Мемлекет механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 17:20, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Ӛз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең ӛкілеттік берілген.
Қарастырып отырған семестрлік жұмыстың тақырыбы «Мемлекет механизмі» деп аталады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
Негізгі бӛлім
1. Мемлекет механизмінің ұғымы...................................................................4
2. Мемлекет органдарының ұғымы мен түрлері
Ӛкілетті органдар.............................................................................................6
Атқарушы органдар.........................................................................................9
Сот билігі..........................................................................................................12
3. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен қызметінің қағидасы..............................…………………...........................................15
Қорытынды............................................................................................................21
Пайдаланылған адебиеттер тізімі........................................................................22 3

Работа состоит из  1 файл

sayka pravo sem1.docx

— 33.57 Кб (Скачать документ)

 

 М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе.....................................................................................................................3

Негізгі бӛлім 

1. Мемлекет механизмінің ұғымы...................................................................4

2. Мемлекет органдарының ұғымы  мен түрлері 

Ӛкілетті органдар.............................................................................................6

Атқарушы органдар.........................................................................................9

Сот билігі..........................................................................................................12

3. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру  мен қызметінің қағидасы..............................…………………...........................................15

 

Қорытынды............................................................................................................21

Пайдаланылған адебиеттер тізімі........................................................................22 3

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата  Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Ӛз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып  мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда  мемлекеттік аппарат тармақтарының  әрқайсысына кең ӛкілеттік берілген.

Қарастырып отырған семестрлік жұмыстың тақырыбы «Мемлекет механизмі» деп аталады.

Семестрлік жұмыстың мақсаты –  мемлекет механизмі ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты  әрі толық мазмұнын ашып беру.

Мемлекеттік механзм мемлекеттік  органдардың жүйесін ӛзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар  мен міндеттерді жүзеге асыру  арқылы ӛз қызметін айқын кӛрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі – бұл  механизм болып табылады.

Семестрлік жұмыстың тақырыбының  мазмұнын толығымен ашып кӛрсету  мақсатында тӛмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады:

- мемлекет механизмінің жалпы  сипаты, нақтырақ айтқанда түсінігі, белгілері және нысандары; 

- мемлекеттік аппараттың құрамын  құрайтын мемлекеттік органдардың  түрлеріне нақтырақ толық мәлімет  беру,

- мемлекеттік аппарат қызметінің  және ұйымдастырылуының негізгі  принциптерін талдап беру.

 

Жалпы мемлекет механизмі ӛзінің мақсаты  бар және оны орындау үшін –ӛз  құзіреті бар мемлекет механизмінің бір буынына жатады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін әр сұрақты  жеке – жеке қарастырып ӛтелік. 4

1 Мемлекет механизмінің  ұғымы 

Мемлекет механизмі– бұл қоғамды  басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек  қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен  қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат  азаматтардың заңды мүдделер мен  құқықтарын қорғау үшін құрылады /1, 48б./.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 2-бабында: «Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік  органдар мен олардың аппаратында  конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің ӛзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған  кәсіби қызмет» делінген /2, 3б./.

Мемлекет механизмінің ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің  негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде әрбір  органның ӛзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері  кӛрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде  мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері ӛзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл механимді  бір орталыққа бағындыратын –  патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекет механизмі  дамуының объективтік бағыттары  байқалады: бюрократизация, дифференция, профессионализмнің ӛсуі. Мемлекеттің  әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік  қызмет – конституциялық негізде  баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік  органдар мен оның аппаратындағы  мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді  атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі /1, 48б./.

Әдетте заң әдебиеттерінде «мемлекеттік аппарат» және «мемлекет механизмі» түсініктері синоним сӛздер ретінде  қолданылады. Мемлекеттік аппарат  – бұл мемлекеттің басқарушылық қамтамасыз етушілік және қорғаушылық  функцияларын іске асыру бойынша  жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік  органдардың, мекемелер мен ұйымдардың біртұтас, иерархиялық жүйесі /3, 5б./.

Мемлекет аппаратының, оның барлық бӛлімшелерінің мазмұнын қоғамдық ӛмірдің  барлық салаларының тиісті ұйымдасуы  мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.

Бұл қызметтің нысандары кӛп  жағдайда басқарудағы заңдар мен  құқықтық механизмдердің қолданылу  шамасына байланысты. Осыған сәйкес, 5

мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бӛліп қарастыруға болады:

1) тікелей басқарушылық – бұл  ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе  алмасумен байланысты, құқықтық  сипатты иеленбеген қызмет түрлері; 

2) құқықтық нысандар – бұл  құқықтық заңды сипаттағы қызмет  түрлері, яғни, олар барлық субъектілер  үшін міндетті болып табылады  және мемлекеттік міндетті салдарды  туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің  негізгі құқықтық нысандарына  мыналар жатады:

 

а) құқықшығармашылық қызмет –  бұл нормативтік актілер жобаларын  дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;

б) құқыққолданушы қызмет – бұл  құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;

в) құқыққорғаушы қызмет – бұл  заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т.б. байланысты қызмет /3, 22б./.

Осы жерде мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттағы белгілеріне  тоқталып ӛтелік.

Біріншіден, мемлекеттік аппарат  арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды).

Екіншіден, мемлекеттік аппарат  органдардың және мекемелердің қиын жүйесі, ӛздерінің негізгі билік  қызметтерін іске асыруға тығыз  байланыста болады.

Үшіншіден, мемлекеттік аппарат  бӛліктерінің барлық қызметтері ұйымдастыру  және қаржы құралдарымен қамтамасыз етіледі /4, 69б./. 6

2 Мемлекет органдарының  ұғымы мен түрлері 

2.1 Өкілетті органдар 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік  аппаратының құрылымына мыналар  жатады:

1) ӛздерінің тікелей биліктік  функцияларын жүзеге асыру барысында  тығыз байланыстағы және ӛзара  бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;

2) биліктік ӛкілеттіктерге ие  емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым  т.б. салаларда жалпы әлеуметтік  функцияларды атқаратын мемлекеттік  мекемелер мен кәсіпорындар;

3) басқарумен арнайы айналысатын  мемлекеттік қызметшілер; 

4) мемлекеттік аппараттың қызметін  қамтамасыз ету үшін қажетті  ұйымдастырушылық, қаржылық және  күштеу құралдары /3, 22б./.

 

Мемлекеттік аппараттың ӛздерінің  қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған  мемлекеттік органдардан тұрады.

Мемлекеттік орган дегеніміз –  бұл мемлекеттік міндеттерді  орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік ӛкілеттікерді иеленген ұйым немесе мекеме.

Мемлекеттік органдар бірнеше топқа  бӛлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар ӛкілеттігінің  шеңберіне қарай үш топқа бӛлінеді:

- мемлекеттік билік органдары; 

- мемлекеттік атқару органдары; 

- сот билігі.

 

Республика Президенті мемлекеттік  аппаратта ерекше орын алады. Бірақ  ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармақтарының  келісіп жұмыс істеуін және ӛкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін  қамтамасыз етеді /1, 51б./.

Жоғарғы ӛкілеттік органдарды халық  сайлайды. Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың  ең жоғарғы ӛкілді органы. Парламент  тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық  маңызы бар қаладан және астанасынан  екі адамнан тиісінше барлық ӛкілді органдары депутаттарының бірлескен  отырысында сайланатын депутаттардан  тұрады. Жеті депутатты Президент  тағайындайды. Мәжіліс Республиканың  әкімшілік-аумақтық бӛлінісі ескеріле отырып, құрылатын және сайлаушылар  саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша  сайланатын алпыс жеті депутаттардан  тұрады. Негізінде заң шығару тек  парламенттің құзыреті, бірақ кейде  басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа  кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық  парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының сапасын кӛтеруге, парламентті  біршама тұрақты және 7

орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара. Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға депутаттар жиырма бес жасқа  толуы керек. Қазақстан парламентінің  ерекшелігін жоғарғы палатасының  құрылуы және оның қызмет бабы кӛрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі  жылға, ал екінші жартысы тӛрт жылға  сайланады. Сенатқа отыз жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының  бірлескен және бӛлек отырыстары түрінде ӛткізіледі. Парламенттің үйлестіруші  органдары – бюро, жұмыс органдары  – тұрақты комитеттері, бірлескен  комиссиялары болып табылады. Президент  мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін  береді, олардан есеп алады, соғыс  және бітім мәселелерін шешеді, халық  референдум тағайындау туралы бастама  кӛтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, ӛзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа  да Конституция жүктеген ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асырады /5, 3б./.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес, Парламент палаталарының  бӛлек отырысында мәселелерді әуелі  Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта  ӛз кезегімен қарау арқылы:

1) заңдар қабылдайды;

2) республикалық бюджетті және  оның атқарылуы туралы есептерді,  бюджетке енгізілетін ӛзгертулер  мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды  белгілейді және оларды алып  тастайды;

3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық  құрылысының мәселелерін шешу  тәртібін белгілейді;

4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери  және ӛзге де атақтарын, сыныптық  шендерін, дипломатиялық дәрежелерін  белгілейді, Республиканың мемлекеттік  рәміздерін белгілейді;

5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың  экономикалық және ӛзге де  кӛмек кӛрсетуі туралы мәселелерді  шешеді;

6) азаматтарға рақымшылық жасау  туралы актілер шығарады;

7) Республиканың халықаралық шарттарын  бекітеді және олардың күшін  жояды /6, 24б./.

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы»  Конституциялық Заңының 9-бабына сәйкес, Палаталарды мемлекеттік тілді  еркін меңгерген ӛз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары  жалпы санының кӛпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат  пен Мәжіліс сайлаған тӛрағалар  басқарады. Сенат Тӛрағасының қызметіне  кандидатураны Қазақстан Республикасының  Президенті ұсынады. Мәжіліс Тӛрағасының  қызметіне кандидатураларды Палатаның  депутаттары ұсынады /5, 4б./. 8

Палаталар әр Палатада саны жетіден  аспайтын тұрақты комитеттер құрады. Палаталардың бірлескен қызметіне  қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат  пен мәжіліс тепе-тең негізде  бірлескен комиссиялар құруға хақылы.

Комитеттер мен комиссиялар  ӛз құзырындағы мәселелер бойынша  қаулылар шығарады.

Комитеттер мен комиссияларды  құру, олардың ӛкілеттігі және қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді.

Парламент Республиканың бүкіл  аумағында міндетті күші бар Қазақстан  Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін  қабылдайды.

Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін  күшіне енеді /6, 27-28б./. 9

2.2 Атқарушы органдар 

Атқару билігі ӛкіметтің қолында  болады. Президенттік республикаларда  ӛкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік  тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық  сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты  егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі  – атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конституцияда  және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген /1, 53б./.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі  туралы» Конституциялық Заңның 1-бабына сәйкес, Үкімет Қазақстан Республикасының  атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады  және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үкіметті Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі, орынбасарлары, Республика Үкіметінің аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттердің  тӛрағалары құрамында Республика Президенті құрады.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі  туралы» Конституциялық Заңның 4-бабына сәйкес, Республика Үкіметінің ӛкілеттік  мерзімі тӛмендегідей: Республика Үкіметі  Президенттің ӛкілеттік мерзімі  біткенше іс-қимыл жасайды және жаңадан  сайланған Республика Президенті алдында  ӛзінің ӛкілеттіктерін доғарады. Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика үкіметі ӛз міндеттерін  атқара береді /7, 1-2б./.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 60-бабында Үкіметтің келесідей  құзыреті берілген. Оларға қысқаша  сипаттама беріп ӛтелік:

1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық  саясатының, оның қорғаныс қабілетінің,  қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті  қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын  әзірлейді және олардың жүзеге  асырылуын ұйымдастырады; 

Информация о работе Мемлекет механизмі