Бірінші сатысы - діни сана қоғам санасында жетекші орын алады; діни тұрмыс бүкіл қоғамның әлеуметтік тұрмысының құрамды бөлігі болады; әлеуметтік қатынастарда діни сенімдер міндетті түрде ескеріледі; өкімет билігі діни және азаматтық салалардан тұрады. Бүл үрдіс (процесс) сакрализация деп аталады.

Екіншісі - діни сана қоғамдық санада басымдықпен көрінбейді, одан азаматтық дүниетаным мен мәдениет озық тұрады; діни қызмет барған сайын өзінің негізгі қызмет аясына дейін тарыла береді; қоғамдық қатынастар діни қатынастардан оқшауланады; бірақ, діни тұтастық бұрынғысынша этностық тұтастыққа ұмтылады.

Үшіншісі - діни сана қоғамдық ойға мейлінше аз ықпал жасайды, діни қызмет тек діни ұйымдардың ісі болып қалады, діни ортақтастық этникалық, мемлекеттік тұтастық мәселесімен сәйкестігін жояды, діни және азаматтық өкімет биліктері біржола ажыратылады. Бұл үрдіс секуляризация үрдісі деп аталады.

Дін - рухани мәдениеттің  бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны. Ғылым мәдениеттің, демек діннің де шығуын әртүрлі түсіндіреді. Бізге мәлім, дін бірнеше элементтерден түрады. Солардың бірі - діни ғұрыптар. Кейбір ғалымдар әлемдік мәдениет осы ғұрыптардан бастау алған деген пікірге ден қояды. Екінші біреулер мәдениеттің алғашқы нысаны мифология деген пікірді ұстанып, оған мынадай дәлелдер келтіреді: алғашқы қауымдық құрылыста тұрпайы наным-сенімдер пайда болды, оның белгілі нормалары, тілі мен көркемдік тәсілдері пайда болды; осылардан бастапқы қауымдық синкреттік дүниетаным түрі қалыптасты; адам санасы жетілген сайын мифология трансформацияланып, сана мен рухани мәдениет салалары бөлініп, жеке жетіле бастады: көркемөнер, дін, адамшылық нормалары орнығып; дін пайда болып, әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптаспас бұрын бастапқы қауымдық мифологияның құрамында және сонымен ажырамас қатынаста діни нанымдар дамып жетілді. Міне, осы тезиске сүйене отырып, ғылым дүниетанымның және табиғат пен әлеуметтік дүниені танудың тарихи қалыптасқан алғашқы нысаны мифология болды деген біржақты тұжырымға келеді.

Жануарлар өз биологиясының, дене талабының құлы, соның заңдылықтарынан  шығып кете алмайды, табиғатты соның бір құрамды бөлігі болуымен ғана өзгертеді. Санаға ие болған адам  табиғатты өз білімімен, еңбегімен белсенді түрде өзгертіп, өзі де қоса өзгеріп отырады, табиғи-биологиялық заңдар шеңберінен шығып еркін даму жолына көшеді, тіпті өзінің дене құрылымын да өзгертуге мүмкіндік алады. Санасы берік, рухы күшті адамдар әулиелер деңгейіне дейін көтеріледі, өлімді де қасқая қарсы алып елді тәрбиелеуге ерекше үлес қосады. Бұл олардың өзіндік санасының ерекшелігі.

Өзіндік сана - сананың жетілген дәрежесі. Оның негізгі көрсеткіші - өз ерекшелігіңді түсіну, өзіңді дүниеден, басқа адамдардан бөле қарап, қажеттілік, құштарлық, ұмтылыстарыңды талдап, іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау. Өзіндік сананың тұруының да тарихи кезеңдерін анықтауға болады. Алғашқыда адам жеке өзі емес, кіші қоғамның, рудың мүшесі ретінде қоршаған табиғаттан бөлінеді, тіпті басқа руларға табиғаттың бөлігі деп қарап қарсы тұрады, мүшелерін аң ретінде аулайды (каннибализм). Кейін еңбек қарулары жетіліп жеке семья ретінде өмір сүру  мүмкіндігі туғанда рулық сананың орнына жекелік сана, «біз» - түсінігінің орнына «мен» ұғымы келе бастайды.

Жеке адам өзін-өзі енді көрінген басқа адамға, тіпті туыстарына да қарсы қоя бастайды. Қара күш, соғыс қаруының жетілуі, айлакерлік, алдап-арбау, шағыстыру т.б. қасиеттер дамып қоғамның тұрақтылығына қатер төнеді. Осыны тоқтату қажеттілігінен жақсылық пен жамандықты ажырату, оларды табиғаттан тыс күшке (әр елдің табиғаты әртүрлі, құндылықтары ерекше болғандықтан)  табынып бағыну, яғни алғашқы  жүйелі идеология әлемдік діндер қалыптасады.

Кең ауқымды, жалпы көзқарастық  идеалдық-психикалық модельдер діни ілімдердің жемісі, шынайы толық мәнді руханилық осы кезден пайда болады. Идея, идеал үшін өзіңнің табиғи ұмтылыстарыңды тежеу, өзіңді-өзің тәрбиелеу, өз-өзіңе жауапкершіліктер жүктеу жаңа сапалы адамның тұруына тың жол ашады. Бірақ діннің мазмұнында мифологиялық білім, о дүниедегі ең ауыр тәндік жазамен қорқыту, қара күш қолдану басым. Мұнда саналы ұстанымдардан гөрі басқаларға еліктеу, елдің сөзінен қорқу көп орын алады. Сондықтан нақты ғылымның, соған сүйенген рационалдық философияның жаңа замандағы айрықша дамуы діннің рөлін күрт төмендетті, оның енді қайтып тұруы екіталай. Осы кезден руханилықтың ғылыми негіздемелері жасала бастады.

Руханилықтың  негізгі мәні – саналы түрде қоғамның тұрақтылығын, келісімділік өмірін жетілдіріп, адамның еркіндігі мен  шығармашылығына жағдай туғызуға ат салысу. Ол өз бастауын «қоғам болмаса - адамның да болмайтыдығын» интуитивтік деңгейде бағдарлаған алғашқы қауым адамынан, «өмірді-күрес» дейтін  биология заңына қарсы тұрып, барлық күнәні табиғаттан іздеген, барлық адамдардың теңдігін паш еткен діни ілімдерден алады. Адамның рухани жан ретіндегі бақыты - өз өміріне риза болып өту, табиғаттың берген барлық мүмкіндіктерін өз бойынан ашып оны елі, жері, халқы үшін жұмсау. Шығыс өзінің ұзақ тарихымен адамның руханилығын ту етіп, соны игеруге ұмтылды (медитация, күрес өнерінің ішкі мәні т.б.), материалдық байлық, өткінші тән қызығуларына ұстамдылық көрсету, қанағаттылықты насихаттады. Қазақтың ұлы ойшылы Абайдың «Адам бол!» талабы бұған ақылды, білуді, үйреніп іскер болуды қосады, шығыстың руханилыққа ұтылуын толықтырып, адамның белсенділігін оятады. Бірақ  ол капиталистік жүйеден келген жалаң, арам, қылмысқа толы іскерліктен қашып, руханилық негізді қатаң ұстанғанды жөн санады.

Жетілген сана - өзіндік сана, өз ерекшелігіңді, қайталанбайтыныңды түсіну, ол тек адамға тән, өз-өзіне жауапкершілік жүктеудің басты себебі. Өзіндік сана - адамның танымдық, өнегелік, діни, эстетикалық және саяси салаларда өзінің іс-әрекетін субъект ретінде түсінуі. Басқа сөзбен айтқанда, өзінің адамгершілігін, мақсатын, идеалын және жүріс-тұрысының дәлелін білуі, өзінің басқа біреулермен салыстыру арқылы кім екенін анықтауы. Өзіндік сана әруақытта жеке адамға байланысты. «Өзіндік сана - білім. Менен басқа жерде еркін өмір сүре алмайды», - дейді Гегель. Оның мәні  кісінің сезіну, күйзелу, ойлау ерекшеліктеріне байланысты, өзіндік сананы объектендірудің қиындығы. Ол әр адамның бірегей құндылығын және біртума  тұлға екенін, өзінің «Менін»  табиғаттан және адам әлемінен бөлінуін түсіндіруді талап етеді. Кеңірек алғанда, өзіндік сананың әлеуметтік топтарға,  этносқа, т.б. қатынасы болады. Теориялық ойлау дәрежесінде ол рефлексия (сананың өз-өзіне назар аударып, өзінің псикикалық күйіне ой жүгіртуі) түрін де қабылдайды. Өзіндік сана тілдің дамуына да ерекше байланысты. Адам қабілетінің өсуі, ой-өрісінің шамасы ана тіліне көп тәуелді болады. Өзіндік сана бір жағынан танымдық, екінші жағынан әрекеттік рухани құбылыс, ол философия, социология, этика, психология, этнография, педагогика сияқты бірнеше ғылымдардың басын біріктіретін құбылыс.

Жеке және қоғамдық сана, олардың диалектикалық байланысы  бар. Әр адам саналы. Қоғамдық сана жеке саналардың қосындысы жай шындық емес, сонымен бірге жоғарғы күрделі  жиынтық. Сана - әр адамның жеке басына, біліміне, өмір сүруінің жағдайына, мінезіне, қабілетіне, тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Оған болып жатқан жағдайлар, экономикалық, топтық, саяси, әлеуметтік мәселелерде әсер етеді. Бірақ жеке сананың өрісі қоғамдық санаға қарағанда тар. Қоғамдық сана көпшіліктің рухани құралына айналған ортақ, мазмұны терең сана және қоғамдық болмыстың бейнесі, оның туындысы. Қоғамдық сана - әлеуметтiк ортадағы әрқилы сезiм, көңiл-күй, көркемдiк және дiни бейнелер, идеялар, көзқарастар және теориялар жиынтығы. Қоғамдық сана құрамында өткен ұрпақтың білімі, идеологиялық жетістіктері, мәселелерді талдау әдіс-тәсілдері көп орын алады, соның нәтижесінде қазіргі қоғамдық  болмысты да біз тарихи сабақтастық тұрғысынан суреттеп зерттеуге икемдіміз. Бұл қоғамдық сананың ұлттық сипатының белгісі және жеке адам санасы тәрізді құрып кетпейтіндігінің куәсі. Қоғамдық сананы әрі қарай дамытып жетілдіретін жеке тұлғалар, бірақ олар ол үшін қоғамдық сананың белгілі-бір санасын жеткілікті түрде игеріп, оны ары қарай жалғастыра білуі керек. Тек осы жағдайда ғана ол тұлғалардың санасы да мәңгілікке өтеді, қоғамдық-ұлттық сананың ажырамас бір сипатына айналады.

Қоғамдық сана: бейнелеу түрі және рухани дүниені  жасау әдістері  арқылы ажыратылады. Қоғамдық сананың адам санасына әсер етуінің екі жолы бар: 1. жеке адамдар санасы арқылы және 2. қоғамдық естелік (кітап, газет, теледидар, радио) арқылы. Қоғамдық сана - өте күрделi құбылыс. Оны жан-жақты атап бөлуге болады. Олардың әрқайсысы өзiндiк салыстырмалы рухани құрлым, сонымен бiрге басқалармен жан-жақты тiкелей және жанама байланыста болады.

Қазiргi әлеуметтiк  философияда қоғамдық сана құрылымы деңгейiнде: қарапайым және теориялық сана; қоғамдық психология және идеология; қоғамдық сана формалары болып бөлiнедi.

Қарапайым сана - ғылыми емес, бірақ тікелей күнделікті өмірден шыққан сана. Теориялық сана белгілі бір деректерге сүйенген ғылыми ұмтылыстан туатын қорытындылар, қағидалар, заңдылықтар, көптеген мәселелер туралы ғылыми көзқарастар. Сонымен бірге тек болжамдарға сүйенген қате қағидалар да теориялық негіз құрайды. Бұл теориялар ғылыми бола алмайды. Теориялық сананы қоғамның идеалдық моделі деуге болады, ол әрқашан деректермен толықтырылып, жаңартылып отырылуы керек.

Қоғамдық психология және идеология әлеуметтiк негiзде  түрi және мазмұны болып бөлiнедi. Түрі - психологиялық, идеологиялық болса, мазмұны - жалпы халықтық, ұлттық, таптық, кәсіптік, жыныстық  т.б. болып келеді. Қоғамдық психология күнделікті өмірден туатын қоғамдық сананың төменгі түрі, идеология оның жоғарғы сатысы. Қоғамдық психологияның қалыптасуына қоршаған орта, климат, шаруашылық, кәсіп, жер байлығы, әдеп-ғұрып, той-томалақ, ән-күй т.б. әсер етеді. Қоғамдық идеология - ғылымға жақын. Идеология рухани өмірдің күрделі түрі, теориялық тұжырымы. Бірақ онда объективтік білімнен басқа субъективтік ұмтылыстар - белгілі бір топтың, ұлттың мүддесін қорғау бар. Сондықтан оны прогрессивтік, реакцияшыл деп бөледі. Прогрессивтік деп тарих үрдісіне сай келетін әлеуметтік топтардың санасы саналады.

Информация о работе Дін әлеуметтануы