Тәуелсіздік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 07:32, реферат

Описание

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылдады. Қабылданған тарихи құжаттың 1-ші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет, ол өз өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді деп айтылғандай, осы күннен бастап Республика тарихында жаңа кезең басталды. Бірақ біреулер ойлағандай ел тәуелсіздігі құжатқа қол қою рәсімі арқылы қол жеткендей оңай келген жоқ.

Работа состоит из  1 файл

тәуелсіздік1.doc

— 75.50 Кб (Скачать документ)

                                                     КІРІСПЕ 

    1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздігі туралы  Конституциялық Заң қабылдады.  Қабылданған тарихи құжаттың 1-ші  бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет, ол өз өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді деп айтылғандай, осы күннен бастап Республика тарихында жаңа кезең басталды. Бірақ біреулер ойлағандай ел тәуелсіздігі құжатқа қол қою рәсімі арқылы қол жеткендей оңай келген жоқ. Сонау «Ақтабан шұбырынды» жылдардан басталған, ел басына қауіп төнген ауыр кезеңнен бастап, орыс отаршылдығына қарсы жүргізілген ұлт-азаттық көтерілістер, ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының тәуелсіздікке деген алғашқы ұмтылысы, тоталитарлық жүйенің нығаю тұсындағы наразылықтар мен көтерілістер, қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы кезіндегі саяси серпілісі және 90-жылдардың басындағы қызыл империяның тұяқ серпер алдындағы жанталасына қарсы ұлт республикаларының саяси күресі, осылардың бәрі ғасырларға созылған отаршылдықтан тәуелсіздікке жеткен баспалдақтар еді.

    Қазір мәлім болғандай, КСРО мемлекетінің ұзаққа бармайтындығы туралы батыс  саясаткерлерінің 80-жылдардың бас кезіндегі болжамдары расқа шықты. Өйткені, 80-жылдардың басына таман КСРО-дағы барлық республикаларда сас ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайлар қалыптасты. 1985 жылы қоғамның жаңа басшылығының елді дағдарыстан алып шығу жөніндегі қайта құру деп аталған бағыты да еллдегі жағдайды тұрақтандыра алмады. Аталған қайта құру бағыты терең терең ойластырылған ғылыми концепциясыз, айқын да, анық бағдарламасыз жүргізілді.

    Дегенмен, кеңес саяси жүйесіндегі реформалар ұлт республикаларында әртүрлі  бұқаралық ұйымдардың құрылуына жол ашты. 1989 жылдың көктемінде «Невада–Семей» қозғалысы дүниеге келсе, 1990-1991 жылдары «Азат» азаматтық қозғалысы, «Желтоқсан» партиясы, Қазақстан социал-демократиялық партиялары құрылды. Бұл партиялар мен қозғалыстар да Қазақстанның егемендігі үшін күресті. Сөйтіп, Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1989 жылы мамыр-маусым айларында өткен  КСРО халық депутаттарының І  съезінде саясаттағы, экономикадағы  және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани  салаларындағы жағдайларға өткір, сыни және табанды талдау жасалды. Кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеті жасалынды. Съезде барлық дәрежедегі партиялар және мемлекеттік органдар қызметтерінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталынды.

    Қоғамдық-саяси  өмірдің аса маңызды мәселелері төңірегіндегі тартыс бір-біріне қарама-қарсы ұстанымдағы депутат топтарының құрылуына алып келді. Халық депутаттарының І съезінің жұмысын бастасымен-ақ аймақаралық депутаттық топтар құрылды. Депутаттарды саяси және  кәсіптік мүдделері бойынша біріктірген басқа топтардың бар екендігі сезілді.

    Халық депутаттарының І съезінің қабылдаған шешімдердің көпшілігі жүзеге асқан  жоқ. Соған қарамастан ол партия комитеттерінің билігін едәуір әлсіретті. Е. Лигачев, П. Соломенцев тәрізді КОКП және мемлекет басшыларының, тіпті, КОКП ОК Бас хатшысы М. С. Горбачевтің де қызметтері үздіксіз сынала бастады. Кеңестер, кәсіподақтар, комсомол бірте-бірте КОКП өктемділігінен арыла бастады. Демократиялық сайлау кезінде партия комитеттерінің лидерлері ірі жеңілістерге ұшырады. Бірақ сонымен қатар қоғамда, саяси қарсыластар арасында ымырасыздық, егесулер, атақ танулар күшейді. Демократиялық сенімдегі адамдар көбіне «күйе жаққыштығы», «сатылғыштығы», «екі жүзділігі» үшін айыпталды. Кертартпа күштер қарсылығының бір айқын белгісі Ленинград қаласының ғылыми қызметкері Н. Аидрееваның «Советская Россия » газетінде жарияланған «Принциптерімнен танғым келмейді» атты мақаласы болды.

    Демократиялық қоғамға өтудің басталуы одақтас  республикалар мен олардың мемлекеттік  құқылық формациялары арасындағы қатынастардың қалыптасқан практикасын қайта қарауға әкелді.

    Жаңа  одақтық келісім-шарттың жасалу мүмкіндігі жайлы мәселені 1988 жылдың өзінде-ақ ең алдымен Балтық жағалауы республикалары ұлттық-демократиялық  қозғалыстарының өкілдері көтере бастады. КСРО Халық депутаттарының І съезінде кейбір депутаттар тарапынан бұл мәселе көтерілді. Съезде унитарлық мемлекетке тән хал-ахуалдың түрін өзгертіп, қалыптасқан құрылымды жаңа мазмұнмен байытуға, орталық пен республикалар арсындағы құқықтар мен міндеттерді қайта бөлуге деген  ұмтылыс басым болды.

    Балтық  жағалауы республикаларының, онан кейін  Украина, Қырғызстан және Ресейдің парламенттері  өз дербестігін қорғай  отырып, Мемлекеттік  егемендік туралы Декларация қабылдады. Қазақстан өзінің Мемлекетік егемендігі туралы Декларациясын 1990 жылы 25 қазанда жариялады. Егемендік туралы Декларацияны қабылдай отырып, одақтас республикалардың көпшілігі республикалық заң шығарудың басым тұстарын көрсететін арнайы бөлімдер енгізді. Республикалардың өз дербестігін кеңейту туралы әрбір талаптарынан орталық ведомствалар сепаратизм мен жікшілдік енгізді.

    1989 жылдың өзінде-ақ КСРО-ны конфедерация  принциптері негізінде өзгертудің  нақты көріністері байқалды. Алайда  ол жүргізілмеді. Осыдан соң республикалар  өздерінің бөлінетіндігі жайлы неғұрлым батыл мәлімдей бастады. Орталық теледидар, «Правда», «Советская Россия» газеттері Балтық жағалауы республикаларына қарсы науқан бастап, оларда адам құқықтары бұзылып, Орталық басшылық бұл республикаларға экономикалық және саяси қысым көрсетіп жатыр деп дауды күшейте түсті.

    КСРО  басшыларының шындықты бағалап, түсінуге қабілетсіздігі, республика халықтарының ыңғайына барғысы келмеуі олардың  беделін түсірді. Ресей Федерациясы  да өзінің егемендігін жариялады. Бұл  кеңестік жүйеге үлкен соққы болып тиді, Ресей «КСРО-ның бел омыртқасы» болып саналатын. КСРО-ның болашағы туралы мәселе түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете берді.

    1991 жылы 19 тамызда Кеңес Одағының  радиостанциялары КСРО вице-президенті  Г. И. Янаев, КСРО премьер министрі В. С. Павлов және КСРО Қорғаныс Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары О. Д. Бакланов қол қойған мәлімдемені жария етті. Мәлімдемеде КСРО Президенті М. С. Горбачевтің денсаулығына байланысты өз міндеттерін атқара алмайтындығынан, бұл қызметтің КСРО вице-президенті Г. И. Янаевқа өтетіндігі туралы айтылды. Елді басқару және төтенше жағдай тәртібін тиімді жүзеге асыру үшін құрамына жоғарыда аталғандардан басқа КСРО КГБ (МХК) төрағасы В. И. Крючков, КСРО Ішкі істер министрі Б. К. Пуго, КСРО Қорғаныс министрі  Д. Т. Язов т.б. кірген 8 адамнан тұратын төтенше жағдай жөніндегі  КСРО Мемлекеттік комитеті құрылды.

    Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет  елдің ауыр экономикалық және саяси  жағдайын суреттей келіп, барлық кінәні реформа саясатына аударып, кеңес халқына үндеу тастады. Үндеу өткен уақыттың дақпыртты ұрандарымен көмкеріліп, аяғында өздігінен құрылған комитетке жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы А. Лукьянов қол қойған «Кеңес халқына үндеу» мәлімдемесі басылды, онда ол халықты төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитетті қолдауға шақырды.

    КСРО  Президенті қызметін атқарушы Г. И. Янаев  мемлекеттер мен үкімет басшыларына  және БҰҰ Бас хатшысына үндеу  жолдап, төтенше жағдайдың елде 6 айға енгізілетіні туралы мәлімдеді және «халықтар мен үкіметтерді, БҰҰ тарапынан тиісті түсінікпен қарауға шақырды.

    18 тамызда эаңды түрде сайланған  және денсаулығы мүлдем жақсы  Президент М. С. Горбачевті  орнынан ығыстыруды және Конституцияға  қарсы ТЖМК құруды мемлекеттік  төңкеріс деп атаудан басқа жөні жоқ болды. ТЖМК бағаның өсуі, тауардың жетімсіздігі, алыпсатарлық пен КСРО-ның күйреуіне наразы бұқараның қолдауына ие болуға тырысып бақты. Мемлекеттік төңкеріс жасау кезінде МХК әскерінің жекеленген буындары мен Кеңес әскеріне арқа сүйеді. Қырымдағы Форос аралында отбасымен дем алып жатқан М. С. Горбачев сыртқы дүниеден бейхабар қалдырылды. Ол КСРО Президенті қызметінен өз еркімен кетуі туралы ТЖМК талабына қарсылық білдірді. Елде шиеленіскен жағадай қалыптасты.

    ТЖМК-ның  №1 қаулысы бойынша КСРО-ның барлық билігі мен басқару органдары, одақтық және автономиялы республикалар, өлке, облыс, қала, аудан, кенттер және ауылдар төтенше жағдай тәртібін мүлтіксіз орындауға міндеттенді; ТЖМК-ның өкілеттік берілген мүшелері үкімет органдары қызметін атқара алды. Осы қаулы негізінде саяси партиялар, қоғамдық  ұйымдар мен бұқарлық қозғалыстардың қызметі тоқтатылды, митинг, шеруге шығу, ереуіл жасауға тыйым салынды, бұқаралық ақпарат құралдарына қатаң бақылау орнатылды, астық жинау науқанына кәсіпорын және ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, студенттер, әскери қызметкерлер т.б. жұмылдырылды.

    19 тамызда тағы бірқатар жарлықтар  шықты. №2 қаулысында демократия  мен прогреске айрықша ықылас  көрсеткен «Комсомольская Правда»,  «Московские новости» газеттерінің басылуына тыйым салынып, «Известия», «Труд»,  «Рабочая жизнь» басылымдарын шығаруды шектеді.

    Қазақстан халқы Мәскеудегі тамыз төңкерісіне  әр түрлі көзқараста болды. ТЖМК-ның  келгенін қуана қоштаушылар да табылды. Халықтың басым көпшілігі құрылған комитетке бірдей-ақ сырторай танытты. «Азат», «Желтоқсан», Қазақстанның социал-демократиялық партиясы ТЖМК-ны қабылдаған жоқ және тұрғындарды оның жарлықтарына бағынбауға шақырды. 19 тамызда Президент Резиденциясында  минисрлер, әскерилер, кеңес қызметкерлері мен Қазақстан Компартиясы ОК басшыларының қатысуымен кеңейтіллген мәжіліс өткізілді. Н. Ә. Назарбаев жиналғандардан бұл жағдайда не істеу керектігін сұрады.

    Түрлі ұсыныстар айтылды. Қазақстан Компартиясы  ОК-нің екінші хатшысы В. Г. Ануфриев бірнеше рет сөз сөйлеп, ТЖМК-ны қолдауды жақтады. Мәжіліс барысында жұмыс комиссиясы құрылды. Осы күні кешке қарай Н. Ә. Назарбаев қазақ теледидары бойынша республика халқы алдында сөз сөйлейді. «Еліміз үшін аса бір жауапты сағатта, –деді ол өз сөзінде. –Сіздерді  тыныштық пен сабыр сақтауға шақырамын». Қазақстан Президенті республика егемендігін нығайту саясатына, демократия принциптеріне, КСРО-ның біртұтастығын сақтауға жақтастығын танытты. Ол Қазақстанның аумағында төтенше жағдайдың енгізілмейтінін айрықша атап көрсетті.

    Президенттің  бұл үндеуі республика тұрғындарын  тыныштандырды. Бұл кезде Мәскеуде жағдай аса ауырлап, шиелінісе түсті. Мыңдаған адамдар халық аузында  «Ақ үй» атанған –РКФСР Жоғарғы  Кеңесі ғимаратын қоршап алып, Мәскеуге кіргізілген танк, бронетранспортерлерді жібермеді. ТЖМК-ға қарсылық тобын Ресей Президенті Б. Ельцин, вице-президент А. Руцкой, РКФСР Жоғарғы Кеңесі төрағасы міндетін атқарушы Р. И. Хасбулатов, Ленинград мэрі А. Собчактар басқарды. Солдаттар арасына үгітшілер жіберілді: «Ақ үйді» қорғаушылар оны берік қамалға айналдыруға кірісті.

    20 тамызда да қауіп бұлты сейілмеді.  Бұл күні Н. Ә. Назарбаев  жаңадан мәлімдеме жасады. Республика  Президенті КСРО-ның қауіпті кезеңге  таянғаны жөніндегі шешіммен  келісе отырып: «Төтенше жағадайды  тек конституциялық құқықтылық негізге сүйене отырып жариялауға болады ... КСРО және басқа республикалық Жоғарғы Кеңестерінің қатысуынсыз үш адамнан құралған комитет, басқасын былай қойғанда егемендік жөніндегі республикалар декларациясын аяққа басатын, нарықты экономикаға  таңдап алынған бағытты кемсітетін заңсыз құжаттары дүниеге келтіреді»  –деп мәлімдеді.

    ТЖМК-ның  әрекетіне деген республикалардың қарым-қатынасы өткен тәуліктердің ішінде күрт айқындала бастады. Украина, Қырғызстан өз республикалары аймақтарында жаңа үкіметтің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Әскерилердің бір бөлігі халық жағына шықты.

    АҚШ Президенті Джордж Буш ресми мәлімдеме  жасап, онда КСРО-дағы конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы  РКФСР Президенті Б. Ельциннің әрекеттерін  толығымен қолдайтынын айрықша атап өтті. Еуропалық Экономиканың Кеңесінің өкілдері М. С. Горбачевтің қайтып оралуын талап етіп, талап орындалмаған жағдайда Кеңес КСРО-ға берілетін көмектің елеулі бөлшегін тоқтатып тастау қаупі барын білдірді. ТЖМК-нің құрылуына Саддам Хусейн (Ирак) және кейбір шарттармен Қытай келісті.

    Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитеті (ТЖМК) мүшелерінің КСРО халықтары  арасынан кең қолдау табуға деген  үміті ақталмады. Оларды жоғары шендегі  әскерилер мен партиялық номенклатураның  шағын бөлігі, соның ішінде Қазақстандағы партия басшыларының аз ғана тобы қолдады. ТЖМК шегінуге мәжбүр болды.

    21 тамызда оның жеңілетіндігі айқын  болды. ТЖМК мүшелерінің және  А. Лукьяновтың М. С. Горбачевпен  жүздеспек әрекеттері нәтижесіз  аяқталды. М. С. Горбачев Ресей үкіметі жіберген ұшақпен Мәскеуге қайтып оралды. Ол елдің басшылығын қолына қайтадан алды. КСРО-ның бас прокуроры ТЖМК мүшелерінің үстінен қылмыстық іс қозғады. Бүлікшілердің мақсаты түбегейлі күйреді. Мұның негізгі себептерінің бірі –Кеңес адамдарының қайтадан қатаң авторитарлық ереже бойынша өмір сүруді қаламайтындықтары еді. Халықтың қолдауы демократиялық күштер мен заңды түрде сайланған өкіметтің жеңіске жетуін қамтамасыз етті. ТЖМК басшылары тұтқындалып, сотталды.

    ТЖМК  басшыларының әкімшілік жүйені қайта жандандырып, республикаларды егемендіктен айыруға деген әрекеті ақыр соңында КСРО-ның күйреуіне әкеліп соқтырды. 20 тамызда жасалуға тиісті Одақтық келісім-шарт біржолата жойылды. Украина, Әзірбайжан өз әскерін құратындықтарын мәлімдеді. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жөнінде», одан кейін «Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәспорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қол астына көшіру жөнінде», «Қазақ КСР-інің алтын қоры мен алмас қорын құру», «Қазақ КСР-інің сыртқы экономикалық қызметін қамтамасыз ету жөнінде» Жарлықтар шығарды. Бұған қоса, республика Президенті Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Бұл жарлықтар одақтық ведомстволардың үстемдігін жойды, бірақ республиканың шынайы егемендігіне жетуге ерте болатын.

Информация о работе Тәуелсіздік