Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 22:43, биография
Парето Вильфредо (1848-1923) - итальяндық әлеуметтанушы-позитивист, экономист, элита теориясын жасауға ерекше үлес қосқан функционализмнің негізін қалаушылардың бірі.Өзінің әдістемелік көзқарастары жағынан В.Парето әлеуметтанудың конттық позитивистік бағытын ұстанды. В.Парето үшін қоғам - динамикалық тепе-теңдік жағдайында тұрған жүйе. Ол элитадан, "ең жақсылардан", басқарушылардан және элитаға жатпайтын бағыныңқылардан тұрады.Туринде политехникалық мектепті бітірген соң 1869 жылы "қатты денелердегі тепе-тендіктің іргелі принциптері" деген тақырыпта диссертация қорғайды. В.Парето бойынша барлық қоғамға осылайша жіктеу тән, ал циркуляция, элиталардың алмасуы бүкіл тарихи дамудың қозғаушы күші болып табылады.
Паретоның социологиялық
идеяларының әлеуметтік-
Өзі айтқандай “барлық діндердің атеисті бола отырып, Парето фашизм өсіп шыққан наным-сенімдерден құтылуға тырысады. Өзінің трактатында ол ұлтшылдық, империализм, нәсілшілдік, антисемитизм сияқты идеологияларды сынайды. Бірақ басты назарын өзінің заманында үстемдік еткен либералдық демократия идеологиясын “әшкерелеуге” аударады: нәтижесінде Парето мен Муссолини екеуінде бір ғана ортақ жау болып шықты. Парето кейін фашизм іс жүзінде басып тастаған, тоталитаризмге қарсы құндылықтарды теориялық тұрғыдан ғана түсіндірді.
Парето қайтыс болар алдында Италияда орнаған фашистік режимге ұстамды қолдау көрсетті. Бірақ, сонымен бірге жаңа режим Италияда жағымсыз жақтарын бірден көрсете қоймағанын айта кету маңызды, сондықтан кейбір либералды интеллигенция өкілдері алғаш мұны елді дағдарыстан шығаратын күш деп білді. Мәселен, фашизмге қарсы либералды оппозиция лидерлерінің бірі болған, белгілі итальян философы Венедетто Кроче алғашында жаңа режимге қолдау көрсеткен болатын.
Егер фашизм тұсында Парето ұзақ өмір сүргенде көп нәрсе оған ұнамаған болар еді. Жаңа режим тұсында жазылған мақалалардың бірінде ол фашизм әскери авантюра, баспасөз бостандығы мен білім жүйесіндегі бостандықты шектеу сияқты қоғам үшін қауіпті болып табылатын құбылыстардан аулақ болуы тиіс деп көрсетеді. Бұл ескертулер фашизмнің табиғатын Паретоның жете түсінбегендігін көрсетеді: себебі ол фашизмді оның мәні болып табылатын және онсыз өмір сүре алмайтын нәрселерден сақтандырып отыр. Мұндай сақтандырулар социологтың өз еңбектерінде көп жазған “қисынсыз әрекеттердің” нақты мысалы болып табылады.
Парето заңдылығы (ағыл. Pareto Principle) анықтамасы: «салынған күштің 20%-ы одан шыққан нәтиженің 80%-на әкеледі, ал салынатын күштің қалған 80%-ы нәтиженің тек 20%-ын береді». Бұл ереже экономист, әрі әлеуметтанушы Вильфредо Парето құрметіне берілген