Дін әлеуметтануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 16:28, реферат

Описание

Қазіргі кезде дінге нақты бөліп ден қою етек алып келеді. Социализм қоғамында «дін – апиын» деп түсіндіріліп, барлық іс-әрекет дінді адамзат өркениетінен аластату үшін жасалынған көрінеді.
Бірақ менің рефератымның тақырыбы діннің адам өміріндегі рухани ізгіліктерге әсері жөнінде болып отыр. Демек осы кезеңге дейін адамзат баласы дінді рухани тірек ретінде арқа тұтты деген сөз.
Өркениеттің ең шарықтап көтерілген тұстарында діннің әсері өте мықты болған. Сол замандарда рухани жағынан кемел туындылар туындаған. Соның мысалы ретінде Рафаэльдің, Микеланджелоның туындыларын атауға болады.

Работа состоит из  1 файл

soc_ref_25.doc

— 79.50 Кб (Скачать документ)

Қоғамдық сананың  түрлері: 1. саяси сана - таптар, ұлттар, әртүрлі топтардың, мемлекеттердің қатынасын қарастырады; 2.  құқықтық сана. Тек тәрбиелеу адамға жетіліксіз. Құқықтың негізгі мақсаты - демократиялық заңдар арқылы теңдік, әдептілік қағидасын, адам бостандығын қорғау. 3. моральдық сана (лат mores - әдет-ғұрып). Ар-ұждан, міндет-парыз, абырой, адамгершілік және әдептілікті өмір мақсаты тұтып, өмірдің барлық салаларында адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекеттерін реттеу функциясын атқаратын әлеуметтік институт. 4. эстетикалық сана. Өнер, әдемілік адам қызметінің өзгеше түрі. Көркемдік тұрғыдан берілетін шындықтың бейнесі, дүниені игерудің аса маңызды тәсілі. 5. Дiн және атеизм.

Қоғамдық сана қоғамдық болмыстың бейнесі, бірақ  өз құрамында өткен ұрпақтың санасының  ерекшеліктерін сақтайды, яғни оның тура көшірмесі бола алмайды. Және ол болмысқа кері әсерін тигізіп оның өзгеруіне ықпал жасайды, сондықтан қоғамдық сананың салыстырмалы тәуелсіздігін мойындауымыз керек. Бұл қалыптасқан болмысты құптаушылардың, оған оппозицияға шығушылардың бар екендігімен дәлелденеді. Қоғамдық сана жеке сананың әсерімен ғана дами алады, сондықтан ол әркімге ерекше жауапкершілік жүктейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Дін елдің бәріне, көпшілікке түсінікті түрде адамзат тарихының мәні мен ерекшілігі сұрақ қояды адамшылық идеясын алға тартады,  адамгершілікті тұлға ар ождан, ұят туралы көзқарастарды қалыптастырады.  Ол тек адамның қылығы мен іс-әрекетін ғана реттеп бағыттап қоймайды, сонымен қатар ішкі дүниесын жасайды, адамның Мейірімділік, Махаббат, Шындыққа деген сенімі мен үмітін қалыптастырады.

Қазақстан тауелсіздік алғалы 10 жыл ішінде өзінің нағыз демократияшыл екендігін және де ішкі, сыртқы саясатының адамгершілігі мен сүйіспеншілігін көрсете білді. Республика халқының рухани өмірінде ірі өзгерістер өтіп жатыр, және де осы өзгерістерге басты себептер еліміздің басшысы болғаны қуантады. Бірақта, қанша дарынды болғанымен, бір адамның қолынан қоғамды өзгерту мүмкін емес, өйткені қоғам жақсы жаққа өзгеруге өзі ұмтылу керек. Біз көп ұлтты елде тұрамыз, өйткені тек бейбітшілік заманда ғана әр халықтың  рухани және үйлесімді дамуына болды.

Жастар арасындағы болып жатқан: нашақорлық, жезөкшелік, қылмыстық істер, аурулар - барлығы  қоғамдық және экономикалық жағдайдың  жайсыз және де басқа қолайсыз жағдайларға  байланысты - деп ойлаймыз. Шынында  да осыншалықты жайсыздықтың  барлығы әр адамның өзіне байланысты, өйткені қоршаған әлемді өзгерту үшін, біз алдымен өзімізді өзгертуіміз керек.

Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбар айтқан: „Бірішіден өзіңді өзгертуің керек, өйткені өзіңнің  ішкі сырыңды түсіну - Алла Тағаланы түсіну деген сөз.” Біз қауіпті жан - жағымыздан іздейміз, ал ол өз ішімізде. Бұл қауіптің түбірі - дұрыс емес көзқарастан, сөзден, қимылдан, және де сол қауып адамның рухани көзқарасының өзгеруіне алып барады.

Құранда айтылған: „Көп ойлардан сақтаныңдар, өйткені кейбір ой - ол күнә.” (49 сүре, 12 - аят) „Адамдардың қолекі істегендерінің кейбірінің азабын тарттыру үшін құрлықта әрі теңізде бұзықтық шықты. Мүмкін олар, бағыттарынан қайтар” (30 сүре, 41 - аят) Адамның барлық жасаған іс - әрекеттері – жақсы болсын, жаман болсын өзіне кейін көп есе болып қайта оралады. Құранда айтылған: „Сол уақытта Раббыларың: Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты”- деп жариялады. (14 сүре, 7 - аят) Адамның және қоғамның рухани байлығының ыдырауы ол адамзаттық моралдық байлығының жоғалуына байланысты. Бүгінгі қоғамда болып жатқан бақытсыздық пен қайғы - қасыретті жою үшін біз Құдаға шүкіршілік (құлдық) етуымыз керек. Құранда бұл жайлы бұл жайлы былай айтылған: „Бастарыңа келген бір ауыршылық, қолекі істегендерінің салдарынан болады. Және де Алла көбін кешіп жібереді.” (42 сүре, 30 - аят)

Қорыта келгенде адам баласы тек дінмен қана шектеліп, дінде айтылған сөздерге сенумен  қана қоймай өз деген көздеген мақсатқа жету  керек. Алдына қойған мақсат орындалу үшін ол оқу керек. Құранда, Ұлы үлкен  ойшылда, Ғалымдарда, ақындарда оқы деген «Өнер, білім бәрі де оқуменен табылған» деген  емес пе еді Ыбырай Алтынсарин.            

                                        Бар байлықтың барлығы 

                                        Бір жұтасаң жоқ болар

                                        Оқығанның байлығы 

                                        Күннен күнге көп болар.

деген ұлы  ақын Абай  Құнанбайұлы.

 Бізге сенген  Ұстаздар, біз өмір  ұрпағымыз,  келешек біздің  қолда, ел жетпеген, ашылмаған дүние сырын ашатын біз боламыз.

           Халық бізге сенеді.

           Біз халыққа сенеміз.

           Әр қашанда ынтымақта, бірлестікте  болайық.

           Егеменді еліміз, күннен-күнге жоғарылай  берсін. 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

    1. “Ислам әлемі” №4 шілде-тамыз, 2003ж
    2. “Алдаспан” №3-4, 2003 ж.
    3. “Қазақстан” Ұлттық энциклопедия, 3 том, 321 бет
    4. www.islam.nur.kz

5. А.Кобжов. Әл-Фараби, Алматы, 1971.

6. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар, Алматы, 1973.

7. Қ. Өмiрәлиев. “Абай афоризмi”  Алматы, “Қазақстан” 1993


Информация о работе Дін әлеуметтануы