Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 12:52, курсовая работа
Біздің әдебиеттерімізде қоғамның келесі әлеуметтік жіктелуі кең таралған:
- адамдардың бөлінуі нәтижесінде қалыптасатын әлеуметтік–таптық құрылым (таптар, касталар, сословиелер, әлеуметтік топтар, олардың қабаттары);
- әлеуметтік–этникалық құрылым, яғни адамдардың белгілі бір территорияға, экономикаға, мәдениетке, дәстүрлерге, психологиялық ерекшіліктері және т.б. арқылы бірігуі негізінде пайда болған адамдардың тарихи қауымы – тайпа, ру, халық, ұлт, этностар.
- мекендердің негізгі түрлерін құрайтын (қала, макрополис, агломерация, ауыл, т.б.) территориялық құрылым;
- жаспен, жыныспен белгіленетін (ерлер, әйелдер, жастар, балалар, «жұмыс жасындағы» адамдар, зейнеткерлер) демографиялық құрылым;
- отбасылық-тұрмыстық құрылым, көрші қауымдастықтар, ата-аналар мен балалар, сондай-ақ, некелік пен некесіз байланыстар мен қатынастар. Сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіби, білім беру, діни және т.б. құрылымдарды бөлуге болады.
Кіріспе.................................................................................................................3-6
І. Әлеуметтану пәні..........................................................................................7-17
1.1 Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. XX ғасыр әлеуметтануы.........................................................................................7-10
1.2 Әлеуметтану функциялары.................................................................11-12
1.3 Әлеуметтанулық білімнің құрылымы................................................13-17
ІІ. Әлеуметтік жұмыстағы қауымдастықпен байланыс технологиялары......................................................................................18-37
2.1 Әлеуметтік қоғам ...............................................................................18-22
2.2 Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы және үрдістері............23-33
2.3 Әлеуметтік жұмыстағы қауымдастықпен байланыс технологиялары..34-37
Қорытынды..............................................................................................38-41
Пайдаланылған әдебиеттер
2.3 Әлеуметтік
жұмыстағы қауымдастықпен
Әлеуметтанулық сұрақ-жауап — алғашқы ақпаратты жинаудың кең тараған әдістерінің бірі. Мәліметтерді жинаудың бұл әдісі арқылы зерттеуші респонденттен (жауап беретін адам) тікелей ақпарат алады, сондай-ақ оның жауаптары жалпы халық немесе оның бөлігі бойынша сәйкестендіріледі және қорытындылар шығарылады.
Қолданбалы зерттеудің
бағдарламасының құрлымы.
Проблема – бұл әлеуметтік, өмірлік қайшылықтар, осы қай-шылықтарды шешуге нақтылы бағытталған әрекеттерді қажнт ететін мәселелер. Ғылыми проблема – бұл “білместік туралы білім” жағдайы.
Зерттеудің мақсаты
соңғы нәтижеге бағыттайды, ал
зерттейдің міндетттері
Негізгі түсініктердің
интерпретациясы деген
Келесі кезеңі – операционализация.
Зерттеуде көрсетілген
Гипотеза – ғылыми болжам, яғни қандай да бір фактілерді, құбылыстарды және үдерістерді түсіндіреді, оларды дәлелдеу немесе теріс шығару керек.
Зерттеудің инструментариі деген социологиялық зерттеуді өткізу құралы.
Іріктелген жиынтық
(іріктеу) – жалпы жиынтықтың
микромоделі, яғни берілген
Әр зерттеудің өзінің объектісі болады, ал объект ол зерттелетін проблеманың иелері. Зерттеу объектісі жалпы жияынтықты құрайды, оның көлемі кең және күрделі болуы мүмкін. Сондықтан, іріктелген жиынтықты құру керек.
Іріктеудің
Қолданбалы социологиялық
зерттеулерде кездейсоқ,
Сұрақ-жауаптың түрлері.
Анкеталық сұрақ-жауап
Фокус-топ топтық динамика эффектісін қолдануына негізделген. Бұл әдістің ерекшелігі – топтық дискуссия маманның (модератордың) жетекшілігімен өткізіледі базируется на использовании эффекта групповой динамики. Бұл әдістің негізгі қасиеті ол аз уақыт ішінде респендент тобынан толық ақпаратты алу.
Құжаттарға талдау жасау зерттеушіге әлеуметтік өмірдің маңызды жақтарын көруге мүмкіндік береді, адамдардың, топтардың қарым – қатынас динамикасын бақылауға және әлеуметтік құрлымның ерекшелігін бейнелеуге және бір тарихи кезеңдегі қоғамға сәйкес келетін нормалармен құндылықтарды қондыруға көмектеседі. Контент-талдау (англ. contents - мазмұн) ментальды, мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерді берілген мәтіндердің мазмұндарын формальды зерттеуін қажет ететін ғылыми әдіс.
Контент-талдау сыртқы белгісі бойынша құрлымы және мазмұны бойынша инвариантты, бірақ жалпы ұйымдастырылмаған және жүйеленбеген мәтіндік массивті зерттеу үшін қолданылады. Зерттеушіні қызықтыратын белгіге бір немесе бірнеше факторлардың әсерін тікелей бақылайтын жақдай эксперимент, - деп аталады. это опытное исследование воздействия отдельного фактора (или нескольких факторов) на интересующую исследователя переменную. Зертханалық эксперимент теориялық гипотезаны тексеруге бағытталған. Далалық эксперимент – бағалы зерттеулерді тәжірибеге енуіне бағыттайды. Бақылау – зерттеушінің болып жатқан оқиғадларды тікелей тіркеу.
Ақпаратты өңдеу әдістемесі және оның қорытындыларын талдау.
Социологиялық зерттеудің мәліметтері өз бетінше жалпылама қорытындылар бере алмайды, тенденцияларды анықтауға және гипотезаларды тексеруге болмайды. Социологиялық зерттеудің қорытынды кезеңдерінің мақсаты ол қорытындылар және ұсыныстарды беру, жиналған мәліметтерді жалпылау және талдау. Реттелген мәліметтерді кесте, схемелар, графиктер және диаграмма түрінде бейнелеп беру. Социологиялық зерттеудің эмпирикалық мәліметтерді талдаудың келесі кезеңдерін бөліп көрсетеді: бейнелеу, түсіндіру және болжам.
Бақылаудың бірліктерін
Әлеумет — қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде жамағат, қауым, жұртшылық мағынасында қолданылған ұғым. Ол отбасынан, ағайын, туыс, жекжат-жұраттан бастап, ел-жұрт мағынасына дейін қамтиды. Мысалы, халық ауыз әдебиетінде жиі кездесетін “Алқалаған, әлеумет, Сөзіме құлақ салыңыз” дегенде әлеумет ұғымы ағайын мәніне жақын болса, “Әлеумет, көрдің, міне, жаңа заңды” (К. Әзірбаев) деген өлең жолында — бұқара, жұртшылық мәніне ие болып тұр. Әлеумет ұғымының қазіргі заманғы мағынасы қоғам, қауым, қауымдастық сөздерінің ғылыми ұғымдарымен мәндес.
“Қоғам” аталатын адамдар қауымының күрделілігі, көп қырлылығы, сонымен қатар тұтастығы оны әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру қажеттігін алға тартады. Қоғам бір текті емес: оның алуан реттегі, әрқилы сипаттағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бірсыпырасын қамтитын өзіндік түзілімі мен құрамы бар. Әлеуметтік жүйенің құрамдас элементтері адамдар, әлеуметтік байланыстар мен іс-әрекеттер, әлеуметтік қарым-қатынастар мен өзара әрекеттесулер, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар, қауымдар, әлеуметтік нормалар мен құндылықтар т.б. болып табылады. Олардың әрқайсысы өзара тікелей байланыс құрып, қоғам өмірінде ерекше орын алады әрі өзіне лайықты рөл атқарады. Осы орайда, ең алдымен, қоғамның құрылымын анықтап, оның маңызды элементтерін ғылыми тұрғыдан саралау, сондай-ақ әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылатын қоғам өміріндегі олардың орны мен рөлін, өзара байланыстары мен әрекеттесулерін түсіндіру социология ғылымының басты міндеті. Өзінің құрылымы арқасында ғана қоғам емін-еркін, бейберекет жиылған тобырдан да, өзінің жөнге салынған құрылымы бар өзге әлеуметтік құбылыстардан да мүлдем ерекше тұрады, демек, басқаша сапалық қасиеттерге ие болады. Ал, әлеуметтік құрылым көп жағдайға жүйе ретінде бүкіл қоғамның табандылығы мен тұрақтылығын айқындайды. Қоғам және тұлғалардың , олардың байланыстары мен әрекеттесулерінің, өзара іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының жай ғана қосындысы емес, біртұтас жүйе, ал мұндай бірлестіктер жаңа интегралды, жүйелік сапаны туындататын болғандықтан, ол жекелеген адамдардың не олардың қосындысының сапалық қасиеттеріне мойынсынбайды. Әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғам — өзінің дербес заңы бойынша қызмет атқарып, дами беретін әлеуметтік организм өзара табиғи байланыстарына қарамастан, әлеуметтік құрылымға қарағанда “әлеуметтік жүйе” атауы әлдеқайда кең ұғым. Егер әлеуметтік жүйе өзінің аясына кіретін элементтердің бүкіл жиынтығының бір-бірімен және тұтастай әрекеттесуін ұйымдастыру тәсілі болса, онда әлеуметтік құрылым — жүйенің және олардың байланыстарының салыстырмалы түрде баянды, қалыпқа түскен әрі ұдайы өніп отыратын, сондай-ақ, әлеуметтік жүйенің тұрақтылығы мен қызмет атқаруын қамтамасыз ету тетігін құрайтын негізгі элементтерінің жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда әлеуметтік құрылым — қоғамдағы әлеуметтік статус пен рөлдің нығаюына ықпал ететін әлеуметтік жүйенің аса маңызды бөлігі, ұйтқысы, берік ұстыны. Сонымен, әлеуметтік жүйе дегеніміз — бір-бірімен өзара байланысып, әрекеттесуші және бірегей әлеуметтік тұтастықты құраушы құбылыстар мен процестердің тәртіптелген ауқымды жиынтығы.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы әр алуан қырынан қарастырылады. Мәселен, әлеуметтік құбылыстар мен процестердің себеп-салдарлық (детерминшілдік) байланысы, бір-біріне бағыныстылық тәртібі анықталар кезде, қоғам, әдетте (мысалы, марксшілдік социологияда) негізгі төрт арна — экономика, әлеуметтік саяси және рухани (идеологиялық) саланы біріктіретін тұтас жүйе ретінде алынады. Осы салалардың әрқайсысы қоғамға қарым-қатынасы бойынша оның жүйешесі (подсистема) ретінде де қарастырылады. Мұндай кезде бұл жүйелердің әрқайсысы өзінен кейінгілерге елеулі ықпалын тигізеді; ал олар өз кезегі келгенде алдыңғыларына қайыра әсер етіп отырады.
Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде зерттеу ісі өзара байланысты міндеттерді: а) “қоғамды жалпы түрде” зерттеуді, яғни қоғамның жалпыға бірдей, әмбебап қасиеттерін, байланыстары мен жағдайларын (әлеуметтік философиямен етене байланыста әрі оның жетекшілігімен) зерделеуді; ә) қоғамның нақты-тарихи тұрпаттарын, өркениеттің даму сатыларын зерттеуді; б) жекелеген нақты қоғамдарды, яғни нақты өмір сүруші елдер мен халықтар қоғамын зерттеуді қамтиды. Әлеуметтік құрылым дегеніміз — кең мағынасында: қоғамның әрқилы, алуан сипаттағы құрылымдық бөлімшелерін және олардың арасындағы байланыстарды қамтитын ортақ түзілім. Оған қоғамның әлеуметтік-демографиялық та, әлеуметтік-таптық та, әлеуметтік-территория да, әлеуметтік-этникалық та, әлеуметтік-діни де т.б. құрылымдары жатады; ал тар мағынасында — қоғамның әлеуметтік-топтық жіктелуін — таптарға, әлеуметтік топтар мен жіктерге бөлінуін ғана білдіреді.
Қорытынды
Әлеуметтанудың атқаратын
қызметінің бір ерекшелігі мұнда
тұжырым мен іс әруақытта бірлікте
болады. Осыдан барып әлеуметтік теория
мен тұжырымдамалар көбіне тәжірибелік
мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл
тұрғыдан қарағанда әлеуметтанудың
тәжірибелік қызметі алдыңғы
қатарға шығып, атқарылатын қызметтің
басқа жаңа түрлері белгіленеді.
Нақтылы әлеуметтік құбылыстар мен
үрдістердің үстінен әлеуметтік
бақылауды күшейтуде жаңа ақпараттардың
маңызы зор. Ол болмаса әлеуметтік қысым,
әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер
көбейіп кетуі мүмкін. Көптеген елдерде
атқарушы мекемелер мен билік
өкілдері, саяси партиялар және алуна
түрлі бірліктер өздерінің
Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты – оның әлеуметтік құбылыстар мен процестердің болашақ дамуының бағытын анықтауында. Бұл жерде біз әлеуметтанудың болжайтын қызметін байқаймыз. Еліміздің жаңа,нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері құдылыстар мен апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады. Мысалы,
Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес – ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.
Әлеуметтану қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап – тілегіне, мұң – мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым – қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың сана – сезімдерін, мінез – құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік функцияны да атқарады.
Әлеуметтануды басқа ғылымдармен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді.
Әлеуметтану дың басқа ғылымдармен байланысының екінші түрі, ол адам туралы, оның іс - әрекетін, қызметін оқып үйренудің, оны жан – жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманистік ғылымдарда кеңінен қолданылады.
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысының үшінші негізгі түрі – ол нақтылы ғылымдармен тығыз жақындасып, байланысу арқылы, ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономика ғылымымен тығыз байланыста болып, экономикалық құбылыс пен процестерге бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде әлеуметтік экономиканың арнаулы теориясы жасалды. Құқық ғылымымен бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде – құқықтық әлеуметтану; саяси теориямен біріге отырып, саяси әлеуметтану; педагогикамен біріге отырып, педагогикалық әлеуметтану, тәрбие әлеуметтануы; әдебиет, тіл, көркем өнер ғылымдарымен біріге отырып, әдебиет әлеуметтануы, тіл әлеуметтануы, көркемөнер әлеуметтануы, т.б. әлеуметтанудың арнаулы теориялары пайда болды.
Бұл ғылымдардың арнаулы
теориялары, басқаша айтқанда, әлеуметтік
теориялар немесе орта деңгейдегі теориялар
деп аталады. Басқа ғылымдардың
әлеуметтанумен тығыз байланысын олардың
әрқайсысының әлеуметтанудың ғылыми категорияларын,
қағидаларын, заңдарын, нақтылы әдістерін
кеңінен пайдалануынан
Екінші жағынан, әлеуметтану
өзінің ой – пікірлерін, теорияларын,
тұжырымдамаларын, т.б. толық дәлелдеу
және одан әрі дамыту үшін нақтылы
ғылымдардың фактілеріне, деректеріне,
тұжырымдарына, т.б. сүйенеді, осылар арқылы
ол жаңа қортындылар жасап, орын алып
отырған қайшылықтарды жұмсарту
немесе жою жолдарын, жалпы қоғамның
даму тенденцияларын анықтайды. Сөйтіп
қоғамды басқарудың тиімділігін
арттырады.