Қоғамның әлеуметтік құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 08:46, контрольная работа

Описание

Негізгі мақсаты: Қоғамның адамдар үшін, әлем үшін маңызын түсіндіру, қоғамдық сананы тағы да нақтылау.
Негізгі түсініктер: қоғам, қоғамдық сана, қоғам құрылымы, ашық қоғам, құндылықтық аспект.
Қоғам дегеніміз – адамдардың жиынтығы , олардың бірігуі, бір- біріне қатынасы.

Содержание

Кіріспе
I.«Қоғам» деген ұғымның мәні мен түсінігі, анықтамалары
II.Қоғамның әлеуметтік құрылымы
II.Қоғамдардың жіктелуі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Қоғамның әлеуметтік құрылымы.docx

— 59.24 Кб (Скачать документ)

      Қоғам дамуының объективті қозғаушы күштері өздерін терең түсінуді, білуді қажет етеді сондықтан олар өздерінің идеологтарын қалыптастырады.  

   Қоғамның даму процесі, оның жоғары қарай ілгері басуы қозғаушы күштер, қайшылықтар, қарама- қарсы күрестер, әлеуметтік өзгерістердің қарқынды қадамдары арқылы жүзеге асырылынатын. Бұл арада қозғаушы күштер болып белгілі бір әлеуметтік топтын жиынтығы да шығады. Бұлар қоғам дамуының прогресшіл мүдделеріне сәйкес нақтылы – тарихи жағдайларға байланысты толғағы пісіп – жетілген қайшылықтарды шешуге бағытталған.  

        Материалдық – экономикалық мүдделерден басқа рухани мүддерлер де бар. Рухани мүдделер қоғамның эстетикалық адамгершілік діни мүдделері – оның білімге, мәдениетке, оқуға ұмтылуы.  

   Мүдделердің өзгеру негізіне объективті болмыс және адамның материалдық дүниеде өмір сүруі, адам мен қоғамдағы өзгеру барысының бейнесі жатады. Бірнеше мүдделерді қанағаттандыру қоғам дамуында жаңа мүдделерді туғызады. Сондықтан мүдделердің де жоғарылау, өрлеу заңы тарихтың қозғаушы күшіне енеді.

 Қоғамдық болмыс жағдайлары  мен мүдделері арасындағы қайшылықтарды  шешуде адамдардың ынта – ықыласы,  көз қарастары жүзеге асырылады.

Әлеуметтік байланыстар  – фактілердің жиынтығы. Ол белгілі  бір адамдар немесе адамдар тобының  арасында нақты бір уақытта бірлесе  қызмет ету нәтижесінде пайда  болады. Ол байланыстар объективтік  қажеттіліктен туындайды және белгілі  бір мақсатты көздейді.

Әлеуметтік өзара ықпалдасу  – бұл да жеке адамдар мен адам топтарының бір- біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесінде пайда болатын процестер. Күнделікті өмірде адамдар өздерінің іс- әрекеттері арқылы басқаларға әсер етеді. Соның нәтижесінде шағын топтарда немесе тұтас қоғамда өзгерістер болып отырады.

Әлеуметтік қарым- қатынастар – адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы қатынастарға түседі. Мәселен, өзінің отбасымен, туған-туысқандарымен – туыстық қарым- қатынаста болса, құрбылармен – достық, жолдастық қатынаста; өндірісте – еңбек қатынасында; билік орындарымен – саяси қатынас орнатады.

Сонымен, қоғамның тұтастығын осы жоғарыда айтылған әлеуметтік мәні бар байланыстар, қарым- қатынастар және адамдардың өзара әсерлесуі қамтамасыз етеді. Бұлар жеке тұлғалардан жоғары тұрады. Өйткені қоғамның әрбір адамға қарағанда бастапқылық сипаты бар. Адам өз өмірін бастағанда әлгі айтылған әлеуметтік қарым- қатынастар мен байланыстарға тап болады. Өзінің әлеуметтенуінің барысында адам оларға араласады.

Әлеуметтік жүйедегі элементтердің (адамдардың) орналасуында белгілі  бір тәртіп болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жүйе элементтердің координациясы  мен субординациясынан тұрады.

Кооридинация – жүйенің  тұтастығын қамтамасыз ететін элементтер арасындағы белгілі бір келісім. Яғни, қоғам мүшелері бір- бірімен өзара келісімде өмір сүрулері қажет.

Субординация – тұтас  жүйедегі элементтердің тең емес, әркелкі маңызынан туындайтын билеу  және тәуелді болу қатынастары. Бұл  – қоғамда иерархия бар деген  сөз. Ал, қоғамның қалыптасып, дамуында биліктің маңызы орын алатындығы баршамызға мәлім.

Әлеуметтануда қоғамға жүйе тұрғысынан қарау детерминистік  көзқараспен толықтырылады. Бұл  теория марксизмде айқын көрініс  тапқан. Маркстік ілім бойынша, қоғамның өзі экономикалық, саяси, әлеуметтік және идеологиялық деген жүйелерге  жіктеледі. Олардың арақатынасы  себеп-салдарлық байланысқа негізделген. Яғни, әр жүйе өз алдына жеке дара емес, керісінше, басқалармен өзара тығыз  байланыста болады. Марксизм бұл жүйелердің ішінде экономикалық жүйеге басты орын береді. өйткені экономикалық жүйенің  негізінде материалдық игіліктер  өндірісі қоғам мүшелерін өмір сүруге қажетті алғышарттармен қамтамасыз етеді. Бұл аталған жүйе қоғамның негізі болып саналады және әлеуметтік, саяси, идеологиялық салалармен өзара  тығыз байланыста болады.

 

 

 

III. Қоғамдардың жіктелуі

Әлеуметтік топтар, қатынастар

Адамдар қоғамда белгілі бір  әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың  экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен  іс -әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.

Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың  өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас  мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:

1) қоғамға қажетті қатынас  түрлері болады;

2) субьект (жеке адам, адамдар)  топтық сипатта болады;

3) қоғамның обьективтік  сипаты болады, яғни қоғам адамдар  сол қатынасқа енгісі келе  ме, жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.

Қоғамның материалдық өндіріс  саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата  білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық  жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) - адамдардың рухани- мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыстарының нәтижесі.

Қоғам түрлері

Бос уақыт қоғамы - еңбек өзінің бұрынғы мәнінен айрылатын қоғам концепциясы. Осындай қоғамдарда жалдамалы еңбектің ең аз көлемі бұрын еңбек ие болған мәнге жеткен бос уақытқа мүдделілікке әкеледі делінген.

Молшылық қоғамы - 1950 жж. аяғындағы базистік экономикалық дефицит және қамтамасыздандырылмағандық негізінен женілген, бірақ жеке байлық «жалпыға ортақ босандықпен» (мысалы, автомобильдер шамадан көп өндірілді, бірақ жолдарды жөндеу және қоршаған ортаны ластауды бақылауға көңіл бөлінбеді) қатар жүрген және капитализмнің ауытқуларынан зардап шеккен тұлғалар жеткілікті қамтамасыз етілмеген кездегі американдық қоғамға берілген баға.

Тәуекел қоғамы - қазіргі қоғамның жайы туралы тұжырымдама; оған сәйкес қоғамға әрқашан адамзат білімінің өсуі мен қоршаған орта әсерін көрсететін «сенімсіздіктен жасанды пайда болған» деп сипаттама беріледі (мысалы, ядролық соғыс, экологиялық апат себептеры бойынша).

Әлеумет — қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде жамағат, қауым, жұртшылық мағынасында қолданылған ұғым. Ол отбасынан, ағайын, туыс, жекжат- жұраттан бастап, ел- жұрт мағынасына дейін қамтиды. Мысалы, халық ауыз әдебиетінде жиі кездесетін “Алқалаған, әлеумет, Сөзіме құлақ салыңыз” дегенде әлеумет ұғымы ағайын мәніне жақын болса, “Әлеумет, көрдің, міне, жаңа заңды” (К. Әзірбаев) деген өлең жолында — бұқара, жұртшылық мәніне ие болып тұр. Әлеумет ұғымының қазіргі заманғы мағынасы қоғам, қауым, қауымдастық сөздерінің ғылыми ұғымдарымен мәндес.  

  Қоғамдық болмыс – адам өмірінің, оның іс - әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш – қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлемметтік практиканың нәтижесі.  

  Қоғамда тұрлі қатынастар бар. Олардың негізіне алғанда марериалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей – ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп айтады.  

 Қоғамды қатынастардың  екінші бір тобы – идеологиялық  қатынастар оларға адамды адам  арқылы өндеу жатады. Олар саяси,  құқылық, марольдық, діни, эстетикалық  философиялық қатынастар болып  бөлінеді. 

 Нағыз демократиялық  қоғам адамдар бостандығынан,  еркіндігінен көрінеді. Бірақ бостандық  ойға келгенді жасау емес, қоғам  болған соң белгілі тәртіп  болады.  

 Демократияның бір  көрінісі либерализм. Ол адам  құқығы деген ұранды желеу  етіп адам не істесе де берікті  болу керек дейді.  

 Қоғам дамуындағы ерекше  заңдар әр – бір жеке –  экономикалық формациялардың өзіне  тән ерекшелігін көрсетеді. 

 Қоғамды бір тұрас,  тірі әлеуметтік организм деп  қараудың негізгі шарты – барлық  дәуірлердің әлеуметтік – экономикалық  даму типологиясын құру, яғни  қоғамдық – экономикалық фармация  туралы қғымды тұжырымдауды қажет  етті.  

 Сондықтан тарихты  әлеуметтік философия тұрғысына  пайымдау, талдау әдісін – біз  қоғамдық құылыстардың жалпы  теориясымен методологиясы дейміз. Айта кеу керек, қоғамды басқа  да толып жатқан нақтылы ғылымдар (әдебиет, заң, тарих, саяси  экономия, саясаттану, әлеуметтану,  т.б.) зерттейді.  

 Материалистік философия  ілімдерінде адамзат қоғамы ешқашан  өзгермейтік, әрқашан өзіне тән  құбылыс ретінде қаралып келді.  Қоғамдық құбылыстар кездейсоқ,  оларға ешқандай заңдылық жоқ  деп санаған, не биологиялық  заңдылықтарды қоғам өміріне  қолданған реттер де кездесті.   

 Қоғамның тарихи үлгілері  бір – бірінен материалдық  игілікті өндіру тәсілі арқылы  ажыратылады ал қоғамның формацияның  саналық ерекшелігі ондағы өндірістік  қатынастарға байланысты болады.  

  Әр бір қоғамдық формацияның негізінде белгілі бір өндіріс тәсілі болады. Өндірс тәсілінің алмасуы қоғамдық формацияның ауысуына бастайды.    

 Қоғамның  қозғаушы күштері туралы мәселенің принципті маңызы бар, Өйткені бұл проблеманы шеше отырып, біз қоғамның ілгері дауының басты қозғаушысы, оның жүргізушісі кім, адамдардың саналы жасампаздық қызметінің басты ынталандырушысы неде, олардың көріністері қандай деген сұрақтарға жауап іздейміз. 

 Қоғам дамуының объективті  қозғаушы кұштері өздерін терең  түсінуді, білуді қажет етеді  сондықтан олар өздерінің идеологтарын  қалыптастырады. 

  Қоғамның данму процесі, оның жоғары қарай ілгері басуы қозғаушы күштер, қайшылықтар, қарама қарсы күрестер, әлеуметтік өзгерістердің қарқымды секірістері арқылы жүзеге асырылынатын. Бұл арада қозғаушы күштер болып белгілі бір әлеуметтік топтын жыйынтығы да шығады. Бұлар қоғам дамуының прогресшіл мүдделеріне сәйкес нақтылы – тарихи жағдайларға байланысты толғағы пісіп – жетілген қайшылықтарды шешуге бағытталған. 

  Материалдық – экономикалық мүдделерден басқа рухани мүддерлерде бар. Рухани мүдделер қоғамның эстетикалық адамгершілік діни мүдделері – оның білімге мәдениетке, оқуға үмтылуы. 

  Мүдделердің өзгеру негізіне объективті болмыс және адамның материалдық дүниеде өмір сүруі, адам мен қоғамдағы өзгеру барысының бейнесі жатады. Бір мүдделерді қанағаттандыру қоғам дамуында жаңа мүдделерді туғызады. Саондықтан мүдделердің де жоғарлау, өрлеу заңы тарихтың қозғаушы кұшіне енеді.

Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтарды  шешуде адамдардың ынта – ықыласы, көз қарастары жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа  жай ғана жауап беру қиын. Қоғам - өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет.

«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық  қоғам, капиталистік қоғам, француз  қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі  бір қауымның немесе жеке бір елдің  тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің  барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі  ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.

Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың  арасындағы екі жақты қатынасты  айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның  өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз  қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі  болып көрінеді.

“Қоғам” аталатын адамдар  қауымының күрделілігі, көп қырлылығы, сонымен қатар тұтастығы оны  әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру  қажеттігін алға тартады. Қоғам бір  текті емес: оның алуан реттегі, әрқилы сипаттағы әлеуметтік құбылыстар мен  процестердің бірсыпырасын қамтитын өзіндік  түзілімі мен құрамы бар. Әлеуметтік жүйенің құрамдас элементтері адамдар, әлеуметтік байланыстар мен іс- әрекеттер, әлеуметтік қарым- қатынастар мен өзара  әрекеттесулер, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар, қауымдар, әлеуметтік нормалар мен құндылықтар т.б. болып табылады. Олардың әрқайсысы өзара тікелей байланыс құрып, қоғам өмірінде ерекше орын алады әрі өзіне лайықты рөл атқарады. Осы орайда, ең алдымен, қоғамның құрылымын анықтап, оның маңызды элементтерін ғылыми тұрғыдан саралау, сондай- ақ әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылатын қоғам өміріндегі олардың орны мен рөлін, өзара байланыстары мен әрекеттесулерін түсіндіру әлеуметтану ғылымының басты міндеті. Өзінің құрылымы арқасында ғана қоғам емін- еркін, бейберекет жиылған тобырдан да, өзінің жөнге салынған құрылымы бар өзге әлеуметтік құбылыстардан да мүлдем ерекше тұрады,  демек, басқаша сапалық қасиеттерге ие болады. Ал, әлеуметтік құрылым көп жағдайға жүйе ретінде бүкіл қоғамның табандылығы мен тұрақтылығын айқындайды.

Информация о работе Қоғамның әлеуметтік құрылымы