Мәдениеттің негізгі элеметтері, мәдени кешен ұғымы және оның функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 09:34, реферат

Описание

Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекетгері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді. Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым узік-узік болды.

Содержание

Кіріспе
I-Бөлім: Мәдениеттің негізгі элеметтері,
мәдени кешен ұғымы және оның функциялары
1.1 Мәдениет - әлеуметтік таным объектісі……………………………………….5
1.2 Мәдениеттің басты элементтері..........................................................................8
II-Бөлім: Мәдени кешендер, оның негізгі нысандары мен түрлері
2.1 Мәдени кешендер ұғымы...................................................................................10
2.2 Мәдени кешен нысандары.................................................................................11
Қорытынды.................................................................................................................14
Пайдаланған әдебиеттер............................................................................................15

Работа состоит из  1 файл

реферат-әлеуметтену.doc

— 100.00 Кб (Скачать документ)
               

              Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

           Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті 
 

         

                                   «Әлеуметтік - гуманитарық пәндер» кафедрасы

                                                     050509 «Каржы» мамандығы 

                                            

                                         

                            

                                Тақырыбы: «Мәдениеттің негізгі элеметтері,

                        мәдени кешен ұғымы және оның функциялары» 
 
 
 

                                                                          Орындаған: Бигалиева А. М

                                                                          Тексерген: Төлегенова А. Қ 
 
 
 
 

                 

                                                    Атырау – 2009  

                                                 Жоспары: 
 

Кіріспе 

I-Бөлім: Мәдениеттің негізгі элеметтері,

              мәдени кешен ұғымы және оның функциялары 

1.1 Мәдениет - әлеуметтік таным объектісі……………………………………….5

1.2 Мәдениеттің басты элементтері..........................................................................8 

II-Бөлім: Мәдени кешендер, оның негізгі нысандары мен түрлері 

2.1  Мәдени кешендер ұғымы...................................................................................10

2.2  Мәдени кешен нысандары.................................................................................11 

Қорытынды.................................................................................................................14 

Пайдаланған әдебиеттер............................................................................................15 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                  Кіріспе 
 

    Әлеуметтік  фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып  жіктеудің алғашқы әрекетгері біз  үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ  олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді. Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым узік-узік болды. Бұл зерттеулердің кебіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төр-тіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты емір тұтастығын түсінуге ми қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жуйелі қолданыла бастады, және де ол колданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады.

    Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен  және ой елегінен өткен, тез ұлғайып  келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған  қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым.

          "Әлеуметтану"  сөзін тұнғыш рет Огюст Конт  озінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да кажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді.

    Платон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылымын саясат өнерінен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ғасырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола бытыстырылып жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлык түрлерінде зерттеген жоқ және Конт барышна қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік ұғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.

          Әлеуметтану, Конт түсінігінде әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептері мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді.

          Конттан кейін әлеуметтану  негізіен ғылыми ой барысын күрт өзгерткен  ілімнің бүкіл қуатын әбден сезіне білген кісілер еңбегінің арқасында дамыды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                        I-Бөлім: Мәдениеттің негізгі элеметтері,

              мәдени комплекс ұғымы және оның функциялары 

      1. Мәдениет - әлеуметтік таным объектісі
 

    «Мәдениет»  атауы латын тілінде алғашында «топырақ өңдеу» дегенді білдірді. Сөйтіп табиғи себептерден туған өзгерістерден өзгеше, адам әрекетінен табиғат объектісінде болатын барлық өзгерістер мәдениет деп түсінілді. Кейіннен «мәдениет» сөзі адам жасағанның бәрін білдіретін жинақтаушы атауға айналды. Осы тұрғыда алғанда мәдениет адам жасаған «екінші табиғат», табиғатта жоқ, адамның саналы қызметімен жасалған бүкіл дүние ретінде қарастырылады.

    Мәдениет  дегеніміз – белгілі бір адамдар  тобы үшін ортақ мінез-құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершілік құндылықтарының жиынтығы.

    Адамдардың  өзара байланыстарынң өзгеруі олардың  мәдениетіндегі өзгерісті де туғызады. Осы жөнінен алғанда адам мәдениетінің әлемі адамның аса мәнді қуатты күштері қалыптасуының дамуы  мен көрініс табуының, олардың табиғат пен қоғамда іс жүзінде асырылуының  аясы болып алады.

    Күнделікті  санада мәдениет ұғымы дербес адам, белгілі бір әлеуметтік тұтастық сипаттамасы үшін әдетте бағалаушылық қызмет атқарады. Ал мәдениеттің ғылым ұғымына келетін болсақ, онда оны адамдардың жасампаздық қызметі нәтижесінде жасалған және жасалынатын материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы ретінде қарастырамыз. Рухани мәдениет - өркенді рухани құндылықтар жиынтығын, тиісті мәдени – ағарту мекемелерінің құндылықтары мен өзіндік өндірісін танытатын рухани өмір дамуының нәтижесі, адам шығармашылығының жемісі. Бұл ұғым жасалынған құндылықтарды ғана емес, сондай-ақ оларды өндіру, бөлу және тұтыну процесінің өзін де қамтиды.

                                                      ~5~

    Социологияда  мәдениет деп – заттар қатынасы емес және әлеуметтік                                                 

ұйымдасу жүйесіндегі  рөлдер қатынасы емес, қайта қоғам  дамуының жеке

тұлғалары мен  субъектілері түріндегі адамдар, олардың  өздерінің қатынастары түсініледі. Рухани мәдениет аса күрделі де өзіндік ерекшеліктері бар қоғамдық құбылыс.

    Адам  мәселесінің көрінісі социология тұрғысынан үш негізгі белгімен анықталады. Біріншісі  – адамның қоршаған табиғатқа  қатынасы. Қазіргі жағдайда мәдениет пен жеке адам, мәдениет пен қоғам адам тұрған ортасына түзетуге келмейтін зардаптарды болдырмайтын жауапкершілікпен қатынасуға тиіс хал-ахуалдың сана деңгейімен өлшенеді. Адам қоғамы мәдениеті – қоғамның табиғатпен өзара байланыстарының ең алуан түрлі аяларынан: өндірісте, демалыста, тұрмыста көрінетін үйлесімдікте. Екіншіден, мәдениет – адамның басқа адаммен қатынасы. Адамдар, мемлекеттер, этникалық топтар арасындағы қатынастар мәдениеттің дәрежесі, ұжымдағы, күнделікті тұрмыстағы, отбасындағы өзара қатынастардың мәдени ахуалы адамдардың өзара байланысы фактісін жете түсіну дәрежесіне тәуелді. Үшіншіден,   мәдениет – адамның өзіне өзінің қатынасы. Индивидтің мәдени қызметі дегеніміз – бұл үнемі өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту. Жеке адамның мәдени деңгейі білім алуға деген ұмтылыстан, тұрақты адамгершілік принциптердің қалыптасуынан, әдемілікті кемелдікпен сезінуінен, байсалды сырт келбетінен, денсаулығын жақсы ұстауынан көрінеді.

    Мәдениет  өз бойына материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін бейнелендіріп сіңіреді. Сондықтан осыған сәйкес мәдениетті материалдық және рухани деп екі салаға бөледі. Осылайша бөле отырып, мәдениет біртұтас жүйе, оның барлық элементтері өзара байланысты екенін ұмытуға болмайды. Әрине мәдениеттің материалдық және рухани салаларға бөлінуі олардың әрқайсысы қоғамдық қатынастар дамуында өзіндік өзгешелігі болатындығымен және ерекше рөл атқаратындығымен өз ақтауын табады.

    Материалдық мәдениет материалдық қызметтің  барлық саласын қамтиды

                                                    ~6~

және оның нәтижелері (еңбек құралдары, тұрғын үй, көлік  құралдары, тұрмыста

қолданылатын  заттар) адам идеяларының материалдандырылуы, білімнің

заттандырылуы болып табылады. Қоршаған ортаны қайта құрумен байланысты материалдық мәдениет ұғымы, біріншіден, өндірістің материалдық ортасын мақсатқа сай қалыптастыруды, екіншіден, тұрмыстық материалдық ортасын өзгертуді және, үшіншіден, адам организмі дамуының әлеуметтік ортасын өзгертуді білдіреді.

    Рухани  мәдениет ұғымы қоғамдық сананың  барлық формалары мен деңгейлерін, білім мен тәрбие жүйелерін, мәдениет мекемелері жүйелерін қамтитын күрделі де көпжақты құрылым. Таным мен білім берудің барлық түрлері, әдебиеттің, өнердің, философияның, діннің, ғылымның, адамгершілік-тің барлық формалары мен түрлері осыған жатады. Демократиялық қоғам орната жатқан қазіргі жағдайда рухани мәдениет жан-жақты кемелденген және әлеуметтік белсенділігі зор жеке адамды қалыптастыруда зор рөл атқарады. Егер қоғамның рухани өмірі адамдардың рухани қызметінде болатын қоғам өмірінің біршама дербес саласы, ол қоғамдық сананы өндірумен, таратумен және қоғам мүшелерінің рухани сұраныстарын қанағаттандырумен байланысты десек, ал рухани мәдениет адамдардың шығармашылық қызметі нәтижесінде жасалған және жасалынатын материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.

    Рухани  мәдениеттің салыстырмасы дербестігін  мойындай және оның бүкіл өзгешелігін  ескере отырып, социология оны әлеуметтік өмірден, әлеуметтік қауымдастықтар мүдделерінен бөліп алып, оған қайдағы бір рухани бастаманың көріну формасы ретінде қарайтын мәдениеттану концепцияларына үзілді-кесілді қарсы шығады. Социология бүкіл адамзаттың мүдделер мен құндылықтарды қастерлейтін жалпы адамзаттық орта мәдениет түбінде үстемдік алатынына  сенеді. Егер материалдық мәдениет негізінен табиғат күштерін игеруді білдірсе, ал рухани мәдениет қоғам мен табиғат танудың деңгейі мен тереңдігін көрсетеді.

                                                         ~7~ 

      1. Мәдениеттің басты элементтері

       

    Мәдениеттің басты элеметтеріне ең алдымен тіл  жатады. Ол – адамзат тәжірибесін сақтау мен болашақ ұрпаққа берудің объективтік формасы. Демек, тіл адамдардың қатынас құралы, ойлаудың тікелей шындығы бола отырып, олар туралы мәлімет берудің құралы болып табылады.

    Белгілі бір халықтың дүниені қабылдауына тән ұғымдар, ұғымдар жүйесі тіл арқылы бейнеленеді, ол – кез келген мәдениеттің алғашқы негізі. Тіл мәдениеті тіркеуде де маңызды рөл алады. Олай болатыны мәдениет дене қимылымен де, әдет-ғұрыппен, бимен, тағы да басқалай тарайды.

    Екіншіден, ұлттық мәдениетті және кез келген басқа мәдениеттің негізгі элементтеріне сенім мен білім жатады. Сенімде адамдардың шынайы бейімділі-гі, күнделікті қызметінде нені басшылыққа алатындығы айқындалады да, ол мінез – құлық үлгілерінен, нормалары мен дағдыларынан көрініс табады. Сенімдер табиғи объектілерімен және әлеуметтік жағдайлармен байланысты болады да, өз бойында белгілі бір ғылыми және дағдылы мәліметтер мен ақпарат енгізеді. Адамдардың қоғамда өмір сүретін және таратылатын білімдері мен сенімдері арасында әрқашан сәйкессіздік туындайды.  Әсіресе көкейтесті әлеуметтік проблемаларды талғампаздықпен бағалайтын идеологиялық саладағы білімдерге қатысты сәйкессіздік жиі ұшырасады.

Информация о работе Мәдениеттің негізгі элеметтері, мәдени кешен ұғымы және оның функциялары