Экономикалық мәдениет түсініг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 08:47, реферат

Описание

Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір әлеуметтану зерттеуінің ең маңызды объектілерінің біріне айналды. Экономикалық әлеуметтану жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.
Экономикалық әлеуметтану немен айналысады? Осы ғылыми көзқарастың әлеуметтанумен және экономикалық ғылымдармен салыстыр-ғанда өзіндік ерекшелігі неде? Бұл пәннің өзіне тән ерекшелігін анықтау үшін басқа ғылымдармен сәйкес келмейтін өзіндік зерттеу пәнін және әдісін анықтап алу қажет.

Работа состоит из  1 файл

Виртуалдық лекция бойынша пәнің.docx

— 67.95 Кб (Скачать документ)

Мәнді кезеңдерді түсіндіре  отырып, сезіктінің нақтылану жөніне айқындалу көрсетуі дұрыс хабарды  қисынға келтіріп, тергеу өндірісін  тездетуге көмектеседі. Сезіктінің көрсетуі егер де сол тұлғадан  айыпталушы ретінде жауап алынған жағдайда, көрсетуінің мәнін сақтап қалады. Бұнымен сезіктінің көрсету мәні көбейе түседі, егер де айып тағылғаннан  кейін айыпталушы көрсетуден бас  тартса немесе жаңа көрсетуі оның сезіктігі  ретінде болған көрсетілуінен ерекшеленген жағдайда. Айып тағылғаннан бұрын  және айып тағылғаннан кейінгі бір  және сол тұлғаның көрсету мазмұнын салыстырса, қайсыбірі ақиқаттыкка  сәйкес екенін анықтауға жиі көмектеседі.

Практика жағдайына сәйкес, қылмыстағы сезікті тұлға ұсақталмаса  және қамауға алынбаса, оған айып тағылғаннан  бұрын жауап алынады. Әртүрлі  авторлар көрсеткендей, тергеуші сезік  келтіруші тұлғадан алдын-ала жауап  алмастан бұрын тағуды мүмкін емес деп санайды.

Ал енді айыпкердің көрсетуіне келіп тоқталатын болсақ - іс үшін мәні бар және тағылған айып бойынша берілетін  істің мән-жайлары туралы мәліметтер, айыпкерден көрсету алудың бір ғана нысаны бар. Айыпкерден жауап алынады. Сипаты жағынан айыпкердін көрсетуі екі жақты болып табылады. Бір  жағынан істің мән-жайлары туралы мәліметтер деп түсінетін болсақ, екінші жағынан айыптан қорғану  құралы. Айыпталушының көрсетуінің  пәніне жататын элементтер: 1) оқиғаның барысы туралы мәлімет, 2) тағылған айьш бойынша мәліметтер, 3) іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәлімет.

Айыпкердің көрсетуінің  пәнінің шегі куәнің көрсету пәніне қарағанда көлемдірек. Сол себепті  айыпкердің көрсету беруі міндетті емес, құқығы болып табылады. Айыпкердің көрсету беруінің екі түрі бар  а) толық мойындау б) жартылай мойындау. Кінәсін мойындамай берген көрсету. Айыпкердің көрсетуінің  сенімділігінің алғышарттары (119 б.) а) Айып тағу кезінде  тағылған айыптың мәні туралы тергеуші түсіндіреді. Ал, соттың тергеу кезінде  тағылған айыптың мәні мен тағайындалатын жаза туралы судья түсіндіреді. б) Айыпкердіц көрссту беруге құқылы болып табылады. в) Айыпкердсн жөне сезіктіден жауап  алуының арнайы процессуалдық тәртібі  болуы (ҚР ҚІЖК 211, 212, 213, 216, 217, 219 б.). г) Айыпкер  немесе сезікті көрсету беру кезінде  ерікті түрде болуға тиісті, яғни айыпкерден жауап алғанда ешкімнің құқығына күштеуге құқығы жоқ. д) Айыпкердің құқығы бұзылған жағдайда прокурорға шағымдану  құқығының болуы. Бұл алғышарт айыпкердің құқығын қорғаудың кепілі болып  табылады.

Айыпкердің көрсетуі мен  сезіктінің көрсетуінің ортақ белгілері: 1. Ауызша екеуі де көрсету береді. 2. Көрсету алу нысанының ортақ  болуы. 3. Бұл көрсетулер жеке дәлелдеменің түріне жататындығы. 4. Сезікті мен  айыпкердің процессуалдық жағдайы  мен кепілінің ортақ болуы. 5. Сезіктінің де айыпкердің де көрсету беруі өздерінің  корғануының құралы болатындығы. 6. Қылмыстық іс бойынша екеуі де қылмыстық құқықтың мүдделі жақтары  болып табылады. 7. Бағалау әдістері бірдей болады.

Олардың айырмашылық белгілері:

1. Сезікті қылмыстық іс  барысына ұсталған сәттен қатысады, ал айыпкер арнайы қаулымен "айыпкер"  деп танылғаннан кейін.

2. Сезіктінің жағдайы  өзгерген болады, яғни бұл іс  бітпей аяқталуы мүмкін. Ал айыпкердің  жағдайы іс біткенге дейін  тұрақты болады.

Айыпкер мен сезіктінің көрсетуін  бағалау екі нысанда жүзеге асады:

  1. Процессуалдық әрекеттің көмегімен бағалау.
  2. Логикалық ойлау нысаны.

Көрсетуді бағалаудың әдістері:

1. Айыпкердің және сезіктінің  көрсетуінің мазмұнын таңдау.

2. Айыпкердің берген бірнеше  көрсетулерін салыстыру.

3. Басқа дәлелдемелер  мен салыстыру.

Ал енді жәбірленушінің көрсетуіне келіп тоқталатын болсақ, бұл дәлелдеменің дербес түрлі болып табылады. Жәбірленушінің көрсету беру сипаты ерекше мәні бойынша  анықталады:

І.Айғақ беру үшін куә  ретіндс іс үшін маңызы бар кандай да болсын мән-жай белгілі болуы  мүмкін кез келген адам шақырылуы  және одан жауап алынуы мүмкін. Жәбірленуші  ретінде қылмыспен моральдық, дене және мүліктік зиян келген тұлғадан жауап  алынады.

2. Іске куә жауапқа  шақыру нәтижесінде қатысады; жәбірленуші  деп тану туралы қаулы шығарылады, ал куә ретінде қатысушыға  қаулы шығарылмайды.

3. Куәдан жәбірленушінің  айырмашылығы, жәбірленуші дербес  мүддеге ие. Жәбірленуші өзінің  көрсету беруімен айыпталушының  кінәлі немесе кінәсіз екендігінің   сұрағын шешуге көмектесіп ғана  қоймай, сонымен бірге процесте  өзінің мүддесін қанағаттандыруға  ұмтылады. Жәбірленушінің процессуалдық  ерекшелік жағдайын ескере отырып, жәбірленушіге заң ерекше құқықтарды  бөліп берген, онымен куә қолдануға  тиіс емес. Жәбірленуші тергеуші  немесе соттың талабымен іске  маңызы бар көрсету беруге  міндетті.

Сондықтан жәбірленушінің көрсету  беруінің процессуалдық табиғаты мынамен  анықталады, ол нақты деректің қайнар көзі ғана болып табылмай, сонымен  бірге оның мүддесін қорғану құралы ретінде болады.

4. Жәбірленуші алдын-ала  тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық  іс материалдармен толық танысуға  құқылы. Ал куә қылмыстық іс  материалдармен таныстырылмайды.

5. Жәбірленушінің көрсетуі  куәнің көрсетуіндей дәлелдеуге  жататын

барлық шеңбер жағдайларына жатады. Жәбірленуші айыпталушының  жеке басы туралы ғана емес және онымен қарым-катынасы туралы жауап алынады. Тергеушіге және сотқа өзіне белгілі  деректерді мәлімдей отырып, жәбірленуші  ең басты өзіне келген зиянның  дерегін танып, залал келтіру  және оның орнын толтыру шарасын  қолданады. Оның көрсету беру пәніне сәйкес осы жағдаймен байланысты ұштастырамыз (зиянның сипаты және өлшем, зиян дерегін анықтайтын және т.б.). Нақты дерекке байланысты жәбірленуші  олар туралы өзінің пікірін айта алады. Осы ерекшеліктерді ескере отырып жәбірленушінің көрсетуін көптеген іс жүргізулер оның қорытынды пәнінс әділ жатқызады.


Информация о работе Экономикалық мәдениет түсініг