Көші-қон полиция басқармасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 10:05, реферат

Описание

ОҚО ІІБ Көші-қон полиция басқармасының міндеттері
Шетел азаматтарының республикада болу тәртібін, олардың Қазақстан Республикасына кіру және шығу ережесін орындау тәртібін бақылауды қамтамасыз ету, шетел азаматтарының заңсыз көшіп-қонуына қарсы әрекеттер жасау;
Көші-қоны және демография басқармасымен, ОҚО бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментімен бірлесе отырып тұрғындардың көшуіне, оларды тіркеуге және құжаттандыруға қатысты мәселелерге зерттеу жүргізу;
Азаматтарды қабылдауды, хаттардың, өтініштер мен шағымдардың, лауазымды тұлғалардың хабарларының, баспасөз беттерінде басылуларының, радио мен теледидар бойынша көрсетілулерінің, көпшілік алдындағы сындарлы ескертпелердің уақытылы қарастырылуын қамтамасыз етеді. Құқықтық білімді насихаттауға қатысып, өз жұмысына қатысты мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына шығуды ұйымдастырады;

Работа состоит из  1 файл

Көші.docx

— 188.59 Кб (Скачать документ)

Көші-қон полиция  басқармасы

ОҚО ІІБ Көші-қон полиция басқармасының міндеттері  
Шетел азаматтарының республикада болу тәртібін, олардың Қазақстан Республикасына кіру және шығу ережесін орындау тәртібін бақылауды қамтамасыз ету, шетел азаматтарының заңсыз көшіп-қонуына қарсы әрекеттер жасау;  
Көші-қоны және демография басқармасымен, ОҚО бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментімен бірлесе отырып тұрғындардың көшуіне, оларды тіркеуге және құжаттандыруға қатысты мәселелерге зерттеу жүргізу;  
Азаматтарды қабылдауды, хаттардың, өтініштер мен шағымдардың, лауазымды тұлғалардың хабарларының, баспасөз беттерінде басылуларының, радио мен теледидар бойынша көрсетілулерінің, көпшілік алдындағы сындарлы ескертпелердің уақытылы қарастырылуын қамтамасыз етеді. Құқықтық білімді насихаттауға қатысып, өз жұмысына қатысты мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына шығуды ұйымдастырады;  
 
Облыстық ІІ(Б)МРБ іс-әрекетіне  
келесі мәселелер бойынша бақылау жүргізеді:  
Заңсыз миграциямен күреске қатысты арнайы жаяу бөлімшесінің іс-әрекетін ұйымдастырады;  
Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүретін және сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік заңдарын бұзған шетелдіктердің дербес есебін тікелей жүргізеді;  
Қазақстан Республикасы азаматтығын алу және азаматтығынан шығуға қатысты құжаттарды рәсімдейді. ОҚО ІІББ басшылары бекіткеннен кейін оларды ҚР ІІД КҚПД қарастыруына жібереді;  
Шетелде тұрақты өмір сүретін тұлғалардың азаматтығындағы өзгерістар туралы, шетелде тұрақты өмір сүретін Қазақстан Республикасының тұрғындарын тіркеу және құжаттандыру туралы, Қазақстан Республикасының тұрғындарын тіркеу және құжаттандыру туралы ақпараттарды алмасу мәселесі бойынша Әділет басқармасымен өзара бірлеседі;  
Шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат және азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін дайындау үшін түскен формулярлардың дұрыстығын және олардың рәсімделулерінің заңдылығын тексеруді жүзеге асырады, сонымен қатар, рәсімделіп жатқан тұлғаларды құқық қорғау органдары іздеп жатқан жоқтығын тексеріп, дайын болған құжаттарды көші-қоны полициясының аймақтық бөлімшелеріне жібереді;  
Өз құзыреттігінің аясында, Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрақты өмір сүрулері үшін шет елге шығуын рәсімдеп, шетел азаматтарына виза беруді жүзеге асырады;  
Байланыс телефоны 21-21-53  
 

Орталық Азияда аумағында   адам саудасымен күрес жүргізту көш-қону жөніндегі халықаралық ұйым бағдарламасы шеңберінде   өзінің танымдылық   жұмысын бастады.

Осыған орай Бостандық  ауданында Орталық Азия аумағында  адам саудасымен күрес жүргізту көш-қону жөніндегі халықаралық ұйымның қолдауымен тренинг болып өтті. 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атындағы университет студенттері мен №41,82 орта мектебі және жасөспірімдер үйі тәрбиеленушілеріне арналған үш тренинг болып өтті. 
Тренинг тақырыбтары: «Адам саудасынан сақтан». Басты мақсаты: Адам саудасымен байланысты қауыпті алдын алду, осы тұрғыда туындаған мәселені белсенді шешу. 
 Қатысушылар саны 100 адамнан аса болды. Барлық тренинг блиц-сұрақтар мен талқылау және топтық жұмыстар, ойын-жаттығулар бойынша  интерактивті режімде өтуде. 
Сонымен қатар бағдарламаны іске асыру шеңберінде мектеп және  учаскелік инспекторлар арасында үнпарақ тарату акциясы  болып өтті. Бағдарлама жалғасуда! 
Тыңдаушылар пікірі 
«Адам саудасынан сақтан» тақырыбында өткен тренингте слайдтар, бейне фильмдер мен әңгімелер қызықты болды.Тренинг орыс және қазақ тілінде өтті,-дейді Пралиев Ж.Ж. 
Өткен тренинг маған қатты ұнады, жастар адам саудасы туралы анықтамалар, мағлұматтар алып білімдерін жетілдіреді, мұндай тренингтерді жиі-жиі өткізіп тұру қажет.-Даурен 
Бұл тренинг Қазақстанда адам саудасы мәселесі басты проблемада тұрғандығын көрсетті.Фильмдер барлығына ұнады ғой деймін, ал ойындар мен әңгімелер қызықты болды ,-Танат К.

ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТТЕРІ - КӨШІ-ҚОН ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ 

 
ОҚО ІІБ Көші-қоны полициясының міндеттері    

 Шетел азаматтарының республикада  болу тәртібін, олардың ҚазақстанРеспубликасына  кіру және шығу ережесін орындау  тәртібін бақылауды қамтамасызету,  шетел азаматтарының заңсыз көшіп-қонуына қарсы әрекеттер жасау;   

 Көші-қоныжәне демография басқармасымен,  ОҚО бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламаларды үйлестіру департаментімен бірлесе отырып тұрғындардың көшуіне,оларды тіркеуге және құжаттандыруға қатысты мәселелерге зерттеу жүргізу;   

 Азаматтарды қабылдауды, хаттардың, өтініштер меншағымдардың, лауазымды тұлғалардың хабарларының, баспасөз беттеріндебасылуларының, радио мен теледидар бойынша көрсетілулерінің, көпшілік алдындағысындарлы ескертпелердің уақытылы қарастырылуын қамтамасыз етеді. Құқықтықбілімді насихаттауға қатысып, өз жұмысына қатысты мәселелер бойынша бұқаралықақпарат құралдарына шығуды ұйымдастырады;

Облыстық ІІ(Б)МРБ іс-әрекетіне 
келесі мәселелер бойынша бақылау жүргізеді:    

 Заңсыз миграциямен күреске  қатысты арнайы жаяу бөлімшесінің  іс-әрекетін ұйымдастырады;   

 Қазақстан Республикасында  тұрақты өмір сүретін жәнесонымен қатар, Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік заңдарынбұзған шетелдіктердің дербес есебін тікелей жүргізеді;   

 Қазақстан Республикасы азаматтығын  алу жәнеазаматтығынан шығуға  қатысты құжаттарды рәсімдейді. ОҚО ІІББ басшыларыбекіткеннен кейін оларды ҚР ІІД КҚПД қарастыруына жібереді;   

 Шетелде тұрақты өмір сүретін тұлғалардыңазаматтығындағы өзгерістар туралы, шетелде тұрақты өмір сүретін  Қазақстан Республикасының тұрғындарын тіркеужәне құжаттандыру туралы, Қазақстан Республикасының тұрғындарын тіркеу жәнеқұжаттандыру туралы ақпараттарды алмасу мәселесі бойынша Әділет басқармасымен өзарабірлеседі;    

 Шетел азаматының Қазақстан  Республикасында тұруғаықтиярхат  және азаматтығы жоқ тұлғаның  куәлігін дайындау үшін түскенформулярлардың  дұрыстығын және олардың рәсімделулерінің заңдылығын тексерудіжүзеге асырады, сонымен қатар, рәсімделіп жатқан тұлғаларды құқық қорғауоргандары іздеп жатқан жоқтығын тексеріп, дайын болған құжаттарды көші-қоныполициясының аймақтық бөлімшелеріне жібереді;   

 Өз құзыреттігінің аясында,  Қазақстан Республикасы азаматтарының  тұрақтыөмір сүрулері үшін шет елге шығуын рәсімдеп, шетел азаматтарына виза берудіжүзеге асырады;

Байланыс телефоны 21-21-53

 
Скачать оригинал 113 Мб 



 

Халықтың көші-қоны (миграция)

Халықтың  көші-қоны, -адамдардың бір ауданнан екінші ауданға тұру үшін қоныс аударуы болып табылады. Көші-қон (миграция) - өте күрделі әлеуметтік процесс (былай айтқанда танымайтын жерге орнығу). Бұл тек қана көшіп бару емес, барған жеріңе бейімделуің керек (мүмкін өмір сүру деңгейі ол жерде мүлдем басқаша болуы мүмкін). Осы кезде адамның жинақылығы, шыдамдылығы, кәсіпшілігі және жаңа жердің жағдайына үйренісуі байқалады. Сондықтан да халықтың көшіп қонуы - мемлекеттің даму деңгейін көрсетеді. Көші-қонның қоғамдағы рөлі ерекше орында. Ол қазақ халқының қалыптасуына, мәдениетіне, тіліне үлкен өсер етті. Бұл процеске қазір де үлкен мән берілуде:

  • 1) Шетелдегі қандастарымыздың елге қайта оралуы (оралмандар);
  • 2) Халық санының көбеюі және жетіспейтін жұмысшылар орнының толықтырылуы;
  • 3) Аумақ бойынша тиімді орналастыру.

Бұл мәселелердің шешімін табу мемлекетті модернизациялаудың алғышарттарының бірі, яғни эқономикалық әлуетті толық пайдалану. Көші-қон - халықтың табиғи қозғалысына және құрылымына әсер етеді. Мигранттардың көбісі жастар, әсіресе әйел адамдар. Сондықтан көшіп келушілер көп аймақтарда туған балалардың саны артады, сыртқа кетушілер көп аймақтарда керісінше болады. Көшіп келушілер көбейсе, әйел адамдардың саны артып, көшіп кеткен жағдайда ер адамдар кебейеді. Туу деңгейі төмен аудандардан халықтың кешуі карт адамдардың санын арттырады. Халық қартайып, өлім жоғарылайды, табиғи өсім төмендеп, аяғында депопуляцияға ұшырайды.

Бағыты  бойынша оны ішкі және сыртқы деп  бөледі. Сыртқы көші-қонға эмиграция (елден кету), иммиграция (елге келу) және реэмиграция немесе репатриация (лат. patria - отан) (көшіп кеткендердің елге қайта оралуы) жатады. Көшіп келгендер мен көшіп кеткендердің арақатынасы халықтың механикалық өсімін анықтайды. Оны көші-қон сальдосы (итал. caldo - қалдық) деп атайды. Он, белгілі сальдо - халықтың есімін көрсетеді, ал теріс белгілі сальдо - халықтың азаюын көрсетеді. Адамдардың қоныс аударуының ең көп таралғаны экономикалық-әлеуметтік себептер, яғни олардың өмір сүру деңгейі жоғары жерлерді іздеуі, окуға бару, отбасылардың туысқандарына барып косылуы, т.б. Ірі көші-қон барысы саяси себептерге, атап айтқанда соғыс, мемлекеттік шекара өзгерісіне байланысты. Мысалы, мемлекеттің құлауы немесе бірігуі нәтижесінде ауқымды репатриацияның пайда болуын жатқызуға болады.

Экологиялық көші-қонға - халық қоршаған ортасы лас аудандар мен экологиялық апат аймақтарынан басқа жақтарға қоныс аударуы жатады. Көші-қон ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша деп екіге бөлінеді. Уакытшаға - вахталық (ауыспалы) жұмысқа келу жатады. Ол көбінесе табиғи ресурстарды игеру аймақтарына тән. Келесі мысал — маусымдық, құрылыс және ауыл шаруашылық жұмыстарына келу. Уақытша көші-қонды туристер, жас еңбек отрядтары, гастарбайтерлер (шетелдік жұмысшылар) қалыптастырады. Формасына қарай - ерікті және еріксіз деп бөлінеді.

Ерікті түрде көшу - өз еркімен (ұйымдаспаған көші-қон) және мемлекет ұйымдастырған (ұйымдасқан көші-қон) жағдайда болады. Мысалы, тың және тыңайған жерді игеруді, шет елдегі қандастарға елге оралуды мемлекет тарапынан ұйымдастыру.

Еріксіз көші-қон - сталиндік репрессия тұсындағы халықты отырған жерінен күшпен көшіріп жіберу. 1937-44 жылдар аралығында Қазақстанға кәрістер, поляктар, немістер, чечендер,ингуштар, балкарлар және басқа халықтар күшпен кешіріліп әкелінді. Барлығы 1 млн адамға жеткен Сыртқы көші-қонның бірдей деңгейдегі 3 ағымы бар.

  • Біріншісі - ұлғаюшы ағым. Шетелден қандастардың көшіп келуі (репатриация). Ол көрші елдерде қалыптасқан. Бұл елдерде 3,5 млн қазақ бар. Көшіп келушілердің 9/10 бөлігіӨзбекстаннан, Ресейден, Қытайдан және Монғолиядан келуде. Олар барлық аймақтарға

бөлінгенімен, көбінесе оңтүстік-батыс аймақтарда қоныстануда.

  • Екінші - саябырсыған ағым - орыс және украиндардың Ресейге, немістердің Германияға көшуі. Олар көбінесе Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстан тұрғындары. Олардың 9/10 бөлігі Ресейде орналасуда.
  • Үшінші - еңбек күші ағымы (гастарбайтерлер). Батыстағы мұнай-газ өндірісіне жұмыс істеуге келгендер. Ішкі көші-қонның масштабы сыртқы көші-қоннан үш есе

артық. Тәуелсіздік алған жылдардан  бастап халықтың 1/3 бөлігі мекенжайын ауыстырған. Қазақстан халқы дүние  жүзіндегі ең икемді халықтың бірі болып шықты.

Облыс ішіндегі көші-қонның екі ағымы бар:

  • 1) ауыл халқының қалаға көшуі;
  • 2) кіші-гірім қалалардан үлкен қалаға көшу.

«Қаладан - ауылға», «ауылдан - ауылға» ағымдарының  мөлшері әте аз. Облысаралық көші-қон  арасында 2 көшбасшы қала бар, олар - Астана және Алматы. Көшіп кеткендердің жартысы осы қалаларға қоныс тебуде. Даму әлуеті жоғары болғандықтан, бұл қалаларға көшіп келушілер саны болашақта да арта бермек. Мемлекеттің көші-қон саясаты екі мәселені шешуге бағытталған.

Бірінші мәселе - көші-қон көлемін төмендегі жағдайлар бойынша көтеру:

  • 1) репатрианттар - қандастар;
  • 2) реэмигранттар - бұрынғы Қазақстан азаматтары;
  • 3) экономикалық және экологиялық жағдайы қолайсыз аудандардан көшіру.

Екінші мәселе - мемлекетті модернизациялау үшін халықты тиімді орналастыру және емір сүру сапасын жоғарылату. Бұл шаралар жаңадан шыққан «Нұрлы көш» бағдарламасында қарастырылған.[1]

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №362

2012 жылғы 28 наурыз,   Астана, Үкімет Үйі

«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты  тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі қаулы етеді: 
1. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы №2102 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №59, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
Көрсетілген қаулымен бекітілген «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартында: 
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«3. Мемлекеттік қызмет «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңның 2 және 4-баптарына, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңның 9 және 49-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген Халықты құжаттандыру қағидаларына сәйкес көрсетіледі.»: 
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«7. Мемлекеттік қызмет мерзімдері: 
1) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған және өтініштің қабылдағаны туралы талонды алған сәтінен бастап – күнтізбелік 60 күн; 
2) Қазақстан Республикасына көшіп-қону квотасына сәйкес келген шетелдіктер қажетті құжаттарды тапсырған және өтініштің қабылданғаны туралы талонды алған сәтінен бастап – күнтізбелік 10 күн; 
3) мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті құжаттарды тапсыру кезінде тұтынушының кезек күтуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут; 
4) тіркеуді жүзеге асыру кезінде алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.»; 
11- тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
1) «тұрақты тұру үшін» санатындағы визасы бар адамдар: 
Қазақстан Республикасы шетелдердегі мекемелері мен көші-қон полициясы бөлімшелері беретін «тұрақты тұру үшін» санатындағы визасы бар жарамды паспортын немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын; 
өлшемі 35х45 мм екі фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы алаңының 75 %-ға жуығын алуы тиіс); 
2) Қазақстан Республикасында өзге де заңды негізде уақытша болатын адамдар: 
бланкісін көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері беретін өтініш-сауалнаманы; 
келген елінде соттылығының бар болуын не жоқтығын растайтын құжатты; 
кету парағы не шетелге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде болуы мүмкін шетелдіктің азаматтығы мемлекетінің жазбаша келісімін; 
жарамды паспортты немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын; 
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдары беретін медициналық куәландыру туралы ресми анықтаманы; 
Қазақстан Республикасында болу кезеңінде төлем қабілеттігін растау туралы белгіленген үлгідегі құжатты; 
өлшемі 35х45 мм екі фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы алаңының 75 %-ға жуығын алуы тиіс) ұсынады. 
Көшіп-қону квотасына сәйкес Қазақстан Республикасына келген шетелдіктер мынадай құжаттарды: 
Көшіп-қону квотасына қосылғанын растайтын құжатты: 
бланкісін көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері беретін өтініш-сауалнаманы; 
кету парағы не шетелге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде болуы мүмкін шетелдіктің азаматтығы мемлекетінің жазбаша келісімін; 
жарамды паспортты немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын; 
өлшемі 35х45 мм екі фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75 %-ға жуығын алуы тиіс) ұсынады. 
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан және азаматтығы жоқ адамның мәртебесін немесе шет мемлекеттің азаматтығын алған азаматтар елден тыс жерге шықпай мынадай құжаттарды: 
бланкісін көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері беретін өтініш-сауалнаманы; 
жарамды паспортты немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын; 
мекенжай     анықтамасын; 
мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек¸ 
өлшемі 35х45 мм екі фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75 %-ға жуығын алуы тиіс)ұсынады. 
Ескертпе: 
Оралмандардан, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған отандастардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатып алу құқығы бар адамдар мен олардың мүшелерінен 2) тармақшаның жетінші абзацында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Ішкі істер органдары құжаттарды заңды және жеке делдал тұлғалардан қабылдауды жүзеге асырмайды. 
Тіркеу және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы оң шешім шығарылған жағдайда тұтынушы көші-қон полициясы бөлімшесіне: 
шетелдікті не азаматтығы жоқ адамды тіркеуге келісім беретін адамның азаматтарды тіркеу кітабын; 
мемлекеттік бажды төлегені үшін туралы құжатты; 
бланкісі көші-қон полициясының бөлімшелерінде берілетін толтырылған мекенжай келу парағын; 
бланкісі көші-қон полициясының бөлімшелерінде берілетін келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талонын көрсетеді.»; 
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«16. Көшіп-қонушыларға: 
1) заңсыз келгендерге, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін өздері шыққан елдердің заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған адамдарға; 
2) сотталғанға дейін тұрақты жері Қазақстан Республикасының шегінен тыс болған, бас бостандығын айыру орындарынан босатылған адамдарға; 
3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған адамдарға; 
4) оралмандарды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған отандастарымызды , сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатып алу құқығы бар адамдар мен олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, өзінің төлем қабілеттілігін растауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде табыс етпеген адамдарға; 
5! Шетелдіктердің Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзғандарға; 
6) ұлтаралық және діни араздықты тұтандыратын адамдарға; 
7) әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған адамдарға; 
8) Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шыққан, оның бірлігі мен аумағының тұтастығын бұзуға шақырған адамдарға; 
9) террористік әрекеті, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамдарға; 
10) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдау хатпен жүгінген кезде жалған құжаттар ұсынған не өзі туралы жалған мәліметтер хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз себептермен тапсырмаған адамдарға; 
11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу сәтінде Қазақстан Республикасынан бес жылдың ішінде шығарып жіберілген адамдарға; 
12) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса; 
13) Қазақстан Республикасынан уақытша шыққан және Қазақстан Республикасына қайтып оралуға өтініш берілген мерзімнен ай өтіп кеткен соң оралмаған адамдарға; 
14) егер неке сотының заңды күшіне енген шешімімен заңсыз болып танылса, тұруға ыхтиярхатты алуға негіз болған Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеге отырған адамдарға; 
15) Қазақстан Республикасына кіру үшін қарсы көрсетілімі бар сырқаты бар адамдарға «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның» 49-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады не бұрын берілген рұқсаттың күші жойылады; 
Тұруға ыхтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.»; 
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы шағымды ҚКПК-ге мына мекенжай бойынша береді: Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1/1, телефон 71-42-62. 
Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап 08-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін,»; 
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты мынадай мекенжай бойынша: 010000, А1/1, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1/1, КҚПК; ІІМ-нің интернет-ресурсы: www.mvd.kz, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 71-42-62, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ІІД-ден алуға болады». 
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Информация о работе Көші-қон полиция басқармасы