Тәуелсіздік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 07:32, реферат

Описание

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылдады. Қабылданған тарихи құжаттың 1-ші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет, ол өз өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді деп айтылғандай, осы күннен бастап Республика тарихында жаңа кезең басталды. Бірақ біреулер ойлағандай ел тәуелсіздігі құжатқа қол қою рәсімі арқылы қол жеткендей оңай келген жоқ.

Работа состоит из  1 файл

тәуелсіздік1.doc

— 75.50 Кб (Скачать документ)

    КОКП  ОК Саяси бюро мүшелері (Крючков, Янаев, Язов) басқарған мемлекеттік төңкерістің  сәтсіз аяқталуы және ТЖМК-ны кокп хатшылығының қолдауы Кеңес Одағы Компартиясын аса қиын жағдайда қалдырды. Кейінірек Қазақстан Компартиясы мәлімдемесінде «бұл әрекеттер партияға қатардағы коммунистердің күш-жігеріне орын толмас нұқсан келтірді», деп атап өтті. 1991 жылы тамызда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев КОКП ОК Саяси бюросы мүшелігінен шығатыны жөнінде мәлімдеді. Кейіннен Қазақстан Компартиясы өзі де КОКП құрамынан шығып кетті.

    Қазақстан Компартиясы ОК-нің 1991 жылғы қыркүйек пленумында төтенше съезд өткізу жөнінде ұйымдастыру комитеті құрылды. Осыған байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қызметін тоқтатқаны жөнінде мәлімдеді.

    1991 жылы 7 қыркүйек күні сағат 10-да  Алматыда Қазақстан Компартиясының  кезектен тыс және төтенше  съезі ашылды. Ұзаққа созылған айтыстардың нәтижесінде съезде Қазақстан Компартиясын тарату және жаңа партия құру туралы шешім қабылданды. Жаңа құрылған партия социалистік болып аталатын болды. Бұндай шешімді бұрын КСРО құрамына кірген барлық республикалардың Компартиялары да қабылдады. Осылайша В. И. Ленин мен оның серіктері құрған партия өмір сүруін тоқтатты. Бұл партия көп жылдар бойы елде  социалистік қоғам орнатудың ғылыми негізделмеген экспериментін жүргізудің басты тұтқасы еді.

    Бірнеше айдан соң негізінен егде жастағы  адамдардың бір тобы жаңа ұйым – Коммунистік партияны құрды. Қазақстан Компартиясының ізбасары – Социалистік партия қатарында лайықты басшы болмай, ақыры таратылды.

    КОКП  мүшелерінің бір бөлігі 1991 жылы 5 қазанда құрылған Қазақстанның Халық  Конгресі партиясының құрамына кірді. Бұл партияның негізгі міндеті, оның бағдарламалық құжаттарында айтылғандай: парламенттік тәсілді пайдалана отырып, республиканың бұдан былайғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету болды. Партияның тең төрағалары болып көрнекті қоғам қайраткерлері, жазушылар О. Сүлейменов пен М. Шаханов сайланды.

    Елде  жүріп жатқан саяси процестер  мен түрлі жағдайлар қалың  бұқараның басын құрайтын жастар ұйымын айналып өтуі мүмкін емес еді. 1987 жылдан 1990 жылға дейін комсомол қатарының азаюы үздіксіз жүріп отырды. Ұйымның жастар арасында беделі түсті. Комсомолдың күйреуінің себебі мұнымен ғана байланысты болған жоқ, еліміздегі саяси жүйенің дағдарысында еді.

    Комсомол  ұзақ жылдар бойы әміршіл-әкімшіл жүйенің  сапында болып, оның қолбаласына  айналғаны соншалық, тұтас жүйенің күйреуі бұл ұйымның өз-өзінен тарауына алып келді. Қазақстан ЛКЖО-ның 1990 жылы наурызда өткен съезінде ұйымның маңызды құжаттары (жарғы, бағдарламалық бағыт) қабылданғанымен, бәрібір қалыптасқан тығырықтан шығудың жолын көрсете алмады.

    1991 жылы қазанда Қазақстан ЛКЖО XVIII кезектен тыс съезінде Қазақстан  Лениншіл Коммунистік Жастар  Одағы атауын Қазақстан жастар  одағы деп өзгертуге шешім  қабылданды. Бәрібір, жастар одағының  қатары күн санап сирей берді.  Көптеген бастауыш ұйымдар өздерін тарату жөнінде шешім қабылдады. Осылайша, партиядан соң комсомол, оның ізінше пионерлер ұйымы да өмір сүруін тоқтатты.

    Кәсіподақтар  да жекелеген тәуелсіз ұйымдарға  ыдырай бастады. Олар партия бұғауынан  толық босанған еді, бірақ ұйымның  шамадан тыс төрешілденуі оның қалың көпшіліктен қолдау табуына кері әсерін тигізді.

    Жоғарыда  айтылып кеткендей Қазақстан ыдыраудың соңына дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін күресті. Бірақ республиканың бұл ниетіне Одақта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер қарсы тұрды. Сондықтан Қазақстан да өзінің тәуелсіздігін жариялау шараларына кірісті. Атап айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Сөйтіп, бар әлемге Қазақстанның егемендігін жариялады. Тәуелсіздік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді. Осы кезден бастап Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа қарсы оппозицияға айналды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды.

    1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина,  Белоруссия, Қазақстан республикаларының  жетекшілері өзара төрт жақты  шарт жасау жөніндегі келісімге  қол қойды. Бұл келісім бойынша  олар өздерінің Одақтық шартқа  қарсы қоятын талаптарының бар  екендігін ашып айтты. Республикалар бұрынғы федерацияның орнына, енді конфедерация түріндегі одаққа бірігу жөнінде талап қойды. Ол бойынша Орталықтың шешуіне сыртқы саясат, халықаралық мәселелер, сыртқы сауда, мемлекеттік банк және финанс, елдегі қорғаныс мәселелерін шешуді қалдырып қалған мәселелердің барлығын жергілікті жерлерде шешу дұрыс деп есептелінді.

    1990 жылы 25 қазанда республика Жоғарғы  Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік  егемендігі туралы Декларация  қабылдағаны жоғарыда айтылды.  Осы кезде Қазақ Мемлекеттігі шеңберінде Республикадағы Жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР-нің Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттілігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламентінің 1991 жылы 20 қарашада қабылдаған «Қазақ КСР-да мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңы бойынша берілді. Заң негізінде Республиканың мемлекеттік басқару органдарында өзгерістер жасалды. Прокуратура, Мемлекеттік қауіпсіздік, Ішкі істер, Әділет, Сот органдары қайта құрылды. Қазақстанның мемлекеттік Қорғаныс комитеті жаңадан ұйымдастырылып қызметіне кірісті.

    1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында  тұңғыш рет республикада жалпы  халықтың қатысуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Н.Назарбаев Президент болып сайланды. Осы кезде Президенттің жарлығымен бұрын одаққа бағынған кәсіпорындар мен ұыймдарды республика үкіметінің қармағына беру, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету, елімізде алтын қорын жасау туралы және т.б. заңдар шығарылды. Сол жылы 10 желтоқсанда Елбасы жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.

    1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттерімен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.

    Республикадағы  барлық ұлттардың өкілдері жергілікті қазақтармен тең құқықты азаматы деп саналды. Олар республикадағы мемлекеттік өкіметтің қайнар көзі және егемендікті бірден-бір қорғаушы болып табылады. Республика азаматтарының құқықтарына қол сұғушылар заң бойынша қылмысқа тартылуы тиіс делінген.

    Заңда Республика Қарулы Күштерін құру жөніндегі құқы, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Оған сондай-ақ республика қарауындағы азаматтарды қорғау, қоғамдық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кірген. Заңның 16-шы бабында ішкі және шекаралық әскерлердің істері мен қауіпсіздік органдары Президентке бағынады деп жазылған. Республиканың мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып белгіленді. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республика тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.

    Осыдан  кейін Қазақстанда тәуелсіз егемен мемлекеттік даму процесі басталды. Еліміздің жаңа конституциясының жобасы дайындалды. Облыстардың, қалалардың және аудандардың басқару органдарына  реформалар жүргізілді. Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп, олардың алдына Президент пен Үкімет шешімдерін орындау, жергілікті жерлерде экономикалық, мәдени-әлеуметтік мәселелерін шешу міндеті қойылды. Әкімдерді тағайындау, оларды қызметінен босатуды Қазақстан Президенті мен жоғарғы әкімшілік органдары жүргізетін болып белгіленді. Ал бюджетті бекіту, оның орындалуын қадағалау, депутаттармен жұмыс жүргізу, тұрақты комиссиялардың қызметіне басшылық ету,  әр түрлі қоғамдық ұйымдарымен байланыс жасау Кеңестердің қарауына берілді.

    Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға  шықты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан  біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық  валюта қорының, Халықаралық реконструкция  және даму банкісінің, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму қауымдастығының, Инвестицияға кепілдік беретін көп жақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды және басқа бірсыпыра ұйымдарға кірді.

    Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі  болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап мемлекет аралық және үкімет аралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.

    Тәуелсіз  Қазақстан Республиканың алдына үлкен келелі міндеттер қойылды. Олар елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, жоспарлады іске асыру, елдің ішінде көп ұтты халықтардың бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты міндеттер –оның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қәуіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Халықтың ерік жігері тек осындай сас маңызды міндеттерді іске асыруға бағытталды. 1992 жылы қаңтарда Қазақстан өзінің тұңғыш сом алтынын шығарып, мемлекеттің алтын қорын жинауды бастады.

    Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен 1992 жылы қаңтарда Ішкі істер әскері құрылды. Армия қатарына шақырылған жастар Қазақстан аумағында әскери борышын өтеу мүмкіндігіне ие болды. Бұрын, ұзақ жылдар бойы «эксаумақтық» қағида бойынша әскерге шақырылғандар туған жерінен неғұрлым алыс аумақтарда қызмет етуге тиіс болатын. 1992 жылы тамызда Республика Президенті әскери қызметшілер үшін әскери анттың жаңа мәтінін бекітті.

    Қазақстанның  тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік рәміздерін қабылдауды талап етті.

    1992 жылы маусымда Жоғарғы Кеңестің  сессиясы республиканың жаңа  мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын  бекітті. Сол жылғы желтоқсанда  Республиканың Гимнінің (әнұран) жаңа  мәтіні қабылданды.

    1936 жылы бекітілген Қазақ КСР-інің мемлекеттік туы мен елтаңбасында Кеңес елінің идеологиялық бағытын (тап күресі, «кеңес» халқының бірлігі, коммунизм идеясын дүние жүзіне тарату) бейнелеген және республиканың этникалық-мәдени ерекшелігін ескермеген рәміздер енгізілген еді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Тудың ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Тік бұрышты көгілдір матаның ағаш сабына бекітілген тұсында ұлттық оюлармен кестеленгентік жолақ өрнектелген. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Бірыңғай көк-көгілдір төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Күн – уақыт, заман бейнесі.Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесінің кеңдігін паш етеді.

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі –шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ мемлекеттің түп-негізі –отбасының бейнесі. Шаңырақ –күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлдүлі, ер-азаматтың сәйгүлігі. Ол жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, қажырдың, тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Ол – өлмес өмірдің бейнесі. Бесбұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уалиханов.

    Мемлекеттік Ту мен Елтаңба жөніндегі арнайы заңда Қазақстан Республикасының  азаматтары ту мен елтаңбаны құрметтеуге  міндетті екендігі атап көрсетілді. 1992 жылғы маусымда «Қазақстан Республикасы Әнұранының музыкалық редакциясы туралы»  Заң, кейіннен -- Әнұран мәтіні қабылданды.

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны  – Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздерінің бірі. Әнұран салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік  органдар өткізетін өзге де шараларға  байланысты орындалады.

    Ел  рәміздерін қабылдау – аса маңызды тарихи оқиға болды. Көп жылдар бойы Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатын анықтау мүмкіндігінен айырылған еді. Енді жаңа рәміздерді қабылдау тарихи сахнаға жаңа мемлекеттің, жаңа бейбітшілік сүйгіш державаның шығуын білдірді. 

Информация о работе Тәуелсіздік