Еңбек социологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:28, реферат

Описание

Еңбек социологиясының зерттеу нысаны ретіндегі еңбек дегеніміз не? Бұл сұрақты қарастырмастан бұрын еңбектің қоғамдағы орны, рөлі және маңызын анықтайтын бірқатар жалпытеориялық сұрақтарға тоқталу қажет.
Адамның да, қоғамның да пайда болып, калыптасып, дамуы тек еңбекке байланысты екені баршаға аян. "Адамды адам еткен еңбек" - деп тегін айтылмаған. Еңбек дегеніміз - қызметтің тіршілік әрекетінің басты, шешуші, түбегейлі формасы. Оның барысында адам қажетін өтеуге керекті бүкіл заттар мен игіліктердің жиынтығы жасалады. Адам еңбегінің өнімі - адамды коршайтын екінші табиғат болып табылады. Яғни, адамдардың қолымен және ақылымен жасалған тұтастай бір жасанды әлем.



Кіріспе

Еңбек социологиясының зерттеу нысаны ретіндегі еңбек дегеніміз не? Бұл сұрақты қарастырмастан бұрын еңбектің қоғамдағы орны, рөлі және маңызын анықтайтын бірқатар жалпытеориялық сұрақтарға тоқталу қажет.
Адамның да, қоғамның да пайда болып, калыптасып, дамуы тек еңбекке байланысты екені баршаға аян. "Адамды адам еткен еңбек" - деп тегін айтылмаған. Еңбек дегеніміз - қызметтің тіршілік әрекетінің басты, шешуші, түбегейлі формасы. Оның барысында адам қажетін өтеуге керекті бүкіл заттар мен игіліктердің жиынтығы жасалады. Адам еңбегінің өнімі - адамды коршайтын екінші табиғат болып табылады. Яғни, адамдардың қолымен және ақылымен жасалған тұтастай бір жасанды әлем.
Еңбектің дәстүрлі анықтамасы К.Маркстің "Капиталында" берілген тұжырымға сай келеді, ол шынында да өз мәнін сақтап

Содержание

Кіріспе 2
Еңбектің негізгі категориялары 3
Еңбектің ынталандыру жүйесі 7
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер 12

Работа состоит из  1 файл

soc_ref_28.doc

— 94.50 Кб (Скачать документ)

 МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

     

       Еңбек социологиясының зерттеу нысаны ретіндегі еңбек дегеніміз не? Бұл сұрақты қарастырмастан бұрын еңбектің қоғамдағы орны, рөлі және маңызын анықтайтын бірқатар жалпытеориялық сұрақтарға тоқталу қажет.

       Адамның  да, қоғамның да пайда болып,  калыптасып, дамуы тек еңбекке байланысты екені баршаға аян. "Адамды адам еткен еңбек" - деп тегін айтылмаған. Еңбек дегеніміз - қызметтің тіршілік әрекетінің басты, шешуші, түбегейлі формасы. Оның барысында адам қажетін өтеуге керекті бүкіл заттар мен игіліктердің жиынтығы жасалады. Адам еңбегінің өнімі - адамды коршайтын екінші табиғат болып табылады. Яғни, адамдардың қолымен және ақылымен жасалған тұтастай бір жасанды әлем.

       Еңбектің  дәстүрлі анықтамасы К.Маркстің "Капиталында" берілген тұжырымға  сай келеді, ол шынында да өз мәнін сақтап қалды, дегенмен кейбір қосымшалар да қажет. Маркс еңбекті былай деп анықтайды: "Еңбек дегеніміз - адам мен табиғат арасында іске асып отыратын процесс, оның барысында адам өзінің қоғамдық қызметі арқылы өзі мен табиғат арасындағы зат алмасуды ыңғайлап, реттеп, басқарып отырады. Табиғат затына ол өзі табиғат күші ретінде қарсы тұрады. Табиғат затын өзінің өміріне жарайтын халге келтіру үшін ол өзінің бойында бар күштерді: қол, аяқ, бас, саусақтарын іске қосады."

       Алайда, мұнда дене еңбегі анық көрініп тұр. Адам мен табиғат тікелей байланысты. Мәселен, жер жыртып жүрген тракторшы жерге (табиғатқа) сәйкес әрекет етіп жүр. Ол әрекетті өзінің алдына қойған мақсатына орай жүзеге асырады. Ал станок басында бір бөлшекті жонып жатқан жұмысшы-станокшының табиғатқа ешбір қатысы жоқ секілді... Бірақ бұл олай емес. Ол жұмыс істеп жатқан станок кеннен балқытылып алынған металдан жасалған, кен болса жерден (табиғаттан) алынған. Және кез келген физикалық еңбек табиғатқа тікелей әсер етпесе де, мұны аралық баспалдақтар арқылы іске асырады.

       "Дәрігер,  мұғалім, жазушы, ғалым, т.б. ой  еңбегі мамандарының еңбегі не  болады?" - деген сұрақ туындайды.  Міне, осы жерде Маркстің тұжырымы  жарамсыз. Осы және басқа категориядағы  мамандардың еңбегінде табиғатпен қарым-қатынас жоқ, есесіне басқа адамдармен, жалпы қоғаммен қатынас бар (мұғалімдер оқушылармен, дәрігерлер аурулармен, актер көрерменмен, саясат қоғаммен, т.б.).

      

     

 

 

 

Еңбектің негізгі категориялары

 

Еңбек социологиясы - социологияның басты бөлімі болып есептеледі. Онда бірқатар салалар бар: мамандық социологиясы, өндірістік ұжым социологиясы, жоспарлау социологиясы, индустриалдық социология.    Бұлардың қатарына, сондай-ақ ауылшаруашылығы еңбегінің, ғылыми еңбектің және инженерлік еңбек социологиясын да жатқызуға болады. Еңбек социологиясы пайдаланатын негізгі категорияларға: еңбек мазмұны, еңбек сипаты, еңбек жағдайлары, еңбекті ұйымдастыру, еңбекке ынталандыру, еңбек мотивациясы - ықыластану, еңбек құрылымы және түрлері, еңбекке қанағаттану жатады.

        Енді бұларды жеке-жеке қарастырайық:

        Еңбек мазмұны - жұмыстың ішкі мән-мағынасын, түрін, еңбек операцияларын ұйымдастыру ретін білдіреді. Басқаша айтқанда, ол еңбектің әлеуметтік технологиялық жүйесі. Еңбек мазмұнын тікелей техникалық жарақтануға, сондай-ақ психологиялық процесте еңбек міңдеттерінің (функцияларының) бөлінуіне тәуелді.

        Еңбек сипаты категориясы еңбеккерлердің нақты жұмыс түрімен (дене немесе ой, ауыл шаруашылық және өндірістік, ұйымдастырушылық пен орындаушылық, қарапайым және шығармашылық немесе күнделікті) шұғылдануын білдіреді. Еңбек сипаты мен мазмұны категориялары бір-бірімен байланысты. Бұл категориялар бір-бірін толықтырып отырады, себебі бір еңбектің әртүрлі жақтарын көрсетеді. Еңбек мазмұнын мұқият зерттеу, еңбек сипатын социологиялық түрде зерттеудің бастапқы нүктесі болып табылады.

       "Еңбек  мазмұны" ұғымына аты да, мағынасы  да жақын ұғым - "еңбек мазмұндылығы" ұғымы.

        Еңбек мазмұндылығы - еңбек мазмұны секілді еңбектің техникалық-функционалдық жағын білдірмейді, ол еңбектің интелектуалдық элементтерге толы болуын, оның әлеуметтік-психологиялық құрылымын көрсетеді.

        Еңбек жағдайы - өндірістік процестің маңызды тарабы болып табылады. Оған өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық және табиғи-жаратылыс сипаттағы факторлар жиынтығы кіреді. Олар бірінші кезекте адамның денсаулығына, жұмыс қабілетіне, оның еңбекке деген ықыласына әсер етеді.

        Әлеуметтік-экономикалық факторлар  тобы негізінде өндірістік қатынастар сипатымен анықталады. Оған қоғамның саяси, экономикалық, құқықтық белгілері, сондай-ақ, жұмыс күнінің ұзақтығы, еңбекке ақы төлеу жүйесі, еңбеккерлердің жалпы білімдік және арнайы дайындық деңгейі кіреді.

Ұйымдастырушылық-техникалық факторлар негізінен өндіргіш күштердің деңгейіне тәуелді, олар еңбек құралдарын, технологиялық процестерді, басқару формаларын қамтиды.

        Табиғи-жаратылыс факторларына - географиялық орта, геологиялық шарттар, т.б. жатады. Олар бір жағынан өндірістік процес іске асырылатын тікелей ортаны құраса, кеңірек мағынада, бүкіл аталған факторлардың іске асырылу алаңы болып табылады.

        Факторлармен қатар, еңбек жағдайларының  құрылымын құрайтын элементтер  бар: а) санитарлық-гигиеналық (микроклимат,  жарықтандыру, діріл, ауа ортасының күйі, әртүрлі сәулелер, т.б.); ә) психофизиологиялық (физикалық және жүйке-психикалық салмақ, жұмыстың бірсарындылығы мен қауырттығы, т.б.); б) әлеуметтік-психологиялық, бұлар бірлесе отырып ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын құрайды; в) эстетикалық (жұмыс орнының безендірілуі, интерьер жасау, арнайы музыканы пайдалану, т.б.).

        Еңбек жағдайлары тікелей еңбеккерге  әсер ету тұрғысынан - экстремалдық, салыстырмалы қалыпты жөне жақсы деп бөлінеді. Екінші бір жағынан - еңбек жағдайы қалыпты және зиянды деп ажыратылады, ал соңында - аса қауіпті және жарақаттық қаупі барлар деп жіктеледі. 90-шы жылдардың басында Ресейде 50-70% кәсіпорындар, экстремалды жағдайлар аймағында орналасқан болатын. Ал Ресей шахталарындағы жарақат алу деңгейі америкадағыдан 8 есе көп, ал КСРО-дағы шахтердің өмір жасы - 49, ал АҚШ-та 70 жас еді.

        Қазақстанда өткен ғасырдың 90-шы  жылдарында өндірістің құлдырауы,  техниканың ескіруінен және жұмыс  берушілердің - еңбек қорғау нормаларын  сақтамауы салдарынан, экономикадағы жалпы күйзеліске байланысты өндірістік кәсіпорындардағы еңбек жағдайлары нашарлап кетті. Бұның бір дәлелі ретінде 1995 жылы Алматыда өткізілген социологиялық зерттеу нәтижелерін келтіруге болады. Бұл зерттеу кезінде сұралғандардың 4,2% соңғы жылы еңбек жағдайлары жақсарды десе, ал 15%-ға жуығы нашарлады деп жауап берген. Осы уақыт ішінде жұмыс физикалық жағынан жеңілдеді деушілер - 2,6%, ауырлады дегендер - 22,5%. Ал соңғы жылдары өндіріс орындарының дамуы ішінара байқалғанымен, еңбек жағдайы жақсарды деп айтуға әлі ерте.

        Республикада ауыр және зиянды  еңбек жағдайлары бар өңдіріс  салалары басым болғандықтан (кен  өндіру, металлургия, химия, т.б.), кәсіби ауру мен жарақат алу  деңгейі өте жоғары. Оны азайту  мен еңбекке қолайлы жағдайлар жасау, аса маңызды әрі көкейкесті мәселе. Әзірге "Қазақстан     Республикасындағы еңбек қатынастарын реформалау тұжырымдамасында" аталып өткендей, еңбек жағдайлары айтарлықтай түзеле қойған жоқ.   Жергілікті жұмыс күшін еңбекке тартқан шетел және бірлескен өндіріс орындары да бұл мәселеге жауапкершілікпен қарамай отыр. Өндірісте жылына 10 мыңнан астам қайғылы оқиғалар болып, олардың нәтижесінде 300-400 адам мезгілсіз қайтыс болуда.

        Еңбек жағдайларын жақсарту мәселесі  бірінші кезекте болып отыр, себебі ол еңбеккерлердің физикалық және рухани салауаттылығы, еңбекке қызығушылығы, оған көзқарасы, еңбекке қанағаттануы секілді ең маңызды әлеуметтік және дара сипаттарымен тікелей байланысты.

        Еңбек жағдайлары және мазмұны  мен еңбекті ұйымдастыру тұтасып жатыр. Еңбекті ұйымдастыру деп өндірістік процестің екі негізгі элементін: кісілік және заттық (техника, жабдық) элементтерін бірлестіру жолын атайды. Еңбекті ұйымдастыру еңбеккерлер арасында еңбек міндеттерінің бөлінуін жүзеге асыратын мамандану (бөліну) және ұйымдасу (кооперация) принциптеріне сүйенеді. Еңбекті ұйымдастыру - еңбек ырғағын, жұмыс қарқынын және еңбек тәртібін анықтайды.

        Еңбекті ұйымдастырудың негізгі  жүйелері: ағымдық-конвейерлік (дәстүрлі) және қазіргі заманғы, соңғысында әлеуметтік-психологиялық және адам факторы есепке алынады да, еңбекті гуманизациялау әдістері белсенді пайдаланылады.

        Еңбектің қолмен атқарылатын,  механикаландырылған және автоматтандырылған  түрлері белгілі. Еңбек түрлері,  сондай-ақ, арнайы білімді және қазіргі құралдармен жұмыс істей білуді кажет етпейтін қарапаиым қол еңбегі мен ұзақ уақыт дайындықты, арнайы білімді, шеберлікті қажет ететін күрделі еңбек болып бөлінеді. Қарапайым еңбекте физикалық күшті пайдалану - ой күшін пайдаланудан басымырақ, ал күрделіде - керісінше, көбінесе олар еңбеккер жұмысында бірлесіп көрініс табады.

        Механикалық еңбекте қол еңбегі  қызметтерінің айтарлықтай бөлігін  машиналар орындайды. Өндірістік  процестің бір немесе бірнеше  сатысында машиналар мен механизмдерді пайдалануға байланысты бөліктеп және кешенді механизациялау деп айырады.

        Еңбекті қайта жарақтаудың жаңа  бір сатысы - автоматизация. Кең  мағынада автоматазацияны - энергияны,  материалдарды немесе ақпараттарды  алу, түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестеріне адам араласуын толықтай немесе бөліктеп алмастыру мақсатыңда техникалық құралдарды пайдалану деп сипаттауға болады.   Автоматтандыруға жекелеген операциялар мен процестер жартылай автоматтандырылса, ал кешенді автоматтандыруда - ол бүкіл жұмыс ырғағын қамтиды. Бұл жағдайда жұмысшының міндеті тек қана автоматтарды күйіне келтіру мен өндірістік процесті бақылау.

        Келтірілген сипаттамаларды ескере  отырып, келесі еңбек топтарын  ажыратамыз: 1) карапайым қол еңбегі; 2) күрделі қол еңбегі; 3) қарапайым механикаландырылған; 4) күрделі механикаландырылған; 5) қарапайым автоматтандырылған; 6) күрделі автоматтандырылған. 1, 3, 5 топтар көбіне маманданбаған, аз және орташа маманданған еңбек; 2, 4, 6 - орташа және жоғары маманданған еңбек. Кешенді механизациялау мен автоматтандыру кезінде 2.4, 6 топтарының қарқынды дамуы іске асады, 2 және 6 кейіннен толық және тәмамдалған автоматтандыруға ие болады.

Қол  еңбегінің  шығындарын   азайтудың негізгі жолы - кәсіпорынды  техникалық қайта жарақтандыру, прогрессивті технологиялар мен машилаларды іске қосу.

        Адам еңбегіне қандай факторлар  әсер етеді және оның еңбекке  араласуын не анықтайды? Бұл  факторларды ішкі (еңбекке ықыластану - мотивация) және сыртқы (еңбекке ынталандыру (стимулирование)) деп бөлуге болады.

        Еңбекке ықыластану (мотивация – француздың ықылас деген сөзіне, латынша mokere – қозғалысқа келтіру дегенге келеді) - белсенді еңбек әрекетіне іштей ұмтылу, субъектіні қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты қызметке итермелеу; субъектінің белсенділігін тудырып, оның бағытын анықтайтын сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы. Мұнда ең бастысы - еңбеккердің өзін-өзі тануы.

        Еңбек ықыласы - күрделі әлеуметтік-психологиялық процесс. Бұл біріншіден, кейбір жағдайларда мотивтер ықылас, ынта саналы түрде емес, аяқ астынан туындауымен түсіндіріледі; екіншіден, адам белсенділігінің себебі бір ғана қажеттілік емес, қажеттіліктер жиынтығында болуы мүмкін. Енді мынадай мысал келтірейік: инженер жұмыс орнын ауыстырсын, ғылыми-зерттеу институтынан заводқа ауыссын. Оған не түрткі болды, қандай мотив қозғау салды? Мұндай мотивтер бірнешеу болып шықты:

        а) жоғарырақ жалақы алу мүмкіндігі;

        ә) жұмыс  жағдайларына қанағаттанбау;

        б) теориялық  білімдерін өндірісте пайдалануды қалауы;

        в) кәсіпорынның үйіне жақындығы. Алайда үшінші мотив, басымырақ   шықты (инженер айтқандай: өз идеяларының металға айналғандығын көру).

        Еңбек мотивациясында  рухани және моральдық сипаттағы  мотивтер маңызды орын алады.  Бұл еңбек процесінде өз қабілеттерін неғұрлым толық іске асыруға ұмтылу, білімін, тәжірибесін шығармашылық түрде қолдануға мүмкіндік алуға деген ұмтылыс болуы мүмкін. Екінші жағынан, еңбеккер үшін еңбек ұжымының алдында өзін мойындатудың да маңызы өте зор.

        Еңбек қызметінің мотивтері жылжымалы әрі өзгермелі. Олар еңбеккердің жасына, физикалық, моральдық, білім деңгейіне байланысты өзгеріп отырады да, еңбеккерге оның еңбек беделіне байланысты шешім қабылдауға тура келетін нақты жағдаймен анықталады. Себебі, бір қажеттіліктің өзгермелі жағдайда еңбеккер үшін әртүрлі "құндылығы" болуы мүмкін. Социологиялық зерттеулер көрсеткендей, жас мөлшерінің артуымен, жұмыс орнын тандау мотиві ретіндегі санитарлық-гигиеналық жағдайлардың маңызы арта түседі. Әйелдер арасында еңбек жағдайлары мотивациялық факторлар ішінде басымдық танытады; ерлерде бұл орынды еңбек мазмұны - оның шығармашылыққа толы болуы және оның қоғамдық беделі алады. Оларда әйелдерге қарағанда жоғары жалақы алу мотиві көбірек маңызға ие, бұл да еңбеккер еңбегінің беделін бағалаумен байланысты.

        Сонымен, адамның еңбек қызметін  мотивациялау дегеніміз - субъективті  және объективті факторлардың  әсер етуімен жүріп отыратын  үздіксіз процесс.    Жоғарыда  еңбекке ықыластың көбіне субъективті  жағы сөз болды, объективті факторға келер болсақ, оған әлеуметтік макроортаның әсері жатады, яғни жалпы қоғамның, онда болып жатқан әртүрлі экономикалық, саяси, мәдени процестердің ерекшеліктері.

Информация о работе Еңбек социологиясы