Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 12:33, курсовая работа
Әлеуметтік жұмыскердің профессионалдық «Мен-концепциясы»
Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызмет түрі ретінде «Кәсіпкерлер мен жетекшілер анықтамалығына» 1991ж енгізілді. Маманның профессионалдық кәсіби бой тұрғызуы – үздіксіз, созылмалы процесс. Студенттердің келешек мамандығы туралы мәлімет алуы олардың ұшталып, кәсіби шындарға ұмтылудың қайнар көзі.
Әлеуметтік жұмыс адамның тұлғалық қасиеттері профессионалдық қасиеттерінен басым болатын ерекше мамандық. Сондықтан әлеуметтік жұмысқа баулу процессінде профессионалдық дағыдаларды үйретумен қатар, тұлғаны тәрбиелеу, рухани- қасиеттерін қалыптастыру. Нағыз әлеуметтік жұмыскер өз бойында профессионалдық білімдер мен дағыдаларды және тұлғалық қасиеттерді үйлестіре біледі.Әлеумтеттік жұмыскер мамандығын таңдаудың негізгі себебі – адам сол мамандықты өмірлік ісі деп санаса, болашақ маманның рухани-әдептілік қасиеттері мен мамандыққа бейімділігі. Егер де адам мамандықта саналы түрде, өзінің қызығушылықтары мен бейімділіктеріне сәйкес таңдасы, онда оның жұмысы оған ешқандай ауыртпалық әкелмейді, өзіне, клиенттеріне, қоғамға пайдалы, әрі табысты болады.
Әлеуметтік жұмыскер мен клиент клиенттің өміріндегі ең ауыр кездерінде кезедеседі, сол кездесу клиент үшін ауыр тиеді, себебі әлеуметтік жұмыскерге бару клиент үшін өзінің қабілетсіздігін мойындаумен парапар. Осы кезде клиенттің өзіне деген сенімділігін қайтару, өз күшіне қайта сенуі әлеуметтік жұмыскердің тұлғалық қасиеттеріне байланысты. Солардың ішінде әлеуметтік жұмыскердің моральдылық деңгейі үлкен маңызға ие. Әлеуметтік жұмыскердің моральдылық деңгейі жоғары немесе орташадан жоғары болуы тиіс, себебі моральдылығы жоғары адам басқа адамға ұрыс-керіссіз ақыл үйретіп, түсіне алады. Әлеуметтік жұмыскер мен клиентті ортақ мақсат біріктіреді, бірақ та әлеуметтік жұмыскер белсенді бастама ретінде танылуы тиіс. Әлеуметтік жұмыскер мен клиент өзара серіктертестер, алайда әлеуметтік жұмыскер міселені шешу әдіс-тәсілдерін, келістерін, басқа да білім және дағдыларға ие болғандықтан клиентке көмекші, жолдас, жетекші, басқарушы ретінде қарайды. Әлеуметтік жұмыскердің жетекші рөлі тек қана жай қажеттілік пен әлеуметтік рөлдердің бөлінуінен емес, оның адамгершілік қасиеттеріне де байланысты.
Әлеуметтік жұмыскердің адамгершілігін - адамның ішкі рухани қасиеті, этика және мораль нормаларымен сәйкес іс-әрекет жасауы, жақсылық жасау және адамдарға пайда әкелу қажеттілігі деп ұғыну керек. Әлеуметтік жұмыстан адам факторын жою мүмкін еместігі әлеуметтік жұмыскердің тұлғалық қасиеттерін этикалық кеңңстікке проекциялауды талап етеді. Кері жағдайда маман тек қызметтік инструкцияда жазылған жұмыстарды орындап, өзінің профессионалдық функцияларын дұрыс орындаған жайғдайда да, атқарылған жұмысты тек техникалық мәліметтердің жинақтамасы ретінде қарастыруға болар еді.
Әлеуметтік жұмыскердің адамгершілік санасы 3 негізгі копмоненттен тұрады: адамгершілік білімдер, адамгершілік ұстанымдар мен адамгершілік қажеттіліктер.
Адамгершілік білімдер:
Әлеуметтік жұмыскер этика, мораль туралы түсініктерді орта, жоғары білім беру мекемелері, квалификацияны жоғарылату факультеттерінде, курстарда алады. Оқу барысында болашақ маман адамгершіліктің мағынасын, оның қоғамдағы мазмұны мен әрекет етуі, орнатылған нормалардан ауытқулар болған жағдайда қолданылатын санкциялар мен шарттар туралы мәлімет алады, өзінің адамгершілік нормативтерін профессионалдық, әлеуметтік маңызы бар нормалармен салыстыра отырып, өзінің адамгершілік позициясын реттейді. Профессионалдық дайындық курстарынан өтпеген практикалық әлеуметтік жұмыскер жұмыс орнында интуитивті өзінің практика барысында жинаған тұлғалық адамгершілік қасиеттеріне сүйенеді, көп жағдайда олар профессионалдық этика талаптарына сай болуы мүмкін, алайда, сәйкес келмеуі де мүмкін.
Әлеуметтік жұмыскердің моральдық нормаларды білуі, оның мінез-құлқы абсолютті моральді екенін білдірмейді, мораль туралы білімдерді қолдануы да, қолданбауы да мүмкін, сондықтан профессионалдық тәжірибелік іс-әрекетте білімдер дербес қасиетке ие. Осыған орай біз «екі қырлы моральді тұлғамен» кездесуіміз мүмкін, демек, тұлға адамгершілік, мораль теориясында еркін бағдар ұстайды, бірақ та тәжірибиеге келгенде сол мораль принциптерін қолдануды тиіс деп ескермейді.
Жоғары адамгершілікті қалыптастыру мен оның дамуы, оны тұлғаның ажырамас қасиеті қылып ұстау маманнан тек білімнің болуы ғана емес, өз үстіне өмірбойылық жұмысты талап етеді.
Адамгершілік ұстанымдар – әлеуметтік жұмыскердің білімдер мен тәжірибе негізінде қалыптасқан профессионалдық мораль талаптарының әділеттілігіне сенімділігі. Адамгершлік ұстанымдар маман тұлғасы дамуының жоғары сатысы, себебі тұлғаға таныс моральдік нормалардың терең және жан-жақты зерттеулеріне, өмірлік және профессионалдық тәжірибиеге, оларды іштей қолдау және жалғыз дұрыс және мүмкін деп тануға негізделген. Адамгершілік ұстанымдар маманнан өз еңбегіне іс мүддесі жағынан қарауын, қоғамға әкелетін пайдасы мен міндетті пайданың қатынасын анықтауды талап етеді. Адамгершілік ұстанымдар маманның профессионалдық іс-әрекетке теориялық және практикалық әзірлігін анықтайды, әлеуметтік жұмыс практикасында өз мінез-құлығы мен қимылдарына саналы түрде қарауына негіздеме болады. Олар тұлғаның еріктік сапалары мен қоршаған ақиқатқа моральдық елеудің тұрақты формаларының қалыптасуына қатынасады.
Алайда адамгершілік ұстанымдар салыстырмалы дербестікке ие, себебі күнделікті өмірде тұлға өз ұстанымдарына қарсы келетін жағдайлар болады, өйткені өзінің ұстанымдарынан маңыздырақ себептер пайда болуы мүмкін. Осы жағдайда тұлға өзімен, ұстанымдарымен араздықта болады.
Адамгершілік қажеттілік – әлеуметтік жұмыскердің саналылығының ең жоғары деңгейі. Ол профессионалдық талартарды орындау моральдық қажеттілігімен сипатталады. Профессионалдық этика талаптарын орындау адамның ішкі қажеттілігіне айналғанда, адам этикалық принциптерге сәйкес өзінің еріктік және эмоционалдық қасиеттерін ұйымдастырады, бар ынтасын этикалық жағынан қиын мәселелерді адамгершілік көзқарасынан шешуге тырысады. Нағыз маман адамгершілік қажеттіліктеріне бағына отырып, оның көзқарасы бойынша теріс болатын әрекеттерді ешқашан жасамайды. Әлеуметтік жұмыскердің тұлға ретіндегі адамгершілік қасиеті берілген еңбек ұжымында қалыптасқан моральдық мінез-құлықтын әсеріне ұшырайды, ол тек қана берілген этикалық идеалды меңгере ғана қоймай, оны ақиқи шыңдықпен, моральдық қатынастардың күнделікті тәжірибиесімен үнемі салыстырып отырады. Осы жалпылаулар профессионалдық моральдың мазмұнына әсер ете отырып, оны түзейді.
Әлеуметтік жұмыскердің адамгершілік дағдыларының, ұстанымдарының, қажеттіліктерінің қалыптасуында профессионалдық моральдің маңызы зор. Олар практикалық іс-әрекетпен тығыз байланысты, бірақ әрқалай шарттайды. Ең қатаң әрі тұрақты байланыс әлеуметтік жұмыскерде адамгершілік қажеттіліктің қалыптасыунда байқалады.
Әлеуметтік жұмыскер абстактілі нұсқамалардың шегінен шығу жағдайы. Осы жағдай моральдық мәселелерді шешуде шығармашылық келістіталап етеді, соған байланысты әрдайым адамгершілік жасау, қимылдарын адамгершілік нормалары мен меңгерілген құндылықтар жүйесі арқылы реттеу теория мен практиканың анализі мен синтезінің ерекше формасы болып тиісті іс-әрекет немесе қылық уәжға әкеледі. Бұл ретте адамгершілік қажеттілік пен адамгершілік уәж әлеуметтік жұмыскерді тұлға ретінде сипаттайды. Әлеуметтік жұмыскердің іс-әрекет мотивтері оның тұлғалық қасиеттерін сипаттайды.
Сонымен,әлеуметтік жұмыскердің адамгершілік мінез-құлығы тұлғасының жеткілікті анықталған адамгершілік және рухани қасиеттеріне байланысты.
Сонымен, әлеуметтік жұмыскердің моральдық қасиеттері жұмыс жемістілігін және профессионалдық жарамдылығын анықтайды. Моральдық қасиеттердің қалыптасуы қоғам және мамандықтың рухани құндылықтарын игеруден қалыптасады.Әлеуметтік жұмыскер моральдық қасиеттерін клиент, оның айналасына, бүкіл қоғам алдында көрсетеді, сол арқылы бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі. Әлеуметтік жұмыскердің тұлғасы біртұтас. Әлеуметтік жұмыскердің профессионалдық қасиеттері жұмыстан шыққаннан кейін ешқайда кетпейді, демек әлеуметтік жұмыскер адамгершілігі жоғары адам деген көзқарас қалыптасады.
Әлеуметтік жұмыскердің екінші әлеуметтік рөлі бар. Ол тек қана өз мамандығының өкілдік тұлғасы ғана емес, ол сонымен қатар – азамат.
Әлеуметтік жұмыскер мамандықтағы, қоғамдағы, әлемдегі өзінің рөлін түсінуі керек.
Кәсіби қарым-қатынас – бұл кәсіби іс-әрекет процесс кезінде қалыптасатын қарым-қтынас. Әлеуметтік жұмыстың маманы үшін қарым-қатынас әр түрлілігі өзге мамандық өкілдеріне қарағанда кең ауқымды болып келеді, себебі өзінің әріптестері және әлеуметтік қызмет көрсету клиенттерімен қарым-қатынас орнатумен қатар, ол түрлі ұйымдар, әр түрлі деңгейдегі шенеуніктермен де қарым-қатынаста болады. Әлеуметтік жұмыскердің қарым-қатынаста құзіретті болуы өте маңызды, оның жұмысының тиімді болуы, демек клиенттерінің жағдайы да (психикалық, физикалық, материалдық және т.б) осыған байланысты. Сонымен қатар, қарым-қатынаста құзіретті әлеуметтік жұмыскер өз клиентіне қарым-қатынас жасай алуға және осы арқылы оның мәселелерін шеше алады.
Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби қарым-қатынасы
Әлеуметтік жұмыскердің
кәсіби іс-әрекеті барысында
1. іскерлік (бұл әлеуметтік жұмыс бойынша маманның ұйымдар,әлеуметтік институттар өкілдерімен,әр түрлі деңгейдегі шенеуніктермен әлеуметтік көмек қызметкерліктерінің іс-әрекетін жақсартып, өз клиенттерінің қандай да бір мәселелерін (құқықтық, материалдық, тұрғын үй, психологиялық т.б) шешу мақсатындағы ресми-іскерлік саладағы қарым-қатынасы.)
2. кеңес берушілік (клиентке көмек көрсету мақсатындағы қарым-қатынас, әсіресе психологиялық, бірақ міндетті емес)
3.жекелік (клиент пен әлеуметтік жұмыскер арасындағы достық қарым-қатынастар, сенімге негізделген қарым-қатынас түрі)
Осы
қарым-қатынас түрлерінің
Осылайша,
әлеуметтік жұмыскердің қарым-
Әлеуметтік жұмыскердің
іскерлік қарым-қатынасының
Көп жағдайда әлеуметтік
жұмыскерге өз іс-әрекетінде
Іскерлік әңгімелесу
ресми-іскерлік салада
- Талқылау нысанының
- Серіктестердің айтқанына тез назар аудару.
- Субъективті және объективті
факторларды есептеу мен
- Берілген мәселе бойынша
өзге көзқарастарды сыни
- Мәселені шешуге жауапкершілік пен қатыстықты сезіну.
Өзінің ресми-іскерлік қарым-қатынасында әлеуметтік жұмыскер келесі ұсыныстарды ескеруі керек.
1. Алдын-ала әңгімелесудің
жоспарын жазып, ең маңызды
деген тұжырымдамаларды
2. Әңгімелесу барысында
әңгімелесушіге периодты түрде
әсер ету принципін қолдану:
жағымсыз сәттер мен
3. Әрқашан әңгімелесушінің қозғаушы күштерін есте сақтау: оның үміттері, қол жеткізген басымдылықтары, өз орнын табу ықыласы, оның ар-намысы;
4. Мәселеге қатысы жоқ, бөтен тұлғалардың араласуын болдырмау;
5. Кез-келген жағдайда
әдептілік пен сыпайылық
6. Әңгімелесушіге жағымды жауапты жеңілдендіру;
7. Әңгімелесуші «жоқ»
деп жауап беруі мүмкін
8. Өз көзқарасын әңгімелесуші
келіспеген жағдайда егжей-
9. Әңгімелесу тақырыбынан ауытқымау, оптимистік нақышты ұстану;
Сонымен қатар, диалогтың қалыпты өтуіне әңгімелесушіні орта жолдан негізсіз бөлу кедергі келтіретінін, оны өз ойын жеткізу мүмкіндіктерінен айыратынын, серіктесінің аргументтеріне күдікпен қарауы мүмкін екенін естен шығармау керек.