Келешекте «супериндустриалды»
қоғамға келемiз деген болжам бар, ал бiз
оны «информациялық қоғам» деп атаған
жон көремiз.
Тұжырымдар
XX ғасырдың 70-80-ші жылдарында болашақты
супериндустриалды, технотронды,
кибернетикалық, ақпараттық қоғамдар
шеңберінде қарастырған бірнеше
тұжырымдама пайда болды. Оларға
мынадай екі алғышарт тән: 1) қоғамның
негізгі факторларының бірі ретінде
ақпараттық техника аталады, соның арқасында
"ақпараттық қоғам" ұғымы біртіндеп
басқаларды ығыстырады; 2) ақпарат-тық
қоғамды техносфераның, қоғамның тарихи,
мәдени және әлеуметтік-экономикалық
дамуының ерекше кезеңі ретінде қарастырады.
Тоффлердің айтуынша, техникалық өзгерістер
үш кезеңнен өтеді: біріншісі аграрлық
мәдениетпен байланысты, екіншісі - индустриалды,
үшіншісі - ақпараттық. Жер, еңбек, капитал,
шикізатқа қарағанда ақпарат аса маңызды
мәнге ие болады, ал бұқаралық стандарттандырылған
өндіріс информатика мен супертехнологияларға сүйенетін
қолөнері, ой еңбегі негізінде жасалатын
жеке "кәсіптік" жаңа жүйемен алмастырылады.
Мұндай өндірістің соңғы өнімі стандарттандырылған
миллиондаған бірдей тауарлар емес, жекелеген,
қайталанбас тұтыну және қызмет өнімі
болып табылады. Көптеген авторлардың
пікірінше, мұндай қоғамды орнатудың ең
жақсы тәсілі бюрократия емес, адхократия
(қандай да бір нақтылы міндетті шешуге
бағытталған уақытша ұйым). Тоффлердің
пікірінше, ақпараттық қоғамға тән ең
басты белгілер мыналар:
- экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық қырын бұқаралық және стандарттық сипаттардан арылту;
- қоғамда болып жатқан өзгерістердің қарқындылығы, инновациялардың жоғары деңгейлілігі. Қалыптасып келе жатқан ғаламдық ақпараттық қоғамда ақпараттың рөлі мен мәні артып отыр. Ақпараттық технологиялардың төңкерістік іс-әрекеттері ақпараттық қоғамда таптарды әлеуметтік жіктелмеген "ақпараттық қауымдастықтармен" алмастыруға алып келеді (Е. Масуда). Тоффлер дәстүрлі епетейсіз корпорацияларға "шағын" экономикалық қалыптарды - үйдегі жеке индивидуалды қызметті, "электронды коттеджді" қарсы қояды. Олар ақпараттық қоғамның инфо, техно және адам тұрмысының басқа да салаларының жалпы құрылымына енгізілген. Теледидар, компьютер қызметі және энергетика синтезі негізінде "Ғаламдық электрондық өркениет" жобасы - «телекомпьютерэнергетика» жасалуда (Дж. Пелтон). "Компьютерлік төңкеріс" біртіндеп дәстүрлі баспаны "электрондық кітаптармен" алмастыруда, идеологияны өзгертіп, жұмыссыздықты, бос уақытын қызықты өткізуге айналдыруда (X. Эванс). Әлеуметтік және саяси өзгерістер ақпараттық қоғам теориясында "микроэлектронды төңкерістің" тікелей нәтижесі ретінде қарастырылады. Демократияны дамыту болашағы ақпараттық техниканы таратумен байланыстырылады. Тоффлер және Дж. Мартин оның басты рөлін азаматтар мен үкіметті тікелей байланыстыратын, шешім қабылдауда олардың пікірін есепке алатын телекоммуникациялық "кабельдік желіден" көреді. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы технологиялық детерминизмнің әлсіздігін, қоғамды компьютерлендірудің жағымсыз қырларын алға тартқан гуманистік бағытты ұстанатын философтар мен ғалымдардың тарапынан сынға ұшырады[3].