Көші-қон полиция басқармасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 10:05, реферат

Описание

ОҚО ІІБ Көші-қон полиция басқармасының міндеттері
Шетел азаматтарының республикада болу тәртібін, олардың Қазақстан Республикасына кіру және шығу ережесін орындау тәртібін бақылауды қамтамасыз ету, шетел азаматтарының заңсыз көшіп-қонуына қарсы әрекеттер жасау;
Көші-қоны және демография басқармасымен, ОҚО бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментімен бірлесе отырып тұрғындардың көшуіне, оларды тіркеуге және құжаттандыруға қатысты мәселелерге зерттеу жүргізу;
Азаматтарды қабылдауды, хаттардың, өтініштер мен шағымдардың, лауазымды тұлғалардың хабарларының, баспасөз беттерінде басылуларының, радио мен теледидар бойынша көрсетілулерінің, көпшілік алдындағы сындарлы ескертпелердің уақытылы қарастырылуын қамтамасыз етеді. Құқықтық білімді насихаттауға қатысып, өз жұмысына қатысты мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына шығуды ұйымдастырады;

Работа состоит из  1 файл

Көші.docx

— 188.59 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі      К.МӘСІМОВ.

Көші-қон


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет

Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа себептермен ұйымдасқан түрде (мемлекеттің және басқа қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған түрде (көшіп келушілердің өздерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр. Қазақстанда бұған экологиялық апат аймақтарына байланысты себепті де қосуға болады. Халықтың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші-қон алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісімен (бақташылар тайпасының бөлініп шығуымен), егіншіліктің дамуымен, егіншіліктен қолөнердің бөлінуімен, халықтардың ұлы қоныс аударуымен, ұлы географиялық ашылымдармен, индустрияның дамуымен (19 ғасырдың басында) байланысты болды. 20 ғасырда көші-қонға соғыстар зор әсерін тигізді. Көші-қон адамзаттың дамуында, аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор рөл атқарды. Көші-қон тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына, этнографиялық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді. Тұрақты тұрғылықты мекенінің түпкілікті ауысуына байланысты:

  • қайтып оралмайтын көші-қон;
  • тым ұзақ мерзімге қоныс аударумен байланысты уақытша көші-қон.;
  • жылдың белгілі бір кезеңінде орын ауыстырумен байланысты маусымдық көші-қон;
  • басқа жердегі жұмыс, оқу орындарына ұдайы әрлі-бері жүріп-тұратын қатынамалы қөші-қон;
  • елден сырт жерге көшіп кету, елге көшіп келу түріндегі сыртқы көші-қон;
  • ел ішінде қоныс аударумен байланысты ішкі көші-қон түрлеріне бөлінеді.

Ал ішкі көші-қон ауыл халқының көші-қоны және қала халқының көші-қоны түрлеріне ажыратылады. Қазақ халқының ежелгі замандардан бері келе жатқан көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыс-тіршілігі, мал шаруашылығының дамуына байланысты жайылым жаңғыртып отыруы, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп-қонуы, айталық, малға өріс іздеудің ыңғайымен көктем, жаз айларында қырға көшіп, қыста Сырға құлауы қазақ жерінде маусымдық көші-қонның дамығандығын көрсетеді. Сондай-ақ, 15 – 18 ғасырларда жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқы “ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға” ұшырап, ата мекенінен үдере көшіп, мәжбүрліктен қоныс аударып отырған. 19 ғасырдың 2-жартысы – 20 ғасырдың басында Ресей империясының отарлау саясатымен қазақ жеріне қара шекпенді орыс қоныстанушылары көшіп келді.

  • 18 – 19 ғасырдың қазақ халқының патшалық самодержавияға қарсы ұлт-азаттық көтерілістері мен соғыстары,
  • Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 жылы Маусым жарлығына қарсылықпен басталған ұлт-азаттық қозғалысы,
  • 1917 жылы ақпан буржуазиялық-демократиялық және Қазан төңкерістері, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы,
  • 1918 – 20 жылдардағы азамат соғысы,
  • 1920 – 21 жылдардағы ашаршылық, “соғыс коммунизмі”, азық-түлік отрядтарының жорығы Қазақстан жеріндегі көші-қонның саяси себептері еді. Бұл кезеңдерде талай қазақтар қанды қырғын мен аштықтан бас сауғалап, жат жерге ауып кетті.
  • 1928 – 30 жылдары бай-кулак ретінде тәркіленген ауқаттылар ата мекенінен аласталып, жер аударылды.

Қазақстан аумағы кеңестік империяның басқа аймақтарынан жер аударылған шаруалардың, саяси тұтқындардың мекеніне айналды. Жаппай күштеп ұжымдастыру кезеңінде қазақтарға қарсы геноцидтік саясаттың жүргізілуі салдарынан қазақ халқы ашаршылыққа ұшырап, қырылған зұлмат жылдарда (1931 – 33 жылдары) 1 млн-нан астам қазақ ата жұртынан ауып кетті, олардың 616 мыңы тарихи отанына қайтып оралмады. Олар шалғай шет жерде – Моңғолия, Қытай, Ауғанстан, Пәкстан, Иран, Түркия елдерінде, сондай-ақ, кейбір Батыс Еуропа елдерінде қазақ диаспорасын құрады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары (1939 – 45) тұтқындалған, Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалыстарына қатысқан, Түркістан легионында болған көптеген қандастарымыз шет мемлекеттерде қалып қойды. 1937 жылдың күзінен тоталитарлық саясаттың құрбанына айналған тұтас халықтар өз жұртынан қазақ жеріне күштеп көшірілді. Атап айтқанда, 1937 жылы Қазақстанға Манчжурия өлкесінен 102 мың корей қоныс аударуға мәжбүр болды. 1938 – 44 жылдары қазақ жеріне Кавказдан шешендер, ингуштар, балқарлар, қарашайлар, Қара т-дің солтүстік жағалауынан қырым татарлары, месхед-түріктер, поляктар, болгарлар, курдтар, Еділ бойынан немістер, 1947 – 52 жылдары мыңдаған латыштар, эстондар, батыс украиндар қазақ жеріне зорлықпен көшіріліп, түпкілікті қоныстандырылды. 1953 жылы еврейлер, абхаздар жер аударылды. 1953 – 55 жылдары тың игеру деген желеумен Қазақстан жеріне өзге ұлттардың миллиондаған өкілдері көшіп келді. Сөйтіп, кеңестік тоталитарлық жымысқы саясаттың салдарынан байырғы ұлт – қазақ халқы өз жерінде азшылыққа ұшырап, Қазақстан 130-дан астам этнографиялық диаспораның өкілі тұратын “интернационалдық” мекенге айналды. Ал 5 млн-нан астам қазақ диаспорасы шет жерде мекендеді. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді елге айналған 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап соңғы он жыл ішінде көші-қон басқаша сипат алды. Қазақстан Республикасының 1992 жылы 26 маусымда қабылданған “Көшіп келу туралы”, 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған “Халықтың көші-қоны туралы” заңдары көші-қон саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, көші-қон үдерістерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгіледі. Сөйтіп, өзінің тарихи отанына қайтып оралатын адамдар мен отбасылар үшін жаңа жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасау мәселесін мемлекет тұрғыда шешу ісі қолға алынды. Осыған орай Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы сияқты мемлекет және беймемлекет мекемелер құрылды, шет жұрттан ата жұртына көшіп келетін оралмандарға жыл сайын өсіп отыратын квота белгіленіп, олардың белгіленген аймақтарға қоныс теуіп жайғасуы үшін мемл. және жергілікті бюджеттерден қаржы бөлініп тұратын болды. Сондай-ақ, Қазақстанға мәжбүрлі жағдайда көшіп келіп, тұрақтап қалған көптеген ұлт өкілдері өздерінің ата жұртына көшіп баруға мүмкіндік алды; [1]

Көш жолдары


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Көш жолдары – қыстаудан жазғы жайылымға немесе жаз жайлаудан қыстауға көшетін дәстүрлі көш бағыттары. Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайына байланысты қалыптасып, халықтың үш мың жыл бойғы табиғатты пайдалануы мен тыныс-тіршіліктерін қамтамасыз етуінің негізгі формасы – көшпелі мал ш. болды. Бұл реттегі өндіруші шаруашылықтың басым кәсібі экстенсивті (сан жағынан көбею, жайылымды кеңейте түсу) көшпелі мал ш. болатын, ал оның басты ерекшелігі – мал азығы мен су көздерінің тапшылығы себепті, малды жыл он екі ай бойы жайып бағу еді. 15 – 17 ғ-ларда далалық аудандардағы қазақтарда шаруашылық саласы ретінде басым тұрғыда – тарихи қалыптасқан, қуаң дала мен жартылай шөлейт жерлердің табиғи-климаттық жағдайына сәйкес келетін көшпелі және жартылай көшпелі мал ш. сақталды. Малдың негізгі түлігі – қой, жылқы, түйе болды. Ірі қара мал аз мөлшерде, негізінен алғанда отырықшылықты жерлерде өсірілді. Көктеу, жайлау, күздеу, қыстау секілді маусымдық жайылымдарды алмастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты. Ондаған, көп жағдайда жүзден астам ауылдардан құралуы ықтимал әрбір ру белгілі бір геогр. жер көлемі шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды. Жайылымдар ара қашықтығы оңт-те 200 – 300 км-ден, Жетісудың ендік бағытындағы далалық аудандарда 800 – 1000 км-ге дейін созылды. Қоныс орнын таңдау дәстүрге немесе шаруашылық мұқтаждықтарға ғана емес, саяси жағдайларға да байланысты болды. Өмір сүру ортасының ерекшеліктері жайылымдарды пайдалану тәсілдерін айқындап берді. Қысқы жайылымдар үшін көл жағалаулары, өзен аңғарлары, тау шатқалдары, тоғай шеті, мал табындарын қарлы борандардан және үскірік желден қалқалайтын табиғи ықтасындары бар жерлер пайдаланылды. Күзгі, көктемгі жайылымдар қыстауларға жақын, қар кеш түсіп, ерте кететін жерлерге орналасты. Жазғы жайылымдар міндетті түрде жауын-шашын сулары көп жиналатын, шөбі қалың өсетін және табиғи су қорлары бар өңірлерден таңдалған. 18 – 19 ғ-ларда геогр. орта ерекшеліктері және қазақтардың өмір сүруін қамтамасыз ету қажеттіліктері мал табындарының түліктік құрамын да айқындап берді. Онда бүкіл мал арасындағы қойдың үлес салмағы орта есеппен оның 60%-ын, жылқы – 13%-ын, сиыр – 12%-ын, түйе – 4%-ын құрады. Түлік құрамын реттеуде малдың жылдам әрі жиі-жиі көшуге бейімделу қабілеті, сондай-ақ, оларды шаруашылық (ет, сүт, жүн) және қоғамдық-саяси өмірде (көлік, жауынгерлік мақсаттары) түрлі қажеттілікке пайдалану мүмкіндіктері маңызды рөл атқарды. Су көздері мен мал азығының тапшылығы жайылымды тым жиі ауыстырып отыруға, бір жерге аз уақыт қана аялдауға, жиі-жиі көшіп жүруге мәжбүр етті; қ. Көшпелілік. К. ж-ның жыл бойындағы орташа есеппен алғандағы ұз. 50 – 100 км-дей болған, бірақ, жекелеген ру-тайпалық топтардікі (мыс., адай, шекті, табын, т.б.) 1000 – 2500 км-ге дейін жететін. Әр рудың қоныстары, негізінен, бір аймақта және әрбір рудың өзінің тұрақты жолы болды. Мыс., Кіші жүздің әлім руы К. ж-ның екі бағыты қалыптасты. Бірінші бағыт – Ырғыз және Ор өз-нен Орскіге дейін, жалпы Қарақұмнан батысқа қарай, екінші бағыт – батыстан кіші Борсыққа қарай созылды. Ал Қызылқұм мен Жаңадария өз. жағалауын мекендейтін шекті, қарасақал, шөмекей, төртқара рулары қар ери бастасымен Қарақұмға, бұл жерден маусымның соңына қарай, батысқа көшкен. Олардың К. ж-нан мағлұмат беретін бір деректе: “...Шөмекей тайпалары Қарақұмнан Ырғыз уезіне қарай екі бағытта көшеді. Бірінші бағытта жол: Қожамбай молда моласына жақын маңдағы Көл құдықтан бастау алатын жол арқылы Жалтырсор мен Шеңбер көліне жетеді. Осы екі көл жағалауы жаз жайлауды қамтамасыз етеді. Шөмекейлердің екінші К. ж. Қазалы уезінен өтіп, Ұлытау тауы арқылы Қарақұмға өтеді. Одан әрі Орда тауынан бастау алатын К. ж. арқылы Алқа көліне келіп тоқтайды”, – делінеді. Жетісу обл. Верный уезінің көшпелілері тұрақты бір жерде қыстамаған. Мыс., Күрті өз-нен Балқаш к-не дейінгі аймақты алып жатқан Тауқұм болыстығының көшпелілері (сары үйсін, темір, ботбай руларынан құрылған) Ақжал, Жуантөбеде қыстағанмен, бұл жерде қатты ұйытқып соғатын боран, дауыл салдарынан мал арып кетпес үшін, ірі қараны қыста қолға ұстамай, оларды Іле өз. бойындағы қамысқа апарып баққан. Керісінше, тау көшпелілері түйелер мен қойларды Тауқұмға қарай айдаған. Ауыз суға қарды пайдаланған. Қар аз жауатын жерлердегі сабанның көптігі түйе мен қойға азық табуға мүмкіндік берді. Бұл өңірдегі көшпелілер қоныстары Ақсүйек, Алажол, Тоқмақ уезі, Ботабөру, Қызылақтау, Аяқұм, Жирекоты, Жауқантөбе, Қамау елді мекендері болып саналған. Қыстаулар мен маусымдарға орай жолдың ұзақ болуы қазақтардың көшпелі тұрмысының кейбір ерекшеліктерін де айқындаған. Ол бір ұлыстың тұтас көтеріліп көшуінен де көрінеді. Жүз, мыңдаған малмен бірге адамдар да ен даладағы К. ж-мен баяу қозғалып отырған. Халықтың да, малдың да саны көп болғандықтан, көш алдындағылар кейінде келе жатқандарға қажетті шөп-бұтақтарды таптап кетпес үшін, қанаттарын кең жайып көшкен. Тарихи деректерге қарағанда, көшіп келе жатқан көш шептерінің аралығы 190 шақырымға жеткен. Әдеб.: О направлении летних кочевок киргиз Казалинского уезда //Туркестанские ведомости, (ТВ), 1872; Загряжский Г., Очерки Перовского уезда // ТВ, 1872; Баллицкий Ю., Заметки о кочевом населении в Верненском уезде //ТВ, 1873; Александров Е., Пути кочевок киргиз Малой Орды Перовского и Казалинского уездов // ТВ, 1884; Шахматов В.Ф., Казахская пастбищно-кочевая община, А.-А., 1964; Толыбеков С.Е., Кочевое общество казахов в XVІІ – начале ХХ века, А.-А., 1971.

Көш

08 Қыркүйек 2011, 18:17140

Қазақ халқы –  ежелден көшпелі, ұзақ тарихи барыстан бері көшіп-қону ұлы үрдісіне айналған қыры мен сыры, салты мен салтанаты  асқан, көшті қадірлей, қымбатын түсіне білген ұлт. 
  

 

Көш – бір, бірнеше отбасының қажетіне қарай талданған қоныс аудару барысы. Көш аралығына қарай ұзақ, жақын болады. Жақын көштер – тасынып көшуі делінеді де, арқалап, дорбалап, арбалап жүріп жұрт жаңалайды. Бұл көбінде мал өрістерінің қолайлығын пайдалану үшін жасалады. Ұзақ көштер – бір жерден екінші бір жерге қоныстану. Бұл да тегінде мал өріс жағдайына қарай көктеу, күзеу, жайлау, қыстау деп бөліп, бір таудан екінші бір тау, қолайлы ойпаттарға көшу. Бұл уақытына, аралығына қарай қозы көш (жас төл енесіне ілесіп шаршамай жететін жер, түстік көш, күндік көш) тіпті айлық көшке дейін созылады. 
Қазақ көші ертеде ел көңілі жай болған кезде өте жайдары салтанатты болған. Көшу - қазақтың ең келелі жұмысының бірі. Көшуде ауыл ақсақалдары ертеде ауыл-аймақ болып малға қоныс іздейтін болса, бір елден екінші бір жерді алдын ала жер жағдайын танитын сұңғыла, көпті көрген, көзі қарақты қарттарды ақылшылыққа алып, топтасып қоныс өріс шалады. Малының төрт маусымдық қолайлығына қарай жылы, сулы, шөбі шүйгін, отын-суға қолайлы кең жерлерді мекендеу үшін жер шалып, қайтып келген соң ауыл-аймақ болып, ақылгөй қариялар кеңесіп, кесім жасайды. Көште күні бұрын, тіпті ұзақ көштерге бірер жыл бұрын да даярланады. Уақыты белгіленгеннен кейін ерлер жағы ат-көлігі жуас әрі жетерлік болуы, киім – кешек жылы, толық, сәнді болуы қажет. Көлігі, мініс аты жетпейтіндерге басқалар көлік шығарып береді. Болмаса, көштің алды қоныстанып болған соң, көлік әкеліп көшіріп алады. Әсте, жұртқа тастамайды. Жұртта қалса, елге таба болады деп қарайды. 
Әйелдер жағы артатын көлікке қажетті тең, сандық, кебеже, қап, арқан-жіп, бау-шу, азық-түлік, қом-шом барлығын даярлайды. Көш басы, көшті алып жүретін адамдар ер-әйел жолға жатық, көшке епті адамдардан алынады. Ұсақ балаларды жүктің үстін қомақтап немесе көліктің екі жағына кебеже, ашық сандық теңдеп ішіне отырғызады. Олар ойнап жүре келе ұйықтап мәз болады. Бесік өңгерген әйелдер көш жанына тіпті сән береді. Таң ата, күн шыға ауыл маңы мәре-сәре жүк артуға кіріссе, көш жүрерде іріктеліп, топ-топ болып, бірінің артынан бірі тізіліп шұбырады. Көштің беталысы кең жазық болса, қайқаңға қарай беттегенде арты ылдида жүреді. Көбінде көштің соңы шабан-шалаңдарда болады. Иір-қиыр, ұзақ шұбырған көштің ол шеті мен бұл шетіне дауыс жетпейді, көз жетеді.  
Көш отырықты ауыл, бірер үйлердің маңынан өткенде әйелдер көш алдынан сусын алып шығып татырады. Көш байсалды болсын айтады. Көштің екі қапталында қоралы қой, үйірлі жылқы, табынды сиырлар жайыла жүріп, көштің екі қанатына көрік береді. Шапқылаған балалар, қыз-келіншектердің әзіл-қалжыңы, шабысы-тартысы тіпті қызық. Тәмпіш мұрын кішкентай ұлдардың тайыншасын пысылдатып, мөңкітіп жығылып жатқаны, жаяу қуғаны, тай тулатқаны, бозбалалардың ширақ қимылдары көштің маңын думанға толтырады. Қонатын жерде үй тігілген, қазан асқан, будақтаған, шүйкеленіп шуатылған түтіндер ақшулан бұлтқа араласып, қалқып жатқан ауылдың мәре-сәресі тамаша-ақ. Ерулік берілген жаңа қоныста мал сойылып, қонақ шақырып, абыр-сабыр болып жатады. Мәселен, «Қыз Жібек» фильміндегі көштерді еске алыңызшы. 
Ал, тарихта жаугершілік жайлаған, улап-шулаған, шұбырынды көштердің де санын көрген. Оның бәрі ұмыт болып кетті. Ондайды жұмыр басты пендеге бұдан былай жазбасын! 
«Көшеріңді жел, қонарыңды сай біледі» деген аталы сөз ауа райы өзгерісіне қарай жаздан басқа мезгілдің даярлықсыз кезіне тура келген. Мал қамы үшін қоныс жағдайына қарай айтылса керек.  
Қазір көші-қонның іргесі бүтін, көлігі толық, отырықты, нағыз байсалы көш дәл қазіргі дәуірде. Бір орнынан екінші орынға жұмыс, оқу, туыстық тілек жағдайларына қарай қалаған жеріне көшіп жатыр. Автокөлікке жер алыс емес, тек барар жерде баспанаң болса, яки уақытша болса да, жалға алатын үйің болса да болғаны. Қонысың болғаны мен отырар панаң болмаса, ол көштің мәні де сәні де мардымсыз, кірбең тарта береді. Даярлығы күшті көштің төрт түлігі сай. Көш ерікті болса байсалды бола береді. «Көш жүре түзеледі», міне, бұл халық нақылы тамаша, дана айтылған.

Төлеуғазы МҰҚАШҰЛЫ.

 
 


Информация о работе Көші-қон полиция басқармасы