Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:40, реферат

Описание

Қартаю проблемалары жөніндегі Вена халықаралық жоспарының 2 ұсынымына сәйкес егде адамдар туралы қамқорлық физикалық, психикалық, әлеуметтік, рухани факторлардың, сондай-ақ қоршаған орта факторларының арасындағы өзара байланысты назарға ала отырып, олардың жалпы хал-ауқатын қамтамасыз етуді болжайды. Сондықтан денсаулық туралы қамқорлық медициналық және әлеуметтік секторларды қамтуы тиіс.

Работа состоит из  1 файл

Егде адамдар.docx

— 415.66 Кб (Скачать документ)

Қарттардың ауыр дене кемшіліктері бар адамдармен бірге  тұруы екі топқа да кері әсерін тигізеді және олардың өмірінің барлық салаларына да ықпал етеді. Көптеген адамдарға интернат-үйге түсу және қалыптасқан жағдай мен қоршаған ортадан қол үзу психикалық көңіл-күйіне және кейінірек, денсаулығына да әсер ететін жүйке қозуына алып келеді. Мұның бәрі жаңа жағдайларға бейімделуге кедергілер келтіреді. Осыған байланысты интернат-үйге жаңадан қабылданған адамдарға міндетті түрде жаңа өмір салтына бейімдейтін психологиялық жағдай жасау қажет, қарт адамдарды барынша белсенділікке тарту қажет, олардың арасынан көршілеріне көмектесе алатын көшбасшыларын таба білу керек. Бұл жұмысқа көптеген интернат-үйлерде болмайтын, арнайы мамандандырылған білімі және тәжірибесі бар сауықтырушылар, психологтар тартылуы тиіс.

9) Интернат-үйлерді қаржыландыру

Бүгінгі күні интернат-үйлердің қызметін қаржыландыру өзекті проблема болып табылады. 2005 жылы прокуратура органдары жүргізген тексерулер көрсеткендей, қарттар мен мүгедектерге арналған мемлекеттік интернат-үйлерді толық қаржыландырмау 35%-ке жетіп отыр.

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы бюджетінен «Қарттар мен жалпы профильдегі мүгедектерге арналған Смирновский интернат-үйі» ММ-не шығындардың жылдың сметасының 35-40%-ке жуық қаржы бөлінбеген. 2004 жылы мекемені қаржыландыру шығынының жоспарланған сомасы 82 млн. теңгеден астам соманы құраса, бөлінген сома 64 млн. теңгені құрайды, яғни 17 млн. теңге бөлінбеген. Қаржыландырудың жетіспеушілігі жиһаздарды, ескі төсек жабдықтарын ауыстыруға мүмкіндік бермеді, жөндеу жұмыстары жасалмады және киімдер сатып алынбады.

Өткізу  мерзімі қамқорлыққа  алынушыларды киіммен, тамақпен, дәрі-дәрмектермен, қызмет көрсетумен қамтамасыз ететін тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алу тендерлерін уақытыл өткізу мәселесі өте маңызды болып табылады. Бұған қоса, прокурорлық тексеру қорытындылары мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларының бұзуға жол берілгендігін анықтады. Мысалы, 2005 жылғы наурызда Қарағанды облысында қаржы және әлеуметтік қорғау департаментінің кінәсінан медициналық-әлеуметтік мекемелерге тамақ өнімдерін сатып алуға тендерлер өткізілмеді. Прокуратура органдарының Солтүстік Қазақстан облысына жүргізген тексерулер барысы қаражаттарды мақсатсыз пайдалану және тауарларды көтеріңкі бағамен сатып алу секілді бұзушылықтарды анықтады. Соғыс және еңбек ардагерлерінің Қарағанды үйі әкімшілігі тендер өткізбей құрылыс материалдарын көтеріңкі бағаға сатып алған.

10) Өрт қауіпсіздігі

Үлгі ережелеріне  сәйкес, қақорлыққа алынушыларды ұстау  өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес болуы тиіс, алайда заң нормаларына  барлық интернат-үйлер сай келмейді. Құралдардың және өрт сөндіруге арналған техникалар санының жетіспеушілігі, автоматты өрт сөндіру дабылының жұмыс істемеуі, электр желілері мен электр құралдарының сын көтермейтін жағдайы – бұлар өрт қауіпсіздігін сақтамаудың толық тізімі емес. Мысалы, прокуратура органдары Қызылорда қаласындағы «Жизнь» қайырымдылық үйінде осындай кемшіліктер бар екендігін анықтады.

Барлық  интернат-үйлерде қамқорлыққа алынушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мәселесі барынша өзекті болып табылады. Көбінесе жүре алмайтын аурулар мен мүгедектер жоғары қабаттарға орналастырылған және барлық жерлерде 3-5 қабаттардан түсетін арнайы пандустар қойылмаған (интернат-үйлердің көбісі 4-5 қабатты ғимараттарға орналасқан) және сыйымды лифтер жоқ. Сондай-ақ жүріп-тұруы қиын қамқорлыққа алынушыларға арналған тасымалдау құралдары мүлдем жоқ. 2004 жылы қарттар мен мүгедектерге арналған № 2 Тараз интернат-үйінде өрт болған, оның нәтижесінде бір қамқорлыққа алынушы көз жұмған.

11) Қамқорлыққа алынушылар  – тәртіп бұзушылар

Көп жағдайда бұрын сотталған қарттардың тәртіп бұзуы тақырыбы да қарауды қажет етеді. ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 176-бабы 3-тармағына сәйкес 1 және 2-топтағы мүгедектерді, сондай-ақ 60 жастар асқан ер кісілер мен 55 жастан асқан әйелдерді олардың өтініштері және жазасын өтеп жатқан мекемелердің ұсынуы бойынша әлеуметтік қорғау органдары қарттар үйіне жібереді. Интернат-үйіне қаблдауға кедергі келтіретін бірден-бір себеп медициналық сипаттағы ауру болып табылады, интернат-үйге қабылданушылардан соңғы ұсталған орнынан немесе жұмысынан мінездеме талап етпейді. Қамқорлыққа алынушылар ішкі тәртіпті жүйелі түрде (кемінде үш рет) бұзған кезде, оның ішінде есірткі заттарын пайдалану, спиртті ішімдіктер ішу, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге де мүліктерді бұзу, сондай-ақ өртке қарсы әрекеттер жасаған кезде, интернат-үйден шығарылуы мүмкін. Бұған қоса, бұл талаптар қамқорлыққа алынушылардың көп бөлігіне қолайсыздық тудыратын, сондай-ақ өзіне зиян келтіруі мүмкін әрекеттер жасаушыларға да тиісті. Мысалы, Қызылорда қаласының «Мейірімділік» интернат-үйіндегі қамқорлыққа алынушылар сауалнама жүргізу кезінде ішімдік ішетіндермен бірге тұру оларға көптеген қиындықтар тудыратынын көрсетті. Осыған байланысты айналасындағыларға әлеуметтік қауіп тудыратын қарттар мен мүгедектерге арналған бірнеше интернат-үйлер құру мақсатқа сай болып табылады. Кейбір сотты болған адамдар өзімен бірге тұратын көршілеріне ғана емес, медицина қызметкерлері мен қызмет етуші персоналға да қорқыныш үрейін туғызады. Бұндай кісілерге қарсы әкімшілік және қылмыстық іс қозғалмайды, ықпал етудің басқа да шаралары нәтижесіз. Интернат-үйден шығару туралы қатерден олар қорқытпайды да, себебі шығарылған адамдардың өтініші бойынша әкімшілік әрекетін бақылаушы органдар бірнеше рет тексеруі мүмкін.

12) Егде адамдарға ықпал ету шаралары

Қарттар мен  мүгедектерге арналған интернат-үйлері әкімшіліктерінің өтініші бойынша жазаланған тұрғындарға мекемелерде медициналық ықпал ету шаралары не қандайда бір жазалау шаралары қабылданбайды (тыныштандыратын дәрі жіберу, еркін басатын психотроптық заттар).

Алайда, жағдай барлық кезде сәтті болып табылмайы. Мысалы, Шымкент қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінде жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша тұрғындардың көптеген бөлігі әкімшіліктің жазаланған тұрғындарға жаза қолдану қаупі туралы шағымданған, бұл ретте жазаның түрін нақты көрсетпеген. Ақтау қаласындағы интернат-үйде сауалнамаға жауап берушілердің 9%-і әкімшіліктің жаза қолдану мүмкіндігі туралы сұраққа қанағаттанарлық деп жауап берген. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданның Зевакинский интернат-үйінде спирттік ішімдік қолданған қарттарды ұстауға арналған арнайы бөлме жабдықталған. № 2 қарттар мен мүгедектерге арналған Тараз интернат-үйінде сауалнама жүргізу кезінде қамқорлыққа алынушылардың 60%-і директор тапарынан қауіп-қатер туралы шағымданған.

Б) Тамақтану 

1982 жылғы Қартаю  проблемалары жөніндегі Вена  халықаралық жоспарының 12-нұсқауына  сәйкес тең, тиісінше және жеткілікті дәрежеде тамақтану, атап айтқанда протеин, минералдық заттар мен витаминдер қабылдау егде адамдардың әл-ауқаты үшін өте қажет.

БҰҰ-ның егде адамдарға қатысты қағидаларының 1-тармағы егде адамдар оларға кірісті қамтамасыз ететін азық-түлікке, қоғам тарапынан қолдау көрсетудің тиісті талаптарына қол жеткізуін көздейді.

2002жылғы Қартаю  проблемалары жөніндегі адрид  халықаралық іс-қимыл жоспарының 1-проблемасының 3-мақсаты егде адамдардың барлығының азық-түлік пен тиісті тамақтануға қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады. Елдер қабылдауы тиіс шаралардың қатарында мыналарды ерекше атап өту қажет:

  • ерлер мен әйелдердің өмірлерінің барлық кезеңінде тамақтануының айрықта қажеттіліктерін қанағаттандыруды назарға ала отыры дұрыс және тең тамақтануды қамтамасыз етуге ықпал ету;
  • тиісті әрежеде энергия толықтыру және азықтық макро және микроэлементтердің тапшылығын жергілікті өнімдерді қолдану негізінде болдырмау үшін реттелген тамақтануды көтермелеу. Осыған байланысты қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған интернат-үйлердің көпшілігінде (мысалы, Малотимофеевский, Семей интернат-үйлерінде) қамқорлыққа алынушыларға мекеменің әкімшілік пен қамқорлыққа алынушылар көкөністер мен жемістер өсіретін аумағындағы кіші бақшалар мен бағбандық учаскелерден алынған өнімдер беріледі;
  • егде адамдардың денсаулығын нығайту және аурулардың алдын алу бағдарламаларын әзірлеуде және жүзеге асыруда тағамдық заттардың жетіспеушілігі мен олармен байланысты аурулар проблемасына айрықша назар аудару. Мысалы, Малотимофеевский интернат-үйінде жылына 2 рет – көктемде және күзде «С» витаминімен витаминдеу жүргізіледі;
  • егде адамдарды күтумен айналысатын медициналық персоналды және басқа да мамандарды дайындау бағдарламасында егде адамдардың тамақтануға қатысты ерекше қажеттіліктерін ескеруді қосу;
  • күтуді қамтамасыз ететін мекемелердегі егде адамдарды қол жетімді азық-түлікпен және тағам өнімдерімен тиісінше және жеткілікті қамтамасыз ету.

Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 307/1-б және Қазақстан  Республикасы Статистика агенттігі  төрағасының 2005 жылғы 5 желтоқсандағы  № 194 бірлескен бұйрығымен Қазақстан  Республикасындағы халықтың түрлі  әлеуметтік топтары үшін негізгі тағам өнімдерін тұтынудың ең аз нормалар бекітілген. Мысалы, зейнеткерлер мен егде ададардың тұтыну қажеттілігі мынадай: бидай ұнынан жасалған нан жылына 69,3 кг, қара бидай наны – 5,5 кг, макарон өнімдері – 4,0 кг, күріш – 7, кг, қарамық – 1,8 кг, сұлы жармасы – 1,6 кг, картоп – 85,3 кг, қырыққабат – 4,5 кг, жаңа көкөністер – 19,6 кг, қант – 16,6 кг, сиыр еті – 14,3 кг, сүт – 81,3 л., қаймақ – 3,1 л., ірімшік – 4,8 кг, сыр – 2 кг, сары май – 4,1 кг, жұмыртқа – 113 дана, шай – 0,67 гр. Тағамның құндылығы 2200 ккал-дан төмен болмауы тиіс, құрамындағы белок – 76,7 г, май – 74,7 г., көмірсулар – 300 г. болуы тиіс. Осы минималды нормаларға сәйкес интернат-үйлердегі тамақтану құны мен үлесі есептеледі.

Адам құқықтары  жөніндегі уәкіл мен оның кеңсесінің қызметкерелі аралап шыққан интернат-үйлердің көпшілігінде қамқорлыққа алынғандардың тамақтануы олардың организмдерінің қажеттілігіне сәйкес тиісті құндылықты алулары осы жағдайға сәйкес келеді. Интернат-үйлерде күнделікті тағам тізімін жасайтын диеталық медбике болуға тиіс екендігіне қарамастан, барлық жерде диеталық тағамдар қарастырылмағандығын ескеру қажет.

Астана қаласындағы  интернат-үйде тамақтанудың бір күндік үлгісі:

  • таңғы ас – сүт ботқасы, йогурт, май жағылған нан, шай;
  • түскі ас – вермишель сорпасы, картоп пбресімен котлет, қырыққабат салаты, какао, нан;
  • бесін асы – апельсин, нан;
  • кешкі ас – қарақұмықпен балық, сәбіз салаты, шай, нан.

Барлық мемлекеттік  интернат-үйлерде төрт мезгіл тамақтану ұйымдастырылғанын атап өту қажет.

Тамақтануға арнайы жеке орын бөлінген. Асхана қанағаттанарлық санитарлық жағдайда ұсталады, ыдыс-аяқтар мен жуу, дезинфекциялау құралдары жеткілікті. Жүріп-тұруы мүмкіндіктері шектеулі адамдарға лифт арқылы көтерілетін асханадан тамақ беріледі. Төсекте жатқан ауруларға тамақты медбикелер береді (Орал жалпы үлгідегі интернат-үйі, Астана қаласының интернат-үйі). Сонымен бірге әрбір қабатта кішігірім тамақтанатын орын бар. Астана қаласының интернат-үйінде шағым және ұсыныс кітабы бар.

Тамақтануды қаржыландыру қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қамтамасыз ету шығындарына арналған облыстық бюджет есебінен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жыл сайын маслихаттар  интернат-үйлерді қаржыландыру көлемі белгіленетін шешім қабылдайды. Мысалы, Алматы облысы маслихатының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы «Алматы облысының 2006 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» № 24-161 қаулысымен қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған интернат-үйлерге 151008 мың теңге бөлінген. Ақтөбе облысы маслихатының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы «2006 жылға арналған облыс бюджеті туралы» № 199 шешімімен Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің «Қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерді әлеуметтік қамтамасыз ету» бағдарламасына тағам өнімдерін сатып алуға 11719 мың теңге, оның ішінде қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйіне 6072 мың теңге бөлінген.

Сонымен бірге, кейбір облыстардың бюджетінен егде адамдардың тамақтануына қаржы өте аз бөлінеді. Мысалы, прокуратураның Қарағанды облысын тексеру материалдары 2004 жылы Қарағанды облысындағы 7 мекеменің тиісінше тамақтануын ұйымдастыру үшін норма бойынша 158 млн. теңге қажет болғанымен, юджеттен бар-жоғы 101,3 млн. теңге бөлінгендігін көрсетеді. Бұл жағдайдың орын алуына атқарушы және өкілдік биліктің аумақтық органдары интернат-үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектердің қажеттіліктерін ескермейтіндіктері себепші болып отыр.

2 Рудный қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған интернат-үйінде 2005 жылы тамақтану шығыны 239,24 нормада 68 теңгені құраған.

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Қамқорлық» қарттар үйі 2002 жылдан бастап тағам өнімдері мен дәрі-дәрмектер сатып алуға қаражат бөлінбей аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының балансына өткізілген.

Интернат-үйі әкімшілігінің қамқорлыққа алынушылардың құқықтарын бұзуы.

Интернат-үйлердің әкімшілігі тамақтану сапасына, сондай-ақ азық-түлікті сатып алу мен сақтауға жауапты болып табылады. Көп жағдайда әкімшіліктер өздерінің міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды және қамқорлыққа алынушылардың дұрыс әрі дәмді тамақтану құқығын қамтамасыз етеді. Алайда бұл мәселеде де кемшіліктер кездеседі.

 
  

Тараз қаласының  № 2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінде 2004 жылы сауалнама жүргізген кезде қамқорлыққа алынушылардың көп бөлігі А.С. Сегізбаев интернат-үйі директоры қызметіне келгелі бері тамақтану, қызмет көрсету, материалдық қамтамасыз ету сапасы төмендегендігін атап өтті және тамақтану сапасы арттыру, етті көбірек беру туралы ұсыныс жасады.

«Экспресс К» газетінің 2006 жылғы 22 маусымдағы 113-санында Ләзат  Шуленованың «Солонина по-директорски» атты мақаласы жарияланды, онда прокуратураның Қостанай облысын тексеру кезінде  Қостанай облысы Қарасу қарттар мен  мүгедектерге арналған интернат-үйінде директор тарапынан құқық бұзушылықтар болғандығы анықталды. Мекеменің мұздатқыш камерасында директорға тиесілі ет сақталған, бұл кезде зейнеткерлерге тамақ дайындау үшін сатып алынған 26 кг ет тұздалып, ағаш бөшкеде сақталған. Тексеру кезінде еттің ескіргендігі және бұзылғандығы анықталып, акт бойынша жойылған.

Дәл осындай қапаландыратын жағдай «Намыс» пансионатында да орын алған. Прокурорлық тексеру кезінде қоймадан 11 қап жарма табылған, оның 9-ның сапасына берілген сертификаттың мерзімі өткен, 2-уі сертификатсыз. Қамқорлыққа алынушылардың айтуы бойынша оларға күн сайын бұршақ және арпа жармасы мен сылдыр судан тұратын сорпа берілген. Пансионат штатында ас әзірлеуші болмаған. Онда тұратындар тамақты бөлмелеріндегі плиткада дайындаған. Азық-түлікті директор ай сайын зейнетақы орнына беретін 1000 теңгеге сатып алып отырған.

Информация о работе Егде адамдарға медициналық қызмет көрсету және оларға күтім жасау