Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 08:46, контрольная работа
Негізгі мақсаты: Қоғамның адамдар үшін, әлем үшін маңызын түсіндіру, қоғамдық сананы тағы да нақтылау.
Негізгі түсініктер: қоғам, қоғамдық сана, қоғам құрылымы, ашық қоғам, құндылықтық аспект.
Қоғам дегеніміз – адамдардың жиынтығы , олардың бірігуі, бір- біріне қатынасы.
Кіріспе
I.«Қоғам» деген ұғымның мәні мен түсінігі, анықтамалары
II.Қоғамның әлеуметтік құрылымы
II.Қоғамдардың жіктелуі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қандай әлеуметтік топтар жетекшілік орын алады, қандай мамандықтар көп екендігіне қоғамның түрі де, оның әлеуметтік- саяси құрылысы да тәуелді.
Сонымен, әлеуметтік «әлеуметтік қауымдастық» категориясы қоғамның әлеуметтік құрылымындағы негіз болып табылады. Әлеуметтік топтардың көптүрлілігін зерттеу үшін, оларды салыстыру үшін әлемдік социологияда «әлеуметтік стратификация» ұғымы енгізілді.
Әлеуметтік стратификация теориясы әлеуметтік теорияның неғұрлым мықты дамыған бөліктерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік стратификацияны зерттеудің қазіргі тәсілдерінің негізін М. Вебер салды және оны әрі қарай Т. Парсонс, Э. Шилз, К. Девис, У. Мур жалғастырды.
Әлеуметтік стратификация
теориялары страта (латынша stratum – қабат),
әлеуметтік топ белгілі бір ортақ
позициялардағы немесе ортақ істері
бар адамдарды біріктіретін нақты
эмпирикалық тіркелетін қауымдастық
болып табылатындығына
Батыс германиялық социолог Р. Дарендорф әлеуметтік стратификация негізіне "бедел” саяси ұғымын қоюды ұсынды. Оның ойынша бедел билікке қатынас пен әлеуметтік топтар арасындағы билік үшін күресті нақты сипаттайды. Осы ұғым негізінде Р. Дерендорф бүкіл қазіргі қоғамды басқарушылар мен бағынушыларға бөледі. Өз кезегінде басқарушыларды да екіге бөледі: жеке меншігі бар басқарушылар және жеке меншігі жоқ басқарушылар, яғни бюрократ- менеджерлер. Ал бағынушы топта әртектес болып табылады: онда да кем дегенде екі топты бөлуге болады – жоғарғы – «жұмысшы аристократиясы», төменгі - төмен квалификациялы жұмысшылар. Осы екі әлеуметтік топтың арасында аралық «жаңа орта тап» болады – жұмысшы аристократиясы мен қызметкерлер және басым тап – басқарушылардың ассимиляциясы өнімі.
Француз социологы А.Турэннің
пайындауы бойынша, қазіргі қоғамдағы
әлеуметтік дифференциация жеке меншікке,
престижге, билікке, этносқа емес, ақпаратқа
ие болу мүмкіндігіне байланысты. Көп
ақпаратқа қол жеткізу
Әлеуметтік стратификация теориясының негізгі принциптерін бөлейік:
1) үлкен немесе кіші, тұрақты немесе тұрақсыз, қоғамда басты немесе қосымша рөл атқарса да, қоғамның барлық қабаттарын түгелімен зерттеу;
2) топтарды бірдей критерийлер бойынша өлшеу және салыстыру;
3) бұл критерийлер әр қабатты толығымен және терең суреттеу үшін жеткілікті болуы қажет.
Нақты қоғамның әлеуметтік құрылымы әрқашан эволюция нәтижесінде пайда болған, әртүрлі әлеуметтік рөлдермен, позициялармен ерекшеленетін стратификациялық жүйе болып табылады. Бұл жүйе еңбек бөлінісі мен осы қоғамдағы құндылықтар мен мәдени стандарттар жүйесімен анықталады.
Әлеуметтік стратификация теориясында реттелген белгілер (критерийлер) болады. Мұнда олардың әрқайсысының әлеуметтік маңызы ескеріледі. Оның қатарына жеке меншік формасы, табыс мөлшері, билік көлемі, бедел, ұлттық белгілер, білім, мәдениет түрлері және т.б. кіреді.
Әрбір қасиеттің маңызы өзгеріп отырады. Осылайша, стратификация келесі түрде болады:
1) белгілер жүйесі;
2) нақты қоғамның әлеуметтік құрлымы;
3) топтардың көлденең және тік орын ауыстыруы. Элементтердің көлденең тізілуі бізге көптеген критерийлер береді – ұлттық, кәсіптік, білімдік, мәдени, тік – жеке меншік қарым- қатынасы, табыс мөлшері, престижді көрсетеді.
Стратификация – бұл тиісті
қабаттарды бөлу тәсілі ретінде де,
қоғамның бейнесі ретінде де болады.
Белгілі топтардың ажырату
Стратификация – бұл жағдай мен үрдістер, мұнда индивидтер, жанұялар бір- біріне тең емес қатынаста болады және бедел, меншік, билік, мамандық пен мәдениет туралы өз көзқарастары бар иерархиялы құралған страталарға топтасады.
Стратификация тек адамдардың, топтардың, қоғамдағы қабаттардың әртүрлі жағдайын ғана бейнелеп қана қоймайды, сондай- ақ, олардың тең емес күйін бейнелейді.
Стратификацияның әлеуметтік теориясы қоғамды әлеуметтік топтарға, қабаттарға бөлудің бірнеше критерийлерін алға қоя отырып, әлеуметтік мобильділік немесе әлеуметтік қозғалыс теориясының қалыптасуына методологиялық негіз болып саналады.
Әлеуметтік мобильділік – қоғамның әлеуметтік құрылымындағы индивидтің немесе топтың алатын статусын, орнын өзгертуі. Бұл термин социологияға 1927 жылы П. А. Сорокинмен енгізілген болатын.
Стратификация Сорокин бойынша – бұл белгілі бір адамдар жиынтығының (халық) иерархиялық рангтегі кластарға жіктелуі. Бұл төменгі және жоғарғы қабаттардың болуымен сипатталады. Ол стратификацияның 3 түрін бөледі: экономикалық, саяси, кәсіби.
Әртүрлі елдерде осы проблемаға көптеген социологиялық зерттеулер арналады. Әлеуметтік мобильділік қоғамның ашықтығы дәрежесін, оның демократиялылығын, индивидтер мен буындарға белгілі бір қоғам төменгі категориядан жоғары жылжуына қаншалықты мүмкіндік беретіндігін, қоғамның басшы элитасы қандай жолмен қалыптасатындығын, басқа топтардан басшы элитаға өту мүмкіндігін адамдар білгісі келеді.
Стратификацияда кластар ерекше және маңызды орын алады. Біздің әдебиеттердегі батыс қоғамның ғылыми кластық дифференциациясын жоққа шығаратын тұжырымдардың негізі жоқ. Социология туралы шетел оқулықтарында осы тұжырым кездеспейтін бөлім жоқ деуге болады. М.Вебердің ойынша, стратификацияны құру үшін топтың әлеуметтік мәселелері маңызды болып табылады.
Әлеуметтік топ – бұл экономикалық, саяси және кәсіби статустарға, позицияларға ие адамдар қауымдастығы.
Біз класс әлеуметтік құрылымның
бөлшегі болатындығын негізге аламыз.
Себебі, ол экономикалық, саяси, идеологиялық
қатынастардың тұрақты
Әлеуметтік қабаттар бұл
тұрғыдан белгілі бір жеке мүдделер
негізіндегі адамдарды
Мүдделер – бұл тұлғалардың, топтардың және басқа да қауымдастықтардың әлеуметтік жүйедегі әлеуметтік жағдайын белгілейтін және олар өз әрекеттерінде негізге алатын нақты өмірлік ұмтылыстары. Әлеуметтік мүдделер арқылы белгілі бір әлеуметтік қауымдастықтар өкілдерінің өзекті қажеттіліктерінің жалпыланған көрінісі бейнеленеді. Мүдделерді ұғыну қоғамда тұрақты жүзеге асатын әлеуметтік салыстыру процесі, яғни әртүрлі әлеуметтік топтардың өмірлік жағдайларын салыстыру нәтижесінде болады.
Әлеуметтік өмірде маңызды орынды әлеуметтік өзара қатынас алады – бұл бір - біріне бағытталған, партнері тарапынан анық (күтілетін) реакцияны туғызуға бағытталған және осы реакция жауап ретінде басқа реакцияны туғызатын партнерлардың жүйелі, тұрақты әлеуметтік әрекеті.
Әрбір әлеуметтік қайраткер
өз қажеттіліктерін
Әлеуметтік жанжал – бұл түрлі әлеуметтік топтардың өз қажеттіліктерін қамтамасыз етуге талпыну, сәйкес келмейтін және тіпті қарама- қайшы мүдделерді жүзеге асыру жолындағы қақтығыстар. Жанжалдарды шешу жолдары: қақтығысты шешудің сырттай белгісі болып, оның аяқталуы табылады (уақытша тоқтату емес). Бұл дегеніміз қақтығысушы жақтар арасында жанжалдық өзара әрекет аяқталады. Алайда әлеуметтік қақтығыстың түбірлі шешілуі қақтығыстық жағдайдың өзгеруі кезінде ғана жүзеге асады. Атап айтқанда тиімді болып қақтығыс себебін жою табылады – қарсыластардың бір - біріне деген көзқарасын өзгерту. Сондай- ақ, әлеуметтік қақтығысты бір жақтың талаптарын өзгертуі арқылы шешуге болады: қарсыластың бірі өз мінез- құлқының мақсатын өзгертеді.
Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік құрылымның дамуы кездейсоқтылығымен, анықсыздығымен, аморфтілігімен сипатталады. Алғы шетке меншіктік және әлеуметтік теңсіздік мәселесі қойылады. Ол кластық қарама- қайшылық және қақтығыстармен сипатталады.
Экономиканың тұрақтануы және экономикалық заңдылықтар еркіндігін заңдастыру, әлемдік нарыққа өту негізгі әлеуметтік қауымдастар арасындағы қатынастар құрамы мен сипатына маңызды өзгерістер әкеледі. Қазіргі қоғамның негізгі сипаттамасы болып оның әлеуметтік поляризациясы, кедейлер мен байларға бөлінуі болып табылады.
Дәстүрлі әлеуметтік топтардың
жойылуы, меншік, табыс, билік құрылымына
ену, перспектива сезімі, топтық әлеуметтік
мобильділік формаларына
- жеке меншік формаларының плюрализациясы негізінде жаңа әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасуы;
- мемлекеттік меншік формаларының трансформациясы және дәстүрлі кластық- топтық қауымдастықтардың жағдайының, шекараларының, сандық- сапалық сипаттамаларының өзгеруі мен шекаралық, маргианалдық қабаттардың қалыптасуы;
- әртүрлі жеке меншік формаларының өзара қатынасы негізінде қабаттар мен страталардың қалыптасуы.
Қазір жаңа қабаттар өзінің құрамы, іс- әрекет түрлері, даму перспективасы тұрғысынан әртүрлі. Олардың болашақтағы дамуы, мінез-құлқы, өмір сүру салты меншіктің жаңа формаларын заңдастыруға байланысты болады.
Тарихты объективтік тұрғыдан түсіну өзінен бұрынғы алдыңғы қатарлы қоғамдық ойдың жәй жалғасы емес, қоғамтану тарихындағы мүлдем жаңа сапалы кезең. Тарихқа объективтік көз қарастың қалыптасуы табиғатты да, қоғамды да қамтитын біртұтас ғылыми - философиялық дүниетанымдық негіз болды.
Қоғамды ғылыми принциптер негізінде зерттеу нәтижесінде оның даму заңдылықтарын ашу барысында әлеуметтік тану саясаттану ілімдері дүниеге келді. Ол ғылымдар адамзат тарихин түсіндірудің кілтің, көзін қоғамның материалдық – экономикалық қатынастар жүйесінен шығарып, оны жан – жақты терең талдап дәлелдеді.
Қоғам заңдары бірден көрініп тұрмайды, оларды тікелей байқау, көру, бақылау арқылы қабылдау өте қиын. Осы себепті қоғам заңдарын терең танып – білу арқылы пайдалану онай емес, ол көп күш жұмсап, зерттеуді керек етеді. Олар абстрактілі ойлау арқылы белгілі болады.
Қоғамды ғылыми тұрғыдан түсінудің басты өзгешелігі – ол алуан түрлі қоғамдық қатынастардың, байланыстардың ішінен ең бастысын – материалдық - өндірістік қатынастарды бөліп алады.
Қоғамдық болмыс – адам өмірінің, оның іс - әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш – қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлеуметтік практиканың нәтижесі.
Қоғамда түрлі қатынастар бар. Олардың негізіне алғанда материалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей – ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп айтады.
Қоғамды қатынастардың екінші бір тобы – идеологиялық қатынастар оларға адамды адам арқылы өндеу жатады. Олар саяси, құқылық, марольдық, діни, эстетикалық, философиялық қатынастар болып бөлінеді.
Нағыз демократиялық қоғам адамдар бостандығынан, еркіндігінен көрінеді. Бірақ бостандық ойға келгенді жасау емес, қоғам болған соң белгілі тәртіп болады.
Демократияның бір көрінісі - либерализм. Ол адам құқығы деген ұранды желеу етіп адам не істесе де берікті болу керек дейді.
Қоғам дамуындағы ерекше заңдар әрбір жеке экономикалық формациялардың өзіне тән ерекшелігін көрсетеді.
Қоғамды бір тұрас, тірі әлеуметтік организм деп қараудың негізгі шарты – барлық дәуірлердің әлеуметтік – экономикалық даму типологиясын құру, яғни қоғамдық – экономикалық фармация туралы ұғымды тұжырымдауды қажет етті.
Сондықтан тарихты әлеуметтік философия тұрғысынан пайымдау, талдау әдісін – біз қоғамдық құылыстардың жалпы теориясымен методологиясы дейміз. Айта керек, қоғамды басқа да толып жатқан нақтылы ғылымдар (әдебиет, заң, тарих, саяси экономия, саясаттану, әлеуметтану, т.б.) зерттейді.
Материалистік философия ілімдерінде адамзат қоғамы ешқашан өзгермейтін, әрқашан өзіне тән құбылыс ретінде қаралып келді. Қоғамдық құбылыстар кездейсоқ, оларға ешқандай заңдылық жоқ деп санаған, не биологиялық заңдылықтарды қоғам өміріне қолданған реттер де кездесті.
Қоғамның тарихи үлгілері бір – бірінен материалдық игілікті өндіру тәсілі арқылы ажыратылады, ал қоғамның, формацияның саналық ерекшелігі ондағы өндірістік қатынастарға байланысты болады.
Әр бір қоғамдық формацияның негізінде белгілі бір өндіріс тәсілі болады. Өндіріс тәсілінің алмасуы қоғамдық формацияның ауысуынан бастайды.
Қоғамның қозғаушы күштері туралы мәселенің принципті маңызы бар, Өйткені бұл проблеманы шеше отырып, біз қоғамның ілгері дауының басты қозғаушысы, оның жүргізушісі кім, адамдардың саналы жасампаздық қызметінің басты ынталандырушысы неде, олардың көріністері қандай деген сұрақтарға жауап іздейміз.