Герберт Спенсердің органикалық философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 11:25, реферат

Описание

Герберт Спенсер-ағылшын философы,психолг,инженер және әлеуметтанудың негізін қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі. 1820 жылы Англияның Дерби деген шағын каласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жасқа дейін мектепке бармаған. Спенсер өз өмірінің көп бөлігін тұрлі академиялык және ресми қызметтерден бас тарткан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді. Еңбектер жазуға дейін ол теміржолда инженербақылаушы болып (1837 - 1846), "Экономист" журналының екінші редакторы (1848 жылдан бастап) болып қызмет аткарды, саяси өмірге араласуға тырысты.

Содержание

. Г.Спенсер – әлеуметтанудың негізін қалаушы.
2. Эволюция
2.1. Спенсердің әлеуметтік теориясы.
2.2. Эволюцияның қарапайымнан күрделіге өту процесі.
2.3. Эволюцияның біртектіден әр тектіге өту процесі.
2.4. Эволюцияның белгісіз күйден белгілі күйге өту процесі
3. Спенсердің органикалық философиясы.
3.1. Қоғам мен организм.
3.2 Органикалық аналогия
4. Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

Баяндама.docx

— 35.64 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ  ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ.

ФИЗИКА - ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТТІҢ

«РАДИОТЕХНИКА, ЭЛЕКТРОНИКА  ЖӘНЕ ТЕЛЕКОМУНИКАЦИЯ»  КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

        БАЯНДАМА

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Герберт Спенсердің органикалық философиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:Абдашимова Назгуль

                  РЭТ-23қ

 

Тексерген:Тәжібаева  Гүлнар

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

Астана -2013

Жоспар:

1. Г.Спенсер – әлеуметтанудың негізін қалаушы.

2. Эволюция

             2.1. Спенсердің әлеуметтік теориясы.

     2.2. Эволюцияның қарапайымнан күрделіге өту процесі.

2.3. Эволюцияның біртектіден  әр тектіге өту процесі.

2.4. Эволюцияның белгісіз  күйден белгілі күйге өту процесі 

3. Спенсердің органикалық философиясы.

           3.1. Қоғам мен организм.

           3.2 Органикалық аналогия

4. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Герберт Спенсер-ағылшын философы,психолг,инженер және әлеуметтанудың негізін қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі. 1820 жылы Англияның Дерби деген шағын каласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жасқа дейін мектепке бармаған. Спенсер өз өмірінің көп бөлігін тұрлі академиялык және ресми қызметтерден бас тарткан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді. Еңбектер жазуға дейін ол теміржолда инженербақылаушы болып (1837 - 1846), "Экономист" журналының екінші редакторы (1848 жылдан бастап) болып қызмет аткарды, саяси өмірге араласуға тырысты. Спенсердің басты еңбегі — "Синтетикалық философия" жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қамтьщы: "Негізгі бастамалар" (1862, болмыстың алғашқы принциптері туралы кітап), "Биологияның негіздемелері" (1864 - 1867), "Психология негіздемелері" (1879 - 1893), "Әлеуметтану негіздемелері (3 томдык, 1876 — 1896). Баска да аса маңызды әлеуметтану еңбектері — "Әлеуметтік статика" (1850) және "Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде" (1873). 

Г.Спенсердің әлеуметтану  теорясы негізгі екі мәселеден  тұрады. Бұл екі ой-пікір, идея Ч.Дарвинның  биологиялық түрлердің пайда  болу теориясының негізінде пайда  болған.

Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;

          2)Әлеуметтік эволюция идеясы.

Спенсерді позитивизмнің негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Оның өмірі мен шығармашылық уақыты социологияның жеке ғылыми пән ретінде қалыптасу уақытымен сәйкес келеді. Ол тек социологияның ғана емес, антропологияның дамуына үлес қосып, классикалық әлеуметтік ілімнің органикалық және эволюциялық мектептерінің негізін салушы.

Спенсердің барлық социологиялық  ой-тұжырымдары өзі бұрын жасаған, Дарвиндікінен тәуелсіз эволюция теориясына сүйенеді. Қоғамның эволюциялық теориясы - табиғат философиясының қосалқы бөлшегі, өйткені әлеуметтік эволюция - әлем бағынған ұлы процестің бөлшегі. Барлық ғылымдарға ортақ принциптерді ол философиялық деп атайды. Бізді табиғаттың ортақ заңы және барлық ғылыми заңдардың жиынтығы ретінде эволоюция заңы басқарады. Ғылым да, философия да дүниені бір ғана бақылау және индукция тәсілімен зерттеп біледі, тек философия өзінің зерттеу саласын шектемейді. Бірақ дүниенің шынайы мәні екеуіне де жұмбақ. Біздің танымымыз әрқашан салыстырмалы және тәжірибе мен эмпирия саласымен шектелген.

Спенсер өзінің теориясында эволюциялық сатылардың сызықтық емес тұжырымдамасын бейнелейді. Ол прогресті қоғам күрделілігінің дәрежесімен өлшемек болды. Адамзат қоғамы дамуының ортақ тенденциясы қарапайым бөлінбеген тұтастықтан күрделі гетерогенді құрылымдарға өту қозғалысы болды, мұнда бүтіннің бөлшектері өзара байланыса отырып жеке-жеке салаларға бөлініп кетеді.

Спенсер эволюция мәнін ашу мәселесімен айналысып, оны қарапайымнан күрделіге өту, үдемелі қозғалыс ретінде қарастыра отырып, эволюцияны құлдырау процесіне қарсы қояды. Дәйекті позитивист болған ол материяның барлық түрлеріне (өлі түрінен әлеуметтік түрге дейін) бірдей заңдылықтар болатынын көрсетеді. Ал материяның барлық түрлерінде өтетін өзгерістер мәні мынада деп біледі.

Әр түрлі материалдық денелер бір-біріне қарама-қарсы екі процесте (интеграция және қозғалыс) бірдей өмір сүре алады; бұл арада мынаны ескеру қажет: 1) қозғалыстың жоғалуы (нақты айтқанда ұштасуы) интеграцияға әкеледі; 2) бірыңғай дененің ыдырауы - кері интеграция - кезінде бұрын оның құрамына кірген, ал қазір бөлініп кеткен материалдық бөлшектер қайтадан қозғалысқа түседі. Бір-бірімен антагонистік қатынаста тұрған осы екі процесті Спенсер: 1) эволюция және 2) іріп-шіру дейді. Іріп-шіру қозғалыстың босатылуы мен материяның кері интеграциясын білдіреді. Ал эволюция, керісінше бірігу процесі, материя мен қозғалыстарды байланыстыру интеграциясы болып табылады.

Осы эволюция мен кері интеграция процестерін Спенсер өзінің “Негізгі бастамаларында” материяның біртекті (гомогенді) күйінен әр текті (гетерогенді) күйіне өту формаларының мысалдарымен көрсетеді.

Тірі организмнің өсуі мен эволюциясы оны қоршаған өсімдіктер мен жануарлардың құрамына кіретін түрлі элементтерді сіңіру, өңдеу және қайталама шоғырлану процесінде жүріп отырады.

Сонымен бірге, қарапайым нәрседен күрделі нәрсеге, біртектіден әр тектіге өзгере отырып, эволюция оның үстіне белгісіз күйден белгілі күйге өту процесі болып табылады. Жабайы тайпалар өзінің не тіршілік орындары жағынан, не құрылым жағынан, не тайпа мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастары жағынан тұрақсыз бола отырып, әлеуметтік эволюция барысында өзінің белгілі бір тіршілік ету орнына, ішкі әлеуметтік құрылымға, отбасында атадан балаға өтіп отыратын еңбек түріне ие болады (отбасының пайда болуының өзі барлық адамдарға ортақ туыстық қатынастар нормаларының орнауымен, мүшелелерінің арасына құқықтар мен міндеттер шеңберін белгілеумен байланысты).

Эволюция барысында қозғалыстарды қайта бөлу процесі жүреді. Мәселен, планетаның балқыған массасының құрамына кірген бөлшектер тәртіпсіз, ретсіз қозғалыс күйінде болды. Бұл массаның сууына байланысты жіңішке (бірақ бірте-бірте жуандай беретін) қатты қабық пайда болды. Оның қалған бөлшектерінің қозғалысы - көтеру мен түсіру, созылу мен сығылысу - реттелген қозғалыстарға айналып, бір қалыпты - тербелмелі сипатқа ие болды. Тура осындай процесс жердің сұйық және газ тәрізді қабаттарында да болып жатады.

Бұған ұқсас процестер тірі организмдерде де кездесіп отырады. Интеграцияның, әртектілік пен белгілі жәйттің күшеюі кедергілі қозғалыстарды, яғни энергия мен ресурстарды қайта бөлуді қажет етіп, сайып келгенде функциялардың дамуы дегенді құрайды.

Әртектіліктің күшеюінің маңызды көрінісі біртұтастықтың бөлшектерінің саралануы мен олардың осы шеңберде атқаратын функциялары болып табылады. Бұл аса күрделі, түрлі контексттерде түрлі мағынада түсіндірілетін ұғым. Онтогенезде (яғни, жеке-дара организмнің дамуы процесінде) мұны алғашында бірдей, бір-бірінен ерекшеленбейтін ұрық клеткаларының организмнің функциялары бойынша бір-бірінен ерекшеленген жеке-жеке клеткаларға айналуымен түсіндіреді. Ал филогенезде (организмдердің тұтас түрлерінің тарихи даму процесі) организмдердің біртұтас үлкен тобының (тегінің) көптеген шағын функциялары (түрлері) бойынша ерекшеленетін топтарға бөлінуін білдіретін түрдің пайда болуы деп аталатын процес ретінде түсіндіріледі. Спенсер әлеуметтік теорияға әлеуметтік саралану түсінігін енгізіп, оны барлық қоғамдық эволюция үшін әмбебап болып табылатын арнайы институттардың пайда болуы мен еңбек бөлінісі процесін түсіндіру кезінде қолданды.

Спенсердің айтуынша, қоғамның дамуы барысында бір әлеуметтік институттар орындаған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені ендігі жерде жаңадан пайда болған немесе бұрыннан бар институттар арасында бөлінеді. Саралану қоғамның әр түрлі бөлшектерінің үдемелі маңыздануын білдіреді де, қоғам ішіндегі гетерогендікті көбейте түседі. Мәселен, бұрынғы заманда отбасы репродуктивті, экономикалық, құрылымдық және аздап саяси функциялар атқарды. Алайда қоғам дамыған сайын, бұрындары бір ғана әлеуметтік институт - отбасы атқарған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені ендігі жерде басқа институттар арасында бөліске түседі. Қалай дегенмен де қазіргі қоғамдарда жұмыс пен білімнің мамандандырылған институттары отбасыдан тыс дамуда.

Сонымен, Спенсер эволюция деп аталған процеске мынадай жалпы анықтама береді. Эволюция дегеніміз - қозғалыстың тармақталуымен қоса жүретін және оның барысында зат белгісіз, байланыссыз әртектілік күйінен белгілі, өзара байланысқан әртекті күйге ететін заттар интеграциясы, ол зат сақтаған қозғалыс дәл осындай өзгерісті бастан кешіреді.

    Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биолгиялық заңдар тән Ч.Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемелекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г.Спенсер қоғам  мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы,ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал, организмнің бөліктер мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты.

Жаңадан өмірге келген жас ғылым, социолог - әсіресе, оның позитивистік түрінде - өз тәсілдерін басқа ғылыми пәндерден ала отырып, дамуға мәжбүр болды. Спенсердің заманында мұндай балама (альтернатива) механика немесе биология түрінде көрінді. Көптеген әлеуметтік философтар классикалық Ньютон механикасына ден қойды. Позитивизмнің негізгі қағидаларынан бас тартқан олар қоғамда табиғи күштер сияқты күштер мен соларға сәйкес заңдар (тартылыс күші, маятниктің тербелісі, т.б. заңдар) әрекет етуі тиіс деп есептеді. Басқалар болса, керісінше, өз назарын тірі табиғатқа аударып, тірі табиғаттың тіршілік ету мен даму заңдары әлеуметтік тәртіпке жақынырақ деп есептеді. Осы екінші тәсіл органикалық аналогия деген атауға ие болды.

Жалпы органикалық аналогияның талдау тәсілі ретінде әлеуметтік ғылымдарда өзінің ежелгі дәстүрлері бар. Ол Платонда да кездеседі. Аналогия бойынша жүргізілген кез келген ой-тұжырымның мәні мынада: қайсыбір объектіні қарастырудан алынған білім азырақ зерттелген, бірақ біріншісімен өзінің елеулі қасиеттерімен ұқсас басқа объектіге ауысады. Мұндай ой-тұжырымдар ғылыми болжамдардың басты қайнар көздерінің бірі болып табылады. Соның ішінде, зерттеушілер адам қауымдастықтарының басқа тірі организмдермен ұқсастықтарын белгілеп, осы ұқсастықтарды қолдануға тырысты.

Органикалық аналогия әлеуметтік ғылымдарда белгілі түрде механикалық аналогия мектептеріне қарсы тұрғанын айта кетуге болады: біріншісі қоғамды табиғи құбылыс ретінде қарастыруға бейім болып, адамның талап-тілектері мен жоспарларына қарамай дамиды; екіншісі қоғамды адам санасының туындысы деп қарастырады. Органикалық аналогияны кейде консервативтік оймен талдайды, себебі оның тәсілдерінде әлеуметтік процестерді оларға еркін араласу көмегімен өзгертуге болмайды (ал кейде олай істеу қауіпті болып келеді). Көптеген ойшылдар механикалық аналогияны “әлеуметтік инженериямен ұштастырады. Кез келген механизмнің құрылымы мен әрекет ету принципін осы құрылымдағы әдейі жасалған (яғни адамдар күні бұрын жоспарлаған) өзгерістердің көмегімен зерттеуге, түсінуге және дамытуға болады.

Спенсер бірінші тәсілді - органикалық аналогияны жақтаушы болды. Бұл оның позитивистік позициясынан туған еді. Қоғамды организмнің ерекше түрі деп қарастыратынын Спенсер былай мәлімдемейді: “Біз қоғамды ерекше мән ретінде қарастыра аламыз; себебі ол дискретті бірліктерден құралса да, әр қоғамның алып отырған орны шеңберіндегі жалпы ұқсастықтарды ғасырлар бойы және ұрпақтар бойы сақтау олардың құрған агрегатының белгілі бір нақтылығын көрсетеді.

Бұл агрегатты қай тапқа - органикалық немесе органикалық емес тапқа - жатқызу керектігі күдік туғыза қоймас: әрине органикалық тапқа жатады. “Социологияның негіздері” деген еңбектің тарауларының бірі “Қоғам - организм” деп аталады. Бұл әлеуметтік және қоғамдық организмдердің ұқсастықтары немен анықталады? Мұндай ұқсас белгілер жеткілікті. Олардың бастылары мыналар:

1. биологиялық организм сияқты қоғамның көлемі үлкейіп, өседі (органикалық емес агрегаттарда бұлай болмайды);

2. биологиялық және әлеуметтік организмдер өскен сайын өзгеріп, олардың ішкі құрылымы күрделілене түседі;

3. биологиялық және әлеуметтік организмдерде құрылымның күрделіленуі олардың органдары функцияларының саралану бірге жүріп отырады;

4. екінші және үшінші процестер барысында құрылымды құрайтын барлық органдардың өзара әрекеті мен ықпалы дамып күшейеді;

5. қоғамда да, биологиялық организмде де тұтас нәрсе ыдырай бастаған кезде, жеке бөлшектер белгілі бір уақытта өзінің тәуелсіз тіршілігін жалғастыра алады. Сонымен қатар, агрегат өмірін қысқартатын ешбір апат болмаса, тұтас нәрсенің өмірі оның бөлшектерінікінен ұзақ болады.

Сонымен біз тұтас организмнің өмірі - биологиялық болсын, әлеуметтік болсын - оны құрайтын бөлшектердің өмірінен, соларға тәуелді бола тұрса да, мүлдем ұқсамайды. Әйтсе де биологиялық және әлеуметтік организмдердің арасындағы ұқсастығының айқындығы соншалық, оны байқамау мүмкін емес.

Мәселен, тірі органимздердің өсуімен қатар, оның әр түрлі бөлшектері бір-біріне ұқсамайтын, ал олардың өзара байланысы күрделілене түсетін болады. Құрылымның прогрессивті саралануымен қатар олардың функцияларының прогрессивті саралануын байқауға болады. Қоғамда да бұл көрініс болады. Мұнда пайда болатын үстемдік етуші тап басқа таптардан ерекшеленіп қана қоймай, олардың іс-әрекетіне бақылау орнататын функцияларды да иеленеді. Кейіннен бұл тап шағын таптарға бөлініп, олардың әр қайсысы бақылаудың түрлі деңгейлеріне және әлеуметтік тіршіліктің түрлі саласына ие болады.

Сонымен қатар, бұл ұқсастық толық емес. Спенсер биологиялық және әлеуметтік органимздерді теңдестіруге болмайды деп көрсетеді. Биологиялық органимздердің жеке бөлшектерінің жиынтығы нақтыны (лат. Concretus - нақты, қоюланған, тығыз) құраса, әлеуметтік органимзнің - қоғамның - бөлшектері - дискретті (лат. Dіscretus - бөлшектенген) болып келеді: организм құрамына кіретін органдар бір-бірімен тығыз байланысты; ал қоғамды құрайтын тірі бөлшектер кеңістікте жеке-жеке, бір-біріне жақындаспай еркін жүреді, бұл қоғамды тастап, басқа қауымдастықтың индивидтерімен қосылып, басқа қоғам құра алады.

Информация о работе Герберт Спенсердің органикалық философиясы