Зейнеткер мәселелері және оларды шешу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 20:19, статья

Описание

Қазақстан Республикасы өзінің қалыптасу сатысында зейнетақы тағайындау мен төлеудің толық бірдейлігіне негізделген Кеңес Одағынан қалған зейнетақы жүйесін пайдаланып келді. Осы жүйеде
зейнетақының мөлшері жалақының 50%-ымен белгіленді жəне ол соңғы он жыл істеген жұмысқа сүйену арқылы бес жыл қатарынан есептелетін жұмыс өтілі мен жалақының көлеміне байланысты болды. Зейнетке шығатын жас өзге елдермен салыстырғанда біршама жеңілдікті еді. Мəселен, əйелдер 58 жасқа 20жыл еңбек стажы бар, ал еркектер 63 жасқа толған 25 жыл еңбек стажы бар зейнетке шығуға құқылы болса, ал бірқатар саладағылар (əскери қызметкерлер,көп балалы аналар, Семей полигоны, экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдар мен зиянды өндірістерде жəне еңбектің қауіпті жағдайларында
жұмыс істейтіндер жəне т.с.с.) одан да ерте шығатын еді.Зейнетақының сатып алу қабілетіне зейнеткерлердің əл-ауқаты, өмір сүру ұзақтығы мен тұрмыс сапасы тікелей байланысты.

Работа состоит из  1 файл

Макала.Жабайканова 03.doc

— 61.50 Кб (Скачать документ)

отыр.

Зейнеткер мәселелерін  шешу жолдары

Егде жастағылардың ұзын саны бар  кедей тұрмысты адамдардың мүдделерін ескеретін кедейлікпен күрес жүргізуге қатысты ұлттық стратегиялар əзірлеу жəне оларды жүзеге асыру маңызды шара болып табылады.

Болашақта егде адамдардың қаржы мүмкіндіктері  шектеулі екендігін жəне тауар рыногын  дамыту айрықшалығын талап ететінін ескеру керек. Бірақ маркетингтік зерттеулердің дұрыс жүргізілетін стратегиялары кезінде осы ресурсты табысты пайдалануға болады. Өнеркəсіптің экономикалық секторлары (жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі) егде жастағы адамдарға арналған бұйымдарды шығаруды есепке ала отырып, осы көрсетілген демографиялық нысанаға бағдарланулары тиіс.Зейнеткерлер үшін сəйкес инфрақұрылымды дамыту қажет, оның жайлылығын арттыру керек, ол едəуір материалдық шығындарды талап етеді, жергілікті муниципалды ұйымдардың келетін қызметкерлерінің қызмет көрсету жүйесін қарастырған жөн, ондай адамдар егде жастағы жəне жалғызілікті адамдарға азық-түлік сатып алу, үйді жинау, аса қажетті ең аз көлемдегі медициналық қызметтер көрсету арқылы олардың тұрмыстарын ұйымдастырған жəне жеңілдеткен болар еді.

    Бірдей жəне жинақтаушы  зейнетақы жүйелерінің параметрлерін  жетілдіруге ерекше көңіл бөлу  керек. Бірдей жүйеден төленетін  зейнетақылардың мөлшері тұтыну  бағаларының өсуін есепке алу  арқылы сатылап отырып көбейтілуі  тиіс. Зейнетақылық аннуитеттер рыногын дамыту

жөніндегі мəселені пысықтау қажет, соның  ішінде ең төменгі зейнетақы шамасынан  кем емес мөлшердегі төлеммен азаматтарды  жинақтаушы зейнетақы жүйесінен  қамтамасыз ету мақсатымен ерлі-зайыптылардың  бірлескен (ортақ) аннуитеттер сатып алуларын ынталандыру керек.

Зейнеткерлерді денсаулық сақтау қызметтерімен жəне қалалық жолаушы  көлігімен қамтамасыз ету жеңілдікті немесе тегін болғанын ескеру қажет.Егде жастағы адамдар үшін анағұрлым  икемді жəне жеңілдікті шарттар қарастыру арқылы мемлекет осы адамдардың тіршілік əрекеттерінің жағдайларын жақсартуда халықтың аталмыш тобының мүмкіндіктерін кеңейткен болар еді.

Қабылданатын шаралардың негізгі  нəтижелері мыналар болуы тиіс:

• егде жастағы адамдардың құқықтары  мен  заңды мүдделерін қорғауды күшейту;

• əлеуметтік қызмет көрсету жүйесін  жетілдірудің есебінен егде жастағы  адамдардың əлеуметтік жəне экономикалық жағдайларын жақсарту;

• зейнеткерлерге өмірлік маңызды  қызметтер көрсету үшін қажет  мекемелер жүйесін жасау жəне оны дамыту;

• зейнеткерлердің əлеуметтік жəне экономикалық бейімделу деңгейін көтеру

жəне олардың əлеуметтік байланыстарын  нығайту;

• егде жастағы адамдармен жұмыс  істейтін мемлекеттік билік органдарының, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің  қызметін үйлестіруді күшейту.

Келесі міндеттерді шешуге бағытталған  тиісті мемлекеттік мақсаттық бағдарлама əзірлеу керек:

• зейнеткерлерге өмірлік маңызды  əлеуметтік бағдарланған қызметтер  көрсететін мекемелер мен орындардың қызметін жетілдіру жəне олардың  желісін кеңейту (геронтологиялық орталықтар, уақытша жайғасатын үйлер, жұмылдырылған əлеуметтік қызметтер, медициналық-əлеуметтік көмек көрсететін ауруханалар, хоспистер, кəсіпорындардың қамқоршылық

кеңестері, егде жастағы адамдарға  арналған клубтар); 

• егде жастағы адамдарға қызмет көрсететін денсаулық сақтау мекемелерінің, соғыс ардагерлеріне арналған госпитальдардың, медицина  лық-əлеумет тік  көмек аурухана ла ры ның, хоспистердің материалдық-техникалық базасын жақсарту;

• жинақтаушы зейнетақы жүйесін  жетілдіру, зейнетақылық активтерді инвестициялау үшін қажет қаржы құралдарының тізбесін (тізімін) кеңейту, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қарасты субъектілерді одан əрі дамытуды қамтамасыз ету жəне ерікті де кəсіби зейнетақы үлгілерін ынталандыру;

• атаулы əлеуметтік жəне экономикалық көмек пен қызметтер көрсету жүйесін жетілдіру;

• зейнеткердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын, оларға көмек көрсететін қоғамдық бірлестіктердің əрекетін

қолдау;

 егде жастағы адамдардың  əлеуметтік жəне экономикалық  бейімделу деңгейін көтеруге жəне əлеуметтік саладағы мекемелерді,қоғамдық бірлестіктерді тарту арқылы, сондай-ақ білім беруді жалғастыру жолымен

олардың əлеуметтік байланыстарын  нығайту мен дамытуға жəрдемдесу;

 зейнеткердің тіршілік əрекетіне  қатысты белсенділіктерін арттыру,  қоғамдық бірлестіктер мен шамалары келетін еңбек əрекетіне қатыстыру арқылы оларды қазіргі заманғы қоғамға интеграциялау;

 зейнеткерлердің мəдени, білім  беру ағарту, ақпараттық, консультативтік  жəне ойын-сауық бағдарламаларына, осы заманғы ақпараттық технологияларға анағұрлым кеңірек қол жеткізулерін қамтамасыз ету.

Бағдарламаны іске асыру үшін қажет  негізді Қазақстанның экономикасын əлемдегі серпінді дамитын экономикалардың  қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін  елдің экономикалық дамуы жөніндегі  деректер құрайды.

Республикадағы  зейнеткерлердің  тұрмыс деңгейін көтеруге сондай-ақ егде жастағы адамдар мүшесі болып  табылатын үй шаруашылықтарына несие  беру шарттарының мүмкіндіктерін кеңейту  мен жақсарту да септігін тигізеді. Осы аталған экономикалық қолдаудың  негізінде, бойында қайталанбас өмірлік тəжірибесі бар тұлға ретінде егде жастағы адамның бағасы артады.

 

Қазіргі зейнеткерлердің уайымсыз кәрілігін қамтамасыз ету бірінші  кезекте мемлекеттің қолында  және оның міндеті.

Ақиқатты айқындап жариялар

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын

Бара жатыр сарқылып дариялар.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп әнеки жағада тұр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Зейнеткер мәселелері және оларды шешу