Герберт Спенсердің органикалық философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 11:25, реферат

Описание

Герберт Спенсер-ағылшын философы,психолг,инженер және әлеуметтанудың негізін қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі. 1820 жылы Англияның Дерби деген шағын каласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жасқа дейін мектепке бармаған. Спенсер өз өмірінің көп бөлігін тұрлі академиялык және ресми қызметтерден бас тарткан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді. Еңбектер жазуға дейін ол теміржолда инженербақылаушы болып (1837 - 1846), "Экономист" журналының екінші редакторы (1848 жылдан бастап) болып қызмет аткарды, саяси өмірге араласуға тырысты.

Содержание

. Г.Спенсер – әлеуметтанудың негізін қалаушы.
2. Эволюция
2.1. Спенсердің әлеуметтік теориясы.
2.2. Эволюцияның қарапайымнан күрделіге өту процесі.
2.3. Эволюцияның біртектіден әр тектіге өту процесі.
2.4. Эволюцияның белгісіз күйден белгілі күйге өту процесі
3. Спенсердің органикалық философиясы.
3.1. Қоғам мен организм.
3.2 Органикалық аналогия
4. Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

Баяндама.docx

— 35.64 Кб (Скачать документ)

Құрамдас бөлшектердің арасындағы байланыс биологиялық организмде физикалық сипат алады. Ал қоғамда жеке бөлшектер бір-бірімен басқаша байланысады, көбінесе қарапайым физикалық дәнекердің көмегімен, өзара әрекеттесудің интеллектуалды және эмоционалдық дәнекерлері арқылы да байланысады. Бұларды және өзара әрекеттесудің нәтижелерін Спенсер органикалықтан жоғары өнімдер деп атайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы тіл болып табылады, тіл арқылы қоғамның элементтері мен бөлшектері өзара қатынасқа түсіп қоғамды құруға себеп болады.

Спенсер екі организм арасынан тағы бір ерекшелікті көрсетеді. Биологиялық организмде (дәлірек айтқанда, жануарларда) сана тұтас агрегаттың шағын бір бөлшегінде шоғырланған. Ал әлеуметтік организмде сана бүкіл агрегатқа бөлініп, барлық бөлшектерінің бақытты немесе бақытсыздықты сезе алатын бірдей не ұқсас ерекшеліктері бар.

Органикалық ұқсастықты қарастыра  отырып, біз мынаны айта аламыз: тірі организмдер өз бастамасын кішкентай ұрықтардан алатыны тәрізді, қоғамдар да алғашында кішкентай болғанымен кейін өсе түсетін адамдардың бірлестігімен толықтырыла түседі.

Г.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндіру көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болды.

 

                                           Қорытынды

 

 Спенсердің негізгі ойлары мен қағидалары қоғамды жүйелі және құрылымды – функционалды талдау амалдарының дамуына зор ықпал жасады.

Баяндамамның қорытындысы ретінде Спенсердің келесі сөздерін атап өткім келеді: «Биологиялық организмде сана жиынтықтың аз ғана бөлігінде шоғырланады. Әлеуметтік организмде сана осы жиынтық тұтастығына үлестіріліп жайғастырылады: оның барлық бөліктері бір-біріне тең дәрежеде болмаса да жуық шамамен бақытқа және азаптануға қабілетті болады. Бірақ әлеуметтік сезімділікте мұндай жағдайдың жоқтығынан, тұтас жиынтықтың амандығын жеке бірліктердің амандығынан бөліп алып қарау ынталанатын мақсатқа айналмауы керек. Қоғам өз мүшелерінің игілігіне жаралған, ал қоғам мүшелері оның игілігі үшін жаралған». 

 

 

 


Информация о работе Герберт Спенсердің органикалық философиясы