Социологияның негізгі тарихи кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 17:36, реферат

Описание

Мәселен, конфуцийшылар қоғамтанушылар болып есептеледі. Олардың қоғам туралы іліміндегі негізгі мәселе - адамдар арасындағы қатынас және тәрбие мәселесі. Конфуций ертедегі Қытай қауымдастығындағы адамдардың өзін-өзі абыроймен ұстау дәстүрін, олардың шыншыл, өнегелі болатын, жаман қылықтардан бойларын аулақ ұстау дәстүрін көрсетеді. Сондай-ақ, Конфуций кейінгі адамдардың бойындағы ондай моральдық нормалардың азайып бара жатқандығын атап өтеді. Адамдардағы популизмге, атаққұмарлыққа ұмтылу пиғылдарының өріс алу тенденциясын, кегін екінші біреуден алу, өз кемшілігін түзету касиеттерінің жоғалу тенденцияларын көрсетеді.

Содержание

1. КІРІСПЕ:
СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ШЫҒУЫНА ДЕЙІНГІ ӘЛЕУМЕТТІК ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
А) СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ПАЙДА БОЛУЫ.
Ә) О.КОНТТЫҢ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ.
Б) Г.СПЕНСЕР СОЦИОЛОГИЯСЫ.
В) Э.ДЮРКГЕЙМНІҢ СОЦИОЛОГИЯСЫ, ОНЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ТУРАЛЫ ІЛІМІ.

3. ҚОРЫТЫНДЫ.

4. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Работа состоит из  1 файл

soc_ref_10.doc

— 59.00 Кб (Скачать документ)

 АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

 

Жылу энергетика факультеті

 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 Семестрлік жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ:

 

Социологияның негізгі  тарихи кезеңдері

 

 

 

 

 

 

 

              ТЕКСЕРГЕН:

ОРЫНДАҒАН: Баук-12-4 Асанов А.Е

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2013

ЖОСПАР

 

1. КІРІСПЕ:

СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ШЫҒУЫНА ДЕЙІНГІ ӘЛЕУМЕТТІК ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ  ҚАЛЫПТАСУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ.

 

2. НЕГІЗГІ  БӨЛІМ:

А) СОЦИОЛОГИЯНЫҢ  ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ПАЙДА БОЛУЫ.

Ә) О.КОНТТЫҢ  ОЙ-ПІКІРЛЕРІ.

Б) Г.СПЕНСЕР СОЦИОЛОГИЯСЫ.

В) Э.ДЮРКГЕЙМНІҢ  СОЦИОЛОГИЯСЫ, ОНЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ТУРАЛЫ ІЛІМІ.

 

3. ҚОРЫТЫНДЫ.

 

4. ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ.

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Социология (ХІХ  ғ-дың 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды.

Алайда, социологияның  кеш пайда болуынан, оған дейін  қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір  тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар  басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық, экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады. Осы орайда, Ертедегі Шығыс цивилизациясының — Көне Египет, Вавилон, Үнді, Қытай — қоғам туралы пікірі мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар қоғамтанушылар болып есептеледі. Олардың қоғам туралы іліміндегі негізгі мәселе - адамдар арасындағы қатынас және тәрбие мәселесі. Конфуций ертедегі Қытай қауымдастығындағы адамдардың өзін-өзі абыроймен ұстау дәстүрін, олардың шыншыл, өнегелі болатын, жаман қылықтардан бойларын аулақ ұстау дәстүрін көрсетеді. Сондай-ақ, Конфуций кейінгі адамдардың бойындағы ондай моральдық нормалардың азайып бара жатқандығын атап өтеді. Адамдардағы популизмге, атаққұмарлыққа ұмтылу пиғылдарының өріс алу тенденциясын, кегін екінші біреуден алу, өз кемшілігін түзету касиеттерінің жоғалу тенденцияларын көрсетеді. Конфуций этикасы «қайырымдылық», «кішіпейілділік», «адамды сүю» «тура жолмен жүру» (дао) сияқты принциптерге сүйенеді. Сайып келгенде, Конфуций адамдар арасындағы әлеуметтік қатынасты - борыш пен заңды мойындайтын, оны бірінші орынға қоятын адам мен өз пайдасын көздейтін адамды салыстыра отырып, олардың адамдық образдарындағы айырмашылықтарды ашу арқылы көрсетеді. Бірінші образдағы адам бірлікке, татулыққа ұмтылатындығын, ал екіншісінің оған кері құбылыстарға ұмтылатынын баса айтқан. Біріншісінің басқа үшін өз жанын қиюға баратынын, екіншісінің өзіне-өзі ор қазатындығын немесе ыза-кектен өзіне-өзі кол салуға жақын болатынын көрсетеді. Яғни Конфуцийдің пікірінше, бірінші адам үш нәрседен қорқады: аспан құдіретінен, ірі тұлғалардан, ақылды адамдардың сөзінен. Ал адамдық қасиеті төмен адам — аспан тәңірінен қорықпайды, жоғары лауазымды адамдарды жек көреді, акылдының сөзіне құлақ салмайды.

А) СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ПАЙДА БОЛУЫ

 

Ежелгі Үндістанда әлеуметтік ойлар буддизм мен джайнизм мектептерінің социологиялық мифтерінде біршама қарастырылған. Мәселен, джайнизмнің этикалық, эстетикалық жүйесіңде адам мінез-құлқындағы кейбір нормалар мен тақуалық (аскетизм) мінездің кей формалары берілген. Тақуалық (аскетизм) деген «нәпсіні тый» деген мағынаны береді. Ондай норманың бірі ретінде ахисаны алады, яғни «тірі жанға зиян келтірмеу» принципі.

Алайда, ежелгі Шығыс елдеріндегі  социологиялық ой-пікір прагматистік сипат алды, яғни әлеуметтік шындық тек тәжірибемен ғана байланыстырылды. Жағымды мінез-құлықтардың үлгілерін тек уағыздаумен және адамның міндеттерінің тізбегін атаумен ғана шектелді.

Әлеуметтік теорияның  біршама айқын элементтері ежелгі Грецияда қалыптаса бастады. Мәселен, әлеуметтік пікірдің кейбір элементтерін Гомер мен Гесиодтың шығармаларынан кездестіруге болады. Алайда, ежелгі Грек философтарынын арасында қоғамға және қоғамдық институттарға ерекше көңіл бөлгендер софистер болды. Оларға дейінгілер көбінесе табиғатқа баса назар аударса, софистер адам мен қоғамға басты назар аударады. Өйткені, сол кездегі ежелгі Грециядағы саяси жағдай философтарды адам мен қоғам мәселесіне көңіл аударуға мәжбүр еткен болатын.

Софистердің ішіндегі біршама көрнекті өкілі - Протагор болған. Ол өндіргіш күштердің ролінің маңыздылығын көре отырып, онымен бүкіл қоғамның дамуын байланыстырады. Сондай-ақ, оның еңбектерінде адамның табиғи құқы туралы идеялар болды. Бүкіл қоғамдық қатынасты адамның еркіндігімен өлшеді. «Адам барлық нәрсенің өлшемі» деп көрсетті. Ол өз еңбектерінде азаматтар дұрыс өмір сүру үшін, өз еріктерімен мемлекет құрады деген пікірді айтты. Сонымен катар софистердің әлеуметтік көзқарастарында адамдардың табиғи теңдігі идеясы да көрсетілген. Қорыта келгенде, софистердің ілімінде, соииологиялық тұрғыдан алғанда, қоғамның құрылуындағы келісім теориясының жатқандығын көруге болады.

Ә) О.Конттың  ой-пікірлері

 

Социологияның дербес ғылым  ретінде пайда болып қалыптасуы батыста француз философы О.Конттың  есімімен байланысты (1798-1857). Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары «Позитивті философияның курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көреді. Міне осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Мәселен, осы еңбегінің 3-ші томында алғаш рет Конт «социология» деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын қояды. Міне осы пікір социологияның ғылым ретінде пайда болып, дамуына негіз болады.

О.Конт социологияның  қажеттілігін қалай негіздеді деген сұрақ туады? Бұл мәселені О.Конт философия саласындағы өзінің адам ақылы дамуының үш сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейді. Олар: теологиялық, метафизикалық және позитивтік (ғылыми) сатылар. Екінші сөзбен айтқанда оларды адам интеллектінің дамуының үш тарихи қалпы деп айтуға болады. Яғни, бұл адам ақылы өзінің табиғи қасиеттеріне байланысты ойлаудың ең алдымен теологиялық (діни), содан кейін метафизикалық, одан кейін позитивтік (ғылыми) тәсілдерімен қолданатындығын көрсетеді. Демек, адам ойлаудың алғашқы, теологиялық сатысында өзін қоршаған ортаны діни нанымдарға сүйене отырып түсіндірген. Ал екінші, метафизикалық сатыда діни негіздерден бас тартады. да, құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер, себептер арқылы түсіндіре бастайды. Үшінші, позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас тартып, дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулармен шектеліп, тұрақты байланыстарды анықтауға негізделеді. Конттың пікірінше, ойлаудың алдыңғы сатылары кейінгілерге негіз болып отырады. Адам ақыл көзінің дамуы осы үш сатының бірінен екіншісіне, одан үшіншісіне өту эволюциясын көрсетеді деп тұжырымдайды Конт. Сөйтіп, позитивтік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылды деп көрсетеді. Содан кейін ойлаудың ондай қорытындысы ретінде биология пайда болды дейді. Ал социологияны позитивтік білімнің шыңы деп есептейді. Басқаша айтқанда, адам ақылының бақылау арқылы біліми тұжырымдар жасау процесінің шегі ретінде социология пайда болуы керек немесе социология жасалынуы керек деп қорытындылайды. Конттың ғылымды жіктеу тәсілі бойынша, социология биологиядан кейін пайда болған. Егер биология қозғала алатын немесе әрекет жасай алатын барлық тірі жануарлар дүниесін зерттейтін болса, социологияның одан айырмашылығы сол, ол әлеуметтік құбылыс ретіндегі адамның әрекеттерін қарастырады деп көрсетеді. Яғни социология адамды өзі сияқты адамдардың ортасындағы қарым-қатынасы тұрғысынан қарастырады. Екіншіден, социология өзінің зерттеулерінде позитивтік (ғылыми) тәсілдерге негізделеді деген пікірге келеді. Демек, социология өзінің теориялық талдауларында әр түрлі бақылаудың, эксперименттердің нәтижелеріне салыстыру арқылы алынған эмпирикалық мәліметтерге сүйенеді деген сөз.

О.Контты социологияны жасауға итермелеген екінші бір нәрсе — ол еңбектің бөлінуі және кооперациялану заңының ашылуы. Осы факторлар қоғам дамуында маңызды роль атқарады. Өйткені еңбектің бөлінуі мен кооперациясы аркылы қоғамда көптеген жетістіктерге жетуге болатындығын мойындай отырып, Конт, сонымен бірге ол факторлар (еңбектің бөлінуі мен кооперациялануы) қоғам негізін әлсіретіп, күйреуге де әкелуі мүмкін дейтін пікір айтты. Себебі, олар байлықтың біржақты шоғырлануына, адамды адамның қанауына, бір жақтылы кәсіптенуіне, адамның бұзылуына бағытталған деп көрсетіледі.

О.Конт қоғамды  әртүрлі құрылымдық элементтерге бөле отырып, жанұяны, мемлекетті және дінді қоғамдағы органикалық бірлік пен ынтымақты қамтамасыз етудегі маңызды элементтер ретінде ерекше бөліп алып көрсетеді. Ол қоғамды құрайтын бастапқы единица индивид емес, ең алдымен жанұя деп есептейді. Оның пікірінше, адамда «әлеуметтік бастамалар» немесе «қоғами қасиеттер» болғанымен, адамда табиғатынан көбінесе эгоистік қасиеттер басым болып келеді. Сондықтан бүкіл адамзат тарихы, Конттың түсінігінше, адамдағы эгоистік бастамаларды немесе қасиеттерді жеңу тарихы болып көрінеді. Мұндай қасиеттер әсіресе адамзат тарихының алғашқы кезеңдерінде басым болған. Кейін индустриялы қоғамның дамуына байланысты ондай қасиеттер азая бастады Бұл процесс келешекте қоғамның альтуристік бастамасының қалыптасуына және оның таралуына әкеледі деген пікірді айтқан болатын. Альтуризм латын тілінен басқаның қамын ойлау деген мағынаны береді. Яғни, О.Конттың пікірінше, жанұяның басты қызметінің бірі - жас ұрпақты альтуризм рухында тәрбиелеу болып табылады. Демек, жанұя адамдағы туа бітетін эгоистік, өзімшілдік қасиеттерді жоя біледі деп көрсетеді

Қорыта келгенде, О.Конттың социологиялық концепциясында басты екі идея жатыр. Біріншісі - қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану болса; екіншісі — әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзінде ғылымды қолдану идеясы. Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызмет ететініне Конт кәміл сенді.

 

Б) Г.Спенсер  социологиясы

 

XIX ғасырдың ағылшын ғалым-философы Г.Спенсер социологияның қалыптасып дамуында маңызды роль атқарады. Жас кезінен ғылым жолына түскен (темір жол инженері) Г.Спенсер, Дарвинніңэволюциялықтеориясыныңықпалымен, эволюция үрдісімен айналысады. Ол эволюция теориясын, дүниенің барлық салаларын түсіндіру үшін қолдануға болады деген қорытындыға келеді. Спенсер қоғамды биологиялық организмдермен салыстыра отырып, оны адамзат қоғамының тарихына да қолдануға болады деп мойындайды. Сонымен, ол эволюциялык гипотезаны дәлелдеу үшін өзінің алдына көптеген эмпирикалық қорытындылар жасауды мақсат етіп қояды. Мұның өзі табиғаттың барлық жақтарында, сондай-ақ, ғылымда, өнерде, дінде және философияда эволюциялық процестердің болатындығына оның көзі жете түсті. Спенсердің пікірінше, биологиялық организм сияқты қоғам жәй формадан күрделі формаға қарай дамиды. Спенсер бұл эволюциялық процестің 3 түрін көрсетеді: бейорганикалық, органикалық және жоғары органикалық (надорганикалық). Ол эволюцияның жоғары органикалық түріне баса көңіл аударады. Өйткені ол қоғамның даму эволюциясын көрсетеді деп есептейді. Сондықтан, социология осы жоғары органикалық эволюцияны зерттеуі керек деп саналады. Бірақ, оның пікірінше, әлеуметтік құбылыстар көбіне қоғамды құраушы единицалардың қаситтеріне және сол единицалардың өмір сүру жағдайларына тәуелді болып келеді. Егер әр әлеуметтік топты қоғамды құраушы единица ретінде алатын болсақ, Спенсердің пікірінше, адамдардың топқа бірігу себебі, олар үшін бастапқы қажеттілік болып есептелген. Демек, адамдардың топқа бірігуін, Спенсер, әр индивидтің дамуы үшін кажетті бастапқы шартты жағдай деп есептейді.

Қорыта келгенде, Спенсер социологиялык теорияның  дамуына едәуір үлес қосты деп  айтуға болады:

1) Ол қоғамды  ерекше дискретті организм ретінде қарастырады; (дискретті — лат. сөзінен шыккан «жеке бөліктерден құралған» деген мағынаны береді).

2) Спенсердің аналогиялық тәсілді қолдануы нәтижесінде ғылымға «құрылым», «фунқция» деген ұғымдар енгізілді.

В) Э.Дюркгеймнің  социологиясы, оның әдіс-тәсілдер туралы ілімі

Социология  тарихы бойынша ірі ғалымның бірі ресейлік Ю.Н.Давыдов ғылыми социологияныц қалыптасуындағы 3 теория бар екендігін айтады: классикалық, бейклассикалық және аралық эклектикалық. Ол классикалық социологияның өкілдеріне: О.Контты, Г.Спенсерді, Э.Дюркгеймді жатқызады. Классикалық социологияның негізгі принциптері төмендегідей:

1) Әлеуметтік құбылыстар жалпы заңдылықтарға бағынады, яғни арнайы спецификалық заңдылықтар болмайды.

2) Сондықтан  социология дәлдік ғылымдарға ұқсас тәртіппен құрылады.

3) Әлеуметтік  зерттеулер тәсілі дәл және  айқын болуы керек. Барлық әлеуметтік құбылыстар сандық тұрғыдан анықталуы тиіс.

4) Әлеуметтік құбылыстың ғылымилығын көрсететін басты өлшем — білім мазмұнының объективтілігі. Бұл социологиялық білімде субъективтік эмоцияның, пікірдің болмауы керектігін көрсетеді. Мұның өзі социологияның ғылым ретінде идеологиядан тыс тұруы қажеттігін талап етеді.

Социологияның ғылымилығының классикалық түріне катысты принциптерін француз социологы Эмиль Дюркгейм өзінің «Социологиялық тәсілдердің қағидасы» (1895 ж.) еңбегінде біршама айқын көрсеткен болатын. Дюркгейм өз социологиясын әлеуметтік факт (шындық) теориясына негіздейді. Жоғарыда көрсетілген еңбегінде Дюркгейм әлеуметтік фактіге қойылатын негізгі талаптарды көрсетеді. Бірінші талабы - әлеуметтік құбылысты шынайы объективті құбылыс ретінде қарау. Яғни әлеуметтік фактыны индивидке қарағанда сырт құбылыс деп мойындау және әлеуметтік факт зерттеу объектісі бола алатындығын мойындау. Екінші талап — социология идеологияға тәуелді болмауы керек. Үшінші талап - социология бүтіннің бөліктен жоғары тұратындығын мойындауы тиіс. Яғни әлеуметтік фактінің көзі қоғамда екендігін, мойындауға негізделетінін көруге болады. Әлеуметтік факт ерекше спецификалық құбылыс болып есептеледі. Өйткені, ол индивидтердің біріккен әрекетінен туындайды және ұжымдық санаға негізделеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сонымен, Конфуций лауазымды басқарушылардың басқалар алдында моральдық жағынан таза болып, оларға үлгі болуы — қоғамды  басқарудың кілті деп көрсетеді. Егер басшылар «дао» жолымен жүрсе, онда халық оны сыйлайды, соңынан ереді дейді. Қорыта келгенде, Конфуций дұрыс әлеуметтік қатынастың тұтқа көздерін анықтады. Егер басшы жақсылыққа ұмтылса, кең болса, халық та соған ұмтылады деп тұжырымдайды.

Информация о работе Социологияның негізгі тарихи кезеңдері