Мәдениеттің негізгі элеметтері, мәдени кешен ұғымы және оның функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 09:34, реферат

Описание

Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекетгері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді. Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым узік-узік болды.

Содержание

Кіріспе
I-Бөлім: Мәдениеттің негізгі элеметтері,
мәдени кешен ұғымы және оның функциялары
1.1 Мәдениет - әлеуметтік таным объектісі……………………………………….5
1.2 Мәдениеттің басты элементтері..........................................................................8
II-Бөлім: Мәдени кешендер, оның негізгі нысандары мен түрлері
2.1 Мәдени кешендер ұғымы...................................................................................10
2.2 Мәдени кешен нысандары.................................................................................11
Қорытынды.................................................................................................................14
Пайдаланған әдебиеттер............................................................................................15

Работа состоит из  1 файл

реферат-әлеуметтену.doc

— 100.00 Кб (Скачать документ)

    Үшіншіден, мәдениеттің құндылық – танымдық жүйесі оның маңызды компоненті (құрамдас бөлігі) болып алады. Құндылық дегеніміз – бұл белгілі бір қоғамдық заттың, құбылыстың қажеттілігі, ынтаны, мүддені қанағаттандыру қасиеті.

    Әлеуметтік  субъектінің құндылықтар жүйесіне олардың алуан түрі енуі мүмкін:

  1. Өмірдің мәні (қайырымдылық пен қатыгездік, бақыт, мақсат) туралы;
  2. Әмбебап құндылықтар:
    • күнделікті өмір, денсаулық, жеке қауіпсіздік, әл-ауқат, отбасы,

                                                         ~8~

           туысқандар, білім, квалификация, құқық тәртібі;

    • қоғамдық мойындау (еңбек сүйгіштік, әлеуметтік жай-күй т.б);
    • адамдар арасындағы қатынас (адалдық, риясыздық, айнымастық), қайырымдылық;
    • демократиялық (сөз, ар-ождан, партиялар бостандығы, ұлттық егемендік т.б)
  1. Азаматтық: туған жеріне, отбасына қарайлағыштық;фетишимизмдер (соқыр сенімдер, құдайға сену, мәңгілікке ұмтылу т.б.).

    Төртіншіден, мәдениеттің жинақталған, cинтетикалық түрі, формасы мінез-құлық үлгілері: ырымдар, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер болып табылады. Ырымдар дегеніміз бұл - өз бойына қандай да әлеуметтік идеяларды, түсініктерді, нормалар мен құндылықтарды топтастырған және белгілі бір ұжымдық сезімдерді оятатын ұжымдық әрекеттердің символикалық өлшемдерінің жиынтығы. Ырымдар күші оның адамға эмоционалдық – психологиялық әсер етуінде. Әдет-ғұрып – мінез-құлықтың еш жерде жазылмаған ережелері. Дәстүрлер – ұрпақтан ұрпаққа берілетін және белгілі бір қауымдастыққа, әлеуметтік топта ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік және мәдени мұра элементтері. Дәстүрлер барлық әлеуметтік жүйелерде қызмет атқарады және олардың өмірлік қызметінің қажетті шарты болып табылады.

    Бұл сипаттамалар бір халықтың, бір ұлттың, алуан түрлі ұлттық – мемлекет-тік  құрылымдардың, әлеуметтік топтардың  және сондайлардың мәдениетіне ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзаттық мәдениетке де қатынасы болып келеді. Алайда мәдениет белгілі бір нақтылы формалардағы алуан түрлі деңгейлерде қоғамдық өзара байланыстарда қызмет етеді. Мәдениет болмысының осы нақты формасын бейнелеу үшін социологияда өзіндік мәдениет ұғымы пайданылады. Өзіндік мәдениет – қандай да бір қауымдастықты немесе белгілі бір әлеуметтік топты ажырататын символдар, сенімдер, құндылықтар, нормалар, мінез – құлық үлгілері жиынтығы. Әрбір қауымдастық өзіндік мәдениетін жасайды. 

                                                         ~9~

        II-Бөлім: Мәдени кешендер, оның негізгі нысандары мен түрлері

        1. Мәдени кешендер ұғымы
 

    Мәдениеттің бөлшектеріне Э.Хобель «жүріс-тұрмыстық  үлгінің немесе материалдық өнімнің  бұдан басқа бөлінбейді деп саналатын  бірлігі» жататынын пайымдады. Мысалға: қалам, қалпақ, құрал, кілем, соқа, үй, әлеуметтік теңдік пен әлеуметтік ойы, әр түрлі дәстүрлер (сәлем беру, қонақ күту, той жасау). Әр мәдениеттің мындаған бөлшектері болады. Бөлшектердің жиынтығын мәдени кешен деп атайды. Бір бөлшек арқылы жалпы мәдени кешенді тұтас елестетуге болады. Мәдени кешен бөлшектерден қиылыстырады. Әр бөлшектің мағыналық жүктемесі болады. Мысалы: спорттық ойынды, футболды алсақ. Онымен байланысты мәдени бөлшектері мынандай: стадион, жанкүйерлер, төрешілер, ойыншылар, шабуылшылар, жартылай қорғаушылар тағы да басқалары.

    Мәдени  кешендер – кітап басу, компьютерді  ойлап шығару, өнер көрмесі, оқыту, үйлену дәстүрі. Мәдени кешен мәдени бөлшек пен мәдени институттың аралығында орналасады. Институционалды мәдениет бірқатар мәдени кешендерден тұрады. Мысалы, отбасы институты келесі мәдени кешендерден тұрады:  өзіне өмірлік серігін таңдау, үйлену тойы, балаларға қамқорлық жасау. Бірақ мәдени кешеннің барлығы әлеуметтік институттарға жатпайды. Олар маңызды емес мәдени кешендерге жатады. Мысалы: әр тұрлі заттардың жиынтығы (маркалардың, ыдыс-аяқтың, қарулардың, темір, күміс, қағаз ақшалардың). Сонымен адам қызметінің қандай түрі болмасын ерекше мәдени кешендерден тұрады, ал олардың бөлшектерін талдауға болады:

    1. Жоғары дамыған мәдениетке таңдаулы мәдениет жатады, ол қоғамның қалаулы тобының тапсырысымен немесе пұрсатты өкілдерімен жасалынады. Бұлар кәсіби жасаушылар: өнер, музыка, әдебиет шығармаларын тудырады. Оны тұтынушылар жоғары білімді құоғамның мүшелері: сыншы, жазушы, суретші, өнертанушы.

                                                     ~10~

    1. Халық мәдениетін белгісіз жасаушылар дүниеге әкеледі. Ол екі түрден – көпшілік қолды және халықтың ауызша шығармашылығы-нан тұрады. Көпшілік қолды мәдениет қазіргі халық тұрмысын, әдет-ғұрпын, әдеттерін, өлеңдерін, билерін суреттейді. Халықтың ауыз-әдебиеті шығармашылығында олардың өткен кезі суреттеледі.
    2. Бұқаралық, көпшілікке түсінікті мәдениет таңдаулы топтың талғампаздығымен жасалынбайды. Жаппай мәдениеттің кең тарай бастауы ХХ ғасыр ортасы – поп музыка (рокэнролл, битлз, рэп) халыққа тез жететін болды. Өйткені ақпаратты – радио, басылымдар, теледидар, үнтаспалық жазулар, енді бейнефильмдер арқылы дүниенің барлық түпкірлерінде, әр үйде, әлеуметтік топтардың қайсысы болмасын қысқа мерзім ішінде, әрі қолайлы жағдайларда тұтынатын болды. Жаппай көпшілікке арналған музыка мен кино ешбір білімді, мәдениеттілікті талап етпейді. Көпшілікке оның көркемдік құндылығының төмен болғаны толғандырмайды. Оған ойсыздық, тәндік сезімдерден ләззат табумен шектелу, өмір күрделілігінен қашып құтылам деген алдамшы сенімге бөлену тән.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                     ~11~

        1. Мәдени кешен нысандары
 

    Мәдениет  белгілі нақты нысандарда әр түрлі деңгейдегі қоғамдық өзара байланыста өмір сүріп, міндетті қызмет атқарады. Мәдениеттің болмысын нақты нысанда көрсететін түсінікті әлеуметтану ғылымында субмәдениет деп атайды. Ол – жалпы мәдениеттің бір ерекше бөлігі. Өйткені әр қауымдастық пен әлеуметтік топ өзінің шартты таңбалар, сенімдер, құндылықтар, мөлшерлер, жүріс-тұрмыстың үлгілерінің жиынтығын жасап шығарады. Жалпы адамзаттың мәдениетін жоққа шығармай, субмәдениет өзінің айырмашылықтарынсыз болуы мүмкін емес. Себебі әр қауымдастықтың өзіндік тіршілік әрекеті болады.

    Қазіргі қоғамның мәдениеті көптеген мәдени кешендерден тұрады. Олар өзара байланысты болуы мүмкін. Мысалы, адамдарды басқару мәдени кешені немесе белгілі шамада оқшаулануы мүмкін. Мысалы: гүл өсіру немесе бағалы заттардың жиынтығын жасау. Әр қоғамда барлық мүшелері қабылдайтын және қолдайтын мәдени үлгілердің әлдебір жиынтығы бар. Бұл жиынтықты үстем немесе жалпыға бірдей мәдениет деп атайды. Сонымен қатар кейбір әлеуметтік топтар, осы қоғамның барлық мүшелері қолдамайтын мәдени белгілерді, мәдени кешендерді дамытады. Мысалы: басқа елден көшіп келген топтар аралас мәдени кешенді дамытады. Әр әлеуметтік институт өзіне тән, ерекше мінез-құлықтың үлгілерін жасайды және енгізеді. Оларды «кәсіпорынның мәдениеті», «мектептің мәдениеті», «басқарудың мәдениеті» кешендері жүйелерінен көруге болады. Сол сияқты «әскери өмір», «жатақханың тұрмысы» деген ұғымдар мәдени ерекшеліктерді көрсетеді. Осындай мәдени үлгілердің үстем мәдениет-пен тығыз байланысымен қатар оның айырмашылығы бар, сондықтан бұл субмәдениетті білдіреді.

    Субмәдениеттер  батыстық, шығыстық, ұлттық, діни, кәсіби, ұйымдардың, әлеуметтік топтардың, жастардың, студенттердің, бандалардың т.б. болып бөлінеді. 

                                                     ~12~

      «Ұлттық мәдениет» түсінігі бір елдегі, мемлекеттегі адам қауымдасты-ғының шартты таңбаларын, сенімдерін, құндылықтарын, жүріс-тұрыстың

мөлшерлері мен  үлгілерін анықтауын сипаттайды. Ұлттық құрамы бір тектес және  бір  тілді мемлекетте бір ұлттық мәдениет болуы мүмкін. Бірақ елдердің басым  көпшілігінде бірнеше әр түрлі ұлттық мәдениеттер кездеседі.

    «Діни субмәдениет» ортақ дінге сүйеніп  қалыптасады. Дүниежүзінде жалпы христиандық, мұсылмандық, буддалық мәдениеттер  бар. Олардың жеке тармақтары өзінің субмәдениетін жасайды.

    «Кәсіби субмәдениет» кез келген кәсіби топтың шартты таңбалары, құндылықтары, мінез-құлықтың мөлшері мен үлгілерінің негізінде қалыптасады. Бұл кәсіптің өкілдерінің айналысатын еңбегінің мақмұны және олардың қоғамда алатын орнына тығыз байланыста өз субмәдениетін жасап шығады.

    Үстем болатын мәдениетке қарсы қоятын жүріс-тұрыс үлгілерін бандылар тобы саналы түрде қалыптастырылады. Олардың ұстанатын құлықтық мөлшерлері қоғамдағы жалпыға бірдей мөлшерлерге кереғар келеді. Сөйтіп, қарсы мәдениетке жеке адам жалпыға бірдей іргелі мәдени үлгілерден бас тартады.

    Қарсы мәдениеттің пайда болуы – қалыпты және кең таралған құбылыс. Кейде субмәдениет пен қарсы мәдениеттің арасындағы айқын айырмашылықты көрсету қиын немесе мүмкін емес.

    Субмәдениеттік  мінез-құлық оның субъектілерінің  қандай әлеуметтік топқа, ұлтқа, нәсілге  жататынына байланысты ажыратылады.

    Әр  әлеуметтік топтың өзіндік дүниесі  және өзінің мінез-құлықтық жүйесі болады. Қарсы мәдениеттің ең айқын көрінісін қылмыстық топтардың, мафиялық ұйымдардың, астыртын секталардың субмәдениеті бейнелейді. Батыста, Ресейде сайтандар сектасы кездеседі. Бұл - өмірден сыртта қалғандар-дың қарсылығы. Оны болдырмау қоғамның негізінің жан-жақты дамуына және әлеуметтік әділеттіліктің орнығуына байланысты. 

                                                     ~13~

                                         Қорытынды 

    Тақырыбымды қорыта келе, мәдениет адамдарға өз ортасында тұруға бірлестіктің басқа бірлестікпен өзара әрекетіндегі бірлік пен тұтастықты сақтауға көмектесетін адамның өзара әрекетінің маңызды механизмі ретінде қалыптасады.

    Социологияда  әлеуметтік қатынастарда заттарды, иделарды, құндылықты түсініктерді жасауға, игеруге, сақтау мен таратуға бағытталған, алуан түрлі әлеуметтік ситуациаларда адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін әлеуметтік табиғаты бар мәдениет күрделі динамикалық құрылым ретінде қарастырылады.

    Адамдардың  бөтен мәдениетті қадірлеуі социологияның  маңызды проблемасы болып табылады. Адамдар көбінесе басқа мәдениеттерді  өз мәдениетінің келбеті арқылы бағалауға  бейім. Осы тұрғыдан алғанда кез  келген мәдениет егер ол өзіндік тұтастығында алып қарастырылса, өзіндік байланысында ғана түсінікті болады деген қорытынды шығады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                     ~14~

                                  

                                  Пайдаланған әдебиеттер: 
 

    1. Ш. Қ. Қарабаев «Әлеуметтану негіздері» Алматы – 2007;
    2. Ә. Х. Тұрғынбаев «Социология» Алматы - 2001;
    3. Д. С. Раев «Социология тарихи қалыптасу кезеңдері» Алматы – 1999;
    4. Е. С. Қуандық «Саясаттану негіздері» Алматы – 2005;
    5. Д. Жамбылов «Саясаттану» Алматы – 2005;
    6. Қ. Ж. Рахметова, А. Н. Болатова, З. Н. Исмағамбетова

       «Социология»  Алматы – 2003; 
     
     
     

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                     ~15~

Информация о работе Мәдениеттің негізгі элеметтері, мәдени кешен ұғымы және оның функциялары