Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:40, реферат

Описание

Қартаю проблемалары жөніндегі Вена халықаралық жоспарының 2 ұсынымына сәйкес егде адамдар туралы қамқорлық физикалық, психикалық, әлеуметтік, рухани факторлардың, сондай-ақ қоршаған орта факторларының арасындағы өзара байланысты назарға ала отырып, олардың жалпы хал-ауқатын қамтамасыз етуді болжайды. Сондықтан денсаулық туралы қамқорлық медициналық және әлеуметтік секторларды қамтуы тиіс.

Работа состоит из  1 файл

Егде адамдар.docx

— 415.66 Кб (Скачать документ)

Мәжіліс депутаты Жақып Асанов Премьер-министр Кәрім  Мәсімовке сауалмен шығып, онда бүй  дейді: 
«Қарттарға қамқорлық кез-келген дамыған мемлекет саясатының бір бөлігі болып табылады. Қазақстан халқының әрбір оныншы адамы егде тартқан. Сондықтан, мемлекеттің рөлі халықтың жасының ұзақтығымен қатар, оның қалай өмір сүріп отырғанынан да көрініс табуы тиіс. Осы ретте алдымен азаматтардың әртүрлі санаттарының билік институттары мен еліміздің заңнамасында қандай орын алып отырғанымен салыстырып қаралық: 
Біздің балаларымыз баланың құқықтары туралы заңмен және «Қазақстан балалары» бағдарламасымен қорғалған. Білім және ғылым министрлігі мен облыстарда балалардың құқықтарын қорғаудың арнайы бөлімшелері бар. Жастардың құқықтары мен мүдделері жастар саясаты туралы заңда және жастар саясатының тұжырымдамасында айқындалған. Жастар проблемасымен айналысатын орталықта және жергілікті жерлерде мемлекеттік құрылымдар мен кеңестер бар. 
Әйелдердің құқықтары мен отбасын ел Президенті жанындағы ұлттық комиссия және аймақтық комиссиялар қорғап, 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясымен жүзеге асырылады. Әрине, мұның бәрі жақсы. Ал, қарттарымызға мұндай қамқор көзқарас неге кемшін? Неге қарттарға қатысты кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастырып, оны жүзеге асыратын бірде-бір құрылым жоқ? 
Бұл жерде әңгіме әдетте халықтың қартаң тартқан санаты қамтамасыз етілетін зейнетақы мен басқа да әлеуметтік төлемдер туралы болып отырған жоқ. Басқа да түйінді жайлар бар. Олар — қоғам өміріне белсене араласып, барлық деңгейде шешімдер қабылдауға қатысу, медициналық және әлеуметтік қызметті толық көлемінде жасап, оған бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, ынтасы мен қабілеті барда жұмыс істеу мүмкіндіктерін беру, оларды кәсіпкерлікте қолдау, компьютерлік сауаттылыққа үйрету және оларға толыққанды қалыпты инфрақұрылым құру. 
Мұның бәрі — 2002 жылғы қартаң тарту проблемаларының Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспарынан туындайтын шаралар және әлемдегі кез-келген мемлекетте қарттардың өмірін жақсарту мен «барлық жастағы адамдар үшін қоғамын» құруды мақсатты бағдар ететін шаралар…» 
Осындай ойын ортаға салған мәжілісмен Үкіметтің қарттарға қатысты мемлекеттік саясатты кешенді зерттеп, оны жасаумен айналысатын ведомствоаралық комиссия іспетті құрылым құруын сұраған болатын.

Демографиялық ахуал динамикалы

Депутат сауалына Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтен төмендегідей жауап келді: 
«Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, жасына қарамастан барлық азаматтардың, атап айтқанда, әлеуметтік қамсыздандыруға, білім алуға, денсаулық сақтауға, мемлекеттік істерді басқаруға тікелей немесе өкілдері арқылы қатысуға теңдей құқығы бар. 
Еліміздегі қазіргі демографиялық ахуал аға буын өкілдері санының динамикалы өсу үрдісімен сипатталады, бұл жалпы әлемдік халықтың қартаюы процесіне де сәйкес келеді. Елімізде абсолютті мағына тұрғысынан алғанда, 60-64 жас аралығындағы 412,1 мың адам, 65 және одан жоғары жастағы 1,2 млн. адам бар. 
Еңбек кодексінің қабылдануы мен әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру жұмыс күшін жалдаудың икемді тәсілдерін пайдалану мүмкіндігі ұлғайып отыр, бұл қосалқы жұмыс атқару, келісім-шарт бойынша жұмыс істеу, адамдарды жұмыспен ішінара қамту болып табылады. Қарт адамдардың жұмыспен қамтылуы кедейлік шегін төмендетіп қана қоймайды, ол бұл адамдардың еңбек нарығына кірігуіне де ықпал етеді. 
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына 60-64 жас аралығындағы 161,9 мың адам және 65 және одан жоғары жастағы 70,7 мың адам жұмыспен қамтылған. 
Республикамыздың денсаулық сақтау органдары қартаң және егде жастағы адамдарға медициналық қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған шараларды іске асыруда. Еңбекке қабілетсіз жалғызілікті зейнеткерлерді медициналық көмекпен неғұрлым толық қамту жүзеге асырылуда. Қарт адамдарға арналған медициналық көмекті жақсарту, терапиялық көмектің сапасын, атап айтқанда, геронтология және гериатрия саласындағы терапевт дәрігерлердің біліктілігін арттырумен байланысты. Осыған орай, әзірленіп жатқан денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында дәрігерлерді «герантолог-дәрігер» мамандығы бойынша оқыту міндеті қойылып отыр. 
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек саласында: жиынтық зейнетақының (базалық, ынтымақты және жинақтаушы) табысты алмастыру коэффициенті 2008 жылғы 38,3 пайыздан 2009 жылы 41,2 пайызға көбейді. 
2009 жылғы 29 желтоқсанда қабылданған «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы өмірлік қиын жағдайда жүрген, оның ішінде қартаюына байланысты өзіне-өзі жағдай жасауға қабілетсіз адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетудің кешенді жүйесін құруды көздейді. 2010 жылы осы Заңды іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде республикалық бюджетте тиісінше 5,2 және 7 млрд.теңге көзделген. 
Бұған қоса, 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспарында қарт адамдардың, мүгедектердің, асыраушысынан айырылған және басқа азаматтардың лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету өзекті бағыттардың бірі болып белгіленген. Сонымен қатар, әлеуметтік қызмет көрсету саласын кеңейтуге, мемлекеттік стандарттарды енгізуге және көрсететін арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын арттыруға көп көңіл бөлінеді. 
Қарт адамдардың проблемаларын шешу жөніндегі жұмысты үйлестіру және ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылым құруға байланысты мынаны айтар едік: «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, елді мекендерде (облыстарда, қалаларда, аудандарда) аумақтық құрылымдары бар ардагерлердің қоғамдық ұйымдары осындай орган ретінде қызмет ете алар еді» деп пайымдаймыз. Олар қоғамның өмірінде белсенді түрде қатысады және жергілікті атқарушы органдармен, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру қоғамдық ұйымдармен тағыз байланыста болады». 
Статистикаға жүгінсек, елдегі 60-64 жас аралығындағы 412,1 мың адамның жартысы да жұмыспен қамтылмаған. Мүмкін, бұған да шүкіршілік айтқан дұрыс болар. Өйткені, бүгінде 60-ты айтпағанда, 50-ден асқандардың өзі жұмыс таппай, қайраңға шыққан балықтай күн кешетіні өтірік пе? Жалпы, заң бар-ау, алайда, жұмыс берушілер өздерінің «жазылмаған» заң-закөнімен жұмыс істесе, қайтесің? Мәжіліс депутаты мәселе көтергенде, «егде тартқандарды қолдап-қорғайтын мемлекеттік бір құрылым керек» дегенді сосын айтып отырған шығар, сірә!..

Күнкөріс себетіне де жетпейді

1980 жылдардың  соңы мен 1990 жылдардың басында  зейнеткерлікке шыққандардың «жыры»  да көптен бітпей келеді. Өйткені,  зейнетақы төлеудің қолданыстағы  әдістемесіне қатысты мәселе  шешілмей-ақ қойды. Мұны өткен  шақырылым депутаттары қаншалықты  көтергенін айтып жатпай-ақ, осы  биылдың өзінде Парламент депутаттарының  бірнеше мәрте осы проблеманы  қозғап, Үкімет басшысына дейін  сауал жолдағанын айтсақ та  жеткілікті. Олардың бірі мәжілісмен  Ирак Елекеев Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара  Әбдіхалықоваға сауалмен шыққан  болатын. 
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» соңғы Заңға сәйкес соңғы жылдары зейнеткерлікке шыққандардың зейнетақысы едәуір көлемде жоғарылады. Өйткені, олардың жалақысы жоғары. Зейнетақыға қосымша 6 мыңнан 10 мың теңгеге дейін қосылды. Олардың зейнетақысы — базалық көлемін қосқанда 26110 теңгеге барады. Әрине, бұған қуануға болар еді. 
Ал, бұрынғы жылдары төмен жалақымен зейнетақыға шыққандар төмен зейнетақы алады. Олардың кейбіреулеріне қосылған қосымша 2000 теңгеден аспайды. Сонымен, өткен ғасырдың 80-90-шы жылдарында зейнеткерлікке шыққандардың зейнетақысы – 2008 жылдың қаңтарынан бастап шамамен 18371 теңге. Олардың қай-қайсысы да еліміздің дамуына үлес қосып, адал еңбек еткен болатын. Ал, алатын зейнетақылары күнкөріс себетіне де жетпейді…» деген мәжілісмен бірнеше нақты мысалдар келтіріп, зейнетақы жүйесінің жаңа төртінші тұжырымдамасы қашан бекітілетінін сұраса, депутат Александр Милютиннің де сауалы осы және басқа да проблемаларды қозғады. 
Сонымен, министрдің депутат И.Елекеевтің сауалына жауабы төмендегідей: 
«1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы №136 Заңы азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуына тең құқығы болуы қағидатына негізделген. Заңға сәйкес тағайындалатын зейнетақы мөлшері орташа айлық табыстың мөлшеріне қарай есептеліп, зейнетақы алушының еңбек өтілінің ұзақтығына байланысты болады. Зейнеткердің зейнетке шығардағы еңбек жағдайлары, лауазымы және кәсібі зейнетақысының мөлшеріне әсер етпейді. 
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі — ел экономикасының құрамдас бөлігі. Осыған орай, экономикалық жағдай еңбек нарығының ахуалы, соның ішінде азаматтардың еңбекақысын төлеу мәселелері олардың зейнетақыларының мөлшеріне тікелей әсері бар. 1999-шы жылдары және 2000-шы жылдары азаматтардың еңбекақылары деңгейіндегі айырмашылық осы қарастырылып отырған кезеңдері зейнеткерлікке шыққан азаматтардың зейнетақы мөлшеріне әсер етті. 
Заң нормаларына сәйкес зейнеткердің зейнетақы мөлшерін арттыру тәртібі зейнеткерлердің барлық санаттарына бірыңғай болып табылады. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекет саясатының басты мақсаты» Жолдауына сәйкес, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері 25 пайыз арттырылды, ал, 2011 жылы оларды 30 пайызға арттыру көзделіп отыр…» 
Бір қарағанда, бәрі де қатып тұр. Алайда, зейнетақы өсіп болғанша, базар бәсі аспандап кететіні бар. Құдды үкімет зейнетақы мен жәрдемақыны зейнеткерлер үшін емес, саудагерлер үшін өсіретін сияқты…

 
Бейнетінің зейнетін көрмей отыр

Мәжіліс депутаты Валерий Доскалов ауыр және зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеуіне байланысты №1 және №2 тізім бойынша  жәрдемақы алып келгендердің қартайғанда  бейнетінің зейнетін көре алмай отырғаны туралы Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке жіберген сауалында былай дейді: 
«1997 жылғы Заңға сәйкес, бұл санаттағылар жасы 50-ге жеткенде зейнеткерлікке шығуы тиіс болатын. Олардың көпшілігі әртүрлі жағдайға, денсаулығына байланысты жәрдемақы алып келген-ді. 
Қазіргі заң бойынша зейнеткерлік жасы — 63. Соңғы жылдары жәрдемақы алып, жұмыс істемегендіктен, оларға төменгі зейнетақы тағайындалады. Шахталарда, қара және түсті металлургияда, құрылыста жұмыс істеген кезде олардың бәрінің де жалақысы жоғары болды. Бұл олардың зейнетақысының да жоғары болатындығының кепілі болатын» деген мәжілісмен мәслихат депутаттарының осыған байланысты ауыр, зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істегендердің ең жоғары мөлшерде зейнетақы алу мәселесін қарастыруды өтінгенін айтады. 
Шахтерлер мен металлургтерді алаң еткен бұл мәселе де өткен шақырылымдарда да сан қайта көтеріліп, әбден сүрленгенмен, әзірге шешілер сыңайы көрінбейді.

Жетпістегілердің жазығы неде?

Халықтың белгілі  бір азын-аулақ тобы болмаса, негізгі бөлігін ертеңгі қарттық шағы қатты алаңдатады. Осы сессияда да мәжілісмен Гүлмира Исімбаева алғашқы сауалының бірінде зейнеткерлердің жанайқайын білдіріп, Премьер-министр Кәрім Мәсімовке жолдаған болатын. Онда былай делінген: 
«Зейнеткерлер: «біздің жасымыз — 70-те. Біздің ұрпақ бәрін де жоғалтты: бұрынғы зейнетақысын да, кәрілігін ойлап жиған-тергенін де, сақтандыруды да, жеңілдетілген әлеуметтік пакетті де, жолдамаларды да, қолжетімді денсаулық сақтауды да, дәрі-дәрмекті де…» деп жазады. Олар халықаралық ұйымның ұсыныстарын ескеріп, осы буынға республика бойынша орташа жалақының 75 пайызы мөлшерінде зейнетақы тағайындауды, зейетақыны тоқсан сайын индекстеуді сұрайды…» 
Шынында да, қарияларды бірінен-бірін алалау емес, бәрін де бірдей аялау керек. Өйткені, өзі үшін де, қоғам үшін де тер төккендер бейнетінің зейнетін бірдей көргені жөн емес пе?.. 
P.S. Қарттық проблемалары бойынша іс-қимылдың Мадрид халықаралық жоспары 2002 жылы қабылданған-ды. Мадрид жоспарын 150 мемлекет қабылдағанмен, біз әлі қабылдай қойған жоқпыз. Өзіміздің ондай ұлттық жоспарымыз тағы жоқ. 
Оның үстіне бүгінде нарық қоғамды өзгертті, соның ішінде «балам асырайды» деген қазақ та өзгерді. Әкеден ұл, шешеден қыз безген заман пайда болды. Қазір қарттардың проблемасын көргісі келмейтіндердің де, қырықтан асып, елуге жақындағандардың өзін «кәрілік тізгінін ұстағалы тұрсың» деп, жұмысқа алмай, мұрнын шүйіріп отырғандардың да осы ахуал өз бастарына келмей ме? «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген бар екенін ұмытуға бола ма? 
Қартаң ата-анасын масыл көріп, «Қарттар үйіне» апарып тастайтындардың да өздерінің басына осындай құқай келеді. Бүгін жастықтың қызығына тойса, ертең кәріліктің де шыжығын тартатын болады. Өйткені, дүние — кезек…

Рәзиға ӘШЕЕВА, 
«Алтын Орда», 
Астана.

ГЕРОНТОЛОГИЯ  БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК  КОНФЕРЕНЦИЯ  
[12.07.2010]   Алматыда Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығына арналған І Халықаралық «Геронтологияның өзекті мәселелері, жетілдіру жолдары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.  Адамның ерте қартаю мәселесі және Қазақстан Республикасында ұзақ өмір сүру белсенділігінің ғылыми негізділігін табуды жасау мәселелері талқыланды.   
 
Халықаралық конференция «Өмірге жас қосу, өмір сүрген жылдарға өмір қосу!» ұранымен өтті. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ж. Досқалиев құттықтау сөзінде былай деді: «Біз Қазақстан Республикасының ғылыми қауымдастығында АҚШ және Батыс Еуропа Ұлттық қартаю институттарының үлгісі бойынша қартаюмен кешенді күрес жүргізуді құру қажеттілігі пісіп-жетілді деп ойлаймыз. Осы конференцияда жасау әдістемесі, бағдарлама құрылымы, қатысушылардың өзара әрекеттесу қағидалары анықталу керек… Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасында геронтология мен гериатрияны дамыту бойынша кешенді бағдарламаны жасауда, құруда және енгізуде қолдау көрсетуге және барынша мүмкіндік жасауға ниет білдіреді».  
 
Конференция аясында Қазақстан және ТМД елдерінің жетекші мамандары қартаю мәселелерінің негізгі бағыттары, егде адамдардың тамақтануы, біздің еліміздегі геронтологиялық қызметтің жағдайы мен болашағы бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін профессор В.Бенберин, доктор А.Кен (АҚШ), ҚР кардиология және ішкі аурулар Ұлттық зерттеу институтының директоры Е. Изатуллаев, ҚР Отан Соғысының мүгедектеріне арналған Рентгендік компьютерлік томографияның бастығы М.Шакиров және ішкі аурулар Ұлттық зерттеу институтының қызметкері А.Жангетханның қатысуымен арнайы баспасөз конференциясы өткізілді. Конференцияның қорытынды бөлімінде ҚР Геронтологиялық Қызметті дамыту перспективасы бойынша резолюция қабылданды.  
 
Швейцариядан келген кардиологиялық орталықтың бастығы профессор Т.Люшердің, АҚШ-тан келген доктор А.Кеннің, ресейлік профессор И.Кветныйдың, ҚР Ұлттық Ғылым акедемиясының академигі Т.Шармановтың, профессор М.Шакировтың және басқалардың баяндамаларды конференцияға қатысушылардың зор қызығушылықтарын оятты.   
ҚР геронтологтар ассоциациясының президенті Валерий Бенберин геронтологияның өзекті мәселелеріне толық тоқталып өтті.  
 
Геронтология - өмірді ұзарту жайлы ғылым. Ал адамның мерзімінен бұрын қартаюының алдын алу – геронтологияның басты міндеті.  БҰҰ болжамы бойынша Жердегі халықтың жалпы саны 2050 жылы 6,6, млрд. адамға жетеді. 60-тан асқан адамдардың саны жалпы халық санынан шамамен 38% құрайтын болады. Олардың ішінде елеулі үлесті 80-нен асқан адамдар алатын болады. Бұл болжамдар өте маңызды және күрделі дәрігерлік-әлеуметтік мәселелерді шешу үшін геронтология мәселелерінің өзектілігін арттырып отыр. Қазіргі қоғамның өмір сүру жағдайы, әсіресе өмірдің екінші жартысында әр түрлі аурулардың туындауы адамды мерзімінен бұрын қартаюға алып келеді. Ал заманауи ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша физиологиялық қартаю кезінде адам өмірінің ең ұзақ мүмкін болатын мерзімі 100-120 жасқа дейінгі мөлшерде болуы мүмкін. Адамдардың қартаюының қарқындауы қоғам алдына міндеттер қояды – егде жастағы адамдарды лайықты өмірмен қамтамасыз ету.  
 
Қазақстан Республикасындағы гериатриялық қызмет әр түрлі функционалдық бағыттағы және мамандықтағы мекемелер жүйесімен көрсетілген. Алайда егде адамдарға дұрыс және үйлесімді қызмет көрсету жүйесі, әлі де жоқ. Біздің елімізде Ресейде және Украинада дайындалған бар жоғы 7 геронтолог қана бар.  
 
Мұнан басқа, гериатриялық көмек ведомоствоаралық болуы керек, өйткені оның тиімділігі денсаулық сақтау жүйесі мекемелері, Әлеуметтік қорғау және қоғамдық ұйымдар министрлігі жұмыстарының келісімімен анықталады. Егде және қарт адамдардың денсаулығын сақтау және өмір кезеңінің белсенділігін ұзарту ең маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі болуы тиіс.    
 
Доктор Алибек Кен «қартаюға қарсы» (АҚШ-тағы белсенді қолданыстағы термин) үш компонетті атап айтты: ауруды уақытында диагностикалау, уақытында аурудың алдын алу, тиімді емдеу шаралары. Сондай-ақ ол АҚШ-тағы геронтологияның даму деңгейі төңірегінде туындаған көптеген сұрақтарға жауап берді.  
Шараны ұйымдастырушылар РМК «Кардиология және ішкі аурулар Ұлттық зерттеу институты», ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, РМҚК «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталі», РМҚК «Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталі», Қазақстан Республикасының геронтологтар қоғамы болды.  
 

 
Мекеме  туралы  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Уәкілге шағымдар 
 
 
 
 
 
 
Құжаттар  және басылымдар 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сайттың қонақтарына 
 
 
 
 
 
 
Жаңалықтар 
 
 
 
 
 
Сайттың картасы 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау