Экономикалық мәдениет түсініг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 08:47, реферат

Описание

Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір әлеуметтану зерттеуінің ең маңызды объектілерінің біріне айналды. Экономикалық әлеуметтану жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.
Экономикалық әлеуметтану немен айналысады? Осы ғылыми көзқарастың әлеуметтанумен және экономикалық ғылымдармен салыстыр-ғанда өзіндік ерекшелігі неде? Бұл пәннің өзіне тән ерекшелігін анықтау үшін басқа ғылымдармен сәйкес келмейтін өзіндік зерттеу пәнін және әдісін анықтап алу қажет.

Работа состоит из  1 файл

Виртуалдық лекция бойынша пәнің.docx

— 67.95 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттіх органның лауазымды адамынық немесе    ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның жасалған немесе дай-ындалып жатқан қылмыс туралы хабарламасы жазбаша беріліп, ресми  түрде ресімделуі тиіс. Мұндай хабарлама ұйымның бланкісіне жазылып, лауазымды жауапты адамның қолы  қойылған соң мөрмен бекітілген, сондай-ақ қылмыс туралы осы хабарламаны растайтын материалдармен толықтырылған ресми құжат түрінде дайындалуы тиіс. Оған сондай-ақ тексеру, мүлікті түгендеу актілері, қызметтегі тексеру материалдары, жауапты адамдардың түсініктері қоса берілуі мүмкін.

  Кейбір мемлекеттік  органдар белгілі бір жағдайларда  дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы хабарлауға құқылы және міндетті болып табылады. Мұның жарақаттанған адамдарды медицина мекемелеріне жеткізетін жағдайларда, өрт пен от жануы кезінде, өндірістегі жазатайым жағдайларда және тағы сол сияқты денсаулық сақтау, өрт қауіпсіздігі органдарына, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына қатысы бар. Мүндай жағдайларда қылмыстық ізге түсу органдарының лауазым иелері осындай хабарламаларды қабылдап, тексеруден өткізуі тиіс. Құқық қорғау органдары бақылау мақсатында тоқсанның, жарты жылдың және жылдың қорытындысы бойынша осындай хабарламаларға жауап қайтару фактілерін тексереді.

Егер қылмыстық  әрекет мемлекеттік кәсіпорын болып  табылмайтын тек қана коммерциялық немесе өзге ұйымның мүдделеріне зиян келтірсе және басқа ұйымдардың мүдделеріне, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірмесе, ҚР ҚІЖК-нің коммерциялық немесе жеке ұйым басшыларының немесе уәкілетті органның арызы немесе олардың келісімі бойынша қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін 35-бабы жаңалық болып есептеледі. Бүл шаруашылық жүргізуші субъектілердің дербестігін қамтамасыз ету, кәсіпорындардың шаруашылық әрекетіне мемлекеттің негізсіз араласу мүмкіндігін шектеу қажеттігіне байланысты.

 Бұқаралық  ақпарат құралдарындағы хабарламада дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы нақты фактілер болса және ол газетте немесе журналда жарияланса немесе радио яки теледидар арқылы таратылса, мұндай хабарлама қылмыстық іс қозғауға себеп бола алады. Бұл себептің үлкен маңызы бар, өйткені ол газеттің немесе журналдың (аудандық, облыстық, республикалық, құрылтайшы орган) таралу ауқымына қарамастан, баспа басылымдарының кең ауқымын, сондай-ақ жаппай хабар тарату құралдарын қамтиды.

Қылмыс туралы хабарламаны жариялаған немесе таратқан бұқаралық ақпарат құралдарында басқару қызметін атқаратын адамдар қылмыстық іс қозғауға құқығы бар адамның талап етуі бойынша жасалған хабарламаны растайтын өз қолындағы құжаттар мен өзге де материалдарды беруге, сондай-ақ осы мәліметтерді берген адамның атын атауға міндеттілігі осындағы ерекшеліктердің бірі болып табылады. Заң, сонымен қатар, хабарлама көзінің құпиялылығы сақталатынын да ескертеді.

 Қылмыстық  іс қозғауга заңды лауазымды  адамдар мен органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы анықтау органының қызметкері, тергеуші, прокурор өздерінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде дайындалып жатқан немесе жасалған қылмысты көзімен көрген немесе қылмыстың ізін немесе салдарын ол жасалғаннан кейін бірден байқаған жағдайларда қылмыстық іс қозғауға себеп ретінде қарастырылады. Олар мұндай жағдайларда сезіктіні ұстап, кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу шараларын қабылдауы тиіс. Сонымен, олардың қылмыстық іс қозғап, оны тергеуге кірісу құқығы бар.

Анықтау органы мен анықтаушы, тергеуші өздерінің  қызмет бабындағы міндеттерін атқару кезінде немесе басқа қылмыс туралы іс бойынша анықтау немесе алдын ала тергеу ісін жүргізу барысында қылмыс туралы мәлімет ала алады. Қарастырылып отырған бүл себеп тергеу органдарының белсенді қызмет етуінен келіп туындайды, бұл жағдайда олар біреудің арызына, хабарламасына қарамастан, қылмыстың белгілерін өздері тауып, қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешеді.

 

 

3-ші дәріс. АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ САТЫСЫ.

 

1. Алдын ала тергеу сатысының ұғымы, маңызы және міндеттері. Алдын ала тергеу сатысының жүйелері, кезеңдері.

2. Алдын ала тергеудің түрлері (формалары).

3. Анықтау органдарының алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын істер бойынша қызметі.

4. Алдын ала тергеу жүргізудің  жалпы шарттары : ұғымы, түсінігі, жүйесі және маңызы.

4.1. Алдын ала тергеу жүргізудің басталуы, тергеу жүргізілетін жер, тергеудің міндеттілігі.

4.2. Тергеуге жататындық (подследственность): ұғымы және тергеуге жататындықты анықтайтын белгілер.

4.3. Анықтау мен алдын ала тергеу мерзімдері.

4.4. Алдын ала тергеуді тергеушілер тобының жүргізуі.

4.5. Анықтау мен алдын ала тергеу барысындағы прокурордың өкілеттілігі.

4.6. Алдын ала тергеу сатысындағы сот бақылауы.

4.7.  Алдын ала тергеу мен анықтау деректерін жария етуге жол бермеу.

4.8. Тергеушінің, анықтаушының, анықтау органының іс-әрекеті мен шешіміне шағымдар. Шағымдарды берудің және оларды қарау мерзімдері.

Қылмыс жасауға және басқа  да заң бұзушылықтарға ықпал еткен  жағдайларды жою жөніндегі әрекеттер.

 

Қылмыстық істі қозғағаннан кейін алдын ала  тергеу жүргізіледі. Басқаша айтқанда, қылмыстық іс қозғау сатысынан кейін алдын ала тергеу сатысы басталады. Бұл кылмыстық сот өндірісінің негізгі құрамдас бөлігі, оның нақты міндеттері қылмыстық іс жүргізудің жалпы міндеттерінен туындайды. ҚР ҚІЖК 8-бабына сәйкес қылмыстық іс жүргізудің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.  Сөйтіп, қылмыстық істі сотқа тапсырудың алғы шарттары жасалады.

Қылмыстық істер  бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген  тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғайды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда — оны дереу толық ақтауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуга, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс.

             Мііне, осы ҚІЖК 8-бабында айтылған қылмыстық іс жүргізудің жалпы міндеттері, тергеуші мен анықтау органының өкілеттілігін анықтайтын баптарда, алдын ала тергеу сатысының мақсатына байланысты, нақты анықталады. Мысалы, ҚІЖК 64-бабына сәйкес тергеуші істің жағдайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шараларды қолдануға, қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәлелдер жиналса азаматты айыпталушы ретінде жауапқа тартып, айып тағып, ҚІЖК-не сәйкес бұлтартпау шараларын қолданып, айыптау қорытындысын жасап, қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыруға міндетті.

  Анықтау  органдары  заңмен  белгіленген   құзыретіне   сәйкес қылмыстың белгілері мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел  іздестіру шараларын қолданады ( 65-бап; 1-бөл. 1-тар).

Қылмыстық істі толық, жан-жақты, шындыққа сай жүргізудің қоғамдық-саяси

маңызы зор, өйткені сондай жағдайда ғана еліміздің азаматтарын мемлекет тарапынан олардың конституциялық құқыктары мен бостандықтарына қол сұғудан сақтауға болады. Алдын ала тергеу қылмыстық істің дұрыс шешілуін қамтамасыз етеді және «әрбір қылмыс жасаған адам жауапкершіліктен құтылуға тиіс емес» деген ұғым іс жүзінде жүзеге асады. Қылмыстық іс жүргізудің басқа сатылары сияқты, алдын ала тергеу сатысында демократиялық принциптер орын алады. Бұл принциптер азаматтарды заңсыз,  орынсыз,  негізсіз жауапқа тартуға  үзілді-кесілді тыйым салады, азаматтардың құқықтары бостандықтары мен міндеттері бұзылмайтынын баяндайды, іс бойынша азаматтардың тілектерінің (мүдделері) орындалуын қамтамасыз етеді.

        Кейінгі  жылдары  республикамызда жасалған  қылмыстардың  саны бірде азайып, бірде өсіп отырғаны байқалады. Оған мына сандар  айғақ:   республика  бойынша  өндіріске  түсксн   қылмыстық істер саны 1998 жылы І43268, 1999 жылы - 130824, 2000 жылы -127715, соның ішінде сотқа жіберілген істердің саны 1998 жылы - 49124, 1999 жылы - 42156, 2000 жылы 69031 болған, ал Карағанды облысы бойынша есепке алынған қылмыстар саны 1999 жылы 17678 (ашылғаны — 65,3 пайыз), 1999 жылы — 14949 (ашылғаны — 72,0 пайыз), 2000 жылы — 17553, сотқа жіберілгені — 11436, 2001 жылы 16931, сотқа жіберілгені 10602 болған1[1].

 Қылмыстың  өсуі экономикалық және әлеуметтік  жағдайларға  байланысты екені айтпаса да түсінікті. Сонымен бірге, полиция қызметкерлерін, соның ішінде тергеушілерді техникалық жағынан жарақтандырудың тым артта қалушылыгы көп қолбайлау болып отыр. Біздің қазіргі тергеушілеріміз бен жедел іздеушілеріміздің бесаспап қаруы — тапанша мен қалам ғана, оның өзі де бірде бар да бірде жоқ. Ал қазіргі қылмыскерлер болса небір құйтырқы техника мен жарақтарды пайдаланады. Біздің полиция қызметкерлеріміз бен АКШ-тың полицияларының қоғамдық тәртіп сақтау, қылмыспен күрес жолында қолданатын құрал-жабдықтарын салыстыратын болсақ, айырмашылығы жер мен көктей. Америкада полиция қызметкерлері көп қатпарлы резеңке тоқпақтарынан басқа 38 немесе 45 калибрлі, тиген жерін қопарып кететін оқпен оқталатын тапаншалармен қаруланады. Жәй қарапайым оқ тиген адам, жарасы ауыр болса да, бірнеше секунд тірі жатып, қарсы оқ атуға мүмкіндігі болады.





Ал ірі калибрлі қарудың оғы тиген жеріне диаметрі 10 сантиметрге дейін жара салады. Мұндай жара адам өлмегеннің өзінде де, оны қимылдатпай тастайды. Сонымен  бірге американдық полицейлер жүйкеге  қас қағым сәтте әсер етіп, естен  тандыратын газ шашатын баллоншалармен қаруланады.Мұндай газдар адамды 10-20 минут  естен тандырып, қарсылық жасауға  мүмкіндік бермейді. Полиция қызметкерлері  кеуделеріне оқ өтпейтін оққағар (бронжилет)  киіп жүреді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық  істерді іздестіру басқармасының мәліметіне қарағанда республикада әрбір 7 минутта ұрлық жасалып, әрбір 45 минутта тонау, әрбір 2 сағатта денеге ауыр жарақат салу, әрбір 4 сағатта кісі өлтіру немесе қарулы шабуыл жасау және әрбір 6 сағатта жыныстық зорлау болады екен2[2] .

Нарық  қыспағы күшейіп, қымбатшылық құрығы ұзарған сайын қылмыстың бұрын адам біліп-көрмеген түрлері пайда бола түсуде. Ал олардың тамырына дер кезінде балта шауып, бәрін түбірінен  құртып жібермесе де азайтып отырмаса,  қылмыстардың бірінің үстіне бірі жамалып өсе түсетіні сөзсіз. Уақытында әшкереленбей, ашылмай, тергелмей қалған қылмыстың кейіннен қиындық  тудырары  айтпаса да түсінікті.  Әрбір қылмыс уақытында ашылуы тиіс, ол үшін тергеуші қолдан келген барлық амалды қолдануы керек. Айыпкер анықталып, тиісті жазаға тартылуы керек. Жаза мақсаты — жасалған қылмыс үшін қылмыскердің сазайын  тарттыру ғана емес,  сотталған адамдарды түзеу, еңбекке адалдықпен  қарау, заңдарды дәлме-дәл орындау, қоғамдық тәртіпті бұзбай, құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқаларды да қылмыс жасаудан алдын ала аластату.

Алдын ала тергеу қылмыстық  іс жүргізудің екінші кезеңі, екінші  сатысы,  қылмыстық іс жүргізу  заңдарымен реттеледі, заңда  көрсетілген  тәртіппен  жүргізіледі,   қылмысты  ашып,  айыпкерді  жауапқа  тартуды  көздейді, қылмыстың жасалуына ықпал  ететін себеп пен  жағдайды анықтайды.

Сонымен, алдын ала тергеу дегеніміз — қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген, қылмыстарды тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге және қылмыстык, жауаптылыққа тартуға, қылмыстық іс бойынша барлык, жағдайды анықтауға, соның нәтижесінде соттың  әділ шешім қабылдауына алдын ала жағдай жасауға арналған  тергеуші  әрекеттері.

Алдын ала тергеу сатысының  құқықтық маңызы мынада: тергеуші дәлелдемелер жинап, сол дәлелдемелердің көмегімен айыпкерді Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша жауапқа тартады. Алдын ала тергеу басқа адамдарға тоқтау жасайды, басқа қылмыстарды болғызбауға себепкер болады.

Алдын ала тергеу сатысының  тәрбиелік маңызы — қандай да кылмыс болмасын, қанша уақыт өтпесін, қылмыс ашылады деген ұғымның ерекше тәрбиелік әсері болады.

Басты сот талқылауы сатысымен  салыстырғанда алдын ала тергеу сатысы көмекші рөл атқарады. Қылмыстык іс бойынша алдын ала тергеу «сотқа дейін», «соттан тыс»,  «сот үшін» жүргізіледі. Алдын ала тергеу деген атауының өзі білдіріп тұр.  Іс бойынша келешекте тағы да жұмыс жасалады, алдын ала тергеу нәтижесінде қабылданған шешім сотта тексеріледі.

Сонымен қатар, алдын ала  тергеу өз бетінше елеулі қызмет атқарады. Дәл осы сатыда қылмыстың мән-жайы анықталады, қылмыс жасаған адамдар әшкереленеді, сотта іс қарау шегі анықталады, тергеу айыптау қортындысын жасаумен аяқталады.

Заң алдын ала тергеу органдарына  қылмыстық істі қысқартуға рұқсат береді. Алдын ала тергеу сатысындағы қылмыс оқиғасы, жасаған әрекеттерінде қылмыс сипаты болмады және айыпкердің қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеген деген себептермен іс қысқартылса, жауапқа тартылған  азамат толық ақталды деп санаймыз.

Алдын ала тергеу сатысында  адамды айыпкер есебінде жауапқа  тартады, бірақ ол кінәлі деп саналмайды, себебі Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабына сәйкес «адамның кінәлі  екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі».

4-ші дәріс. АЛДЫН  АЛА ТЕРГЕУ САТЫСЫНДАҒЫ ТЕРГЕУ  ӘРЕКЕТТЕРІ.

 

1. Алдын ала тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы шарттары мен тәртібі. Тергеу әрекеттерін жүргізу қаулылары және хаттамалары. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысындағы ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану.

Информация о работе Экономикалық мәдениет түсініг