Фердинанд Теннис нем. Ferdinand Tönnies (1855 - 1936 ж.ж.) - неміс әлеуметтанушысы, немістің классикалық әлеуметтануының
негізін калаушы. 1855 жылы 26 шілдеде Ольденсворт маңындағы Рип деревнясында ата-анасынын фермасында
туған. Жан-жақты білім алғанфилософияны, тарихты, классикалық тілдер мен археологияны, кейіннен Йен, Бонн, Лейпциг, Берлин, Тюбинген университеттерінде экономикамен статистиканы оқып зерттейді. Тюбингенде 1877 жылы ол
классикалық филология саласында философия докторы атағын алды. 1881 жылыКиль универсигетінде философияньщ приват-доценті
атанды. 1913 жылы экономика кафедрасын
алғаннан кейін толык профессор атағына
ие болды; эмеритеттенген университеттік
профессор мөртебесіне, яғни жоғарғы меқтепте
міндетті дөріс беруден босатылған профессор
дәрежесіне, Теннис тек 1916 жылы ғана ие болды. Сонда да ол
дәріс беруді жалғастыра берді: 1921 - 1933
жылдарға дейін ол Киль университетінде
әлеуметтанудан дөріс оқиды. Национал-социализмнің
өсіп келе жатқан қаупі алдында, ғалымдар
саяси күреске қатысуға болмайды дейтін
өзінің жеке принципін бұза отырып, 1930
жылы ол Германияның социалдемократиялық партиясынын қатарына
кіреді. Өмірінщ соңына дейін көптеген
университеттік әріптестеріне Караганда,
Т. нацистік режимнің қайтпас қарсынасы
болып, оның иррационализмі мен антигуманизміне
қарсы шықты. 1933 жылы нацистер ғалымды
университеттен куды. Тенниске табыс кеш
келді. Оның басты еңбегі - "қауым мен
қоғам. Коммунизм мен социализмді мөдени-эмпирикалық
тұрде қарастыру" алғаш рет 1887 жылы
жарықкөрді; кайта қарастырынған, кеңейтілген
екінші басылым "Таза әлеуметтанудың
негізгі ұғымдары" деген атпен тек 1912
жылы жарық көрді. Оның ғылыми макалаларының
бір бөлігі окырманы аз және біраздан
кейін жабынып қалған журналдарда басылды.
Соған қарамастан, Теннисғалым ретінде
үлкен беделге ие болды. Ол әлеуметтанудың
ғылыми пән ретінде калыптасуы мен оның Германияда институциялануына көп жәрдемдесті.
Оның өлемдік әлеуметтануға қосқан негізгі
үлесі - теориялық ұғымдар жүйесін өзірлеуі.
Оның бастауы "Gemeinschaft und Geselschaft" (1887) деген еңбегінде жатыр. Теннис жүйесінің
толық ресімделуі оның 1931 жылғы соңғы ірі еңбегі "Әлеуметтануға
кіріспеде" (1931) көрсетілді. Теннис әлеуметтануының
неғұрлым маңызды санатына мыналар кіреді:
баска адамды танып білу, таныстық — бөтендік
(Gekannstein, Bekkanschaft — Fremdheit), үнату — үнатпау,
сену — сенбеу (Vertrauen — Misstrauen); әлеуметтік
байланыстылық (Soriales Verbundensein); әлеуметтік
мән (Soziale Wesenheit) немесе әлеуметтік нысан
(Soziale Gestalt); мөндік ерік (Wesenwille) пен сайлау
еркі (Kurwille); кауым (Gemeinschaft) және қоғам (Gessellschaft);
табиғи — жасанды немесе әлеуметтік немесе
ұжымдық тұлға (naturaliche Person - kuiistliche, soziale
Person, Kollektivperson); табиғи-әлеуметтік қагынас
(naturaUshes-soziales Verhaltnis), әлеуметтік жиынтық
(Samtschaft), корпорация (Korperschaft). Әлеуметтік
"гештальттардың" маңыздылығы не
органикалық бірліктің күдіксіздігі ретінде,
не ойлаудың жетілген кұрылымы ретінде
сезілуінде жатыр. Байланыстың бірінші
тұрі "Gemeinschaft", екіншісі "Gessellschaft" деген атауларға ие болады. "Gemeinschaft" ұғымын орыс тіліне аудару өте қиын.
Аударманың бекітілген нүсқасы — "қоғамдастық",
"қауым". Ал "Gessellschaft" тура аудармасы
— "қоғам" — дұрыс болғанымен, әлеуметтік
байланыстардың жеке тұріне қарағанда,
олардың жиынтығы туралы ұғымын көбірек
қаузайды. "Gemeinschaft" ұғымын Теннис сонымен қатар, шаруалық-деревнялық
қауымға да қолданады, ал "Gessellschaft" ұғымын индустриалды қалалық қоғамға
қатысты қодцанады. Олардың арасын- дағы
негізгі айырмашылықтар мыналар: 1) "Gemeinschaft" адамдардың "қауымдық принциптер
мен бұқаралық күндынықтарға сәйкес өмір
сүретінін болжаса, ал "Gessellschaft" тұріндегі қоғам жеке пайдаға үмтынысқа
негізделеді; 2) "Gemeinschaft" — әдет-ғүрыпка басты маңыз берсе,
"Gessellschaft" формалды заңдарға негізделеді; 3)
біріншісі шеқтелген және дамымаған мамандануды
білдірсе, екіншісіңде арнайы мамандандырылған
кәсіби рөлі көрініс береді; 4) біріншісі
- діни құңцылықтарға, екіншісі - зайырлы
күндынықтарға сүйенеді: 5) "Gemeinschaft" негізінде - отбасы мен қауым, "Gessellschaft" негізінде адамдар бірлестігінің
ірі корпоративтік және ұғымдық нысандары
жатыр. Теннис әлеуметтануында алдыңғы
дәуірге тән болып келген әлеуметтік-философиялық
саудаға салудан алынған үшқары ұстанымдар,
саяси нүскамалар және моральдық үрдістер
тарихынын философиясына жат болып келген
объективті, ғылыми әлеуметтану жасауда
алға жылжу байқалады. Әрине, Т. әлеуметтануының
"ғылымилығы" ғылымның белтілі, позитивтік
бейнесіне бағытталған. Өзінің әлеуметтанушылық
тұжырымдамасының жетістіктеріне ол,
біріншіден, объективтілікті, екіншіден,
озіне тән натуралистік үрдісті, үшіншіден,
құндылықтын алғышарттарға және тәжірибелік
әлеуметтік іс-әрекетке төуелді еместігін
жатқызды. Теннис XX ғасырдағы батыс әлеуметтануында
одан әрі дамытылып, іске асырылған бірқатар
идеяларды алға тартады. Бұл, ен алдымен
әлеуметтанудың таддамалык құрылымы (тарихи
құрылымға қарсы болып келетін) идеясы,
ол идея әлеуметтану өзін-өзі ғылым деп
тануында, өз орнын тауып, қоғамды талдауға
өзіндік әдіс оилап табуына негізделеді.
Теннис алғашкылардың бірі болып батыс әлеуметтануында сол заманнан бері таза әлеуметтану ретінде
кзрастырылған әлеуметтік құрылым мәселесін
алға қойды.
Поппер Карл |
Поппер Карл |
Дүниеге келгені: |
1902 ж. шілденің 28(110 жас)
Вена |
Қайтыс болғаны: |
1994 ж. қыркүйектің 17 |
Ұлты: |
ағылшын |
Мансабы: |
ағылшын философы , социологы |
Карл Поппер және Cyril Хоши(солдан оңға)
Поппер Карл Раймунд[1] (28.7.1902, Вена — 1994, сонда) — ағылшын философы
және социологы. Поппер оқытушылық қызметін Жаңа Зеландияда бастап, өмірінің көп бөлігін Лондонның экономика және
саяси ғылым мектебінде өткізді. Негізгі
еңбектері: “Ғылыми зерттеудің логикасы”
(1935), “Ашық қоғам және оның жаулары” (1945,
қазақ тілінде 2004), “Болжам және теріске
шығару” (1963), “Объективті білім” (1972),
т.б. Оның ғылыми жұмыстары негізінен фальсификация принциптері, ашық қоғам тұжырымдамасы,
сондай-ақ әлеуметтік инженерияның жекелеген
мәселелерін қамтиды. Поппердің іліміне
сәйкес білімнің эмпирикалық және теориялық
деңгейлері бір-бірімен тығыз байланыста
болады. Кез келген ғылыми білімге болжалдық
сипат, қателесушілік тән. Ғылыми білімнің
дамуы батыл болжамдар ұсынып, оларды
жоққа шығарудан тұрады, сол арқылы ғылыми
мәселелер шешіледі. Әлеуметтік философия
саласында Поппер марксизмілімін сынға алып, қоғамдық
дамудың объективті заңдылықтарын және
әлеуметтік болжам мүмкіндіктерін теріске
шығарды. Поппер “Ашық қоғам және оның
жаулары” атты еңбегінде Платон, Гегель, Маркс идеяларын сынға алып, оларда
нақтылық пен білімді жетілдіруге деген
ұмтылыс жоқ деп тапты. Ақиқатқа монополия
жасау әрекетіне қарсы шығып, толеранттылық (төзімділік)
пен либералды позицияларын
ұстанды. Поппер ашық және жабық қоғамдарды
қатар қарастырады: алғашқы қоғам тұрпатына
батыс демократиясын, ал екіншісіне социалисттік
мемлекеттерді жатқызады. Соңғыларына
тоталитарлық, яғни қоғамның индивидтен
жоғары тұруы, жеке жауапсыздық, қасаң
қағидашылық тән. Оның пікірінше, бұл “трайбалистік”,
яғни өзінің құрылымы жағынан алғашқы
қауымдық құрылыстағы тайпа тәрізді, өзін
басқаларға қарама-қарсы қоятын қоғам.
“Ашық қоғам” мүшелеріне рационалдық
бағдар, әлеуметтік дамуды мақсатты түрде
саналы басқару, мемлекеттік институттарды
азаматтардың қажеттілігіне сай біртіндеп
қалыптастыру тән. Поппер өзінің ұстанымын
“сыншыл рационализм” деп анықтайды.
Оның пікірінше, ғалымдар белгілі бір
нәрсені үйрену үшін ашық және еркін рационалды
пікірталасқа баруы қажет. Мұнда ғалымдар
ұсынылған тұжырымды теріске шығару тәсілдерін
табуға да, оппоненттің көзқарасын қолдауға
да дайын болуы шарт. Поппердің еңбектері
кезінде көптеген пікірталастар мен даулар
туғызғанымен, қоғамдық ғылымдар дамуының
бүкіл кезеңінде зор мәнге ие болды.
Ашық қоғам — мемлекеттің ішкі саяси, экономикалық, әлеуметтік
және мәдени жүйелерінің деңгейін білдіретін
ұғым; Карл Поппердің «еркін қоғам» концепциясы,
мұнда білімнің барлық түрлері және кез-келген
әлеуметтік саясат ашық сыналады. Ол оны фальсификациялық
және сыни рационалистік эпистемологиямен сәйкестене алатын жалғыз қоғам түрі ретінде қарастырады; бір
қабаттан екінші қабатқа өту ресми түрде
шектелмейтін қоғам.[1]
“Ашық” және “жабық”
қоғам деген ұғымдарды кезінде ағылшын философы Карл Поппер енгізген. Ол мұны әр түрлі қоғамдардың
тарихи-мәдени және саяси жүйелеріне сипаттама
беру үшін қолданған. “Жабық” қоғам —
догматты түрде жеке басқа табынушылықты,
сондай-ақ дамудың ерте кезеңдеріне тән
сипаттармен, жаңару, жаңғыруларсыз, ілгері
қозғалыссыз тұрып қалу мәнін білдірсе,
“ашық” қоғам — бұған қарама-қарсы ұғымда
айтылады. Ол сыртқы жағдайларға тез икемделіп,
жылдам ыңғайланатын, өзара сынға ерік
бере білетін демократияшыл қоғам. Поппер өркениет тарихында қоғамдық
даму қашанда “жабық” жүйеден “ашық”
жүйеге өту арқылы жүзеге асып отырғанын
көрсетеді. “Жабық” жүйелерге өзінің
әлеум. және саяси құрылымдары жөнінен
әрқилы елдердегі (Спарта, Пруссия, патшалық Ресей, нацистік Германия) әміршіл-әкімшіл қоғамдар,
“Ашық” қоғам үлгісі ретінде көне дәуірдегі
халық кеңесі басқарған Афина мен жаңа
замандағы мемлекеттер мысал бола алады.[2] Демокр. мемлекеттердің түрлері
көп болғанымен олардың өзіне тән ортақ
белгілері бар. Халық билігі, теңдік, әділеттілік,
еркіндік принциптеріне негізделген мемл.
жүйеде ғана А. қ. өркен жаяды. Қазақстан мемлекеті де биліктің түп иесі
халық болып табылатын демокр. республика
әр адамның негізгі құқық және бостандық нормалары белгіленген, заң
мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Әркім
өзі қалаған саяси және діни көзқарастарды,
мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және
баспасөз бостандығы берілген, соның ішінде
сын құқығы заң жүзінде қорғалады. Қазақстан
осындай демокр. принциптер негізінде
құқыӘдеб.: Корнфорт М., Открытая философия
и открытое общество, пер. с англ., М., 1972;
Назарбаев Н.А., На пороге ХХІ века, А., 1996;
Ә. Нысанбаев, Адам және ашық қоғам, А.,
1998; Popper K.R., The open socіety and іta enemіes, 5 ed., v. 1-2,
L., 1966. қтық және әлемге ашық мемл. құру
үстінде. Бұл принциптер 1995 ж. қабылданған
Қазақстан Республикасының Конституциясында
толық көрініс тапқан.[3]
Қазіргі әлеуметтану қоғамның
барлық типологиясын қолдана отырып,
олардың ортақ синтетикалық жобасын
жасап шығарды. Оның авторы америка
социологы Даниел Белл деп танылады.
Ол дүниежүзілік тарихты үш кезеңге
бөлді:
1. Индустрияға
дейінгі қоғам – даму факторы ауыл шаруашылығымен
айқындалады, сондықтан оны аграрлық қоғам
деп те атайды.
Аграрлық
қоғам – натуралды ауыл шаруашылығы
мен сословиялық иерархияның үстемдігімен,
әлеуметтік саяси өмірде дін мен армияның
шешуші рөлімен сипатталатын қоғам дамуының
индустриялдық қоғамға дейінгі тарихи
сатысы.
2. Индустриялдық
қоғам – даму факторы корпорация
және фирма басшылығындағы өнеркәсіппен
сипатталады. Яғни индустриялды
қоғам – қоғам дамуының тарихи сатысы,
оған жоғары деңгейдегі өнеркәсіп өндірісі,
оны механикаландыру, дамыған еңбек бөлінісі
және оның мамандандырылуы, ғылыми-техникалық
революцияның жетістіктерін қолдану,
әлеуметтік-саяси өмірді ұйымдастыруда
ілгерілеу, икемділік және ашықтық тән.
3. Постиндустриялдық
қоғам – жоғары технология мен теориялық
білімді сипаттайды. Бұндай қоғамда жекеменшік
әлеуметтік теңсіздік белгісі ретінде
өзінің мәнін жоғалтады, ал білім мен ғылым
деңгейі шешуші сипатқа ие болып, ол қоғам
информациялық қоғам деген атауға ие болады.
Яғни, постиндустриялды
қоғам – адамзат қоғамы дамуының
үшінші сатысы, әлемдік көпшілікке олардың
болашағын көрсетіп, қазіргі ғылыми технологиялық,
басқа да төңкерістердің қол жеткен табыстарымен
және келешегімен байланысқан әлеуметтік
өзгерістерді сипаттайды.
2. Қоғамның негiзгi типологиясы
келесi:
Қарапайым қоғам- рулық-тайпалық қатынастарға,
табиғи шаруашылдық формасына негiзделген,
еңбектiң жыныс пен жас шамасына қарай
бөлiнуiмен, стихиялық түрде ұжымды басқару
iсiне қатысумен, және көбiнесе көшпендiлi
өмiр сүру мен, бiлiмдi ұрпақтан ұрпаққа
ауз тiлi және тәжiрибе арқылы жеткiзу мен
ерекшеленетiн алғашқы қоғамның типы.
Дәстүрлi қоғам- аграрлы революция нәтижесiнде
көптеген әлеуметтiк (орталыққа бағынатың
мемлекет, абсолюттi монархия), құқықтық,
және бiлiм институттарының қалыптасуы,
жазба тiлдiн пайда болуы мен моногамиялық
отбасының пайда болуы, қоғамдық сатыда
жоғары тұрған элитарлық басқару, өзiндiк
пайдалану экономикасы, товар алмасу қатынастарының
нығайтылуы және жеке меншiктiң пайда болуы,
кәсiби және ауыл шаруашылығына негiзделген
еңбек формасының кең тарауы, үлкен мәдени
орталықтардың-қалалардың пайда болуы,
ғылыми бiлiмдердiн кең өрiс алуы мен ерекшеленетiн
қоғам типы (меншiк объектiсi- құлиленушiлiк-адам,
феодалдық-жер, капиталистiк-капитал).
Индустриалды
қоғам- индустриалды революция негiзiнде
үш әлеуметтiк- экономикалық заңдарды
жүзеге асырды: уақытты үнемдеу, қажеттiлiктердi
көтерiп асыру, және еңбек алмасу. Индустриализация
логикасы бойынша барлық елдер мен халықтар
ұқсас сипаттарға ие болып, әлеуметтiк
тәртiптiн бiркелкiлiкке ұрынады, бұл процесс конвергенция тезисi деп
аталады. 20 ғ. екiншi жартысынан Еуропа
елдерiнде басталған бұл үрдiс көптеген
Азия және Африка елдерiнде де байқалады,
олардың бәрi келесi шарттарға сай болуға
ұмтылады:
*еңбектiн терен әлеуметтiк
және техникалық бөлiнiсi;
*отбасының өндiрiс орыны
мен еңбек орынынаң бөлiнуi;
*мобильды және тәртiптi
өндiрiс күшiн, еңбекшiлердi қалыптастыру;
*экономикалық есептеулердi,
жоспарлауды және инвестициялауды
белгiлi бiр рационалды түрде
ұйымдастыру;
*секуляризация (дiннен
азат болу), урбанизация (қалалану),
әлеуметтiк мобильдiлiк және демократизациялану
үрдiстерi кең етек алады.
1)Ұлттардың пайда болуы-
бiр тiлге негiзделген, территория,мәдениет,
экономикалық қатынастар бiрлiгi
байқалатың тарихи қалыптасқан
адамдар бiрлестiгi. 2)Ұлттық мемлекеттердiн
пайда болуы, олардың нақты шекараларының
бекiтiлуi. 3) Халықтық билiкке, демократияға,
басқару органдарының көпшiлiк пен сайлануы,
көп партиялардың болуы. 4) Ақпарат құралдары
арқылы адам санасына әсер ету. 5) Өндiрiстiң
комерциализациялануы, «Бәрi сатылада!»,
рыноктың ңығайтылуы, капиталға негiзделген
жеке меншiк бiрiншi орында. 5) еңбек өнiмдiлiгiнде
революция байқалады, 20ғ. 75-80 жыл арасында
пролетариатты орташа әлеуметтiк топқа
айналдырған: а) механизация негiзiнде
машиналы өндiрiстiн басым болуы; в) фабрикалық
негiзде өндiрiстi қайта ұйымдастыру (ғалым-
лаборотория, кiтапхана). 6)аул шаруашылығымен
айналысушылардын санынын азайюу, индустриялды
секторда көбейюi. 7) урбанизация, мобильдiлiк
процестер аул өмiрiне қарсы процестер
(адам құлап қалса, қызға бiреу тисiп жатса).
8) көпшiлiктiң сауатты болуы байқалады:
а) квалификацияның көтерiлуi, в) баспа
сөз өнiмдерiнiн көбейуi, г) бiлiм беру институттарының
қалыптасуы. 8) ғылымның практикалық маңыздылығының
көтерiлуi.
Постиндустриалды
қоғам- (1962ж. Дэниел Белл «Постиндустриалды
қоғамның келуi») немесе информациялық қоғамдеп
атауға болады, өйткенi оның ядросы информациялық
технологиялардың қарқынды және шапшан
дамуы болып табылады. Егер инд-ды қ. индустриалды
революцияның нәтижесi болса, онда постинд-ды
қ. информациялық революция нәтижесi. 1)
экономикада өндiрiстiн ролi төмендеп информация
өндiру және оған қызмет көрсетудiн (сервис)
ролi күннен күнге жоғарлап барады. Қазырғы
заманда информация негiзгi байлыққа айналып
барады, оның ерекше белгiлерi: жер мен
капиталға қарағанда ол шексiз, бәрiне
де қолайлы және қолданған кезде азаймайды,
арзан, ал оны сақтау және жонуы (переработка)
қыйынға түспес, ал бұл оның өнiмдiлiгiн
арттырады; 2) оның техникалық базасы компьютер
технологиялары және коммуникация құралдары
б.т; 3) «ұлтаралық шекаралардың» бұзылуы,
батыс Еуропа елдерi Шенген келiсiмi бойынша
қай болсын елге визасыз бара алады, тәнертен
Германия-Бельгия-Голландия-Франция-Испанияда
кешке болуы мүмкiн, немесе АҚШ және Канада;
4) халықаралық ұйымдардың ролiнiң көтерiлуi
(ООН, НАТО, ОБСЕ, ПАСЕ); 5) Демократияның
дамуы (Олвин Тоффлер) 6) жеке меншiктiн
орнына корпаративтi және институционалды
меншiк келедi (О.Тоффлер-жлпы қоғамдық
байлық жасау, өндiру тәсiлi қалыптасады)
инф-қ техн-ға негiзделген адамның дене
күшi емес оның интелектувлды күшi пайдаланады,
өндiрiс тәсiлi бiлiмге негiзделедi (ақша-информация,
ақша-кредит карточкасы, электронды ақша,
өндiрiсте капиталдың- акция); 6) Завод- офис,
ал Тоффлер- «электронды котедж», үй жұмысы
компьютердi, мультимедия, телекомуникацияны
қолдану арқылы жүзеге асады д.е.7) интелектуалды
еңбекпен айналысушыларға тән субурбанизация-
қала шетiнде орналасу; 8) Функционалды
сауатсыздық, оқу, жазу, есептеу дағдылардың
жойылуы, информациялық игiлiктердi материалды
мен салыстырғанда өзiне алып алуға болмайды,
оны тек түсiну, ұғұ қажет; (освоена, а не
присвоена), ткстi оқығаннаң кейiн оның
мазмұны бойынша жауап бере алмау, оның
оқи алмайтының бiлдiредi.